Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау



бет42/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

668-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау

Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша шығарылған үкімдерді, қаулыларды қадағалау тәртібімен қайта қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы осы Кодекстің 485-бабының бірінші бөлігінің 4) тармағында және екінші бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша іс кассациялық сатыда қаралғаннан кейін ғана не жаза тағайындалған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің нормаларын дұрыс қолданбауға байланысты жүзеге асырады.


669-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың заңды күшіне енген үкімін, қаулысын қайта қарау кезінде сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу

Соттың айыптау үкiмiн, сондай-ақ қаулысын жазаның жеңiлдiгiне орай неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану қажеттiгiне байланысты қадағалау тәртібімен немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негiздер бойынша қайта қарауға, сондай-ақ соттың ақтау үкiмiн не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысын қайта қарауға жол берiлмейдi.


15-бөлім. Үкім шығарылғанға дейін тәркілеу ісін жүргізу
71-тарау. Үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті

тәркілеу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі туралы
670-бап. Үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау

1. Күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органынан жасырынып жүрген не оның тұрған жері басқа да себептермен анықталмаған, ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған не оған қатысты қылмыстық қудалау осы Кодекстің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 11) тармақшалары негізінде қысқартылған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам заңсыз жолмен алынған мүлік туралы мәліметтер болған кезде, осы тарауда белгіленген тәртіппен мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғайды.

2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері күдікті, айыпталушы жоқ кезде іс бойынша іс жүргізуді аяқтау және сотқа мәні бойынша қарау үшін қылмыстық істі жіберу мүмкін болмаған жағдайларда ғана қолданылады.

3. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның тәркілеу туралы іс жүргізуі үшін материалдар бөлу туралы қаулы шығарылады, оған тәркілеу үшін негіз болған қылмыстар туралы қылмыстық іс, оның ішінде осы Кодекстің 113-бабының үшінші бөлігінде көзделген мән-жайларды растайтын материалдардың көшірмелері тігіледі.


671-бап. Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу

1. Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу, егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің ережелерін сақтай отырып, жүзеге асырылады.

2. Осы Кодекстің 113-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген мән-жайлардан басқа, тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізуде мынадай:

1) мүліктің күдіктіге, айыпталушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілігі;

2) мүліктің тәркілеуді қолдануға негіз болып табылатын қылмыспен байланысы;

3) мүлікті үшінші тұлғаның сатып алуының не мүлік құқық бұзушылық нәтижесінде сатып алынған деп пайымдауға негіз болатын мән-жайлар дәлелдеуге жатады.

3. Күдіктінің, айыпталушының мүлікті екінші адамға қайта ресімдеу жолымен жасырғаны туралы куәландыратын мән-жайлар белгілі болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен мәмілелерді (сатып алу-сатуды, сыйға тартуды, жалға, сенімгерлік басқаруға беруді және т.б.) жарамсыз деп тану туралы қуыныммен қылмыстық іс бойынша мемлекеттің немесе жәбірленушілердің мүддесіне сотқа өтініш жасау туралы мәселені шешу туралы өтінішхатпен прокурорға жүгінеді.

4. Тәркілеу туралы іс жүргізуде мүліктіңзаңсыз жолмен алынғаны туралы жеткілікті дәлелдемелер жиналғанын мойындай отырып, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам қорытынды жасайды, онда:

1) күдіктінің, айыпталушының аты, тұрғылықты немесе орналасқан жері мен мекенжайы, туған жылы, айы, күні;

2) тәркілеуді қолдануға негіз болып табылатын қылмыс туралы мәліметтер, қылмыстарды саралау, оны жасаудың мән-жайы, қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;

3) тәркілеуге жататын мүліктің сипаты мен орналасқан жері;

4) осы баптың екінші бөлігінде көзделген мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

5) тәркілеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінудің қажеттігі туралы тұжырым көрсетіледі.

5. Тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша қорытынды материалдарымен бірге оны аяқтағаннан кейін дереу прокурорға жіберіледі.

6. Прокурор қорытындыны қарай отырып, қылмыстық қудалау органы тергейтін қылмыс туралы қылмыстық істіқарайтын сотқа тәркілеу туралы өтінішхатпен жүгінеді.

Тәркілеу туралы өтінішхатта:

1) өтінішхаттың жасалған уақыты мен орны;

2) өтінішхатты жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні;

3) тәркілеуді қолдануға негіз болып табылатын қылмыс туралы мәліметтер, қылмысты саралау, оны жасаудың мән-жайлары;

4) күдіктінің, айыпталушының аты, тұрғылықты жері мен мекенжайы, туған жылы, айы, күні;

5) қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;

6) тәркілеуге жататын мүлікке тыйым салу туралы мәліметтер;

7) тәркілеуге жататын мүліктің сипаттамасы және оның орналасқан жері;

8) осы баптың екінші бөлігінде көзделген мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің тізбесі;

9) тәркілеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге негіз болатын дәлелдемелер;

10) тәркілеу туралы іс жүргізуге арналған шығыстардың болжанып отырған мөлшері көрсетіледі.

Өтінішхаттың жіберілгендігі туралы ол болған кезде қорғаушысына, жәбірленушіге, оның өкіліне хабарланады.

7. Өтінішхатпен сотқа жүгінуге негіз болмаған жағдайда, прокурор қосымша дәлелдемелер жинау немесе тәркілеу туралы іс жүргізуді тоқтату қажеттігі туралы көрсете отырып, қорытынды мен материалдарды сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамға қайтарады.

8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді прокурор он тәулік ішінде жүзеге асырады.
672-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізуді соттың қарауы

1. Тәркілеуді қолдану туралы мәселені судья жеке-дара шешеді.

2. Сот талқылауы осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің ережелерін сақтай отырып жүргізіледі.

3. Сот отырысына өтінішхатпен жүгінген прокурор қатысады.

4. Сот отырысына ол болған кезде күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы, жәбірленуші, оның өкілі шақырылады. Аталған адамдардың келмеуі сот талқылауына және тәркілеу туралы өтінішхатты қарауға кедергі келтірмейді.
673-бап. Тәркілеу бойынша іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері

1. Тәркілеу туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша сот қаулы шығарады.

2. Сот қаулы шығарған кезде мынадай:

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабында көзделген жағдайларда, тәркілеуге негіз болып табылатын қылмыспен күдіктінің, айыпталушының мүлкі байланысты ма;

2) үшінші тұлғаның мүлкі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабында көзделген тәсілмен сатып алынды ма;

3) тәркілеу қолданылуға жата ма және ол мүліктің қай бөлігіне қолданылуға тиіс;

4) оларға қатысты тәркілеу қолданылмайтын тыйым салынған немесе алып қойылған мүлікпен не істеу керек;

5) тәркілеу туралы іс жүргізуге арналған шығыстардың мөлшері қандай және ол кімге жүктеледі деген мәселелер шешіледі.



674-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізудегі сот шешімі

1. Сот:


1) өтінішхатты қанағаттандыру және мүлікті тәркілеу туралы;

2) тәркілеу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулыны кеңесу бөлмесінде шығарады.

2. Қаулының көшірмесі прокурорға және басқа да процеске қатысушыларға табыс етіледі не тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша сот талқылауына қатыспаған қатысушыларға почтамен жіберіледі.

Қаулының көшірмесі мүлкі тәркіленетін адамға табыс етіледі.


675-бап. Тәркілеу туралы қаулыға шағымдану, наразылық білдіру

Соттың тәркілеу туралы қаулысына осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы не наразылық білдірілуі мүмкін.


16-бөлім. Ауыспалы және қорытынды ережелер
72-тарау. Осы Кодекстің кейбір ережелерін қолданысқа енгізу
676-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі

1. Осы Кодекс күшіне енгізілгенге дейін қылмыстық қудалау органдарына келіп түскен және олар бойынша қылмыстық іс қозғау туралы немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданбаған қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалар бойынша сотқа дейінгі тергеу, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Осы Кодекстің жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы ережелері жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы заңнамалық акті күшіне енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3. Осы Кодекс күшіне енгізілген күні жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің іс жүргізуіндегі жедел-іздестіру істерін жүргізу жалғастырылады. Тиісті негіздемелер болған кезде осындай жедел-іздестіру істерінің тергелу ретін ескере отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеуді бастау үшін сотқа дейінгі тергеу органына беріледі.

4. Осы Кодекс күшіне енгізілген күні қылмыстық қудалау органдарының іс жүргізуіндегі қылмыстық істер осы Кодекске сәйкес олардың тергелу ретін өзгертуге қарамастан, тергеу аяқталғанға дейін осы органдардың іс жүргізуінде қалады.

5. Осы Кодекс күшіне енгізілген күнге дейін басталған жедел-іздестіру іс-шаралары, тергеу және іс жүргізу әрекеттері олкүшіне енгізілгенге дейін қолданыста болған тәртіппен аяқталады. Осы Кодекс күшіне енгізілгеннен кейін жедел-іздестіру іс-шаралары, тергеу және іс жүргізу әрекеттері «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

6. Осы Кодекс күшіне енгізілгенге дейін алынған дәлелдемелерге жол беру ол күшіне енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен айқындалады.

7. Осы Кодекс күшіне енгізілген күнге дейін анықтау және алдын ала тергеу барысында қолданылған бұлтартпау шарасы, мүлікке тыйым салу, қызметінен шеттету осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды өзгерткен, күшін жойған немесе қысқартылған кезге дейін өзінің қолданылуын жалғастырады.

8. Осы Кодекс күшіне енгізілген күні айыптау қорытындысымен, айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі оңайлатылған іс жүргізу хаттамасымен, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жолданбаған қылмыстық істер осы Кодекстің ережелеріне сәйкес тергеледі әрі сотқа жіберіледі және бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатысында қаралады.

9. Осы Кодекс күшіне енгізілген күнге дейін айыптау қорытындысымен, айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі оңайлатылған іс жүргізу хаттамасымен, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа келіп түскен қылмыстық істерді осы Кодекс күшіне енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатысындағы соттар қарайды.

10. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген қылмыстық істерді тергеу, осындай істерді сот прокурорға қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі.

11. Бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекс күшіне енгізілген күні заңды күшіне енгізілмеген сот актілеріне апелляциялық тәртіппен және осы Кодекс күшіне енгізілгенге дейін қолданылған мерзімдерде шағым жасалуы мүмкін.

12. Бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекс күшіне енгізілген күні заңды күшіне енгізілмеген, шағым жасалмаған сот актілері осы Кодекс күшіне енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен заңды күшіне енеді.

13. Осы Кодекс күшінеенгізілгенге дейін қаралған қылмыстық істер бойынша немесе қаралуы осы Кодекс күшіне енгізілгенге дейін аяқталмаған істер бойынша апелляциялық және кассациялық шағымдарды, сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауы туралы өтінішхаттар осы Кодекс күшіне енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен беріледі және қаралады.

14. Осы Кодекс күшіне енгізілген күнге дейін тиісті прокурор ұсынған жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат осы Кодекс күшіне енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қаралады және сотқа беріледі.

Осы Кодекс күшіне енгізілген күнге дейін сотқа ұсынылған жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы арыздарды, сондай-ақ ол күшіне енгізілгеннен кейін осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес прокурорлар ұсынған арыздарды осы Кодекс күшіне енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен тиісті соттар қарайды.



73-тарау. Қорытынды ережелер
677-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу және кейбір заңнамалық актілердің күшін жою туралы

1. Осы Кодекс 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген кезден бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) кейінгі өзгерістерімен бірге Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;



2) «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін қолданысқа енгізу туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 207-1 Қазақстан Республикасының Заңы.

Қазақстан Республикасының

Президенті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет