Айдаш ӘЛИАРЫСТАНОВА, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дын студенті.
Ғаламтор құбылысына
жастар жауапкершілікпен қарауға тиіс
АҚШ-тан бастау алған интернет жүйесі казір барлық елге тарады. Ол ешкімге бағынбайтын жүйе. Әсіресе, әлеуметгік желілер жастар санасына кері әсерін тигізіп жатқаны жасырын емес. Алайда, мұндай желілер пайдалы мақсатга игеру кажет. Жуырда «Студенттер сарайында» еткен облыс әкімінің лекциясы осы кезекті мәселелерге арналған еді. Аймақ басшысының кезекті дәрісі өте мазмұнды, кызықты деректерге толы болды.
Қазір кеңістік-ақпараттық технологиялардың уақыты. Қоғамда орын алған жайтгарды алдымен интернеттен оқимыз, көреміз. Себебі, ақпарат алмасудың ең жылдам түрі осы құрал. Өңір басшысы Қырымбек Елеуұлы өз дәрісінде ғаламтордың пайдалы тұстарын жастарға жан-жакты түсіндіріп, инновацияны ғылымға негіздеу аркылы жақсы білім алып, өміріміздің инфрақұрылымын дамыту мақсатында аянбай еңбек етуге шақырды.
Сонымен бірге, интернетгің жастар санасына тигізер кері әсері бар екендігін де нақты мысаддармен атап өтгі. Оның мұншалықгы жылдам дамуы әрине, әрбір жеке адамның, жалпы қоғамның әлдекайда тиімді, әрі өнімді жұмыс істеуіне, шығармашылық мүмкіндіктерді шексіз кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазіргі қазақстандық интернеттің ахуалы, соның ішінде қазақ тіліндегі веб-сайггардың жағдайы да дәріс барысында қамтылды. Интернет ресурстарының журналистикаға, ақпарат тарату саласына тигізетін әсері де айтылды. Кең ауқымда өрбіген лекция жалпы, ғаламтор құбылысына жастарды азаматтық жауапкершілікке, ұлтжанды ұстаныммен тереңірек қарауға шақырды.
//Сыр бойы.-2013.- 8 маусым.-3б.
Перизат Бұланбаева, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың докторанты.
Мазмұнды деректерге толы дәріс
Бүгінде ғаламторды пайдаланупшлар саны күннен күнге артып келеді. Дүниежүзі бойынша интернетке косылған адамдар саны соңғы он жыл көлемінде 2 миллиардқа жетті. Жалпы, интернеттің пайдасы мен зияны туралы көп айтылып та жазылып та жүр. Алайда, облыс басшысы Қырымбек Елеуұлының жастарға арнаған дәрісі бүгінгі ақпаратгық технологияның даму карқынына, оның адамзат баласына кажеттілігі мен тигізер кері әсері туралы болды.
Лекция барысында жастар ғаламтор желісі жайында кеңінен түсінік адды деп ойлаймын. Бұл технологияның арқасында адамдардың қиялы мен мүмкіндіктеріне тосқауыл қоятын ресми шекара, тіл білмеу, акпарат жетіспеушілігі секілді шектеулер маңызын жоя бастағаны белгілі. Бүгінде кез келген ақпаратқа жедел қол жеткізуге болады. Дәрісте Википедия атгы ашық энциклопедияның қанша тілде жұмыс жасайтыны, ең танымал аударма құралы «Гугл аудармашының» қызметі жан-жақты айтылды. Сонымен бірге, хаккерлердің ғаламгор арқылы әлемнің кез келген компанияларға карсы виртуалды шабуыл жасауы, тіпті интернетге отырған адам осындай шабуылдың кұрбаны болып кетуі де ғажап емес екендігі нақты мысалдармен жеткізілді.
Технологиялык куат пен жылдамдықгардың өсуінің нәтижесінде виртуалды әлем тәуелсіз ортаға айналуда. Қазірдің өзінде жұмысқа кабылданатын адам туралы немесе әріптес компания туралы шешім кабылдамас бұрын, интернетте ол туралы не бар, не жоқ екені анықталады. Яғни, љркім љзі жайында са- лынған ақпаратка мұқият болуы керек. Аймақ басшысы љсіресе, жастарды осы жағына мљн беру керектігін ескертгі. Сондай-ақ, Арріе, Стоо£Іе, ҒасеЬоок сияқты компаниялардыһ қаншалықты ашық ақпарат таратып отырған- дығына назар аударады. Интер- нетгіһ қоғамға типзетін љсерін, элеуметтік саяси-экономикалық маһызы туралы зертгеуші ғалым- дардыһ пікірлерін келпре отырші жастарға ұғьшьпсгы тілмен баян- дап берді. Аймақ басшысы келешек ел егелері үппн өзінін өмірлік тәжірибесінен азаматтық және әке ретіндегі жауапкершілік тұрғысынан осындай келелі әңгіме өрбітті, мазмұнды дәріс оқыды.
//Сыр бойы.-2013.- 8 маусым.-3б.
Н.Жеңісбекқызы, ҚМУ-дың студенті
Тілге тірек болғандар
Аптаның бейсенбі куні облыстық тілдерді дамыту басқармасының мәжіліс залында аймақта мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау мақсатында жыл басында жарияланған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқаудың қорытындысы шығарылды. Үстіміздегі жылдың 10-қаңтары мен 20-мамыры аралығында еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту мақсатында өткізілген байқауға Арал, Қазалы, Шиелі аудандық газеттерінің, қалалық, облыстық қазақ және орыс тілді басылымдардың, телеарналар мен интернет газетінің журналистері мен басқа сала мамандары да қатысты. Байқауға түскен мақалалардың дені мемлекеттік тілдің қазіргі жай-күйі, оның қолданылу аясы, үштұғырлы тіл саясатының жеткізетін биігі мен көлеңкелі тұстары, латын әліпбиіне көшудің жетістігі мен келтірер залалы жайында ой қозғайды, келелі пікірлер, келісті ойлар өрбітеді.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшсы Ержан Уәйіс аймақтағы ақпарат құралдары өкілдерін алдағы мерекелерімен құттықтап, өңірде мемлекеттік тілдің әл-ахуалына тоқтала кетті.
- Елбасының «Сыр - Алаштың анасы» деп айтуының өзінде үлкен мән жатыр,- деді басқарма басшысы- Тұрғылықты халқының 96 пайызы жергілікті ұлт болып табылатын Сыр өңірі ана тілдің де, қазақи болмыс пен ділдің діннің де орталығы саналады. Содан да болар байқауға түскен материалдардың саны да, сапасы да өзгеше болды. Байқауға түскен материалдарды сұрьштап, олардың әрқайсысына өзіндік баға берген қазылар алқасы өз шешімін жария етті Алқа төрағасы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ардагер-журналист Өтеген Жаппархан екшеген мақалалардың жетістігі мен кемшілігін айта келіп, баспасөзде әлі де болса мемлекеттік тіл мәселесінің олқы соғып жатқан тұстарына тоқталды.
Сонымен байқау қорытындысымен қазақ және орыс тілді баспасөз бойынша «Үздік мақала» номинациясын облыстық «Сыр бойы» газетінің бљлім меңгерушісі Жолдасбек Ақсақалов пен «Кызылординские вести» газетінің журналисі Айнагүл Манабаева, «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясын «ҚоғамТВ» жургізушісі, редактор Елена Рыбина мен «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының жүргізушісі, редактор Ғалымжан Жуманазар, «Үздік сайт мақаласы» номинациясын сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы Гулнәз Бейсен иеленді. Сондай-ақ, бір топ журналистер «Тіл жанашыры» номинациясын иеленсе, тағы бір тобы басқарманың ынталандыру сыйлықтарын еншіледі. Олардың қатарында облыстық «Сыр бойы», «Халық», «Ел тілегі», Арал, Шиелі аудандық газеттерінің қызметкерлері бар. Байқау жеңімпаздарына басқарманың арнайы дипломдары табыс етеіп, бағалы сыйлықтары тапсырылды.
Облыс жеңімпаздарының мақалалары республикалық байқауға жолданды.
//Сыр бойы.-2013.- 8 маусым.-3б.
Қамар БЕКЕТОВА, Қорқыт ата атындағы ҚМУ –ң аға оқытушысы.
Тәрбие - біздің тұғырымыз
«Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек». Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен ұлы ұстаз Әбу Насыр әл Фараби. Қазіргі жаһандану үдерісі мен техногенді заманда білім мен ғылымның биік белесіне көтерілуі адамгершілік адам болымысы, мәдени деңгейі, қоғамдық ортадағы орны алдымен бірініші кезекке қойылып отырылуы өте маңызды.
Білім беру жүйесіне айтулы өзгерістер мен реформалар енгізілді. Осының бәрі ХХІ ғасыр табалдырығынан аттаған жас ұрпақты ұлттық мәдениетті танитын, оны өзгеге таныта алатын білімді, жан-жақты қалыптасқан, әлемдік өркениетке қол соза алатын, бәсекеге қабілетті дербес тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды.
Бұл ретте Елбасының «Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруға ұлттық тәрбиенің атқаратын қызметі зор» деуі үлкен міндет. Мемслекет Басшысы Жолдауында адам ресурстарын дамыту бағытын тәрбие мәселелерімен бірге көтеруі көп жағдайды аңғартады.
Бұл біздің тәуелсіз Отанымызды алға жетелейтін, ұрпақтар сабақтастығының алтын арқауы тәрбие тұғырын көтере беруге деген шынайы ықыласымыз болуы тиіс.
//Сыр бойы.-2013.- 8 маусым.-4 б.
Заседание попечительского совета
В Кызылорде прошло первое заседание попечительского совета при КГУ им.Коркыт Ата в котором принял участие аким области Крымбек Кушербаев.
Выступая на апрельской сессии областного маслихата, аким области заострил внимание депутатов на ряде важных аспектов в развитии профессионально-технического образования, отметив, что Глава государства подчеркивает необходимость, активного развития этой сферы. Особый акцент был сделан на трудоустройстве выпускников профессиональных колледжей, вузов и уровне подготовки инженерно-технических кадров в учебных заведениях.
Аким области отметил, что свою лепту в дело подготовки квалифицированных инженерно-технических кадров должен вносить КГУ им. Коркыт Ата. Но для этого надо менять структуру учебного заведения, решать вопросы оснащения его современным оборудованием подбирать профессиональный состав педагогов. Университет должен стать региональным флагманом среди вузов, готовящих востребованные экономикой региоиа кадры. Решение важных организационно-технических, образовательных задач станет возможным благодаря работе попечительскгого совета.
Председателем попечительскгого совета был избран аким области Крымбек Кушербаев, его заместителем – ректор КГУ им.Коркыт ата Кылышбай Бисенов. В состав совета руководители государственных и общественных организаций, предприятий, представители общественности. Попечительский совет будет принимать активное участие в развитии университета.
К. Бисенов рассказал о планах работы КГУ, стратегии подготовки специалистов. В ближайших планах вуза – провести научно-практическую конференцию, посвященную выдающемуся ученому доктору физико-математических наук, академику Асану Тайманому. В работе конференции примут участие и дети ученото, которые пошли по стопам отца и работают в ведущих вузах России.
На заседании совета подчеркивалась необходимость проведения мониторинга специальностей, в которых нуждается экономика нашей области.
Хорошим стимулом для талантливой молодежи станет грант акима обпасти для обучения в вузах страны и области. Именно для одаренной молодежи из социально-уязвимых слоев, проживающей в отдаленных аулах, и предназначен грант. В текущем году выделяется 100 грантов, в следующем – 300.
Одним из важных усповий гранта является то, что после окончания учебы, претендент должен пять лет отрботать в области. Об условиях получения гранта, правилах его присуждения рассказала начальник областного управления занятости и социальных программ Жазира Жылкайдарова.
Акцентируя внимание на работе КГУ им Коркыт ата, аким области отметил, что, сейчас перед вузом стоит задача войти в пятерку лучших высших учебных заведений страны. Примером для подражания может служигь Каспийский госуниверситет технологий и инжиниринга им.Г.Есенова, который в рейтинге вузов Казахстана в 2011году вошел в тройку лучших университетов страны. И наш университет должен стать современным учебным заведением, ориентированным на подготрвку инженерно-технических кадров новой формации, должен превратиться в научный центр регионального развития.
//Час пик.-2013.- 7 июня.- С.3
Самалбек ҚОСАНОВ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ жанындағы агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер ғылыми орталығының директоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Бақшаға да бап керек.
Сыр қауынының сыны кетіп барады.
«Ең алғаш жеңсік ас ретінде Ніл аңғарларында арнайы өсіріле бастаған қауынның отаны осы Сырдын бойы» деп әңгіме бастады ғалым жігіт. Бізден бөлек Өзбекстанның Хорезм, Түркіменстанның Шаржау аймақтарында да өсіріледі. Бірақ Сырдарияның құм аралас лай шөгіндіден тұратын атырулық топырағы осы дақылға өте қолайлы. Бірақ, тұқым шаруашылығының дұрыс ұйымдастырылмауынан қазір сан жылдар бойы халықтық селекция арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келген қауыннан айрылып қалғалы отырмыз.
-
Самалбек Оразбайұлы, жалпы дақыл тұқымын сақтап қалу үшін не істеу керек?
-
Тарихи-аграрлық дерекгер бағзы заманнан-ақ Сырдың төменгі ағысында қауын егіліп келгендігі жөнінде сыр шертеді. Егіншіліктің ұзақ уақытты тарихында диқандар тек дақылды егіп кана қоймай, сұрыптау аркылы жергілікті аймақ климатына бейім сорттарын да шығарды. Қазіргі торлама, күләбі, саржау, калайсан, әміріе осындай ұзақ жылғы еңбектін жемісі. Бірақ аймақ брендіне айналған осы кауын сұрыптары казір жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр. Өйткені бізде бұл салада тұқым тұқым шаруашылығымен айналысатын мекеме, шаруа қожалыктары жоқ. Мысал үшін айта кетейік, Ақмола, Карағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Казакстан, облыстарында картоп, көкөніс және қарбыздың элиталық сортымен айналысатын шаруашылыктар ондап саналады.
Ауызды қу шөппен сүрткендей болмайық. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры Қылышбай Бисеновтің бастамасымен құрылған агробиология және қолданбалы зерттеу ғылыми орталығында 3 жылдан бері бері көкөніс, бақша енімдерін зерттеу жұмысгары жасалып жатыр. Қылышбай Алдабергенұлы қолымыздан қақпаій, ойымыздағыны жүзеге асыруға жағдай жасап келеді. Басшы қолдауының арқасында саладағы соны жаңалық саналатын тамшылатып суғару әдісіне қол жеткіздік. Жылыжай мен ашық алаңдарда тәжірибе жасап келеміз. Біраз ғылыми зерттеу институттарымен байланысты жолға қойдық. Осы салада әлемдік тәжірибе жинақтаған шетелдегі орталықтармен байланысымыз бар. Солар арқылы көкөніс, бакша ттүрлерінін жергілікті сортгарын шығаруды жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл аздық етеді.
Шетел туралы айтъп қалдық қой, мына тұрған Түркіменстанда жыл сайын 15 тамызда «Қауын күні» аталып өтеді. Мемлекеттік мейрам саналатын осы күні ел президенті арнайы өтетін шараға қатысты.
Ресейдің өсімдік шаруашылығы институты жапон ғалымдары біздегі қауын сорттарына сынама жасады. Ғалымдар дақылдардың гендік қоры сарқылған, таза, жүйе жоқ деген тоқтамға келді. Және тез арада бір амал жасамаса әрі кетсе 4-5жылда қауын дәмі өзгеріп, қиярға немесе бананға ұқсап қалады. Ал біз әлі қамсыз отырмыз.
-
Сөзіңіз аузыңызда, ресми деректерге сүйенсек, бақша шаруашылығымен айналысатын облыстар қатарында біздің аймақ көрсеткіштері көңіл көншітпей тұр.
-
Оныңыз рас. Осының өзі бізде бакша өнімдеріне бейжай қараудьщ дәлелі болып тұр. Мысалы көршілес Оңтүстік Қазакстан облысының көрсеткіші – 15 мың гектардан асады. Бұрын өнімдеріне оншалықты мән бере қоймайтын. Атырау диқандары да көрсеткіші 10 мың гектарға жеткізді. Ал біз биыл бар болғаны 8 мың гектарға бақша салдық. Бұл сол тұқым шаруашылығын құруға талпыныс жоқтың қасы деген сөз.
Павлодар облысында көлемі қол басынан сәл-ақ асатын қарбыз өседі. Дәмділігі сондай піскен мезгілінде көрші Ресейден келіп, алып кетеді. Облыста карбыз тұкым шаруашылығы ашылған, ғалымдар қазір дақылдың тиімділігінен әлдеде арттырудың қамын жасап отыр. Ал кезінде Сырдың брендіне айналған кауынды жоқтап жүрген бір пенденің жоқтығы қынжылтады.
Бақшалық алкаптарының қысқартуларының бір себебі өнімнің сапасына да байланысгы. Соңғы жылдар көлемінде қауынның фузариозды аурулармен зақымдануы сұранысты құлдыратып жібереді.
Қармакшы ауданынынан тараған «қауын шыбыны» қазір облыстағы барлық алқапгы жайлап бітті. Алғашкыда біз «Нурел-Д» препаратын қолданып, қауіптің бетін кайтарғандай болған едік. Бірақ қазір шыбын ол дәріге әбден бой үйретіп алды. Өсімтал насеком аз жылда облыстың барлық аумағына тарап үлгірді. Осылайша ғылымда ‘Myiopardalis paradilina’ деп аталатын қауын зиянкесін тежеуде дәрменсіз боп шықтық.
Жергілікті өнім жоқтың қасы.
-
Сіз айтып отырған тұқым шаруашылығын ашуға біздегі серіктестіктердің мүмкіндігі бар ма?
-
Осыдан оншакты жыл бұрын ауыл шаруашылығының тұралап қалғаны белгілі. Бірақ көп ұзамай мемлекет салаға қолдау жасауды бастады және оның көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Елбасы да әр Жолдауында ауыл шаруашылығын экономиканың негізгі тірегіне айналдыру жолдарын ұсынуда. Бұл елдегі ауылшаруашылық құрылымдарының еңсесін тікейтті. Бұрынғысындай мың сан шаруасын үлгірте алмай, сабылып тұрған фермерлерді көрмейсіз казір. Бәрінің «Қағанағы - қарк, сағанағы - сарк» демей-ак қоялық, бірақ, бұрынғыдай емес біраз проблемалары мемлекеттік деңгейде шешіліп отыр. Енді серіктестік басшыларына тұкым шаруашылығын ұйымдастыруды колға алуы кажет. Қазір облыстагы «Рза АГРО», «Абзал и К», «Жанажол», «Мәді кажы» секілді шаруашьлыкта осы бағыттағы бастама бар. Соны жандандырып, күріштен басқа бақша-көкөніс бағытында жергілікті сорттарды калытгастыруды ойлауы тиіс. Мынадай бір мысал айтайыншы, біздің облыс тұрғъндары жыл сайын орта есеппен 50мың тонна картоп тұтынады делік. Соның 90 пайызға жуығы сырттан келеді. Жалғыз картоп емес, бау-бақша, көкөністің барлық түрлері басқа аймақтардан тасылып жатыр. Қазір біз орталықта қызылшаның «Қызылқоңыр» , сәбіздің «Алау», аскөктің «Қаскелең» атты сұрыптарын егіп датырмыз. Мұның бәрі Алматы облысыныан жеткізілген. Біздікіндей емес сапалы, сұраныс бар.
Қытайлықтар құпиясын ашпайды.
-
Жаңа Қытаймен байланыстарыцыз барлығын айтып койдыныз. Арада барыс-келіс бар шығар, оларда жалпы осы салада қандай озық тәжірнбелер бар?
-
Айтары жоқ, Қытай бұл саладағы озык елдердін бірі. Осыдан біраз уакыт бұрын Қытайдың Шыңжан аймағындағы Пчан қаласында болдык. Оларда әр дақыл бойынша, алдын ада зерттеу жасалады. Біздердей емес, шығыны мен пайдасын әбден шотқа салып, тиімділігіне көздері жеткесін ғана колға алады. Тағы бір байқағанымыз — біз бір өнімді. сынау үшін кемінде бір маусым уақыт жұмсамаймыз. Ал олар жылыжайлар арқылы сынақ жасай береді. Хромосомын өзгертіп жіберіп, дәні қарбыз алып, қызыл алманы көк алмаға айналдырып жіберу түке тұрмайтын күнделікті шаруа.
Алматыдағы ғылыми-зертгеу институтында жұмыс істейтін Жарас Мамырбеков есімді селекционер жігіт бар. Сол екеуміздің дәнсіз қарбыз бен қауынды өңдеу құпиясын сұрап, қытайлықтарга колқа салдык. Біздей емес,_олар оңайлықпен ашыла қоймайды. Әйтеуір, там- тұмдап болса да бірдеңе білдік, соған да қанағат.
Қытайлықтар біздің елге келген сапарларында бірлесе жұмыс істеуді ұсынды. Олармен келісім-шарт жасалды, бірақ біздің қорқынышымыз —ГМО. Кадімгі генетикалық модификааиянын атасы осы қытайлықтар. Мысалы, жартылай желінсе де аллма, көпке дейін бұзылмай көздің жауын алып тұратыны, жүзім, шірімейтін алмұрт тауарлық сипат беру үшінн генетикалық сипаттың өзгертудін әсері. Ағзаны генетикалык модификациялау - пайдасы мен каупі бар катар жүретін құбылыс.
Бізде білікті селекционер мамандар аз. Қытаймен байланыс жасау арқылы осы бағытгағы ізденісімізді жетілдіреміз. Оларда бақша-көкөніс өнімдерін жеке-жеке зертгейтін орталықтар бар. Біз олардан кем дегенде 30 жыл кейін қалып қойғанбыз.
- Әңімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан – Мұрат Жетпісбаев
//Сыр бойы.-2013.- 8 маусым.- 5 б.
Әдіжәлел БӘКІР, саяси ғылымдарының докторы, әлеуметтану профессоры.
Бізде студент болғанбыз...
Осыдан 50 жылдай бұрын Қызылорда педагогикалық институтының (бүгінгі Қоркыт ата атындағы мемлекеттік университет) әдебиет факультетін бітірген біздердің студенттік өмірден ыстық ықыласпен еске алатын, жадымызда жатталып қалған сезімді сәттеріміз аз емес.
Әрине, алдымен ауызға аттарын үлкен әріппен жазуға тұрарлық абзал ұстаздар қауымы түседі. Сол кездегі институт ректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әділ Ермеков шынайы ғалым, үлкен жүректі, ұлағатты ұстаз болатын. Мені оның білімпаздығы мен зерделілігі таңғалдыратын еді. «Абай жолы» романдарынан ұзақ-ұзақ үзінділерді, С.Тургеневтің тамаша әңгімелерін рухтанып жатқа айтқанда барлығымыз демімізді ішке тартып тына қалатынбыз. «Біздер Мұхтар Әуезов, Құдайберген Жұбанов сияқты ұлылардан білім алдық. Ұсақ болсақ, өз кінәміз», - дейтін Әдекең. Не деген ұлағатты сөз!
Бір кезде кеңестік солақай саясаттың қудалауына түсіп, Шиелінің «Жаңа тұрмыс» елді мекеніндегі жеті жылдық мектепке мұғалімдікке жіберілген. Қазақ КСР Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, кейін филология ғылымдарының докторы, профессор болған, ғылыми қуаты жағынан ғұлама Әлкей Марғұлан типтес ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың да орны бөлек болатын. Ол кісі біздерге соңғы курста қазақ әдебиетінен сабақ берді. Әдебиет тарихының кез келген тақырыбынан бір күндік дәріс оқи алатын ғалым әрі керемет әдіскер әдебиетші, қарапайымдылығы аңғалдығымен ұштасқан аса қызық кісі еді. Маған ол кісінің нағыз ғұмыры ғылымға арналып, адами өмірі қосалқы тірліктей көрінетін. Осындай жағдайдан ұстазымыздың кейбір істері осы күнге дейін еріксіз езу тартқызады.
Қайран, Әуекең! Топырағың торқа болғыр, қазақи аңғал, ақ көңіл сіздей жанды кейбіреулер кеміткісі келіп «Қожанасыр» дейтін-ді, алайда, олар сонау заманнан осы кезге дейін бірнеше түркі халқының сүйіктісі болып келе жатқан Қожекеңнің терең сырлы жанына үңіле бермейтін. Әуекеңнің ғажап мінезін арқау етіп, жазған мақалам 1999 жылы облыстық «Сыр бойы» газетіне «Әуекеһ әулие еді ғой» деген атпен жарық көрген болатын.
Әдебиет теориясының белгілі маманы, әр сабаққа бар рухани мүмкіндігін салып, басыңда ілерің болса, ұғындырмай қоймайтын әдебиет теориясының білгірі Ақтай Тұрбековтің де әр сабағы мәнді, талабы жоғары еді.
«Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?» деп мәтел- деп жүретін, ежелгі славян тілінен беретін әрі әдебиет факультетінің деканы Сергей Васильевич Шкуридинді, қазақ ауыз әдебиетінің майталман маманы, аса мейірімді әрі керемет қарапайым Нұртай Нұржанов ағайды, педагогика пәнінен емтиханды асықпай, ертеңгілік бастап, кейде түн ортасына дейін созатын Көшекөлі Әлжановті, аяғын аңдап, сөзін байыптап айтатын Айнаш Шамшатованы, өз мамандығын ерекше қадірлейтін, тарих ғылымдарының кандидаты, айрықша ашық жанды Мұқан Кенжебаевты, аса сүйкімді, ылғи жымиып жүретін, орыс тілінің майталман мамандары, ерлі-зайыпты Кадькаловтарды қалай ұмытуға болады?
Кезінде тиянақты білім алған, алайда институт кабырғасында қоғамдық жұмысқа көп уақыты кетіп, кандидаттық ғылыми дәрежеге кейінірек ие болған , «Қазіргі қазақ тілі» пәнінің оқытушысы Медуәлі Бимағанбетов, ісі де, өзі де әсем. Кейін қазақ тіліндегі диалектикалық ерекшеліктер тақырыбынан кандидаттық диссертация қорғаған, біраз жыл осы факультетте декандық қызмет атқарып, институттың қоғамдық жұмысына белсене араласқан облысқа белгілі азамат болған Нұрлыбек Жүнісов және т.б. толып жатқан ұстаздар мәңгілік жадымызда.
Ия, ұстаздарымыз тамаша жандар болатын. Бүгін бұлардың ешқайсысы жер басып жүрген жоқ. Алла алдарынан жарылқасын! Қазақтың ұлы педагогтары Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлы «Халық мектептері үшін ең керектісі -оқытушы, мұғалім - мектептің жаны» деген еді. Осы сөздерді еске түсіре отырып, ұстаздарымыздың алдында ерекше ілтипатпен басымды иемін! Бұған бірге оқығандардың барлығы қосылатынына күмәнім жоқ. Біздің студенттік өміріміз еліміз әлі еңсесін еркін көтере алмаған кезде өтті. Шынында, ол кезде тамақ түрсіз, киім жұтаң болатын. Тері киімдердің алаңсыз жоқ кезі. Әсіресе, қыздардың киімдері тіпті жеңіл еді. Бірақ та оқуға ықыласымыз мықтытұғын. Стипендия үшін бар күшімізді салатынбыз, өйткені ол кезде ақшаның құны бар-ды. Сол үшін де жарыса оқып, жабыла жақсы » баға алуға тырысатынбыз.
Студенттер Роза Байкенжеева, Рая Ахметова, Бақытжамал Мұратбаева, Тыныштық Қаракүшікова, Марс Әлімбетов және басқалар біздің «А» тобын бастады. Мен институтты қызыл дипломмен бітірген Г.Шубаеваны ерекше атағым келеді. Ол Жамбыл атындағы стипендияның иегері болды, Алдына ешкімді жібермеді, оқу жоспарындағы орыс және шетел әдебиетін түгел дерлік оқыды. Оның филология ғылымының кандидаты болып жүруі жайдан-жай емес еді. Отбасыныһ тірлігі, денсаулығы жібермеді-ау, әйтпесе, оның әдебиеттің ірі маманы және ғылым докторы болатынына сөз жоқ тұғын.
Студенттік кезіміз адам әлі алыс-берісті есептей бермейтін, меншіктік психологияның келеңсіз көрінісі бойды билей қоймаған кезі. Бір қызығы ол кезде есейіп қалсақ та, бірімізді қыз, екіншімізді ер бала деп ажырата бермейтінбіз. Қазіргі кейбір ұрпақтай жабыса кетпейтінбіз. Ойлайтынымыз негізінен күнделікті сабақ, жолдастық-достық қарым- қатынас, әзіл-оспақ.
1961 жылы күзде Давид Жаппасбаев, Әкімбай Әубәкіров және мен күрішке бір күн кешігіп, шаруашылыққа тезірек апаратын көлік 12 орындық ұшақпен жеттік. Біз келгенде орақтағы студенттер түске шығуға жақындап қалған екен. Дереу соларға соқтық. Жаз бойы көрмегенбіз. Сағынып қалғанбыз. Түстік кезінде Давид пен Уахит (Ақтөбенің Ойыл ауданынан еді) ортамызда болмай, оларды әркім сұрастырып қалды. Сонда қалжың сөзге иығын тығып тұратын, тапқырлығы жетерлік Балғараш: «Бағана Дәу ит келіп, Уақ итті ертіп кеткен», - демесі бар ма?! Тамақтанып отырғандардың барлығы қыран-топан күлкіге кенелді. Шынында екеуі бірін-бірі алыстан түсінетін достар еді.
Үйде жататындар, әсіресе институттың қасында тұратын мен, маған жиі келетін Әкімбай екеуміз қолымыз қалт етсе, жатақханадағы балалар мен қыздарға соғатынбыз.
Өйткені институт жөніндегі ғана емес, қаладағы ақпарат та сонда. Әсіресе, қыздардың бөлмелеріне соғып, олардың басқа асы толып тұрғандай, өздеріне дайындап жатқан, жұқа турап, табаға қуырған картоптарын дым көрмегендей жеп кететінбіз. Көп болып бірге таласып жеген тамақтың тәттілеу болатын әдеті ғой. Жеке үйлерде тұратын Мейрамкүл мен Үрзияға, Тыныштық пен Ақиқаттарға да соғатынбыз.
Жоғарыдағыдай сәттер студенттік кездерде аз болмайтын. Осының барлығы өсудің, даму мен толысудың жолдары мен тәсілдері екен. Біз осылай өстік, осылай жетілдік.
Студент кездеріміздегі араласымыз кейін де көп жағдайда жалғасын тапты. Мен облыста комсомол, партия жұмысында жүргенімде ауданға шықсам, бірге окығандарды ылғи іздеп, кездесіп тұратынмын. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутат болып, Алматыға көшіп келіп бірер жыл тұрғанда да осындағы бірге оқығандарды тауып, дәмдес-тұздас болып жүрдік. Бүгін де Бақытжамал, Рая, Дариға, Роза және Әкімбайдыһ жолдасы Бибімариямен араласып тұрамын, болмағанда телефон шаламын. Қызылордаға келсем, мұндағылармен хабарласамын.
Ия, біздер институт бітіргелі жарты ғасыр болды. Уақыт өз еншісін алмай қоймайды екен. Бірсыпыра курстастарымыз марқұм болды. Алғаш ауызға ілінер - Зекең, Зейнел Бижанов армияда болып үлгірген ол 30 жасында институтқа түсті. Күлімдеген қотыраш жүзі әлі көз алдымда. Жас айырмашылығы едәуір болса да көлпен қалжыңдаса беретін. Тіпті аралары 9 жас болғанымен Қасымхан Демжановпен құрдастай жиі әзілдесетін.
Бірге оқығандардың ішінде жасы бізден үлкендеу, өмір көрген, сыйластыққа жақын жүретін Дана Бәйімбетова еді. Ертерек күйеуге шықты, жолдасы біреудің жалғызы болатын. Екеуі жақсы тұрды. Дананың отбасы топтас студенттердің жиі болатын үйіне айналды десем, артық айта қоймаспын. Өйткені жолдасы Серікбай Рыспаев көпшіл, қарапайым, тәрбиелі, кейін облыстағы белгілі құрылысшылардың бірі болды. Дана қайтыс болғанда мен арнайы үйлеріне кіріп шықтым. Сондағы Секеңнің бір сөзі есімде қалды. Дана төсек тартып біраз жатса керек. Содан бір күні ол жолдасына: Мен сені қинадым-ау, - деп налыпты. Сәкеһ дереу: Дана, неғыл дегенің, оны тіпті ойлама? - деп жұбатыпты. Себебі басқаны былай қойғанда, анасы осылай ұзақ уақыт төсек тартып жатқанда Дана бір қабақ шытпаған көрінеді.
Сабаққа алғыр студенттердің бірі жаңақорғандық Абжалов Арапбай болатын. Әсіресе, әдебиет сабағынан емтиханды ылғи беске тапсырып жүрді. Кейін де партиялық кызметте болып, белсенді жұмыстар атқарды. Алматының халық шаруашылығы институтын сырттай бітіріп, қосымша экономист мамандығын алды. Осы салада кейін жұмыс та істеді. Арапбай еңбекқор еді. Ауыл баласы ғой, оның осы қасиеті күріш пен мақтада ерекше байқалды. Марқұмның алдында тек Қыдырбай Дінисламов қана болатын. Өйткені оған бірінші курста күріште болғанымызда ректор Әділ Ермеков «живой комбайн» деп ат қойған-ды. Шынында да Қыдырбайдың күріш оруы өнер-тұғын. Ол шаршамай сағаттап орақты қолынан түсірмейтін. Оның атызы төңкерілген тақиядай болып тез танылатын. Қыдекеңмен қазір де хабарласып тұрамын.
Институтты бітіргеннен кейін бірспыра араласқаным Жұмагұл Қарғабаева еді. Оның туған ағасы Болат Қарғабаевтың менің тағдырым үшін үлесі мол. Мені алғаш комсомол жұмысына тартқан осы кісі. Сонан соң Жұмагүдің жолдасы, бізден екі курс жоғары оқыған Аябек Нұрымбетовпен партияда қызметтес болдым. Жұмагүл мінез жағынан анасына тартқан ерекше тәрбиелі жан еді. Мықты-мықты ұл-қыз өсірді, бірақ солардың қызығын молырақ көре алмады.
Көп сөйлей қоймайтын, орысша әдебиетті көп оқитын, бірақ «были» деген сөзді бұрып «били» деп жүретін Марс та өзінше біртоға жігіт еді. Мұғалімдер отбасынан шыққан студентімізде келеңсіз қылықтар бола қоймайтын. Көпшіл, жетім өскен Давид та, бала-шағасының қызығын көре алмай өмірден ерте озған Райхан да өз орталарында лайықты орындары бар жандар болатын.
Аралда тұрғанында да, Алматыға көшіп келгенінде де іздеп тауып, араласуды жалғастырғаным Үрзия болды. Ол орыс мектебін бітіргенімен отбасында жақсы қазақи тәрбие алған жан болатын. Жолдасы Самарханмен де сыйлас бола алдым.
Сонау 1958 жылы танысып, көп жылдар партияда қызметтес болған, балалары «Жәлел көке» дейтін Сыр бойының абзал азаматтарының бірі Олжабай Сапарбаев та биыл қайтыс болды.
Осы бір қысқа әңгімем марқұм болған курстастарымның о дүниедегі жүгін жеңілдетсінші. Имандары жолдас болсын! Олардың да аруақтары бір аунап түссін!
Осыдан 10 жыл бұрын да алтын ұямызға тәу етіп едік. Тағы да өмірлік ләззаты мол болған, рухани жағынан есейткен, мол тәрбие алған кезімізді, кешегі алаңы аз жастық шағымызды еске түсіріп марқайып қайтарымызға сөз жоқ.
Қазақ «Елу жылда ел жаңа» деп жатады. Институтымыз университетке айналып, дала данышпандарының бірі Қорқыттың қасиетті атын иеленді. Бүгін оқу корпустары да, олардың ішкі жабдықтары да байи түсті. Профессор-оқытушылар да – тәуелсіз елдің азаматтары. Басшылыққа қажырлы да қарымды, білімді де іскер жаңа ұрпақ келді. Мұның барлығы киелі оқу орнымызды кемеліне келтірері сөзсіз. Біздер бұған әр уақытта тілеулес жандармыз.
//Сыр бойы.-2013.- 8 маусым.- 7 б.
Достарыңызбен бөлісу: |