Мазмұны Андатпа


Оқпанды жүргізу және әбзелдеу



бет7/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#133483
1   2   3   4   5   6   7   8

7.2.4. Оқпанды жүргізу және әбзелдеу.

Шахта оқпанын жүргізу және аузын бекіту кезінде көтеру машинасының рамасы орнатылады. Оқпанның аузы бетондалып бекітілгеннен кейін тұрақты қазу жүргізуші рама орнатылады. Тік шахта оқпандарын жүргізуде оқпанның тіктігін және оның жобалық қима өлшемдерін орталық тіктеуіштен оқпан қабырғаларынадейінгі ара-қашықтықтарды өлшеу арқылы анықталады. Мұндай өлшеулер 3 – 4 технологиялық циклдардан кейін жүргізіліп жатқанда маркшейдерлер мен геолоктар оқпан жүргізу журналын толтырады және әр 10 м сайын оқпанның 1:100 масштабтағы қимасы сызылып, оларды жобадағы пландармен қималармен салыстырылып отырады. Тік оқпандардың қабырғалары темір қалыптар арқылы бекітіліп отырады және олардың дұрыс орнатылуы әр 3-4 цикл бекітілгеннен кейін тексеріліп отырады. Еңжауапты жұмыстардың біріне оқпанды әбзелдеу жатады және ондағы маркшейдерлік жұмыстар үш кезеңнен тұрады.



  1. Дайндық жұмыстарын тексеру, жабдықтарды орналастыру және әбзелдеу элементтерін дайындау.

  2. Жүргізілген қимастыру жұмыстарын ақырғы рет тексеру.

Бірнеше кезңдегі жұмыстар нәтижесінде шахта қайта оқпаны түгелдей профильденіп шығады, яғни қимасы сызылады. Профильдеудің деректері бойынша оқпан жүргізу журналы алынады, және де суретке маркшейдерлік тік тіктеуіштердің орналасуы схемасы алынады.


    1. Жалғастыру түсірістері.

7.3.1. Тік бір оқпан арқылы бағыттау.

Тік бір оқпан арқылы геометриялық бағыттауда жердің бетінен екі тіктеуіш түсіріліп дирекциондық бұрышпен х,у координаталары анықтау есебі шешіледі. Шахта оқпаны үстінен сақтанырылатын сөремен жабылып бағдарланатын горизонтқа дейін А және В тіктеуішері түсіріледі. Бұл екі тіктеуіш оқпанға жақын жерде орналасқан, жер бетіндегі с және жер астындағы с' пунктерімен сызылғыш бұыштар АВС және АВС' жасауы керек. Тіктеуіш жердің шайқалу амплетудасын азайту үшін төменгі жақтағыжүн тері жабысқақ, сүйық заттар қойылған ыдысқа түсіріледі. Егер екі тіктеуіш төменгі горизонтқа дәл проекцияланды десек, онда әр тіктеуіштердің жер астындағы координаталары жер бетіндегі мәндерге тең болады. Ал дирекциондық бұрыштары жер астына біреудің маңызы мынада. Егер екі тіктеуіш қатесіз проекцияланса, онда екуін қосатын АВ сызығының, яғни АВС ұшбұрыштары беріледі. Сондықтан жердің бетінде және астында да тіктеуіштерге жанасқан үшбұрыштар құрылып, оларға жалғастыру үшбұрыштары деп атайды. Бір тік оқпан арқылы бағдарлау жер бетінде үшбұрыштың (АВС) а,b,c қабырғалары, с пунктіндегі ішкі бұрыш -  жанасу бұрыштары  және де тексеру үшін ε бұрышы өлшенеді. Осыған ұқсас төменгі горизонтқа а',, b',, с',, ',,', шамалары өлшенеді.

Тіктеуіштегі бұрышатар төмендегі формулалар арқылы анықталады:

Sin α= a/c,*Sin γ; Sin β= b/с*Sin γ

Sin α,= a,/c*Sin γ; Sin β,= b,/с*Sin γ

Үшбұрыштың бұрыштық қиыспаушылығы fβ≤10" есептелегн бұрыштар α ,β және α'β'-ға тең болады. Енеді MNCABC,D, және MANCBC,D, полигонометрияда координаталары белгілі С пункті, дирекциондық бұрыш α NC қажетті бұрыштар мен ұзынықтар арқылы α C, A –дирекциондық бұрыш және С, нүктесінің координаталары анықталады. Тексеру үшін екі полигонда есептелініп, екі нәтиженің арифметикалық ортасы алынады.

C,D, қабырғасының дирекциондық бұрышы келесі формуламен анықталады.

α=αж ± 180º±βi түзетілегн

α сд= α вс + βо+ βi+ α +β+ βi ± 5 – 180°

Ал С пунктінің координаталары:

Xc,=Xc+a*cos αсА +с*cos αАВ +а'*cos α ДС

Ус,=Ус+а *sin αсА + с*sin αАВ + а'*sin α ДС

Бағыттау кезінде анықталған координаталарымен дирекциондық бұрышта қателер кетуі мүмкін және ол қателердің нәтижесі тигізетін әсері әр түрлі. Ақырғы нүктенің қатесін мынадай формуламен анықталады:

S*m/ρ;


мұндағы: S – бастапқы нүктеден ақырғы нүктеге дейінгі ең қысқа қашықтық.

Бағдарлау схемасы.




    1. Жер асты қазбаларына биіктік белгісін беру.

Пункт биіктіктері жатық қабырғаларда геометриялық, ал көлбеу қазбаларда тригонометриялық нивелирлеу арқылы беріледі. Тік қазбалар арқылы биіктік беру ұзын болат ленталар және тереңдік өлшеуіш ДА-1 қолданылады. Биіктік берудің қай тө сі болмасын барлығы шахта оқпанына жақын жерде орналасқан 3 және 4 кластық нивелирлеудің реперлерінен басталады. Биіктігі болат лентаға қарағанда ұзындық өлшеуіш ДА-2 арқылы берген өнімділеу. Ол барабанға оралған болат сым 1 және қол лебедкасынан тұрады. Сымның жылуы әр айналымы 1 м-ге тең көрсеткіш арқылы анықталады. Сымның ұшында салмақты рейканы жүк бекітілген және оның сантиметрлік бөліктері бар. Міне осындай өлшеуіш, ДА-2 оқпан үстіне орнатылып Жер бетіндегі дискі көрсеткішінен Nк, нивелир арқылы реперде орнатылған рейкадан аж және рейкалы жүк жер астындағы нивелирдің көздеу сәулесі деңгейіне дейін төмен түсіріліп, жоғарыда айтылғандай есептер шахтада алынады Nм, ам, nш. Сонда екі репердің СR рш, Rрж биіктік өсімшесі былайша анықталады.

H=(Nж+Nм)+( nш – Пм )+ (аж + ам)+;

Мұндағы:  - болат сымның температуралық және кампарарлеулік түзетулерінің қосындысы. Жер асты қазбаларындағы репердің биіктігі мынаған тең

Hкрм=H рRЖ 1h

Биіктік беру екі рет жүргізіледі және екеуінің айырмашылығы  h=(10 – 0,2 * Н ) мм аспауы керек. Биіктіктер бір этаждан екінші этажға, яғни түсіру торы пунктеріне рулетка арқылы.

Берілуі және рулетканың созылуы мен температурасына түзетпелер енгізілмейді. Еш өлшеудің айырмашылығы 3 м аспауы керек.




    1. Күрделі қазбаларды жүргізудегі маркшейдерлік жұмыстар.

7.5.1. Тау-кен қазбаларына горизонталь жазықтықта бағыт беру.

Горизонталь жазықтықта бағыт теодолит арқылы беріледі. Ол үшін жүргізілетін қазба осінің дирекциондық бұрышы белгілі болды. Қажет және де жақын жерде жер асты маркшейдерлік тірек торларының немесе түсіру торының пунктері орналасу тиісті. Ширектен артқа бағыт беру үшін теодолитті 3,5 пунктіге нүктеге орнатып 35 – 36 бағыт бойынша ℓ ара-қашықтығы өлшеніп А нүктесі бекітіледі. Кейін теодолитті А нүктесіне орнатып, А-35 бағытынан ρ бұрышы арқылы В-ға бағыт беріледі. Β бұрышы мына формула арқылы анықталады:

β=α АВ - α А – 35

β бұрышы арқылы берілегн бағыт маркшейдерлік арқылы 5 – 6 метрлік жерге бекітіліп, оған тіктеуіш ілінеді. Одан кейін бұрышы толық есеп алу үшін әдісімен өлшеніп, формуласымен бұрышпен салыстырылады. Егер өлшенген бұрыш есептелегн бұрышқа тең болса, онда В нүктесінен А нүктесіне қарай 10 – 1,5 м жерге тағы да нүктелер бекітіліп, оған тіктеуіштер ілінеді. Берілегн бағыт көрініп тұру үшін жарық сәуле шығарып тұратын тікеуіштер қолданылады. Өндіріс орындарында кейінгі кезде түзу лазер ЛУН-7 бағыт көрсеткіш қолданылып жүр. Жіпке ілініп қойған тіктеуіштердің кен жерден алыстығы 40 м, жарық тіктеуіштер – 30 м, лазерлі бағыт көрсеткіш 300 м-ден аспауы керек.


7.5.2.Тау-кен қазбаларына вертикаль жазықтықта бағыт беру.

Вертикаль жазықтықта қазбаның көлбеу бұрышын ылдилығын ватерпоспен, бүйірлік және осьтік реперлер арқылы береді. Ватерпос ағаштан жасалған қарапайым рельстерді төлеуге өте қажет құрал. Көлбеу бұрыштары 5°-тен артық қазбалары жүргізуде теодолит немесе нивелир қолданылады. Теодолит арқылы бағыт беруде, оны белгілі маркшейдерлік нүктеге орнатып, вертикаль дөңгелегіне жобадағы қазбаның көлбеу бұрышы қойылады. Одан кейін кездесу сәулесінің торшасына тіктеуіштер іліп, олардың сәулесімен қиылысқан нүктелері белгіленеді. Ал, нивелир арқылы бағыт беруде реперлер қазба бүйірінде бекітіледі. Қазба бүйірінде -ға тең R1 репер бекітіліп оның абсолют биіктігі реперінен нивелирлеу арқылы анықталады. Егер, одан кейін R1 реперінен ℓ=5-6 мқашықтықта С нүктесі белгіленіп, екеуінің арасын нивелирлеу арқылы, бүйірлік репердің орны анықталады. Егер репердің арасына жіп керіп қойсақ, онда ол жіптің рельстен биіктігі біркелкі болады, яғни жобадағы көлбеулік сақталады.




      1. Кезікпе кенжарлар жүргізудегі маркшейдерлік жұмыстар.

Кезікпе кенжарлар жүргізу өте жаупты жұмыс. Егер қазбалар бір бірімен дәл кезікпеген жағдайда өндіріске материалдық зиян келеді. Бұл жұмысты жүргізерде бір біріне қарама қарсы жүргізілетін екі кенжардың горизонталь және вертикаль жазықтықтардағы бағыттарын планнан анықтап алу қажет. Екі қуақаз арасында квершлаг жүргізу схемасы көрсетілген. Екінші квершлагта A.F.C маркшейдерлік пунктер бекітілегн дәлдік планға жүргізілетін 3-квершлагтың осі сызылып, одан М және N нүктелерінің Хм, Х N , Y N координаталары анықталады. Қуақаздарға қосымша D және E нүктелері салынып, олардың да координаталары есептеледі. Енді, планнан натураға М және N нүктелерін шығару үшін кері геодезиялық есеп бойынша β1, β2, β3, β4, ℓсм, ℓ NЕ бұрыштары анықталады. Штректерде бекітілген М және N нүктелерінің астына теодолит орнатып β1 және β2 бұрыштары арқылы квершлагқа горизонталь жазықтықта бағыт беру үшін нивелирлік М және N нүктелерінің биіктік өсімшесі h анықталады. Квершлагтың көлбеу бұрышын мына формулаға қарап анықтаймыз:

ℓ=tgQ=h м N /ℓ м N

мұндағы: ℓ м N мына формула арқылы есептеледі.

ℓ м N = Y N - Y м/ sin α м N=Х N – Х м/ cos α м N

мұндағы: α м N – МN бағытының дирекциондық бұрышы.

Кен қуақаз.


Тасымал қуақаз.
7.6. Жер асты қазбаларын түсіру.

Жер астындағы маркшейдерлік түсірістер туралы мәлімет.

Жер астындағы объектілердің кеңістіктегі орнын анықтау, оларды планға түсіру, қималарымен профильдерін жасау үшін маркшейдерлік түсірістер жүргізіледі. Түсіріс объектілеріне күрделі дайындық бөлу, тазалау, бағдарлау және тағы басқа кен қазбалары тау жыныстарының жатыс жағдайлары, тектоникалық бұзылу жарықтықтар, тау-кен соққысының орны, сынама алынған орын және тағы басқа жатады.

Аталған объектілерінің барлығы бірдей дәлдікпен түсірілмейді. Соған байланысты жер асты түсірістерінде әр түрлі аспаптар қолданылады.

Пладық түсірістер ішіндегі ең дұрысы теодолитік түсіріс. Ол дайындық қазбалары жүргізіліп жатқанда қолданылады. Ал бөлу және тазалау қазбаларын түсіру үшін буссоль рулетка тағы басқа қолданылады.

Биіктік түсірістері геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу арқылы жүргізіледі.

Түсірістер жалпыдан жекелікке көшу принципімен жүргізіледі. Яғни, ең алдымен өте жоғарғы дәлдікте тірек пунктерінің, одан кейін жүріс пунктерінің координаталары анықталады да, олардан қажет объекілер түсіріле береді.
7.7. Теодолиттік түсірістер.

Жер асты қазбаларындағы теодолитік түсірістерінің ашық, тұйық және байланылмаған жүрістер деген түрлері болады. Бұл жүрістерде бұрыштар Т30 және Тео-080 сияқты теодолиттер арқылы өлшенеді. Ара-қашықтықтар болат рулетка немесе ленталар арқылы 1 мм дейін есеп алып,тура және кері бағытта өлшенеді. Өлшеу нәтижелері микрокалькулятор арқылы немесе АВ 14 де өңделеді. Теодолит тік жүрістермен қатар объектілерді де толық етіп түсіріледі. Объектілерді түсіру ордината тәсілімен жүргізіледі. Теодолиттік 5 және 6 нүктелер пунктер арасына болат рулетка керіліп таспа рулетка арқылы b1, b2 және b3 перпендикуляры өлшенеді. Ал сол ординаталарға дейінгі абциссалар а1а2 және 5 пунктан бастап 0,1 м дейінгі дәлдікпен, болат рулетка арқылы өлшенеді. Ал сол ординаталарға Ал сол ординаталарға дейінгі абциссалар а1а2 және 5 пунктан бастап 0,1 м дейінгі дәлдікпен, болат рулетка арқылы өлшенеді. Теодолиттік түсірісте полярлық тәсілде қолданылады. Жүргізілген өлшеу нәтижелері теодолиттік түсіріс журналына толық етіп жазылады және схемалық суретісызылады.

Сондай-ақ, эскизда қазбаның мөлшері, ұзындығы және оны қоршап жатқан жыныстардың геологиялық ерекшелігі көрсетілген.
7.8. Кен қазбаларындағы биіктік түсірістер.

Жер асты қазбаларындағы әр түрлі нүктелердің биіктіктерін, тауып, қазбаларға белгілі ылдилық беру, тосу жолдарын салу, қималарымен профильдер үшін геометриялық немесе тригонометриялық нивелирлеу жүргізіледі.

Нивелирлік жұмыстар бастапқы бекітілген реперлер негізделіп жүргізіледі. Геометриялық нивелирлеу көлбеулігі 5°ке дейінгі қазбаларда жүргізледі, ал көлбеулігі одан асып кетсе биіктіктер тригонометриялық нивелирлеу арқылы анықталады.

Нивелирлік жұмыстар бастапқы бекітілген реперге негізделіп жүргізіледі.

Объектілерді түсіру.
Жер асты теодолиттік түсірістің белгілері.

а) б)


в)

а) жерге орнатылған пункт;

б) төбеге орнатылған пункт;

в) уақытша пунктер.



7.9. Геометриялық нивелирлеу.

Ортадан жүргізілетін тәсілмен 10 және 20 м сайын пикеттер белгіленіп, рейкадан 1 мм-ге дейінгі дәлдікпен есеп алу арқылы жүргізледі. Нивелирлеу үшін Н3К, НТ нивелирлері және РН4, РНТ рейкалары қолданылады.

Жер астында жүргізілетін нивелирлеудің жер бетіндегіден өзгешелігі жоқ, дегенмен жер асты нүктелерінің қазбаның төбесінде де, табанында да орналасуына байланысты осімшені анықтау ерекшеліктері бар геометриялық нивелирлеудің жер астында кездесетін түрлері:


  1. Егер А және Р реперлері қазбагың табанында (753 1а – сурет) орналасқан болса, онда биіктік осімшесі 8 – тараудан (8,1) формуласымен анықталады яғни h = a – b тең (751) мұндағы: h - өсімше, а – артық, ал b – алдыңғы рейкадан алынған есептер.

  2. Егер репердің екеуінде қазба төбесінде бекітілген болса, (753 2б – сурет) онда h = b – а ға тең. (752)

  3. Артқы репер төбеде, ал алдыңғысы қазба табанында орналасса (753 2в – сурет) онда h = - ( a + b) тең болады. (753)

  4. Керісінше, артық репер жерде, ал алдыңғы репер төбеде орналасқан жағдайда (753 3 – сурет) өсімше h = a + b тең болады. (754)


7.10. Тригонометриялық нивелирлеу.

Тік діңсектіктен есеп алу дәлдігі 30" кем емес теодолиттер арқылы жүргізледі. (753 2 – сурет) тригонометриялық нивелирлеу схемасы көрсетілген А және Р реперлері арасындағы өсімшені

һ АВ – ыанықтау үшін сол нүктелерден тіктеуіштер түйістіріліп, А-нүтесіне теодолит орнатылады. Ара –қашықтық S-рулеткамен 2-рет өлшенеді және екі өлшеу айырмашылығы 3 мм ден аспауы керек, А-нүктесінен теодолиттің вертикаль дөңгелегінің центіріне дейінгі биіктік – Р, және В нүктесіне көздеу нүктесі V дейінгі биіктік Р2 да екі реттен рулеткамен 1 мм дәлдікте өлшенеді. 7532 суретте және тараудағы формулаға сәйкес hА'В'=S*sin*+ Р2 - Р1 (7.5.5)

Қазба табанындағы реперлері А және В өсімшесі. hАҚ=S*sin*+i2 - i1 (7.5.6)

Өсімше тура және кері бағыттарда екі рет анықталып, екеуінің арифметикалық ортасы алынады. Жүрістегі қате ұзындыққа (S) пропорционал етіліп әр өсімшеге бөлінеді. Репер биіктіктері есептелген соң көлбеу қазбаның профилі сызылады. Өндірісте жылына кем дегенде бір рет жер асты тасу жолдары нивелирленіптұрады.
7.11. Дайындық және тазалау қазбаларын түсіру.

Шахта оқпанның кен қазбасына жеткен түсынан квершлаг, штрек, бремсберг деп аталатын күрделі қазбалар және олардан соң дайындық қазбалары жүргізіледі. Кен орналасқан қабат этаждарға бөлініп, әр этаж өз кезегінде блоктарға, камераларға бөлінеді. Блоктарда көлбеу не тік азбалар (өрлеме) жүргізіліп кенге тікелейжетуге мүмкіндік туады.

Блоктар дайын болған соң кенді қалдырмай қазып алу, яғни тазалау жұмыстары басталады. Осы жұмыстар нәтижесінде пайда болған қуыстарды тазалау қазбалары деп атайды. Міне, осыдан жер астынан кен қазудың қиын да, қызық екендігі көрінеді. Ал маркшейдерлердің мақсаты жүргізіліп жатқан қазбаларды дер кезінде планға түсіру. Қазбаларға дұрыс бағыт беру, сөйтіп жер асты жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Дайындық, бөлу және тазалау қазбаларын түсіру, блоктардың нақтылы пландарын, қималарын салу және әр түрлі инженерлік есептерді шешуге қажет нүктелердің координаталарын анықтау қажет.

Сондай-ақ тазалау қазбаларын түсіру нәтижесінде қуыстардың көлемі анықталып белгілі мезгіл ішінде учаскеден қанша руда шығарылғаны есептелінеді, яғни қазылып алынған кен тікелей есепке алынып отырылады.

Дайындық және бөлу қазбаларында бұрыштар теодолит, бұрыш өлшеуіш, ілмелі буссоль арқылы өлшенеді. Горизонталь жазықтыққа 50º – 60º-қа дейін бұрыш жасап қазылған жерлерде іліп қоятын және эксцентірлік дүрбілі Тео – 080, Т30М – Э теодолиттері қолданылады.

Алайда, тіктеу жүргізілген қазбаларда өлшеу жұмыстарын жүргізу көлбеу қазбаларға қарағанда қиындау. Себебі олар арқылы жүруге және өлшеу аспабын орнатуға мүмкіндік болмайды. Ал, тазалау қазбаларындағы жұмыстар өте тар жерлерде жүргізілетін болғандықтан қолданылатын аспаптардың мөлшері кіші және салмағы аз болуға тиісті. Тазалау кенжарлары УТГ, УТБ, УТ-3 атты бұрыш өлшеуіштер және рулеткалар арқылы түсіріледі. БҰ\ұлардың теодолитке қарағанда дәлдігі төмен және көлемі кіші аспаптар. Жерге сұңғи орналасқан көлбеу кен қабаттарының кенжарын түсіру үшін кен тасыйтын желдеткіш қуақаздағы теодолиттік пунктер арасын түсіріс жүрістерімен қосады. (124-сурет) Ал, ұзын кенжарлардың өзі толық түрде ордината тәсілімен өлшеніп, журналға оның схемасы сызылады. Онда маркшейдерлік нүктелердің өзара орналсуы кен тіктеуіштерінің бір-бірімен қашықтығы, кеннің және оны қоршап жатқан бос тау жыныстарының геологиялық ерекшеліктері, жарықшақтығы және тағы басқа өлшеу нәтижелері көрсетіледі.

Бұрыш өлшеуіштер жүргізілген түсірістер нәтижелерін өңдеуде өлшенген ара-қашықтықтардың жазық проекциялары есептеліп бұрыштар тексеріліп, Жүрістердің дирекциондық бұрыштары анықталады. Қалыңдығы 1-6 м тіктеу орналасқан кендерді қазудың магазинделген жүйесінде (7.5.4.1-сурет) кенжар жіп және ілмелі жарты дөңгелек арқылы түсіріледі. Желдеткіш қуақаздағы теодолиттік жүрістің 19 нүктесінен өрлеме арқылы А нүктеуішін түсіріп, ұшынан А нүктесін белгілейді. Содан кейін кеннің үстінде тұрып жіпті 1 – 2; 2 – 3 және тағы басқа нүктелер арасында кіреді де, ұзындықтарын рулеткамен, ал көлбеу бұрыштарын жарты дөңгелекпен өлшейді. Өлшеу дұрыстығын тексеру үшін жүрісті екінші өрлеме арқылы 16 пункте қосып тұйықтайды. Кенжарды нақтылып түсіру ордината тәсілімен жүргізіледі.

Жер асты қуыстарын түсіру.

Тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізудегі маркшейдерлік бақылаулар.

Қазіргі кезде миниралдың ішкі заттарды игеру өте күрделі тау-кен техникалық жағдайларда жүргізілуімен сипатталады, яғни қазып алатын кен орындарында кенеттен жер асты, тау-кен соққысы және қысымның күшеюі, жыныстардың жылжуы сияқты жағдайлар. Осындай жағдайларға байланысты өнндірістегі маркшейдерлік қызметтің маңызы арта түседі.

Маркшейдер үнемі күнделікті пландарға қауіпті жылжу аймақтарының шекарасын, бұзылуға икемді учаскелерді кертпештарды салып және де кезінде өндіріс басшыларын ескертіп отыруға тиісті. Кейінгі кезде кен орындарында қауіпсіздік проблемасына маркшейдердің 30 % тен 50% ке дейінгі жұмыс уақыттары жұмсалатындығы анықталып отыр. Әлбетте мұндай жұмыстарда маркшейдерлер тек қауіпті жерлерді табуда өздерінің профессионалдық бөлімдерін көрсетіп қана қоймай, қауіпсіздік ерекшеліктерін бұзылулардан және оқиғалардан сақтап қалу нұсқалардан, қауіпті аймақтарды есептеу және болжау әдістерін, сондай-ақ өзінің тау-кен жұмыстарын жүргізуде қаншалықты жаупты екендігін жақсы білу қажет.

Өндіріс орындарында жыл сайын тау-кен жұмыстарының даму пландарында қауіпті жерлердің саны және ерекшеліктері көрсетіліп, соған сәйкес бұзылуларға жол бермеу шаралары белгіленеді.

Әр квартал сайын өндірістің бас маркшейдері рудниктегі қауіпті аймақтарды анықтау және бақылау жұмыстарын тексеріп, оның нәтижелерін арнайы есепке алу журналына жазып отырады.

Пайда болу тіктеріне қарай қауіпті аймақтар үш топқа бөлінеді:


  • кен қазбаларын су басып кетуден пайда болған.

  • Тау-кен қысымының құлуы.

  • Көрсетілегн қауіпті аймақтардың әр қайсысына лайықты қауіпсіздік шекарасын анықтау әдістері және қазба жұмыстарын жүргізудің “қауіпсіздік техникасының ерекшеліктері” деп аталатын ережелер жинағы бар.

Кен қазу жұмыстарын жобаға сай және қатаң түрде қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жүргізуді бақылау маркшейдерлік қызметке жүктелген.

8 Арнаулы бөлім.

8.1 Панельді бағаналы қазу жүйесінде тазарту кен қазбаларына бағыт беру.

Панельді бағаналы қазу жүйесінде тазарту қазбаларына тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу және жер бетінің бұзылмауы, камералық діңгектердің санасын формаға келтіруге болады. Тәжірибе көрсетті, камера аралық діңгектің формасын келтіру сапасы, тау-кен геологиялық жағдайына және өндірістік техникалық факторға, бақылау әдісіне байланысты.

Камера аралық діңгектің формасын келтіру сапасы маркшейдерлік бөліммен кен қазбаларында бекітілегн бағыт, әлде бөлек нүктелер арқылы бақыланады. Тау-кен техникалық қадағалаушы маркшейдерлік бөлім берген бағытын – шпурлардың орналасуын, бұрғылау – атылыс жұмыстарының паспортынан және тазарту камералық діңгектердің шын мәніндегі орнын кенжардың жазықтығына көшіру үшін пайдаланады.

Қуаты онша үлкен емес (3-4 м дейін) кенорнын игергенде, тазарту камераларына бағыт тіктеуіш арқылы беріледі. Биіктігі 4-5 м және одан биік болса, тіктеуіштердің төбеге ілу қиындау болады, ал бұл операцияны іске асыру үшін өзі жүретін жабықтар қажет, сондықтан бағыт аса жетілмеген сызық керту әдісімен әлде діңгекке белгі қою арқылы беріледі.

Бұл бағыт беру әдістерін қолданғанда камера аралық діңгекті келтіру сапасы тек қана маркшейдерлік түсіріс арқылы тексереді, ал тікелей орындаушылар тау-кен техникалық қадағалаушы маңызды процедурадан шектеліп қалады.

Көрсетілген әдістер тазарту камераларына кіші қашықтықта бағыт бергенде пайдаланады, ал діңгектердің қабырғасына бекітілген нүктелер кенжарлардан онша алыс орналаспайды, яғни оларға атылыс жұмыстары кезінде зақым келеді, сондықтан тазарту кенжарларының орнын анықтау қайтадан қосымша түсіріс жасау, арқылы табылады.

Бұл бағыт беру әдістері кенжар жазықтығына шпурларға дұрыс беруді қамтамасыз етпейді және діңгектердің артқы жағының формасын келтіргенде сенімді бақылау бермейді, нәтижесінде қалдырылған камера аралық діңгектің орындарынан және жобадағы көлемнен ауытқиды. Сондықтан, қуаты үлкен кен орындарын игергенде камера аралық діңгектің формасын келтіру сапалығының негізгі себептерінің бірі жетілдірілмеген бағыт беру әдістері.

Тағы да айта кететін жағдай камера аралық діңгектің формаларын келтіру сапасы тазарту кен жұмыстарын жүргізген кезде, қауіпсіз жүргізуге және тазарту жұмыстарының көрсеткіштерінің маңызды әсер етеді, яғни кіші діңгектерді қалдыру олардың төбені ұстау қабілетін төмендетеді, ал үлкейтілген діңгектердің пайдалы қазбалардың шығынын көбейтеді.

Бағаналы діңгектердің формасын келтірудің сапасын, әсіресе қуаты үлкен кенорындарды игергенде, тазарту қалаларына жарма жазықтықта бағыт беру қажет, бұл тау-кен күрделі кен қазбаларды жүргізгенде қолданылады. Жарма жазықтық діңгек қабырғасына арнайы бекітілген құрылғыға бекітілген тіктеуіш арқылы белгіленеді.

Кен қазбаларына бағыт беруге арналған құрылғы: бір жағы жартылай сфералық жазықтық 10, ал екінші жағына 3 істелген, стержиннен тұрады. Жартылай сфералық жазықтық жағында өзара перпендикуляр бұрғылап тесілегн тесік бар. Бұл тесік арқылы тіктеуіш жібі өтеді. Стержень ішкі ойма істелген тірек ішінде орналасқан. Тірек бұрыш және сынада орналасқан. Стерженнің аяқ жағында чайка-фолькасатор.

Кен қазбаларына бағыт беру үшін ереже техникалық құжаттарда белгіленгенге сәйкес консольді орнатады. Консоль көмегімен бағыт беру жұмысының методикасы төмендегідей:

Консолдардың біреуі діңгек қабырғасына еркінше орналастырылады, бірақта адамдармен мехашумдердің жүріп тұруына кедергі жасалмайтын биіктікте тіктеуішті ілгенде оңай болатындай.

Құрылғыны орнату үшін толнені (втулка) шпурға орналастырып буртик діңгек қабырғасына итеріледі. Оймағы сынаны қағады, нәтижесінде төлке шпурға мықтап бекітіледі, сосын гайка бұралған консоль толнеге 0,4 – 0,5 м қалғанша гайка бекітіледі.

Сыналауға тіктеуіш жібін өткізіп, ал сыңалау арқылы жіпті сыртқа шығарадыда стерженге бекітеді. Тіктеуіш астына теодолит орналастырылады. Екінші консолді орналастыру үшін стерженді айналдыру жіпті берілетін бағыт жормасына орнатып болған соң, консоль орны гайканы буртикке дейін бұрау арқылы белгіленеді.

Жорма жазықтықта консоль арқылы бағыт беру “Қазақмыс корпорациясы” акционерлік қоғамның 55 шахтасында жүргізіледі. Консоль орнататын шпурлар 1,5 – 1,8 м биіктікте бұрғыланып, діңгек қабырғасынан 0,3 – 0,6 м шығып тұрады. Мұндай орнатылыста консольдар жүріп тұрған механизмдерге жасамайды.

Тәжірибе көрсетті, консоль орналасқан тіреу шпур аузына мықтап бекітіледі. Барлық құрылғылар айтарлықтай мықты және атылыс жұмыстары кезінде жарылу толқыны зақымдайды. Шпурларды бұрғылау кезінде жоғарғы дәлдік қажет емес, тіктеуіш орналасқан консоль аяқ жағы сфералық жазықтық, егерде тіктеуішті ауыстырған кезде, ол сол қалпында қалады.

Жалпы консоль көмегімен бағыт беру маркшейдерлік жұмыстарды едәір, яғни арнайы жабдықтармен тіктеуіштерді өте биік төбеге бойлайды. Консольді айналдыру арқылы жіктеуіш жібі жылдам және дәл берілетін бағыттың жарма жазықтығына орнатылады. Камера аралық діңгектің диаметрі 6-8 м болғандықтан, консольдардың ара-қашықтығын 3-4 м болуы тиіс. Консольдарға бағыт көрсеткіштерін қолданған жөн. Олар нысана проекциясын кенжар жазықтығында көруге мүмкіншілік береді. Бұл кенжарға жорма жазықтығын жоғарғы дәлдікпен проекциялау, яғни камера аралық діңгектің формасын келтірудің сапасын бақылау маркшейдерлік және тау-кен техникалық қадағалаушыларға сенімді бақылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет