Мазмұндама жазу оқушылардың жазба мәдениетінің свуаттылығының кілті



бет6/18
Дата15.11.2023
өлшемі197.5 Kb.
#483347
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Мазмұндамалар жинағы

Жануарларға құйрық неге керек?
Қасқыр, түлкі және ит тоңғанда тұмсығын құйрығымен орап алып ұйықтайды. Олардың құйрығы жүгіргенде тез және жалт бұрылуына көмектеседі. Тиін болса құйрығының көмегімен секіріп бара жатып та бұрылады. Жаздыгүні сиыр мен жылқыға шыбын-шіркей, соналар қонып, оларға маза бермейді. Олардан құйрықтарын соғып қорғанады.


Қара мысық пен қара лақ.
Жұмыстан келе жатсам, қақпаның алдында бір қара мысық шоқиып отыр. Ол маған қарап мияулап, соңымнан ерді. Үйге алып келдім. Бір сәттен кейін-ақ кішкене қызыммен достасып алды. Қызым оған ат қойды. Көп ұзамай қара мысық үйдегі қара лақпен де тіл тапты. Кәдімгідей бірін-бірі қуалап ойнайды. Түнге қарай екеуі бір бұрышқа бұйығып, ұйқыға кетеді.
А. Нұрғазин
Сұрақтары:

  1. Қара мысықты қай жерден тауып алды?

  2. Қыз мысыққа қандай ат қойды?

  3. Мысық немен дос болды?

Жолбарыстың терісі
Бір сараң шал жолбарыстың тырнағына түсіп қалыпты. Сол кезде мылтық ұстаған баласы көмекке келеді. Батыл бала жолбарысты нысынаға алуға ыңғайланады. Мұны көзі шалып қалған сараң шал айқайлап жіберіпті:
- Байқа балам, артқы аяғын дәл табанынан көздеп ат. Жотасынан ата көрме, терісі бүлінеді. Онда терінің құны көк тиынға тұрмай қалады, - депті.
Сұрақтар:

  1. Шалға не болыпты?

  2. Көмеке кім келеді?

  3. Баласы не қылды?

  4. Сараң шал баласына не деді?



Балық аулау
Балалр өзенге кетті. Олар қолдарына қармақ алды. Олар көп балық ұстады. Жаңбыр жауды. Балалар ағаштың астына тығылды. Олар су болмады.
Немесе:
Балалар балық аулауға кетті. Қолдарында қармақ бар. Бір кезде жаңбыр жауды. Балалар ағаштың тасасына тығылды. Олар су болмады.
Сұрақтар:

  1. Балалар қайда кетті?

  2. Олар қолдарына не алды?

  3. Не жауды?

  4. Балалар не істеді?

  5. Олар су болды ма?



Құдық басында.
Досжан шелекті қарына қыстырып, қорадағы атқа беттеді. Құдық басында кісі көп екен. Жетпістегі Қалтай қария бүкшеңдеп су тартып жатыр. Бір-екі бала состиып анадайдан қарап тұр. Досжан оларға алара бір қарады. Ол шелекті сұрап алды. Қарт кісі емес пе, ентігіп қалыпты. Досжан қарияның атын суғарып берді. Бір кезде Бағила әжей суға келді. Досжан шелегіне су құйып берді. Шағын екі шелек суды әжейдің үйіне жеткізді. Әжей Досжанға рақмет айтты.
Жоспары:

  1. Досжанның құдыққа қарай беттеуі.

  2. Қалтай қарияның су тартуы.

  3. екі баланың қарап тұруы.

  4. Досжанның көмегі.

  5. Бағила әжейдің келуі.

  6. Досжанның әжейге жасаған көмегі.

  7. Әжейдің алғысы.

  8. Сен өзің үлкен адамдарға көмектесесің бе? Сол туралы қысқаша жаз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет