Мазмұндамалар жинағЫ. (5-11 сыныптар) Алматы, 2009 жыл


Тапсырма: Түлкінің айласын ести отыра, кітаптан оқыған әңгімелеріңді пайдаланып, «Айлалы түлкі» деген тақырып бойынша әңгіме құрастырыңдар. Бокс



бет5/16
Дата19.12.2023
өлшемі175.5 Kb.
#487004
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
5-11сынып мазмұндамаа (1)

Тапсырма: Түлкінің айласын ести отыра, кітаптан оқыған әңгімелеріңді пайдаланып, «Айлалы түлкі» деген тақырып бойынша әңгіме құрастырыңдар.
Бокс

Қыстақтан жоғары өрлеп Беларықтың бойымен үш бала келе жатыр. Бұлар: Мұрат, Садық, Шәкір еді. Мұрат пен Садықтың қолтығында газетке орап алған бокс қолғаптары. Ал Шәкірдің қолында түбі түскен ескі шелек. Ол оны әлгінде бір үйдің арт жағында жатқан жерінен тауып алған еді, тамаша гонг болады деп, әдейі әкеле жатыр.


Гонг сыңғыр ете қалды. Айқас басталды.
Өзіне қарағанда нәзік бола тұрса да, Мұраттың осал дұшпан емес екенін Садық өткен жолы байқаған. Сондықтан көзсіз кимелемей, сағырақ соғысуға тырысатын тәрізді. Ал Мұрат болса, «бәлем, танытпасам ба саған!» дегендей, тістеніп алып, шүйліге шабуылдап жүр.
Екеулерінде де аянатын пиғыл жоқ. Мұрат тез алқынып, біраздан соң шаршағандығы біліне бастады. Ал Садық болса, әлі тың.
Жеңіліп бара жатқанына Мұраттың да көзі айқын жетті. Қарсы ұмтылып, тістеніп, жұдырығын сілтеп кеп қалғанда, Садық жалт берді де соққы оған тимей кетті. Мұрат тәлтіректеп барып, өз екпінімен өзі омақаса құлады.
(139 сөз, Б.Соқпақбаев)
Жоспар:



  1. Беларықтың бойымен келе жатқандар.

  2. Гонг үшін алынған шелек.

  3. Айқас басталды.

  4. Шаршаған Мұрат.

  5. Жеңіліс.



Батырбай қария

Батырбай қария колхозшылардың жекеменшік сиырын бағады. Мал дегенде қолқа – жүрегі елжіреп тұратын адам. Сиырларын тойынсын деп, кеш батқанша жаятын әдеті. Бүгін де сол дағдысымен ауылға күн батар алдында ғана келді. Аттан түсіп жатып үй жаққа көз тастаса, тым-тырыс. Әншейінде, бұл кезде есік алдында божылдап, буы бұрқыраған ақ самауыр тұратын еді. Ол да көрінбейді.


Су сіңіп, сіресіп қалған қалың сулығын қаудырлатып, Батыкең ауыз үйге кіргенде, төр үйден Мұраттың қинала жөтеліп ентіккен сыбысы естіледі. Батыкеңнің жүрегі шымыр етіп, үркіп қалғандай болды. Есікті шымылдықтап тұрған пердені қамшы сабымен сырып ашып қарап еді, ала көлеңке тарта бастаған үйдің ішінен төсекте жатқан баласын, оның қасында мелшиіп, салбырап отырған кемпірін көрді. Бір түйір аяз зырқ етіп Батыкеңнің миын тесіп өткендей болды.
Батыкең шешінді де, Мұраттың қасына келді. Алақанын оның маңдайына басып көрді. Еті лапылдап тұр екен.
Атасы бөгелместен дәрігерді шақырып келуге кетті.
(139 сөз)

Жоспар:




  1. Сиыршы Батырбай.

  2. Үй жақ тым-тырыс.

  3. Қинала жөтелген Мұратты көріп, шошып кетті.

  4. Дәрігерді шақыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет