Мазмұны І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім а. Табиғи материалдар және оларды өңдеу жолдары ә. Киіздің жасалу жолдары б. Сырмақтың жасалу технологиясы в. Ою-өрнек ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе



жүктеу 217.2 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі217.2 Kb.


Мамбетова Угулъжан

Технология пәні

Тақырыбы: Шығармашылық жұмыс

Жаңа технология элементтерін

пайдалана отырып, ұлттық қолөнер

негіздерін оқып үйрету әдістері.

Мазмұны

І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім

а). Табиғи материалдар және оларды өңдеу жолдары

ә). Киіздің жасалу жолдары

б). Сырмақтың жасалу технологиясы

в). Ою-өрнек
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы - қолөнері болып табылған. Халық шеберлері ұлттык қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған.

Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, рухани сән-салтанатымызды, ырым-наным, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері кайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады. Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика – бұл кезде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қауымға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық педагогика кешегі ойшылдар мен сал-серілерден, шешен-билерден, ақын-жыраулардан мирас болып қалған құнды тәрбие құралы. Ұлттық педагогика жаңалық емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі.

Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс шәкірттердің ой-өрісін дамытуға, әсемдікке дене бітімінің сымбатты болып өсуіне психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді.

Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді.

Болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оны ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Ұлттық педагогиканы насихаттауга қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Сонымен технология сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу — тәрбие процесіне арқау ету қажеттігін күн тәртібі туындатты.

Табиғи материалдардың бірі жүн. Жүнді пайдалану арқылы қолөнер бұйымдары: киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша және ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жаткан сондай дәстүрлі колөнер үлгілерін жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрету - оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттык колөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалык, эмоционалдык, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз.

Сәндік қоленерге үйреткенде белгілі шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып, окушылардың қызығушылығы мен ой-өрісін ояту кажет деп санаймыз.

Оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық енерді сүюге, кұрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, пәнді оқып үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қазақ колөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің кұралы.

Ою-өрнекке мән беруге үйрену арқылы астарлы ойлау қабілетіміз қалыптасады.

Қолөнерді игеру арқылы кез келген істі төзіммен аяктауға жаттығамыз және еңбек етуге үйренеміз.



Білім мазмұны мен оқыту әдістерін

ізгілендірудің жолдары

Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы - қолөнері болып табылған. Халық шеберлері ұлттык қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген.

Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, рухани сән-салтанатымызды, ырым-наным, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері кайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр.

Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс шәкірттердің ой-өрісін дамытуға, әсемдікке дене бітімінің сымбатты болып өсуіне психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді.Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді.

Болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оны ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Ұлттық педагогиканы насихаттауга қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Сонымен технология сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу — тәрбие процесіне арқау ету қажеттігін күн тәртібі туындатты.

Табиғи материалдардың бірі жүн. Жүнді пайдалану арқылы қолөнер бұйымдары: киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша және ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жаткан сондай дәстүрлі колөнер үлгілерін жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрету - оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.

Сәндік қоленерге үйреткенде белгілі шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып, окушылардың қызығушылығы мен ой-өрісін ояту кажет деп санаймыз.

Оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық енерді сүюге, кұрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, пәнді оқып үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қазақ колөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің кұралы.

Ою-өрнекке мән беруге үйрену арқылы астарлы ойлау қабілетіміз қалыптасады.Қолөнерді игеру арқылы кез келген істі төзіммен аяқтауға жаттығамыз және еңбек етуге үйренеміз.


Табиғи материалдар және оларды өңдеу жолдары

Мақсаты: Табиғи материалдар көркем қолөнерді жасату арқылы оқушылардың психологиясына әсер етеді.

Осы мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:


  1. Психологиялық дамуын қадағалау

  2. Адам организміне қажетті заттарды іс жүзінде пайдалана білуге үйрету

  3. Өсу мен дамудың негізгі биологиялық зандылықтары туралы түсінік
    қалыптастыру

  4. Табиғи және құнсыз материалдардан пайдалану арқылы баланың
    шығармашылык дарынын дамыту, ерекше дара касиетті байқау

  5. Бастаған істі аяқтап шығуда табандылык танытуын қадағалау

  6. Еңбек етудің кажеттілігін ұғындыру

  7. Сыртқы ортаның әсерін сезіне білуге үйрету

  8. Ой-өрісін дамытып қызығушылықты арттыру

Табиғи материалдардың бірі - жүн.
Жүн өңдеу

Қой жүнінің сан түрлі сорттарымен тайталаста жылулығы жағынан тез түсетін, ал мықтылығы жағынан басым тұратын түйе жүні мен ешкінің түбіті. Әрі эсем, эрі сапалы да, мыкты бұйым шығу үшін алғашкы шикізат жүннің сапасы ерекше орын алады. Сапалы бұйым шығуы үшін жүн өңдеуде кандай процестерге қай кезден бастап көңіл бөлген жөн? Тоқымашылардың айтуынша, жүн біркелкі, шебер иірілуі керек. Жүн таза қарқылып, рет-ретімен дұрыс сұрыпталуы керек. Қой кырқатын жердің талапқа сай болып, жүнге қоқым араласпауы, қой терісінің қырқындысы болмауы, маусымдық қыркым дер кезінде өткізілуі тиіс. Қырықтықшылардың айтуынша, қойды жабағы жүні көтеріліп, астынан жаңа өскін пайда бола бастаған кезде қырыққан дұрыс. Қоңды малдың жүні уақытында біркелкі көтеріліп, кырқуға ыңғайлы келеді. Арық малдың жүні керісінше, сабалақтанып өскен жүндері жетілмей жабағы көтерілмей калады. Жүн сапасы алдымен малдың күтіміне байланысты. Малдың күтімі талапка сай болмаса, одан сапалы өнім күту мүмкін емес.

Ғалымның айтуынша, жүн сапасы оның табиғи түсі, жылтырлығы. Ал керісінше, өнім сапасына нұқсан келтіретін жайт - сапасы әр түрлі жүннің араласып кетуі. Кейде осындай себептермен жүнді амалсыздан бояуга мәжбүр болады. Бос жүн қапқа салып нығыздалған жүнге қарағанада ылғалды көп тартады. Әсіресе, жуылмаган жүннің шектен тыс ылғалданып кетуі жүнді шірітеді. Сондықтан жүнді ұзак уакыт сақтау керек болса немесе киіз, алаша кілемге арналған жүнді қағаз қаптарқа нығыздап салып, арасына «Молемор», «Дезмоль», «Антимоль» препараттарын салу керек.

Киім тоқып, бұйым жасаудан бөлек, сапасы нашарлау жүндерге қылшык, шуда, жылқының қылын араластырып, әр түрлі мақсатқа арналған жуанды-жіңішкелі арқан мен жіп, ноқта жасауға, т.б. күнделікті тұрмыста пайдаланылатын ұсақ бұйымдарды есіп және өріп жасауға болады. Қазіргі таңда жүннен көптеген әсем бұйымдарды жасауға мүмкіндік зор. Мәселен, оюланған сөмкелер, үй іші аяқкиімдер, сақина, алқалар, қуыршақтар, т.б



Жүнді бояу технологиясы

Жүнді бояу үшін қазанның қақпағын жауып бірқалыпты қайната отырып, оған жүнді мөлшерлеп салып, оны ағаш қалақпен бастырып отырған дұрыс (жүн салмастан бұрын бір литр суға бір шай қасық көлемінде сірке суы кұйылады) . Су керекті мөлшерден аз болса, жүн қазан қазан түбіне жабысып қалады. Қазан бір қайнағаннан кейін от қызуын азайту керек. Жүннін бояу алғандығын былай тексереді: қалақтың ұшымен боялып жатқан жүннің кез келген жерінен көтеріп алып, шымшып көреді. Бояу алған жүн суы сығылғанды, бозғыл тартпайды. Онда қазан астындағы от сөндіріліп, боялған жүн суы сорықтырылып, жүн эмальді табаққа алынады. Бетін қақпақпен жауып үстін ауыр затпен бастырады да суығанша қоя тұрады. Суығаннан кейін жүн керілген жіпке, көлеңке жерде кептіріледі, оны арнайы жүн тарайтын таракпен тарап, түтіп түрлі әсем бұйымдарын жасауға болады.

Табиғи жүннен жасалған бұйымдардың адам денсаулығына өте көп пайдасы бар екендігін айтып өту кажет. Мысалға, жүннен жасалған кеудеше, байпақ адамға тек жылу беріп қана коймай, адамның жаман энергиясын тартып отырады, сондай-ақ емдік касиеті бар.

Қолөнер бұйымдарын жасаудың өсіп келе жаткан жасөспірімге берер тәлім-тәрбиесі, пайдасы өте мол, сонымен қатар эстетикалық тәрбие бере отырып колөнер шығармашылықтарын дамытады.


Жүн



Жабағы жазда қырқылады



Күзем күзде қырқылады

Түбіт ешкі жүнінен қырқылады







Сұрыптайды

Тазартып жуады

Сабайды

Өңдейді

Түтеді


Тарайды

Ұршықпен иіреді

Шүйкелейді

Ширатады



Киіз басу жолдары

Киіз - шығыс халқының көшпенді тұрмысына орай колданылған мүліктін бірі. Киіздер негізінен: үй жабуға арналған киіз, сырмақтық киіз, түрлі киім-кешекке арналған жұка киіз, жабағы киіз деп өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Киіз басу әдісі:

Алдымен тоқылған 5 метрдей ши немесе кенеп қажет. Шидің үстіне жүнді шабақтап орналастырады да, бірнеше адам екі жағынан отырып білектеп соғады. Көшпенділікке байланысты пайдаланатын киізді бір түсті жүннен басады.

Бірнеше рет тоғытылып, кірінен, шайырынан тазартылып қырқылған қойдың күзем жүнінен киіз басылады. Киіз басылатын жүнді шаң-тозаңын, шөп-шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабайды. Жүн сабау ісіне әйелдермен бірге еркектерде қатысады. Жүн сабау маусымды және көпке ортақ жұмыс болып саналады. Жүн сабау жұмысы қазақ ғұрпында ойын-сауықпен көңілді ететін-ді. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым бойынша жастар жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді.

Жүн сабау жұмысына керекті заттар - сабау мен тулақ. Сабауды бұтақсыз түзу талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан маусым, шілде айларында дайындап, қабығын алып кептіреді. Ұзындығын 1 метр 20 сантиметрдей етіп, екі ұшын тегістеп, тұжырады. Ол сабаушылардың санына карай әр кісіде екі-екіден болады. Жүнді екі сабаумен кос колдап сабайды. Сабайтын жүннің астына тулақ төселеді.

Ал тулақ деп әдетте өгіздің, сиырдың керіп кептірген шикі терісін айтады. Жүн сабау алдында тулақты аздап сүт бүркіп, шөптесінге төсеп жібітеді. Олай істемесе, кеуіп тұрған тулақ сабауға шыдамай сынып кетуі мүмкін. Киізді осы сабалған дайын жүннен басады. Ол үшін оралмаған ақ ши, ыстық су, шелек, шөміш қажет. 4 қант шиді екі қатар жарастыра көктейді немесе шидің шет бауырларын байластырып қояды да үстіне екі қабат жүннен беттестіріле киіз төселеді. Киіздің екі бетін киіздің асты мен үсті немесе киіздің өңі мен теріскейі дейді.

Егер басқалы отырған киіз сырмаққа арналса. онда оның астыңғы бетіне бозғылт, қызыл түсті жүндер шабақталады, бетіне ең әдемі жүн тартылады. Сырмаққа арналған киіз жұка басылады, егер қалың басылса, сырмақ астарланып сырыла келе өте ауырлап, ыңғайсызданып кетуі мүмкін. Сөйтіп киіздің үстіңгі беті тартылған соң, жүннің біркелкілігін байқау үшін тағы да бір-бір рет жүріп өтіп, киізді алақанмен басып көреді. Жұка жеріне жүн косады, қалың жерін жаймалап жұкартады. Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ шетінен бастап себелеп кұяды. Жоғарыдан шашырап кұйылған су өз салмағымен жүнді басып біріне-бірін косып жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды.

Су себіле бастасымен қатар отырған 3-4 әйел басылып жатқан жүнді қабаттай шиыршықтап, ескен тәрізденіп, жинап отырады. Шиді ширатып орап жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Осы тәртіппен жүн тартылған ши түгел жиналған сон, оны сыртынан жіппен шандып, жұмырлап байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп алып, екі басын тұйыктап бос салып кояды. Бұл шиыршықталып жатқан шиді домалатып сүйрету үшін кажет.

Киізге ою салынған болса, яғни текемет болса 1 сағат тепкеннен кейін шиді тарқатып, киіз бетіндегі өрнекті түзетіп алып, оны қайта орап, тағы да тебеді. Жалпы киізді тебу уакыты 2 сағаттан 3 сағатқа дейін созылады. Киіз неғұрлым көп тебілсе, соғұрлым шымыр, тегіс, әдемі шығады да, ондай киіз көп уақытқа дейін қопсып, түтеленбейді.


1.Шиге жүнді 9. Қыл-қыбырынан

сабақтап орау тазалау



2. Ыстық су себу


Киіз басу технологиясы


8. Кептіру

3. Тебу

7. Ұзындау
4. Кірігу үшін 6. Қарпу

булау


5. Білектеу


тығыз жұқа
мықты босаң






Қолөнер түрі

Қай ғасырда пайда болды?

Қайда?

Қай елде?



Қолданылуы

Жасалу әдісі

1

Киіздің түрлері: өре киіз, кесек, текемет,сырмақ, талдырма, қозы жүнді киіз

ІV-V

Түркі тілдес халықтарда

Үй шаруашылығына

Қой, қозы жүнінен

2

Киіз басу

ІV-V

Түркі тілдес, көшпенді шаруашы-лықта

Киіз үй жабдықтары, үйдің ішкі бұйымдары, киім кешек

Жүнді қырқу, жуу, кептіру, тарау, түту, шумақтау, сабау, шиге тарту, шабақтау, сулау,байлау, басу

3

Киізден тігілген

киім


ІV-V

Есік қорғаннан табылған

«Алтын адам» костюміне пайдаланған

Жұка тығыз басылған кигізден қиып тігілген алтынмен әшекейленген

4

Киізден тігілген бас киім, шапан. аяқкиім

V

Бесшатыр қорғандары-нан табылған

Сақтардың үшкір бас киімдеріне шекпен, байпақтарына пайдаланған

Қалың және жұқа, ақ және қара түсті киізден тіккен

5

Киізді түрлендіре пайдалану

XIX

Қазак халқы, түркі тілдес халықтар

Киіз үйге, үй іші бұйымдары; текемет, сырмақ, түс киіз, аяққап, қоржын, тігуге пайдаланған

Ақ қара түсті және түрлі түсті бояулармен бояп, оюластырып, өрнектеп, кестелеп тіккен

6

Киізді дамыта пайдалану

XX

Баска шет мемлекет-терде Моңғолия-да, Түркістанда

Жайнамаз, кебенек, аттың кежімдері,

сырмақ түрлері, т.б



Жұка талдырмаш киіздің бірнеше түрін оюластырып тіккен

7

Киізді жаңа технологияда пайдалану

XXI

Қазақстан аумағы, Моңғолия, Түркия, баска шет мемлекет-терде

Киіз үй жабдықтары,

төсек орны жабдықтары, үй іші бұйымдары, киім-кешек, киізден тігілген әр түрлі көрмелерге, мүсіндер тігуге пайдаланады



Бояйды, пішеді, ою-өрнек салады, қияды, желімдейді, жүрмейді, іс машинамен және қолмен тігеді



Сырмақ

Сырмақ - халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі ұлттық қолөнерінен туындаған аса сәнді төсеніші, әрі өнер туындысы. Сырмақ еденге төселетін бірден - бір жарасымды дүние.

«Сырмақ» сөзі - «сыры» етістігіне «мақ» жалғауы жалғану арқылы «сырымак» болып айтылып, кейін келе «ы» әрпінің түсіп қалуынан «сырмақ» болып калыптаскан.

Сырмақ түрлері:

Сырмақтар ұсталатын орнына қарай от киіз ( от сырмақ), отбасы сырмағы, тізе сырмағы, тер сырмақ, іргелік (ірге киіз), бұйым сырмак т.б деп аталады.

Үлгілеу және істелеу жолдарына карай бірнеше түрге бөлінеді. Байырғы үлгіден дәстүрлі сырмақ, оюлы сырмақ, ойыстырылған сырмақ, жиек сырмақ, кестелі сырмақ, біз кестелі сырмақ, баспа кестелі сырмақ, ашамай кестелі сырмақ, жапсырма кестелі сырмақ, кілем пішінді сырмақ, көне, жаңа үлгідегі от киіздер.

Істелеу материалына қарай оюлы сырмақ, ойыстырылған сырмақ, кестелі сырмақ, жиек сырмақ, кілемше сырмақ, құрақ сырмақ деп аталады.

Мына екі түсті киізді біріне-бірін ойыстыру арқылы шығарылған бұйым сырмақ деп аталады.

Сырмақ сыру технологиясы:


  1. Екі түсті киізді біріне-бірін беттестіріп көктеп бетіне ою-өрнек сызу.

  2. Киіз ою. Өткір пышақпен асқан шеберлікпен ойып алу.

  3. Салңастыру - көктеу жібін сөгіп, киіздін екі түсінің ортасын ауыстырып киыстыру.

  4. Үйлестіру - оюларды жіппен іліп косу.

  5. Біріктіру - оюларды түйістіріп, жөрмеп тігу.

  6. Жиектеу жұмысы

Осындай өнерді жаңғыртып, оны жаңаша үлгіге келтіріп кеңейтуге казіргі заман талабына сай күнделікті өмірде колдануға жарайтынына көз жеткізу керек. Сырмақ тек қана киізден ғана емес матадан, түрлі жіптермен ою нақыштарын келтіріп сыйлыктык бұйымдар жасауға болады. Осындай бұйымдардың бірі мойынға салатын жылы орамал.

Жылы орамал жасаудың технологиясы:

  1. Шолк пен жүнді бояу

  2. Боялған шолкты ұзыннан жаю

  3. Үстіне боялған жүнді жұкалап екі рет тігінен және көлденең тастау

  4. Бетіне жүнді оюлап және гүлдендіріп тастау

  5. Жүн бетіне жұқа тор матамен жабу

  6. Аздап жылы су сеуіп, қолмен уқалау

  7. Жүн шолкқа біріккен соң суын сығып, тақтайға ұру

  8. Дайын бұйымды матадан ажырату.


Ою-өрнектер

Бұйымдардың көпшілігі ою-өрнектермен әсемделініп жасалынады. Жасаушылардан ерекше талғампаздықты, нәзіктікті, эстетикалык талғамды талап етеді. Қолөнер окушылардың өзіндік шеберлігін, әсемдікті сезіну қабілетін арттырып, ұлттық санасының қалыптасуына негіз калайды. Халық педагогикасы - оқушыларды колөнерге баули отырып, адамгершілікке, өнерді сүюге тәрбиелейді. Қазак халкының қолөнері оның тарихымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан бай қазына.

Ою-өрнектердің өзіндік шығу тарихы бар. Мысалы, «Белін таянған қыз» өрнегі әйел адамның белін таянып тұрган сәтін көз алдыңа елестетеді. Бүл ернек көбінесе кілем, шұлык пен колғап тоқымасында колданылған.

Қазактардың оюын сипатына карай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп топқа бөлуге болады. Әр түрлі бұйымдардан кестелеу, зерлеу, сыру, шым кестелеу, өру, бедерлеп салу, кұю секілді бедерліктің үлгісі сезіліп тұрады. Жалпы қазақ колөнер шеберлері өлшеп-пішпей-ак екі заттың тең пропорциясын жасай білген. Әрбір қолөнерші жасап шығарған бұйымының ою-өрнегіне атау таба білген және оны халық түсінігіне лайыктай алған.

Көненің көзі мен тарихының сөзіне айналған қүлпытастардың өзі ою-өрнексіз болмаған. Ескіден калған күмбез, мешіттердегі көркемдік те ою-өрнексіз жүзеге аспаған. Бұл ою-өрнектер тек қана көркемдік үшін алына салмаған. Оның астарында бүтіндей бір халықтың тұрмыс тіршілігі « жасырынып » жатыр. Аңшылық өнер, көшіп-қону көріністерінің бәрі нақышқа айналған халықпыз деп осы тұста түйін де жасауға болады.

Қазак халкьның ою-өрнегіндегі ең негізгісі - «Қошқармүйіз» немесе «Мүйіз». Осы «Мүйіз» өрнегінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. «Сыңармүйіз», « Сынықмүйіз», «Қырықмүйіз» т.б. Бір сөзбен айтканда «Мүйіз» өрнегінің ел тұрмысында араласпайтын саласы жоқ.

Өнертанушы ғалым В. Чепелев: «Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп текке айтпаса керек. Өйткені халық мұрасындағы ұлттық өрнектерінің үйлесімді реңдері ата-бабаларымыздың тұрмыс - салт-дәстүрін бейнелеген ғой. Анықтап айтқанда, халқымыздың тарихын, шежіресін, жағрапиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнектен өзге құдіретті өнер жоқтың қасы. Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихи дәуіріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, бакылай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық.

Тағы бір айта кететін нәрсе, казақ халқы ұлттық киімді әшекейлеуге барынша ықылас аударған. Әр өрнекке өзіне сай орын тандаған. Мәселен, бас киімде кездесетін ою-өрнектер сырт киімде немесе бұт киімдерде қолданылмаған. Мұның өзіндік себептері де бар «Ит құйрық» аталатын өрнек ешкашан бас киімдерге колданылмаған. Мұның астарында «Дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Бұл өрнек «Дұшпаның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырык балағына өрнектелген.

Қыз балалардың бешпетіне, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнеленген.

Ал ер баланың киіміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқармүйіз секілді ою-өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған.

Ою-өрнектеде мазмұн бар. Ол халықтың салт-дәстүрімен үндесіп, сабақтасып жатады.

Қорыта айтқанда, халык мұрасындағы үлттық өрнек өнерінің танымдық, эстетикалык мәні ерекше демекпіз. Дәстүр жалғастығын ұрпақтан-ұрпакка аманаттау - ендігі жерде біздің міндетіміз.



табан қосмүйіз

балдақ төртқұлақ


өрмекші айшық
үш жапырақ жауқазын гүл



Ою-өрнек түрлері

Мысалдары:

1.Зооморфтық

2. Өсімдік тектес

3. Геометриялық

4. Космогониялық



Қошқармүйіз, құсқанат Арпабас, сегізжапырақ Ирек, сызык, т.б

Айшық, жұлдызша


Бұйымдарға өрнектерді орналастыру үшін симметрия сақталу қажет. Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі жағының тең болуы.

Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны ритм дейміз. Бұйымға салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым

табуы - колорит деп аталады.



Жалпы алғанда, ою-өрнек - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.



Ою түрі

Атауы

Қолданылатын орны

Оюдың мағынасы



Тоғызтөбе

«Тоғызтөбе» ою-өрнегін Айша — бибі күмбезін өрнектеу ушін қолданған

Бұл ою ең көне оюлардың бірі



Тіс

Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсы түйістіріп отыратын тігістерді өрнегінде қолданылады

Тіс - малдың, аңның тісіне ұксас, молшылыктың белгісі



Иттабан

Киіз үйдің есігіне, қораның кақпасына салынады

Ит жеті казынаның бірі деп құрметтейді



Төртайшық

Тертайшық элементтерінен шексіздікке ұласатын ою-өрнектер киюға болады

Төртайшық - айды тұспалдайды



Таңдай

Бұл ағаш, мүйіз, сүйек заттарының шетіне, киімдердің, кимешектің жағасына салынады

Таңдай ою - өрнегі мал таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан



Сынықмүйіз

Бұл ою - өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр, алашаларды безендіреді

Малдын сынған мүйізіне ұксайды



Құсқанаты

Тұрмыста қолданылатын бұ-йымдардың барлығында кездеседі

Құсқанаты - мүйіз оюы немесе шахмат шаршылары бейнеленген кұстың қанаты тәріздес ою - өрнек



Қос дөңгелек

Бұл өрнекпен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді

Ежелгі көшпенділер дүниетанымында тұспалдайтын дөңгелек таңбасында тылсым күш бар деп сенген



Гүл

Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына салады

Гүл ою - өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды

Нәтижелі еңбектің арқасында байқалатыны:



  • ең алдымен баланың қолөнерге деген қызығушылығы арта түседі;

  • іске бейімділігі мен икемділігі қалыптасады;

  • шығармашылық қабілеті артады;

  • өз қиялы, өз идеясы, өзіндік пікірі, өз көзқарасы қалыптасады;

  • шығармашылық ізденіс пайда болады;

  • өзіндік еңбек ету кабілеті ашылады;

  • шеберлік, іскерлік дағдылары қалыптасады;

  • кәсіби шеберлігі өседі.


Қорытынды:

Еліміз егемендік алғалы жас ұрпаққа өз халқының өнегесін, әдеп – ғұрпын насихаттау күн тәртібіндегі мәселе. Жалпы табиғи материалдардан бұйымдар жасаудың жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізу өнерін зерттеу барысында оның түрлері, жасалу жолдары айтылған.

Адам қоғам үшін табиғи материалдардан бұйымдар жасау өнерінің жасалуын зерттей келе, қолөнер байлығымыз екенің білдік.

Табиғи заттардың адам баласына тигізер әсері мол. «Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында» дегендей табиғи заттарды немесе тұтынуға жарамсыз заттарды пайдаға жарата білу қажет. Табиғи бір ғана нәрсені өңдеп сәндік бұйым шығару үшін ойын бір жүйеге келтіреді, жүйке қызметін ретке келтіруге, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді. Басқа да қасиеттері толып жатыр.

Оқушының дарынын жоғалтпай, жұлдызын сөндіріп алмай уақытылы танып, дамытып, құрметтеу, ұлт мақтанышы боларлықтай болу – ол әрбіріміздің міндетіміз.

Ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы қолөнер туындысын таныстырып, қолөнер, сурет, архитектура және өндіріс салаларына ендіріп қана қоймай, осы өнерді қайта жаңғырту біздің мақсатымыз.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. С. Қасиманов. «Қазақ халқының қолөнері»

  2. Шаңырақ. Үй – тұрмыс энциклопедиясы

  3. Оразбаев Н. А. Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Ленинград –2007ж

  4. «Мектептегі технология» №7 2009 ж.

  5. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы. 1997 ж.

  6. Басенов Т. К. Казахский народный орнамент.

  7. Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы. 2007 ж.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет