Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей Мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0.5 Mb.
бет1/3
Дата11.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей Мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстық ғылымдар факультеті

Экология-химия және география пәндері кафедрасы


БЕКІТЕМІН

Кафедраның меңгерушісі

б.ғ.д., профессор М.С. Панин

«____»_______________2013ж.

Қашықтықтан оқыту факультетінің

барлық мамандықтың студенттеріне арналған

«Экология және тұрақты даму» пәні бойынша

студенттердің Оқытушының жетекшілігімен

орындалатын өздік жұмыстарының, практикалық жұмыстарының және

өздік жұмыстарының

әдістемелік нұсқаулары

Құрастырушы:

экология–химия және география пәндері

кафедрасыныңм-д.ғ.к., аға оқытушысы Нуржуманова Ж.М.


Семей 2013 ж.

1. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өздік жұмыстарының

әдістемелік нұсқаулары
Глоссарий

Алғашқы (титулдық) бетінде тақырыбы жазылады (глоссарий жазылатын), студент оқитын факультет атауы, оның тобы, аты-жөні толық. Содан кейін алфавит тізімі бойынша осы тақырыбқа жататын негізгі түсініктер және әр біреуін нақты анықтамалары беріледі. Түсініктер басқа шрифпен немесе астынан сызылып көрсетіледі.


Реферат

Реферат жазылуында келесі құрылысы сақталады: 1) Титулдық беті – реферат тақырыбы, студент оқитын факультет атауы, оның тобы, аты-жөні толық жазылады; 2) Жоспары (мазмұны), бұнда рефераттың негізгі бөлімдерінің атаулары және олардың басталу беттері көрсетіледі; 3) Атауы мен жоспарынан кейін кіріспе жазылады, бұнда автор шешілетін мәселелерді, ұсынылатын материалдың мақсаты мен есептерін көрсетеді; 4) Негізгі бөлімінде рефераттың жоспарланған бөлімдері ашылып жазылады; 5) Қорытынды безендіріледі, оған автордың берілген мәселеге қатысты жеке қорытындылары және ұсыныстары кіргізіледі; 6) Рефератты жазуда пайдаланған әдебиет тізімі келтіріледі.

Реферат көлемі компьютермен басылған 10 бет және қолмен жазылған 12 бет текст мөлшерінен аз болмау керек. Барлық беттер номерленген болуы тиіс (титулдық бетінде номер қойылмайды, бірақ ол жалпы нумерацияға кіргізіледі). Рефераттың жаңа бөлімінің басталуын алдыдағы бөлімнен бөліп көрсету қажет және оның аталуы міндетті түрде жазылады.

Тезистық конспект

Тақырыбқа қатысты негізгі түсініктер сипатталады, немесе студент өзінің ауысша жауабының құрылысын қалыптастыруда сүйнетін жоспары жасалады.


Ашық конспект (жазба жұмыс)

Конспектың жоспары құрастырылады. Тақырыбтың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттің (қызықты, ғылыми-баспалық және т.б.) қолдануымен толық, анық, кең ашылып қарастырылады. Конспект тақырыбтың берілген пунктісі бойынша нақты мысалдарды кіргізу тиіс.



Кроссворд (сөзжұмбақ)

Бірінші (титулдық) бетінде сөзжұмбақтың тақырыбы, студент оқитын факультеттің атауы, студенттің тобы, аты-жөні жазылады. Екінші бетінде сөзжұмбақтың сұрақтары, бөлек тік және горизонталды бағытта. Содан кейін кәдімгі сөзжұмбақ көрсетіледі. Ақырғы бетінде сұрақтардың жауабы көрсетілу міндетті: тік бағытта: 1) ..., 2) ..., 3) ...; горизонталды бағытта: 1) ..., 2) ..., 3) ... Сөзжұмбақ 30 сөзден кем болмауы керек.


Буклет

Бірінші (титулдық) бетінде сөзжұмбақтың тақырыбы, студент оқитын факультеттің атауы, студенттің тобы, аты-жөні жазылады. Буклет негізгі түсініктерді кіргізеді, оны көрнекілікті материалмен безендіру қажет және қолданған әдебиет тізімі келтіріледі.




2. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Практикалық жұмыс №1

Тақырыбы: «Абиотикалық факторлардың тірі ағзаларға әсері»

Мақсаты: ағзаға экологиялық факторлардың әсерімен таңысу.

Есептер: тірі ағзаға экологиялық факторлардың әсерін ашушы есептерді шешу.

Бақылау формасы – ауызша жауап, есеп шығару.

Сұрақтар:

▪ Экологиялық факторлар және олардың жіктелуі?

▪ Экологиялық факторларға шартты негізгі заңдар?

▪ Климаттық, эдафикалық, гидрографиялық абиотикалық факторлар?

▪ Пойкилотермді және гомойотермді жануарлар?

▪ Гидрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер өсімдіктер?

Тапсырма 1. Ағзаға экологиялық фактордың әсері.

1 суретті қара. Ағзаға экофактордың әсерінің жалпы заңдылың немен көрсетіледі? 1-4 санымен не белгіленеді? Фактордың қарқындылығы.

Тапсырманы орында және сұрақтарға жауап бер:

1. «Биологиялық оптимум», «пессимум» түсініктерінің анықтамасын бер.

2. Түрдің тіршілік етуі мүмкінсіз болатын шекараны ата?

3. Экологиялық валенттілік? Ортаның абиотикалық факторларына қатысты кең және тар валенттілікті қалай белгілейді?



Тапсырма 2. Экофакторлардың өзара әрекеттесуі, шектеуші фактор.

  1. Алманың өнім жегішінің қуыршақтарының өлімінің ылғалдылыққа және температураға тәуелділігі сызбасын зертте (сурет 2).

2. Температура және ылғалдылық бойынша берілген түрдің биологиялық оптимумын анықта.

3. 2 суретті қоланып, дәптерге алманың өнім жегішінің қуыршақтарының өлімінің әр түрлі ылғалдылықта температураға тәуелділігі сызбасын салыңыздар.

4. Сызбалардың бір бірінен айырмашылығын түсіңдір. Қандай ауданда алманың өнім жегішінің тұқым беруінің қауіптілігі жоғары: 20-22 °С орта жазғы температурасы және шартты 60-70 % ауданында немесе 30-32 °С орта жазғы температурасы және шартты ылғалдылығы 30-40% ауданында? Берілген түрдің температура және ылғалдылық бойынша шыдамдылық шектерін анықта?

5. Определите какой фактор будет ограничивающим Келесі координаталармен нүктелерде шектеуші факторды анықта:

а) ылғалдылығы 20% және температурасы 25°С;

б) ылғалдылығы 80% және температурасы 50°С;

в) ылғалдылығы 20% және температурасы 45°С;

6. Шектеуші факторлар заңы? Қандай факторлар шектеуші болуы мүмкін?

Алманың өнім жегішінің қуыршақтарының өлімінің әр түрлі ылғалдылықта температураға тәуелділігі сызбасы.

Шартты ылғалдылық 40% Шартты ылғалдылық 70%

Өлімі % Өлімі %


0 0


20 20

40 40


60 60

80 80


100 100

10 15 20 25 30 35 40 °С 10 15 20 25 30 35 40 °С

6 тапсырманың сұрақтары: жануарлардың қай түрлеріне ауа ылғалдылығының әсері жоғары және неден? Температура және ылғалдылық әсерінің мысалдарын келтір.

Практикалық жұмыс №2

Тақырыбы: «Биотикалық қатынас»

Мақсаты: Биотикалық қатынас түрлерін қарастыру

Бақылау формасы – тапсырманы шешу

Тапсырма №1 Сұрақтарға жауап бер:

Сұрақтар:

Биотикалық қатынастардың түрлерін ата?

Тікелей және жанама бәсекелестік дегеніміз не?

Экологиялық қуыс дегеніміз не?

Периодтық цикл заңы?

Орташа шамалардың сақталу заңы?

Орташа шамалардың бұзылу заңы?

Тапсырма №2 Кестені толтырындар

Кесте №1. Биотикалық қатынастардың жіктелуі

Биотикалық қатынас

Түр

Аңықтама

Мысалы

1

2







Нейтрализм













Бәсекелестік













Амменсализм













Паразитизм













Жыртқыштық













Комменсализм













Симбиоз













Эпойкия













Энтойкия













Шартты белгілер: «0» – берілген түрге әсер етпейді; «+» – қолайлы әсер;

«-» – қолайсыз әсер



Тапсырма №3

1. Кестені толтырындар. Табиғи биогеоценоздың агробиоценоздан айырмашылығы неде? Мысалдарды келтір.



Табиғи биогеоценоз

Агробиоценоз



















Практикалық жұмыс №3

Тақырыбы: «Түраралық бәсекелестік бірлестіктің түрлік құрылымын ұстап тұруының негізгі механизмі ретінде. Г.Ф. Гаузенің бәсекелестіктің болмауы принципі. Экологиялық қуыс: потенциалдық және іс жүзіндегі.»
1. Қорек заты үшін түрішілік бәсекелестік (конкуренция)

Есептелген жұмыртқа санынан шыққан бидай ұнының 25 г бәсекелескен құрғақ жеміс (сухофруктовая огневка) огневка құртарының тәжірибеде алынған әр түрлі саны кестеде көрсетілген:



Кесте Жұмыртқаның әр түрлі санынан алынған огневка қуыршақтарының саны

Бастапқы жұмыртқа саны

10

20

50

100

200

400

800

1600

3200

5000


Қуыршақ саны

8

15

37

74

137

279

477

392

380

321

Тапсырма 1.

Қуыршақтың бір данасы алынуына қажетті қорек затының минималды мөлшерін анықта.

Тапсырма 2.

Популяция тығыздығы ұлғаюы мен бір құртқа қажетті қорек мөлшерінің өзгеруі арасындағы байланыстың қисығын сал.

Тапсырма 3.

Алынған қисықтарды салыстыр, қорытынды жас.



2. Шектелген қор мөлшеріне түраралық бәсекелестік (конкуренция)

Тәжірибеде ұнды хрущактар Trilotium cosakeum и T.сonfusum. қоңыздарды ұнның ішінде ұстап, әр бір 60 күнде жынысы жетілген дарақтардың санын есептеп отырды. Нұсқаудың біреуінде микросподиялар – ішкі жасушалық паразиттер болды. Олар көбінен иесінің орта шегінің жасушасында тұқым береді. Споралар ағзадан экскременттермен шығарылып, басқа құртармен жұтынып, оларды зақымдайды. Төменгі кестеде паразит болу және болмау жағдайында екі түрлі қоңыздардың саны көрсетілген.



Тәжірибе жағдайы және қоңыздың түрі

Есептелеген күннен кейін қоңыздардың саны

60

120

180

240

300

360

420

480

540

600

660

720

900

паразитсыз

Т.cost

16

52

52

42

35

24

15

11

8

3

4

3

0

Т.conf

80

76

70

88

88

92

120

142

210

172

120

64

122

паразитпен

Т.cost

50

46

42

44

50

70

46

68

52

50

52

46

48

Т.conf

42

120

104

52

8

4

3

3

5

3

2

8

3

Тапсырма 1.

- Паразитсыз жағдайда екі түрлі қоңыздардың санының қисығын сыз.

- Келтірілген жағдайда қай түрдің бәсекелестігі жоғары?

- Қанша уақыт қоңыздар бірігіп тіршілік ете алады?

- Бәсекелестігі жоғары түрдің санының динамикасында қандай заңдылықтар анықталу мүмкін?

- Паразиттың таралуында екі түр санының барысын қалай түсунуге болады?

- Келтірілген жағдайда бәсекелестігі жоғары түрдің санының қисығының ерекшеліктері қандай? Қорытынды шығар.
Практикалық жұмыс №3

Тақырыбы: «Популяция санының реттелуі»

Мақсаты: Популяция санының реттелуі жолдарымен таңыстыру.

Бақылау формасы – ауызша сұрау, есеп шығару.

Бақылау сұрақтары:

▪ Экологияда популяция түсінігі?

▪ Популяция құрылысы?

▪ Популяцияның негізгі сипаттамалары?

▪ Популяция гомеостазы?

▪ Популяция санының динамикасы?



Бірінші тапсырма:

1-нұсқау

1. Популяцияларды экологияның қай бөлімі оқытады:



  1. Аутэкология

  2. Синэкология

  3. Биоценология
  4. Демэкология


  5. Эйдоэкология

2. Популяцияларда даралардың тұқымдылығы келесі көрсеткіштерге байланысты болады:



  1. Жынысқа жетудің жылдамдығы, бір мерзім ішіндегі генерацияның саны, популяцияда аталықтардың және ұрғашылдардың арақатынасы, орта жағдайларының ауытқуы

  2. Бір мерзім ішіндегі генерацияның саны

  3. Жынысқа жетудің жылдамдығы, популяцияда аталықтардың және ұрғашылдардың арақатынасы

  4. Жынысқа жетудің жылдамдығы, популяцияда аталықтардың және ұрғашылдардың арақатынасы, орта жағдайларының ауытқуы

  5. Бір мерзім ішіндегі генерацияның саны, популяцияда аталықтардың және ұрғашылдардың арақатынасы, орта жағдайларының ауытқуы

3.Популяцияның таршаққа бөлінуі, басқалармен бірлесуі, бұрынғы қалпына келуі немесе өз тұйықтығын жоюі, бірақ оларға келесі жағдайлар қажетті:

А)Санның өзгеруінің болжамсыз болуы

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет