T.Morris ағылшын әдеби тілінің лексикалық құрамы, грамматикалық
ерекшеліктерді пресса материалдары негізінде сөз етеді.
Ал үшінші кезең - жаңа жүйеде, жаңа бағытта жаһандану барысында
ағылшын тілінің дүниежүзілік тіл мэртебесіне ие болуы тілдің қолданыс
аясьшың кеңейе түсуіне, сол арқылы прессаның дамуына да жағдай жасаған
ерекше бір кезең болды.
Зерттеуші-ғалым В.Арсеньевтың еңбегінде орыс баспасөзінің, оның
ішінде газет құрылымы, газет типтері, газет жанрлары, газет тақырыпатары
туралы жан-жақты сөз етіледі. Сондай-ақ осы кезеңде жазылған зерттеуші
R.Hugo-ның "Ағылшын әдеби тілінің публицистикалық стилі" еңбегінде
ағылшын прессасын зерттеуде зор маңызы бар.
Ал өткен ғасырдың соңғы он жылында ағылшын тілінің халықаралық тіл
мәртебесін иемденуі, сондай-ақ, жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық т.б.
реформаларға байланысты ағылшын баспасөзі жаңа сөздер, жаңа
қолданыстармен байи түсті.
Зерттеліп отырған кезеңде баспасөз беттерінде, экстралинвистикалық
факторлар, яғни қоғамда болып жатқан өзгерістер мен ғылыми-техниканың
дамуындағы жаңалықтарға байланысты пейджер, үялы телефон, плеер,
ведеокамера, валюта, тендер, аукцион, бизнес т.б. жаңа сөздер ағылшын
тілінен қазақ тіліне енді. Сондай-ақ лексикалық құрамның тілдік ішкі даму
заңдылықтарына байланысты пайда болған жаңа қолданыстарды пресса
беттерінен өте жиі кездестіруге болады.
Жаңа қолданыстардың бір тобын бұрын орысша, қазір казақша
баламасымен қолданып жүрген, яғни мағынасы бұрынғыша ескі, бірақ жаңа
формада қолданылып жүрген отбасы, ақпарат, зейнеткер, зейнетақы,
23
өтемақы, үшақ т.б. сөздер құраса, ал екінші тобын керісінше, яғни ескі
формада, бірақ жаңа мағынада қолданылып жүрген әкім, төраға, нарық т.б.
сөздер құрайды. Жаңа қолданыстардың көпшілігін бұрын басқа тілдегі
нұсқада қолданылып келген сөздерді қазақша атау, қазақша беруге
байланысты туындаған сөздер құрайтынын байқаймыз.
Жаңа сөздер мен жаңа қолданыстар туралы мәселелер варианттылық
құбылысымен тікелей байланысты. Қоғамның саяси-мәдени өміріндегі ірі
өзгерістерге және көптеген терминдердің қазақша баламасымен берілуіне
байланысты кейбір сөздер жарыспалы түрде әр түрлі варианттарымен
қолданыла бастады. Бұл жөнінде ғалым Р.Сыздық: "Тіл дамуының эр
кезеқінде әр түрлі салада, әр түрлі дәрежеде жэне әр қилы сипатта
жарыспалықтың орын алуы -табиғи құбылыс. Онсыз бірде-бір тіл өмір
сүрмейді. Егер жарыспалық құбылыс болмаса, тілдің нормалану процесі де
жүрмес еді, тіл мэдениеті үшін күрес те күн тәртібінде тұрмас еді" [6, 34], -
дейді. Мысалы, бір ғана "семья" сөзін алар болсақ, бұл сөз алғашқыда жанүя,
ғулет, үйелмен т.б. деп жарыса қолданып жүрді. Терминком оны алғашқыда -
"семья, отбасы" деп, кейіннен "отбасы" деп бекіткен соң бұл сөздің
қолданылуы тұрақтала бастады. Осы сияқты прессада алғашқы кезде жарыса
қолданылған, кейіннен "пресса сүзгісінен" өтіп, екшеле келе тұрақты
қолданысқа енген көптеген сөздерді (әнүран,шагынаудан, ұшақ т.б.) мысалға
келтіруге болады. Пресса сөздерінің көпшілігін термин сөздер құрайтыны
белгілі.
Ағылшын прессасының терминологияны қалыптастырудағы атқаратын
рөлі жэне жалпы ұлттық мәдениет пен ғылым дамуында алатын орны
айрықша болып отыр.
Прессаның терминологияны қалыптастырудағы рөлі туралы айтқанда ең
алдымен, терминологиялық өріс жөнінде атап өтпеске болмайды.
Терминология саласының білгір маманы, белгілі ғалым проф.
Ш.Құрманбайұлының: "Ұғымдардың бір-бірімен тығыз байланыста өмір
сүретін шектеулі аймағы терминологиялық өріс болып табылады. Термин
24
тілдік формасы бар ұғым атауы ретінде, сол өзі атау болып отырған ұғым
қатысты болатын ұғымдар жүйесінде, яғни терминологиялық өріс ішінде
ғана терминге тән барлық қасиетін сақтай алады. Сол себепті терминді
терминологиялық өрістен бөліп қарауға болмайды" [7, 69] деген пікірімен
келісе отырып, ағылшын прессасында қолданылып жүрген терминдерді
терминологиялық өріспен байланыстыра қараймыз.
Пресса беттеріндегі терминдерді қалыптастырудың қайнар көзінің бірі -
жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен терминдер жиі қолданылатын мерзімді
пресса. Егер жалпыхалықтық тілдегі сөздердің терминге айналуы және
олардың баспасөзде термин ретінде пайдаланылуы тұрғысынан келер болсақ,
бұл құбылысты лексиканың терминдену үдерісі дер едік.
Ағылшын сөздерінің терминденуі барысында олардың лексикалық
сөзжасам (терминжасам) тұрғысындағы ерекшеліктерімен қатар терминдік-
мағыналық белгілерінің ортақтығы мен айырмашылықтарына да айрықша
көңіл аудару қажет. Мәселен, жалпыхалықтық тілде қолданылып келген әкім
деген сөз кейінгі кезде белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөліністің (бірліктің)
басшысы деген мүлдем жаңаша мағынада қолданылатындықтан, осы сөз
қоғамдық-саяси терминге айналып отыр. Мысалы: І.The Mayor said the city
administrator will find the money to pay workers.() 2. The Mayor told the cabinet
that theme of the review would be to provide “money for modernisation” in key
areas.().
«Ағылшын прессасының семантикалық топтары» деп аталатын бұл
тармақшада пресса сөздерін шартты түрде 12 топқа бөлініп қарастырып
отырмыз. Олар:
1) Мемлекеттік құрылыс пен әкімшілік жүйеге қатысты атаулар
(President, speaker, Parlament, Prime Minister, Mayor, т.б.). Пресса бетінде
кездесетін мемлекеттік құрылысқа, әкімшілік жүйеге қатысты атауларды
қолданылуына қарай шартты түрде былай бөлуге болады:
Пресса бетінде мемлекетті басқарудың жаңа жүйесіне байланысты
қолданылып жүрген CIS, President, Parlament,, Senate, Speaker, Prime
Достарыңызбен бөлісу: |