Жаңашыл педагогикалық бағыт. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен айқындалады.Қоғамдағы оқу ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға , оқу үрдісінде тиімді әдіс- тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.Оқытудың жаңа технологиясы (инноватика, танымдық белсенділікті дамыту, модуль жүйесі, саралап, көп деңгейлік негізде, мультимедия жүйесін қолдану т.б) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді.
Танымдық іс- әрекет, танымдық белсенділік,танымдық ізденімпаздық мәселелері жөнінде оқу - әдістемелік, психология — педагогикалық әдебиеттерге ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады. Ю.К.Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, М.А.Данилов пен Б.П.Есипов оқушының танымдық міндеттерін шешуде танымдық белсенділікті қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы классификациясын жасады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В.И.Зазвязинский, М.И.Махмутов, Ж.Б.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева атап көрсеткен.
Оқушының оқу - танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді қүралдарының бірі - оқушының өзіндік, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, М.А.Құдайқұлов, Р.С.Омарованың еңбектері маңызды.Оқушылардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде А.Н.Ильясова, Н.Д.Хмель, С.А.Ұзақбаева, О.С.Сыздықова, Р.Н.Төлеубаева, Б.И.Мұханова, М.С.Молдабекова т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті.Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады.Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейінніц тұрақты күйін қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |