Мазмұны Дәрістер Зертханалық сабақтар Студенттің өздік жұмысы Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы


- дәріс. Базалық элементтер: ListBox, ComboBox, Horizontal ScrollBar, Vertical Scroll Bar, Timer, Shape . Тағайындау, қасиеттер, оқиғалар, тәсілдер



бет3/5
Дата16.06.2016
өлшемі3.4 Mb.
#138481
1   2   3   4   5

7- дәріс. Базалық элементтер: ListBox, ComboBox, Horizontal ScrollBar, Vertical Scroll Bar, Timer, Shape . Тағайындау, қасиеттер, оқиғалар, тәсілдер.

ListBox (тізімі) элементі экранға тышқанды шерту арқылы таңдалатын тізімдер нұсқаларын шығаруға мүмкіндік береді. Тізімнің ең кіші биіктігі үш қатарды құрайды. Экраннан толық көрінбейтін ұзын тізім айналдыру сызғышымен (scrollbars) қамтамасыз етіледі. Тізімнің әрбір қатары қатар жиынындағы орнын анықтайтын индекстен тұрады. Индекстерді есептеу 0-ден басталады: List1.List((0))-List1 атауыбойынша тізімдегі бірінші жол.

Қазіргі кезде тізімдегі қатарлар санын, ListCount қасиетіндегі мәні болып табылады. Дәл осы қосқыш арқылы тізімнің барлық байланысқан қатарының арасында цикл ұйымдастырылады.

For 60 to List1.ListCount-1

If List1.Selected(j) Then “Егер j–шы жолдары бөлінсе”

Label1.Caption=j

End if


Next
Қасиеттер:

Back Color Фон түсі Height Биіктігі

Enabled Қатынас Name Атауы

Font Қаріп Top Жоғарғы координата

ForeColor Негізгі түс Left Сол жақ координата

Height Биіктік Visible Көрінуі

Colums (Бағандар) алғашқы келісім бойынша 0 мәнін қабылдайды және тізім элементтері бір бағанға орналасады. Егер мән 0-ге тең болса, онда тізім элементтері сәйкес баған санында орналасады. Қажетті айналдыру сызғышты автоматты түрде қосылады.

MultiSelect(көпше түрде белгілеу) тізімде қанша элементті бір мезгілде белгілеуге болатынын анықтайды. Мына мәндерді қабылдайды: 0- None - бір ғана элементті белгілеуге болады; 1- Simple - бірнеше элементті белгілеуге болады; 2- бірнеше элементті жылдам белгілеуге болады (бірінші белгіленген элементке тышқанмен шертіп, сосын Ctrl пернесімен жібермей ұстап тұрып – ақырғы элементке дейін). Белгіленген жолдар саны SelCount қасиетінде сақталады. Соңғы белгіленген қатар мазмұны Text қасиетінде сақталады, ал

тексеруге, List(j) жолдарын белгіленген болып табылады ма, міндетті түрде Selected (j) қасиетінің мағынасын тексеру керек. Егер j-шы жолы белгіленсе онда оның мәні True-ға тең.



Selected (Белгілеу нышанды) мәні True (тізім элементі белгіленген) немесе False (тізім элементі белгіленбеген) мәнін қабылдайтын жиын болып табылады. Белгілі бір элемент статусын анықтау үшін келесі өрнекті қолдануға болады:

Тізімнің аты. Selected (индекс мәні)

Sorted (Сұрыптау) True немесе (тізімде элементтер ағылшын әріптерімен орналасқан немесе) False (тізімде элементтер олардың енгізілу тәртібімен орналасады) мәндерін қабылдайды.

Осыдан басқа тізімдер үшін қасиеттер тізіміне қосылмаған (пішінді өндеу кезеңдерінде анықталмайтын), бірақ бағдарламалау коды өндеу барысында қолдануға болатын қасиеттердің қатары анықтаған.



ListCount (Тізімдегі элементтер саны) тізімдегі элементтер санына тең.

ListIndex (Тізімдегі элемент индексі) тізімдегі белгіленген элементтің соңғысының нөмірін анықтайды бірінші – 0, екінші – 1 т.б.). егер элемент белгіленбесе онда мәні 1-ге тең. Бағдарлама мәнінде мәнді орнату сәйкес элементтің көміскіленуіне алып келеді.

Text (Мәтін) тізімдегі соңғы белгіленген элементтен тұрады.

Тізім қарастырылған оқиғаларға әсер етеді: Click (Егер Cancel қасиеті True мәнін меншіктесе, онда оқиға Esc пернесін басқан кезде пайда болады), KeyPress (Пернені басу), GotFocus (Фокусты орнату) және LostFocus (Фокустан шығу), осы оқиғаларды өндегенде сәйкес процедураларды шақырады.



Тәсілдер:

AddItem тізімге элементті қосады (мәтін қатарын)

Синтаксисі: тізім аты. AddItem жолдар {.индекс}.

Егер индекс жоқ болса, онда элемент (жол) автоматты түрде тізімнің соның қойылады. Егер Sorted қасиетінің мәні True –ға тең болса, онда индекс бос болады, - элеемнт алфавит тәртібіне байланысты орналасады.

Clear тізімнен барлық элементті өшіреді.

Синтаксисі: тізім аты. Clear



RemoveItem тізімнен берілген индексті өшіреді.

Синаксисі: тізім аты. RemoveItem индекс

Мысалы:

List1.Clear “тізімдегі List1. атауын өшіру

List1.AddItem str [, index] “str қатарын қосу

List1.RemoveItem index “Берілген индексті қатарды өшіру



ComboBox (Аралас тізім) мәтіндік терезелерді (енгізу өрісі) бір басқару элементіне кәдімгі тізім бойынша біріктіреді. Аралас тізім элементтерді бірнеше бағандарға орналастыруға жол бермейді.

Қасиет:
BackColor Фон түсі Width Ені

Enabled Қатынас Name Атауы

Font Қаріп Top Жоғарғы координата

ForeColor Негізгі түс Left Сол жақ координата

Height Биіктік Visible Көрінуі

Sorted Сұрыптау
Style (тип) аралас тізімнің типін анықтайды және 0 мәнін қабылдайды (ашылатын аралас тізім), 1 (қарапайым аралас тізім), 2 (ашылатын тізім).

Ашылатын тізім басында оң бағыттауышы бар бір қатарды бейнелейді. Бағыттауышта тышқанды шерткенде кәдімгі тізімнен бір элементі таңдайтындай барлық тізім ашылады. Мәтіндік терезеге ақпарат енгізуге мүмкіндік бермейді.

Қарапайым аралас тізім енгізуге және осы өріс астында терезенің тұрақты мөлшері сияқты ашылмайтын тізім өрісінен тұрады. Өріске мәтінді енгізуге мүмкіндік береді немесе тізімнен элементті таңдауға мүмкіндік береді.

Ашылатын аралас тізім ашылатын тізім сияқты бейнеленеді, бірақ элемент таңдауға.

Text элемент тізіміндегі белгіленген мәтінді анықтайды немесе енгізу өрісіндегі мәтінді анықтайды.

Оқиға:

Click (Шерту), DblClick (Екі рет шерту), KeyPress (Пернені басу), GotFocus (Фокусты орнату), LostFocus (Фокусты жоғалту), осы оқиғаларды өндеуге сай процедураны шақырады.

Тәсілдер:

AddItem араласқан тізімге элемент қосалқы (мәтін жолдарын).

Синтаксисі: тізім аты. AddItem жол [, индекс]

Егер индекс болмаса, онда элемент автоматты түрде аралас тізімнің соңына қойылады. Егер Sorted қасиетінің мәні True-ға тең болса да, онда индекс болмауы қажет – элемент әріп тәртібіне сай орналасады.

Clear тізімнен барлық элементті өшіреді.

Синтаксисі: тізім аты. Clear



RemoveItem тізімнен берілген индексті өшіреді.

Синаксисі: тізім аты. RemoveItem индекс.



1-мысал. Мынандай бағдарлама жасау керек:

  • ListBox объектісіндегі белгіленген жазбаны Text1 объектісіне көшіреді;

  • өшіру батырмасын шерту барысында ListBox объектісіндегі белгіленген жазбаны өшіреді;

  • добавить батырмасын шерткенде Text2 объектісіндегі жазба ListBox терезесіне қосылады.


Пішіннің үлгісі суретте ұсынылған. Пішінге 1 объект ListBox, 2 объект TextВох, 2 батырма орналастырыңдар.

1-батырма Сарtіоn қасиеті үшін жазбаны өшіру, ал 2 батырма үшін – жазбаны қосу тағайындау қажет. List қасиетінде ListBox үшін жазба1, жазба2, жазба3 көрсету қажет.



Код:

Private Sub Command1_Click()

List1.RemoveItem (List1.ListIndex)

End Sub
Private Sub Command1_Click()

List1.AddItem Text2.Text

End Sub
Private Sub Command1_Click()

Text1.Text = List1.Text

End Sub


2-мысал. пішінде 5 белгі, 2 ListBox объектісін және 3 ComboBox объектісін орнатыңдар. (Caption) барлық жазбасына (Label) белгісіне суреттегідей сәйкес мәтіндерді меншіктейміз. Alignment қасиетіне Center тағайындаймыз. Сәйкес қаріпті және қаріп мөлшерін таңдаңдар. ComboBox элементтерінің барлығына - Text қасиетін бос қалдырамыз. Combo1 үшін Style қасиетінің мәнін 0 деп, Combo2 – үшін 0, Combo3 – 2 тағайындаймыз. Барлық ListBox элементін алғашқы келісім бойынша қалдырамыз.

Код:

‘Пішінді жүктеу процедурасы.

Private Sub Form

List1. студенттер тізімін құру

List1.AddItem “Абилов А.А.”

List1.AddItem “Бисенбай Т.Д.”

List1.AddItem “Даулетбаев Д.Ж.”

Combo3 тізімін құру – емтихан бағасы

Combo3. AddItem “Қанағаттанарлықсыз”

Combo3. AddItem “Қанағаттанарлық”

Combo3. AddItem “Жақсы”

Combo3. AddItem “Өте жақсы”

‘Combo2 - Мұғалімдер тізімін жасау

Combo2. AddItem “Рауан Н.Б.”

Combo2. AddItem “Елукенов А.Г.”

‘Combo1 тапсырған пәндердің тізімін жасау

Combo1. AddItem “Физика”

Combo1. AddItem “Математика”

Combo1. AddItem “Тарих”

End Sub


‘емтихан тапсырған студенттерді жалпы тізімнен шығару

‘емтихан тапсырғандарды тышқанмен 2-рет шерту

Private Sub List1_DblClick()

List2.AddItem List1.Text

List1.RemoveItem List1.ListIndex

End Sub


‘тапсырылған пәнді қосу процедурасы

‘Enter пернесін басқандағы пәндер тізімі

Private Sub Combo1_KeyPress(KeyAscii As Integer)

If KeyAscii = 13 then

Combo1.AddItem Combo1.Text

End if


End Sub

‘мұғалімдер фамилиясын қосу процедурасы

‘Enter пернесін басқандағы мұғалімдер тізімі

Private Sub Combo2_KeyPress(KeyAscii As Integer)

If KeyAscii =13 Then

Combo2.AddItem Combo2.Text

End If

End Sub




Horizontal Scroll Bar және Vertical Scroll Bar (Тік және көлденең айналдыру жолақтары) белгілі бір диапазондағы қандай да бір шаманың мәнін тағайындауға мүмкіндік береді, және осы шаманың мәнін сызғыштағы жылжу кезеңі бойынша білуге мүмкіндік береді.

Қасиеті:

Height Биіктік Width Ені

Enabled Қатынас Name Атауы

Visible Көрінуі Top Жоғарғы координата

Left Сол жақ координата

Large Change (Парақтап өзгерту) жылжудың ағымдағы кезеңін өзгертуді анықтайды және айналдыру сызғышының ішінде шерту барысында берілген (Value) шамасына сәйкес.

Max (Ең үлкен мән) берілген шаманың ең үлкен мәнін анықтайды (жылжудың оң жақ шеткі кезеңіне немесе төменгі кезеңіне сәйкес). Аралық мәні: 32768-ден 32767-ге дейін.

Min (ең кіші мән) берілген шаманың ең кіші мәнін анықтайды (жылжудың сол жақ шеткі кезеңіне немесе жоғарғы кезеңіне сәйкес). Аралық мәні: 32768-ден 32767-ге дейін.

SmallChange (Қатарлап өзгерту) ағымдағы жылжу кезеңін анықтайды және айналдыру бағытының бағыттауыштарының біріне шерткенде (Value) шамасының тағайындауына сәйкес.

Value (Ағымдағы кезең) жылжудың ағымдағы мәнін және кезеңін бейнелейді. Қасиеттерді бағдарламалық жолмен өзгерткенде жылжу сәйкес кезеңге жылжытады. Шектен шығарда орнатылған және қате туралы хабарламаны шығарады.

Оқиғалар:

Click (Шерту), DblClick (екі рет шерту), KeyPress (пернені басу), GotFocus (Фокусты орнату), LostFocus (Фокусты өшіру) осы оқиғаларды өңдеуге сай процедураны шақырады.

Scroll (Сырғытпа) сызғыш бойымен жылжуды жылжыту барысында үздіксіз тағайындалады және оның кезеңі динамикалық түрде тығыздалады.

Change (Өзгерту) жылжу кезеңі бойынша пайда болады және оның соңғы орнын анықтайды.

3-мысал. Mousedown және Mouseup оқиғалары

Пішінге 1 батырма 1 Timer объектісін және 1 Shape объектісін Shape шеңбер қасиетімен орналастырыңдар. Қажетті қасиеттерді өздерің тағайындаңдар.





Код:

Private Sub Command1_MouseDown(Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As Single)

Егер тышқанмен жүргізілген батырмада басылса, онда біз таймерді қосамыз



Timer1.Interval=1

End Sub
Private Sub Command1_MouseUp(Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As Single)

Егер баcылмаған болса онда өшіреміз.



Timer1.Interval=0

End Sub
Private Sub Timer1_Timer()

Shape1.Left=Shape1.Left+30

End Sub
8- дәріс. Базалық элементтер: DriveListBox, DirListBox, FileListBox. Тағайындалуы, қасиеттері, оқиға, тәсіл.

DriveListBox, DirListBox, FileListBox сәйкес логикалық дисктің, бұтақтың және файлдың ағымдағы атауларын қосуға және бейнелеуге арналған арнайы тізімдер.

DriveListBox объектісі барлық қатынасы бар логикалық дискілер атауы және қатарлары белгіше болып табылатын стандартты аралас тізім сияқты рәсімделген. Ал енгізу өрісі таңдалған дискінің атауында бейнеленеді. Пішінде осы объект пайда болған кезден бастап, оның енгізу өрісінде ағымдағы дискі атауы пайда болады. Ол бағдарламалау жүйесінде қолданылатын C:\... болып табылады, әдетте :\Program Files каталогында орнатылады.

DirListBox объектісі – ListBox типінің қатардың тағайындалған биіктігінде бағдарламаланған жолымен бейнеленген классикалық тізімі ретінде ұсынылған. Каталогтың атауының оң жағында директорийлердің кіріктірілген деңгейін анықтайтын ашылған немесе жабылған тақырып белгішелері көрінеді. Ағымдағы каталог қатар түрінде ұсынылған, оған толық жол Path қасиетінде сақталады. Егер терезені бірнеше қатарға үлкейтсек, онда жобалау кезеңінде ағымдағы каталог атауын көруге болады.

FileListBox объектісі кәдімгі айналдыру сызықтары тізімі түрінде рәсімделген. Белгіленген қатар атауы Filename қасиетінде сақталады.

Жалпы айтқанда осы объектілердің әрқайсысы сәйкес қасиетте көрсетілген тізімді бейнелей өз беттерімен өмір сүреді. Жаңа дискті таңдау барысында, қолданбамен жұмыс жасау уақытысында пайда болатын кез-келген өзгеріс. Drive қасиетінің мәніне және DriveChange оқиғасының көрінуіне өзгеріс әкеледі. Өз кезегінде FileListBox тізіміндегі Path қасиетін өзгертетін өңдеуші ағымдағы каталогты өзгерту DriveChange оқиғасын шақырады. Төменде ағымдағы дискті, белгіленген каталогты және таңдалған файлды өзгертуге мүмкіндік беретін оқиғаларды өңдейтін қарапайым мәтіндер ұсынылған.

1-мысал. Графикалық файлдарды қарап шығу бағдарламасын жазыңдар.

Пішінде объекттерді орнатыңдар.

1 Check – Value қасиетімен – 0 – белгіленбеген;

1 батырма;

1 Image;

Бір объектіден DriveListBox, DirListBox, FileListBox (Pattern -*.*)



Код:

Private Sub Command1_Click()

Қанат белгіні орнату барыснда және батырманы басқанда сурет жақтау мөлшеріне кіріп кетеді.



If Check1.Value=1 Then Image1.Stretch=True

If Check1.Value=0 Then Image1.Stretch=False

End Sub
Private Sub Dir1_Change()

File1.Path=Dir1.Path

End Sub

Private Sub Drive1_Change()

Dir1.Path=Drive1.Drive

End Sub
Private Sub File1_Click()

File1.Path=Dir1.Path

b=Dir1.Path ‘b –файлға жол .

If Right(b,1)=”\” Then “ Егер жол слэшпен аяқталса онда…

a=Dir1.Path+File1.FileName

Else “Ал болмаса онда

a=Dir1.Path+”\”+File1.FileName

End If
Image1=LoadPicture(a)

End Sub
Private Sub Form_Load()

File1.Pattern=“*.bmp;*.jpg,*.jpeg;*.gif;*.wmf”

файлдар тізімінде бейнеленетін файлдар типтері.



End Sub
Бірінші тапсырманы шешу коды мен пішіннің үлгісі:

Пішінде келесі объектілерді орнатыңдар: 4 батырма және 1 белгі. Caption қасиетін сәйкес суреттермен толтырыңдар:



Код:

Private Sub Command1_Click()

Label1.FontSize=26

End Sub
Private Sub Command2_Click()

Label1.ForeColor=QBColor(12)

End Sub
Private Sub Command3_Click()

Label1.BackColor=QBColor(0)

End Sub
Private Sub Command4_Click()

Form1.BackColor=QBColor(15)

End Sub
Private Sub Form_Load()

Label1.FontSize=12

Label1.Caption= “Мәтінмен орындалатын амалдар ”

Form1.Caption= “Пішімдеу”

End Sub
9-дәріс. Visual Basic басқару құрылымдары (1 сағат)

Бұл тақырыпта бағдарламаның тізбектей орындалуын басқаруға мүмкіндік беретін Visual Basic құрылымы қарастырады. Берілген құрылым сондай-ақ басқару операторлары бағдарламаның операторларының тізбектей орындалуының табиғи жүрісін өзгертеді. Бұл құрылымды қолданбаса бағдарлама бірінші оператордан соңғы операторға дейін тізбектей орындалады. Шешім қабылдау операторларын қолдану бағдарламада кездескен шарттардың әрекеттерін орындауға мүмкіндік береді. Циклдер көмегімен бағдарламада қайталау әрекеттерін орындауға болады.

Негізгі мақсаты: тармақталу және таңдау командалары түсінігін, циклдер түсінігін, қайталау және параметрлі қайталау командаларының түсінігін енгізу; осы командалардың жазылу түрін нақты есептерді шешу бағдарламалары мысалдарында көрсету.

Білім мен біліктке қойылатын талаптар: Студенттер тармақталу, таңдау, қайталау және параметрлі қайталау командаларының жазылу түрін білуі керек; таңдау және тармақталу командаларын жазуда шартты дұрыс қалыптастыруға, берілген құрылымдарды қойылған есептерді шешуде қолдана білу.

9.1. If … Then құрылымы. (If.. Then.. Else)

1-мысал. Екі санды енгізу керек, егер бірінші сан екіншісінен үлкен болса онда олардың қосындысын немесе көбейтіндісін табу керек. Сандар және нәтиже пішінге шығу керек.

Қойылған есепті шешу үшін мыналарды ұйымдастыру қажет:

1) Деректерді енгізу. Visual Basic жүйесінде мәтіндік хабарламаларды шығару үшін InputBox диалогтық функциясы қолданылады:



A“=InputBox(Prompt, Caption, Default, x,y,HelpFile)

Бұл функцияның жалғыз міндетті парамері болып, диалогтық терезеде пайда болатын көмекті ұсынатын String типті мәнді Prompt аргументі болып табылады.

Қажетті ақпаратты тергеннен кейін қолданушы Enter пернесін немесе Ok батырмасын басуына болады. Екі жағдайда да InputBox функциясы енгізу өрісінің мазмұнын қайтарады. Енгізу өрісіне енгізуді аяқтау белгісіне дейін пернетақта құралдарымен жөндеу жүргізуге болады. Егер қолданушы Cancel (Отмена) батырмасына немесе Esc батырмасын шертсе, онда функция енгізу қатарындағы мәнге қарамастан қатарға нөлдік ұзындықты шығарады.

Caption, параметрі, егер ол берілсе, онда диалогтық терезенің тақырыбы ретінде пайда болады. Үшінші String, типті Default параметрі – келісім бойынша ойлаған жауапты береді. Ол енгізу өрісінде пайда болады және егер қолданушы жауабы ұсынылған мәтінмен сәйкессе онда енгізу уақытын үнемдейді.

Келесі (x,y) екі параметрі экранның сол жақ жоғарғы бөлігімен салыстырғанда тік және көлденең диалогтық терезелерінің араласуын анықтайды. Координата мәндері типтермен беріледі. Олардың қатысуынсыз диалогтық терезе экранның ортасына орналасады.

Соңғы екі міндетті емес HelpFile, Context параметрлері қолданушы F1-ді басқанда анықтамалық ақпарттан пайда болатын файлдың атауын және кадр нөмірін береді.

2) Шарттарды тексеру.



If құрылымы операторлар тобы белгілі бір шарттарды сақтаған кезде орындалатын жағдайда қолданылады.

Басқару If операторларының екі түрі болады:



  • If…Then операторы белгілі бір әрекеттің бірнеше шарттарға тәуелді болған кезінде қолданылады.

  • If…Then…Else операторы шартқа байланысты әр түрлі әрекеттердің орындалуы барысында орындалады.

Бір жолды синтаксисі: If шарт Then оператор [Else оператор]

Блоктың синтаксисі:

If шарт Then

Операторлар 2]

Else

Операторлар 3

End If
Басқару құрылымында шешім қабылдауға негіз болатын шартты өрнектер болып табылады, сондықтан алдын ала осы өрнектер және олармен жұмыс жасау туралы кішкене айтып кету керек.

Шартты өрнектер – бұл екі мәннің True (жалған) немесе False (жалған) бірін ғана қайтаратын өрнек. Шартты өрнектерде 6.1 кестеде көрсетілген салыстыру операторларын қолданады.
6.1-кесте. Шартты өрнектер үшін

салыстыру операторлары.



Оператор Мәні Оператор Мәні

= Тең <> Тең емес

> Көп >= Көп немесе тең

< Аз <= Аз немесе тең
Шартты өрнектер үшін логикалық математика әрекеттерін (логикалық операция) орындауға болады:


  • AND (ЖӘНЕ) – Егер әрекетке қатысып жатқан өрнектердің барлығы True мәнін қабылдаса, онда True(Ақиқат), мәнін қабылдайды. Қалған жағдайда False(Жалған) мәнін қабылдайды;

  • OR (Немесе) – Егер әрекетке қатысып жатқан өрнектердің ең болмағанда біреуі True мәнін қабылдаса, онда True(Ақиқат), мәнін қабылдайды. Егер барлығы False мәнін қабылдаса, False (жалған) мәнін қабылдайды;

  • XOR (немесе) – Егер әрекетке қатысып жатқан өрнектердің тек қана біреуі True мәнін қабылдаса, онда True (Ақиқат) мәнін қаабылдайды. Қалған жағдайда False (жалған) мәнін қабылдайды;

  • NOT (Емес) – Терістеу операциясы. Егер өрнек True тең болса онда False мәнін қабылдайды және керісінше, егер өрнек False мәнін қабылдаса онда True (Ақиқат).

Теориялық материалды меңгергеннен кейін есептерді шешуге кірісуге болады: пішінге батырма орнатыңдар. Батырмалар коды:

Dim a,b As Integer

Dim y As Long

Private Sub Command1_Click()

a=InputBox(“»)

b=InputBox(“»)

If a>b Then y=a+b Else y=a*b

Form1.Print a

Form1.Print b

Form1.Print y

End Sub
2-мысал. Екі резистордан тұратын электр тізбегінің кернеуін есептейтін бағдарлама құрыңдар. Резисторлар тізбектей немесе параллель жалғануы мүмкін.

Пішіннің түрі үлгісі суретте ұсынылған


Dim R1 As Integer

Dim R2 As Integer

Dim R As Integer
Private Sub Command1_Click()

R1=Val(Text1.Text)

R2=Val(Text2.Text)

If Option1.Value=True Then R=R1+R2 Else R=(R1*R2)/(R1+R2)

Label4.Caption=Val(R)

End Sub
Private Sub Option1_Click()

Label4.Caption=””

Option2.Value=False

End Sub

Private Sub Option2 Click()

Label4.Caption =”>>

Option1.Value=False

End Sub
3-мысал. пернені басқан кезде меңзердің басқарылуымен Shape объектісі берілген бағытқа қарай жылжитын бағдарлама құру керек.

Пішінге бір Shape объектісін Shape 1- қасиеті Шеңбер орналастырыңдар. Қалған қассиеттерді өздерің тағайындандар.





Код:

Dim x As Integer ‘Көлденең объектінің орнын анықтайтын сандық айнымалыны сипаттаймаыз.

Dim у As Integer ‘ Тік объектінің орнын анықтайтын сандық айнымалыны сипаттаймыз
Private SubForm KeyDown(KeyCode As Integer, Shift As Integer)’

x=Shapel.Left’ х айнымалысына объектіні көлденең орналастыру мәнін меншіктейміз

y=Shapel.Top

‘ Егер басатын перненің коды 37-ге тең болса (бағыттауыш солға жылжиды), онда х айнымалысының мәніне 100-ді аламыз

if KeyCode= 37 Then x= x- 100

‘ Егер басатын перненің коды 39-ге тең болса (бағыттауыш оңға жылжиды), онда х айнымалысының мәніне 100-ді қосамыз

if KeyCode= 39 Then x= x+ 100

‘ Егер басатын перненің коды 38-ге тең болса (бағыттауыш жоғары жылжиды), онда у айнымалысының мәніне 100-ді аламыз

if KeyCode= 38 Then у= у- 100

‘ Егер басатын перненің коды 40-ге тең болса (бағыттауыш төмен жылжиды), онда у айнымалысының мәніне 100-ді қосамыз

if KeyCode= 40 Then у= у+ 100

‘х айнымалысына объектіні көлденең орналастыру мәнін меншікейміз

Shapel.Left=x

‘у айнымалысына объектіні тік орналастыру мәнін меншіктейміз

Shapel.Top=y

End Sub



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет