Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Алқабилердiң ант қабылдауы



бет41/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

649-бап. Алқабилердант қабылдауы

1. Алқабилер алқасы құрылып болғаннан кейiн төрағалық етушi немесе сот отырысының хатшысы сот отырысының залында қатысып отырғандардың барлығына орындарынан тұруды ұсынады. Төрағалық етушi алқабилерге ант қабылдау ұсынысымен өтiнiш жасайды.

2. Алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен iрiктелiп алынған адам мынадай мазмұндағы оның мәтінін айтып, ант қабылдайды: «Алқабидiң мiндеттерiн атқаруға кiрiсе отырып, өз мiндеттерiмдi адал және бейтарап атқаруға, сотта қаралған барлық дәлелдемелердi, дәлелдердi, iстiң мән-жайын назарыма алуға, ерiктi азамат және әдiл адам ретiнде iстi өзiмнiң iшкi нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемiн».

3. Алқабилердiң ант қабылдағаны туралы сот отырысының хаттамасына жазба жасалады.


68-тарау. Алқабилердiң қатысуымен соттың iстi талқылау ерекшелiктерi
650-бап. Алқабилердiң құқықтары, мiндеттерi және iстi қарауға байланысты iс-әрекеттерiндегi шектеулер

1. Төрағалық етушi алқабилерге олардың құқықтарын, мiндеттерiн және iстi қарауға байланысты iс-әрекеттерiне шектеулердi түсiндiредi, сондай-ақ мiндеттердi бұзу және шектеулердi сақтамаудың салдарлары туралы ескертедi.

2.Алқабидің:

1) өзiнiң iшкi нанымы бойынша iстiң мән-жайын өз бетiнше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкiндiк алу үшiн сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға;

2) процеске қатысушыларға төрағалық етушi арқылы сұрақтар қоюға;

3) заттай дәлелдемелердi, құжаттарды тексерiп қарауға, жердi және үй-жайларды тексерiп қарау iсiне, сот тергеуiндегi барлық басқа да iс-әрекеттерге қатысуға;

4) төрағалық етушiге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етiлген құжаттардың мазмұнын және iске қатысты өзiне түсiнiксiз басқа да мәселелердi түсiндiрудi сұрап өтiнiш жасауға;

5) сот отырысы кезiнде жазбалар жасауға құқығы бар.

3.Алқаби:

1) сот отырысында тәртiп сақтауға және төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға;

2) алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн, сондай-ақ, егер сот отырысында үзiлiс жарияланған немесе iстi тыңдау кейiнге қалдырылған жағдайда, сот талқылауын жалғастыру үшiн сот көрсеткен уақытта келуге;

3) сотқа келуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, төрағалық етушiге келмеудiң себептерi туралы алдын ала хабарлауға мiндеттi.

4.Алқаби:

1) iстi тыңдау кезiнде сот отырысының залынан кетуге;

2) iстi тыңдау кезiнде сот құрамына кiрмейтiн адамдармен төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз iс бойынша сөйлесуге;

3) iстi қарау барысында мәлiметтердi сот отырысынан тыс жинауға;

4) жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесiнiң құпиясын бұзуға құқылы емес.

5. Алқабидiң өз мiндеттерiн атқармауы, сондай-ақ осы бапта көзделген шектеулердi сақтамауы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген жауаптылыққа, сондай-ақ төрағалық етушiнiң алқабидi iстi қарауға одан әрi қатысудан шеттету мүмкiндiгiне әкеп соғады.


651-бап. Алқабилер қатысатын соттың құзыретi

1. Алқабилердiң қатысуымен соттың iстi талқылауы кезiнде осы Кодекстiң 390-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 8), 14) тармақтарында көзделген мәселелер шешiледi.

2. Судья алқабилердi дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол берiлмейтiн нақты деректермен таныстыруға тиiс емес. Егер сот талқылауы барысында осы Кодекстiң 112-бабына сәйкес дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол берiлмейтiн нақты деректер анықталса, төрағалық етушi алқабилер жоқ кезде оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастау туралы мәселенi шешуге, ал мұндай дәлелдемелер зерттелген жағдайда, олардың заңды күшi жоқ деп тануға, ал оларға жасалған зерттеулердi жарамсыз деп тануға және алқабилерге шешімдер қабылдау кезінде оларды ескермеуін түсіндіруге мiндеттi.

3. Тараптар төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз алқабилер қатысатын сотта iстiң талқылануынан алып тасталған дәлелдемелердiң бар екенi туралы еске салуға, өздерiнiң позициясына негiздеме үшiн оларға сiлтеме жасауға құқылы емес. Аталған талаптарды бұзған кезде төрағалық етуші процеске қатысушының сөзін бөлуге және оған істен алып тасталған дәлелдемелер туралы еске салуға жол беруге болмайтынын ескертуге және алқабилерге процеске қатысушылар айтқанды қабылдамау керектігін түсіндіруге міндетті. Төрағалық етушінің билігіне бағынбаған кезде процеске қатысушыға осы Кодексте көзделген тәртіппен ақшалай өндіртіп алу салынуы мүмкін. Төрағалық етуші қабылдағанаталған шаралар туралы сот отырысының хаттамасына тиісті жазба жасалады. Сот, сондай-ақ сот ісін жүргізу тәртібін бұзатын және оған заңда көзделген тәртіппен шаралар қабылдау үшін төрағалық етушінің заңды өкіміне бағынбайтын процеске қатысушыға қатысты жеке қаулышығарады.


652-бап. Алқабилер қатысатын сотта iстiң қысқартылуы

Төрағалық етушi iстi соттың алқабилердiң қатысуымен талқылауының кез келген кезеңiнде, егер сот талқылауы кезiнде осы Кодекстiң 35-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ мемлекеттiк айыптаушы осы Кодекстiң 337-бабының жетiншi бөлiгiне сәйкес айыптаудан бас тартқан кезде қысқартылады.

Алқабилерді сот талқылауына қатысудан босатқаннан кейін төрағалық етуші іс бойынша тиісті қаулыны жеке-дара шығарады.
653-бап. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуiнiң ерекшелiктерi

1. Алқабилер қатысатын соттың сот тергеуi осы Кодекстiң 364 – 378, 381-баптарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Мемлекеттiк айыптаушы айыптау қорытындысының қарар бөлiгiн жариялаған кезде сотталушының сотталғандық фактiлерi туралы еске салуға құқылы емес.

3. Алқабилер төрағалық етушi арқылы сотталушыға, жәбiрленушiге, куәларға және сарапшыларға осы адамдардан тараптар жауап алғаннан кейiн сұрақтар қоюы мүмкін. Алқабилер сұрақтарды жазбаша түрде жазып, төрағалық етушiге бередi.

4. Төрағалық етушi сұрақ қойған алқабиге өзiнiң бас тарту себебiн жариялай отырып, iске қатысы жоқ, сондай-ақ жетекші немесе тiл тигiзу сипатында деп есептеген сұрақтарды қабылдамауға құқылы.

5. Тараптар алқабилер алқасының қатысуынсыз, судья бұрын iс талқылауынан алып тастаған дәлелдемелердi, бұл ретте олардың мәнiн жазбай-ақ зерттеу туралы өтiнiшхат беруi мүмкiн. Осындай өтiнiшхатқа байланысты iс бойынша сот талқылауына қатысушылардың пiкiрiн тыңдауды судья алқабилер жоқ кезде жүргiзедi.

Төрағалық етуші қабылдаған аталған шаралар туралы сот отырысының хаттамасына тиісті жазба жасалады.

6. Сотталушының бұрынғы сотталғандығына байланысты, оны құнықпа маскүнем немесе нашақор деп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ алқабилердiң сотталушыға қатысты терiс түсiнiгiн туғызуға ықпал ететін өзге де мән-жайлар зерттелуге жатпайды.

7. Осы бапта көзделген тәртіп бұзылған кезде төрағалық етуші процеске тиісті қатысушыға мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтіндігі туралы ескерту жасауға және алқабилерге процеске қатысушылардың айтқанына мән бермеуді түсіндіреді. Төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған кезде процеске қатысушыға осы Кодексте көзделген тәртіппен ақшалай өндіртіп алу салынуы мүмкін.
654-бап. Алқабилер қатысатын соттағы тараптардың жарыссөздерi

1. Сот тергеуi аяқталғаннан кейiн алқабилердiң қатысуымен сот тараптардың жарыссөздерiн тыңдауға көшедi. Алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөздерi екi бөлiктен тұрады.

2. Жарыссөздердiң бiрiншi бөлiгi мемлекеттiк айыптаушының, жәбiрленушiнiң, қорғаушының және сотталушының сөздерiнен тұрады, олар сотталушының бұрынғы сотталғандығын еске салмай оның кiнәсiнiң дәлелденуi немесе дәлелденбеуi жөнiндегi өз позицияларын баяндайды.

3. Тараптар алқабилер қатысқан соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды еске салмауға және сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасамауға тиiс. Төрағалық етушi мұндай сөздердi үзiп тастайды және алқабилердiң үкiм шығару кезiнде осы мән-жайларды есепке алмауға тиiс екендiгiн оларға түсiндiредi. Төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған кезде процеске қатысушыға осы Кодексте көзделген тәртіппен ақшалай өндіртіп алу салынуы мүмкін.

4. Жарыссөздердiң екiншi бөлiгi мемлекеттiк айыптаушының, сондай-ақ жәбiрленушiнiң, азаматтық қуынушының және жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының және сотталушының сөздерiнен тұрады, оларда сотталушының iс-әрекетiн дәрежелеу, жаза тағайындау, азаматтық қуыным мәселелерi бойынша позициялары жазылады. Жарыссөздердiң екiншi бөлiгi алқабилердiң қатысуынсыз өткiзiледi.
655-бап. Алқабилер қатысатын соттағы ескертпелер және сотталушының соңғы сөзi

1. Жарыссөздiң әрбiр бөлiгiнде сөздер сөйленiп болғаннан кейін тікелей жарыссөзге қатысушылардың бәрiнiң ескертпе айтуға құқығы бар. Соңғы ескертпе айту құқығы қорғаушыға тиесiлi. Сот жарыссөздерінің екінші бөлігі бойынша ескертпелер алқабилер жоқ кезде айтылады.

2. Сотталушыға осы Кодекстiң 384-бабына сәйкес соңғы сөз берiледi.
656-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтардың қойылуы

1. Сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетедi.

2. Тараптар сұрақтардың мазмұны мен тұжырымдалуы бойынша өздерiнiң ескертпелерiн айтуға және жаңа сұрақтар қою туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.

3. Төрағалық етушi сот тергеуiнiң нәтижелерiн, тараптардың жарыссөздерiн ескере отырып, судья мен алқабилердің шешуiне жататын сұрақтарды жазбаша түрде қалыптастырады, оларды оқиды және тараптарға бередi.

4. Тараптардың ескертпелерi мен ұсыныстарын ескере отырып, төрағалық етушi кеңесу бөлмесiнде алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтарды түпкiлiктi қалыптастырады, оларды сұрақ парағына енгiзедi және оған қол қояды.

5. Сұрақ парағы алқабилер мен тараптар қатысып отырған кезде дауыстап оқылады. Бұдан кейін сұрақтардың қалыптастырылуын өзгертуге, сұрақтарды сұрақ парағынан алып тастауға, оған жаңа сұрақтар енгізуге жол берілмейді.


657-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтардың мазмұны

1. Сотталушы жасаған деп айыпталатын әрекеттердiң әрқайсысы бойынша мынадай:

1) әрекеттiң орын алғаны дәлелдендi ме;

2) бұл әрекеттi сотталушының жасағаны дәлелдендi ме;

3) бұл әрекеттiң жасалуына сотталушы кiнәлi ме деген үш негiзгi сұрақ қойылады.

2. Сотталушының кiнәлiлiгi туралы негiзгi сұрақтан кейiн кiнәлiлiк дәрежесiн арттыратын немесе төмендететiн не оның сипатын өзгертетiн, сотталушыны жауаптылықтан босатуға әкеп соқтыратын осындай мән-жайлар туралы жеке сұрақтар қойылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайларда қылмыстық ниеттiң жүзеге асырылу дәрежесi, әрекеттiң соңына дейiн жеткiзiлмеуiне орай себептер, сотталушылардың әрқайсысының қылмыстың жасалуына бірлесіп қатысу дәрежесi мен сипаты туралы сұрақтар да жеке қойылады. Егер осымен оның қорғану құқығы бұзылмаса, сотталушының онша ауыр емес қылмыс жасаудағы кiнәсiн анықтауға мүмкiндiк беретiн сұрақтар қоюға жол берiледi.

3. Шешуге жататын сұрақтар әрбiр сотталушыға қатысты жеке қойылады.
658-бап. Алқабилер кеңесiнiң құпиясы

1. Жарыссөздер аяқталғаннан кейiн судья және негiзгi алқабилер үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi.

2. Судья мен алқабилерден басқа, кеңесу бөлмесiнде өзге адамдардың қатысуына жол берiлмейдi. Төрағалық етуші кеңесу бөлмесінен шығып, алқабилердің кеңесінде түскі үзіліс, сондай-ақ жұмыс уақыты аяқталған соң келесі күнге оны бастағанға дейін үзiлiс жариялауға құқылы. Демалыс және мереке күндеріне байланысты үзіліс жасауға жол берілмейді.
659-бап. Кеңесу бөлмесiнде кеңесу мен дауыс берудi жүргiзу тәртiбi

1. Төрағалық етушi алқабилер кеңесiне басшылық етедi, шешiлуге жататын мәселелердi жүйелі түрде талқылауға қояды, жауаптар бойынша дауыс берудi және дауыстардың есебiн жүргiзедi.

2. Кеңесу бөлмесiнде алқабилер қойылған мәселелерге байланысты өздерiнде туындаған түсiнбеушiлiктер бойынша төрағалық етушiден түсiнiктер алуға құқылы.

3. Негiзгi мәселелер бойынша дауыс беру жазбаша жүргiзiледi. Судья мен алқабилердiң дауыс беру кезiнде қалыс қалуға құқықтары жоқ. Судья мен алқабилердiң дауыстары тең.

4. Судья мен алқабилер сотталушылардың саны бойынша соттың мөртабаны басылып, дауыс беруге арналған таза бюллетеньдi алады, онда жауап беруге арналған толтырылмаған бағандары бар бірінші сұрақ және мынадай: «Өзiмнiң ар-намысым, ар-ожданым бойынша және iшкi нанымым бойынша менiң қорытындым...» деген сөздер қамтылады. Олардың әрқайсысы құпияны қамтамасыз ете отырып, бюллетеньге сұрақ парағында қойылған және шешiлуге тиіс әрбір сұраққа жауап жазады. Жауап мақұлдаған «иә» немесе құптамаған «жоқ» деген немесе жауаптың мәнiн ашатын («иә, дәлелдендi», «жоқ, дәлелденген жоқ», «иә, кiнәлi», «жоқ, кiнәсiз») мiндеттi түсiндiрме сөзден немесе сөз тiркестерiнбілдіруге тиiс. Судья мен алқабилер өздерiнiң бюллетеньдерiн дауыс беруге арналған жәшiкке салады. Сол тәртіппен алқабилер сұрақ парағында қойылған сұрақтардың әрқайсысы бойынша жүйелі түрде дауыс береді.

5. Қойылған сұрақтардың ішінен бір-бірден бөлек дауыс беру аяқталғаннан кейiн төрағалық етушi алқабилердiң қатысуымен жәшiктi ашады және әрбiр бюллетеньдегi дауыстарды санайды, дауыстарды санау нәтижесiн сұрақ парағында көрсетiлген негiзгi үш сұрақтың әрқайсысының тұсына дереу жазады.

6. Алқабилер мен судьяның жауаптары бар бюллетеньдер қылмыстық iсте сақталатын конвертке салынып, желiмделедi.

7. Егер алдыңғы сұраққа берiлген жауап кейiнгi сұраққа жауап берудiң қажеттiлiгiн жойса, төрағалық етушi алқабилердiң көпшiлiгiнiң келiсiмiмен сол кейiнгi сұрақтың тұсына «жауап берiлмейдi» деген сөздердi жазады.

8. Егер осы Кодекстiң 657-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген үш сұрақтың әрқайсысына мақұлдаған жауаптарға дауыс берушiлердiң көпшiлiгi дауыс берсе, айыптау шешiмi қабылданған болып есептеледi.

9. Егер қойылған негiзгi сұрақтардың кез келгенiне берiлген құпталмаған жауапқа дауыс берушiлердiң алтауы және одан да көбi дауыс берсе, ақтау шешiмi қабылданған болып есептеледi.

10. Егер сотталушының кiнәлiлiгi туралы мәселе оң шешiлсе, онда судья бұл әрекет қылмыс болып табыла ма деген және оның дәл қандай қылмыстық заңда көзделгенi (бабы, бөлiгi, тармағы) туралы мәселенi шешедi, сондай-ақ осы әрекеттер үшiн қандай жазалау шарасы көзделгенiн алқабилерге түсiндiредi.

Егер судья осы Кодекстің 657-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сұрақтарға алқабилер мақұлдаған жауаптар кезінде әрекетте қылмыс құрамының белгілері жоқтығы, осыған байланысты ол қылмыс болып табылмайтыны туралы тұжырымға келеді, сол сияқты осы Кодекстің 36-бабында көзделген өзге де мән-жайларды белгілейді, ол осы Кодекстің 660-бабының 1) тармағына сәйкес қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарады.

11. Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотталушының әрекетін саралауды судья алқабилердің қатысуынсыз айқындайды. Одан әрі судья алқабилердiң қатысуымен осы Кодекстiң 390-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 5) – 8) және 14) тармақтарында көзделген шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданатын мәселелерді үзiлiс жасамай шешедi. Егер оған дауыс берушiлердiң көпшiлiгi жақтап дауыс берсе, шешiм қабылданды деп есептеледi.

Осы Кодекстің 390-бабы бірінші бөлігінің 9) – 13), 15) – 18) тармақтарында және бесінші бөлігінде көзделген мәселелерді судья дербес қарайды.

12. Он бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза, егер осындай шешiмге дауыс берушiлердiң сегiзi және одан да көбi дауыс берсе, тағайындалуы мүмкiн.

13. Айрықша жазалау шарасы – өлiм жазасы судья мен алқабилердің бiрауыздан шешiмі болған кезде ғана тағайындалуы мүмкiн.

14. Судья мен алқабилердiң жауаптары бар сұрақ парағына судья мен алқабилер қол қояды және ол iс материалдарына қоса тiгiледi.
660-бап. Алқабилер қатысатын сот қабылдайтын шешiмдердiң түрлерi

Алқабилердiң қатысуымен сотта қылмыстық iстi талқылау мынадай шешiмдердiң бiрiн:

1) осы Кодекстiң 327-бабында көзделген жағдайларда, iстi қысқарту туралы қаулыны;

2) алқабилердiң қатысуымен сот осы Кодекстiң 657-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiзгi үш сұрақтың ең болмағанда бiреуiне терiс жауап берген жағдайларда, ақтау үкiмiн;

3) осы Кодекстiң 393-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес айыптау үкiмiн қабылдаумен аяқталады.

661-бап. Үкiмнiң қаулысы

1. Үкiмге осы Кодекстiң 46-тарауында белгiленген тәртiппен төрағалық етушiнiң мынадай ерекшелiктермен қаулысы шығарылады:

1) үкiмнiң кiрiспе бөлiмiнде алқабилердiң тегi көрсетiлмейдi;

2) ақтау үкiмiнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде алқабилердiң қатысуымен сот ақтау шешiмiн шығарған айыптаудың мәнi жазылады және шешiмге сiлтеме қамтылады;

3) айыптау үкiмiнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде сотталушы жасағаны үшiн кiнәлi деп танылған қылмыстық әрекеттiң сипаттамасы, жасалған әрекеттiң дәрежеленуi, жаза тағайындау себептерi және азаматтық қуынымға қатысты сот шешiмiнiң негiздемесi қамтылуға тиiс;

4) үкiмнiң қарар бөлiгiнде үкiмге шағым жасау және наразылық бiлдiру тәртiбi туралы түсiнiк қамтылуға тиiс.

2. Yкiмге iс бойынша төрағалық етушi қол қояды.
662-бап. Сотталушының есi дұрыс емес екендiгiнiң анықталуына байланысты қылмыстық iстi қарауды қысқарту

1. Егер алқабилердiң қатысуымен соттың iстi талқылауы барысында сотталушы өзiнiң психикалық жағдайы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкiн емес не оны өз iс-әрекеттерiне есеп беру немесе оларды басшылыққа алу мүмкiндiгiнен айыратын, сот-психиатриялық сараптаманың тиiстi қорытындысымен расталған, жан күйзелiсi ауруымен ауырды деп есептеуге негiз болатын мән-жайлар анықталса, төрағалық етушi осы Кодекстің 660-бабының 1) тармағына сәйкес қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарады және осы Кодекстiң он бірінші бөлiгiнде көзделген тәртiппен есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені жеке-дара қарайды.

2. Сотталушының есі дұрыс еместігін анықтауға байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану не қолданбау туралы қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
663-бап. Сот отырысының хаттамасын жүргiзу ерекшелiктерi

1. Сот отырысының хаттамасы осы Кодекстiң 347-бабының талаптарына сәйкес осы бапта көзделген ерекшелiктермен жүргiзiледi.

2. Хаттамада сот отырысына шақырылған алқабилерге кандидаттар құрамы және алқабилер алқасын қалыптастыру барысы мiндеттi түрде көрсетiледi.

3. Төрағалық етушiнiң сөзі сот отырысының хаттамасына жазылады немесе оның мәтiнi қылмыстық iс материалдарына тiркелiп, бұл туралы хаттамада көрсетiледi.

4. Сот отырысының хаттамасында сот талқылауының бүкiл барысы оның өтуiнiң дұрыстығын куәландыратындай етiп көрсетілуге тиiс. Атап айтқанда, сот отырысының хаттамасында алқабилерді шеттету немесе ауыстыру туралы, осы Кодексте көзделген жағдайларда алқабилерді сот залынан шығару туралы, төрағалық етушінің процеске қатысушыларға қатысты олардың алқабилердің қатысуымен мәселелерді талқылауына жол берілмейтіні туралы заңда белгіленген талаптарды сақтамауына байланысты қабылдаған шаралары туралы, айыптау тарапының дәлелдемелерді ұсыну және оларды зерттеу туралы өтінішхаты немесе мұндайдың жоқтығы туралы, сұрақ парағына енгізуге жататын сұрақтарды қалыптастыру барысы туралы, тараптардың ескертулері немесе төрағалық етушінің алқабилерге өтінішінің себебі бойынша мұндайдың жоқтығы туралы, алқабиді ауыстыру үшін немесе сот тергеуін қайта бастау үшін судья мен алқабилердің кеңесу бөлмесінен шығуы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
69-тарау. Алқабилердiң қатысуымен қаралған iстер бойынша заңды күшiне енбеген үкiмдердi, қаулыларды қайта қарау жөнiндегi iс жүргiзу ерекшелiктерi
664-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот шығарған, заңды күшiне енбеген үкiмдер мен қаулыларға шағымдану және наразылық білдiру

Алқабилердің қатысуымен соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына шағымдану, наразылық білдiру тәртiбi осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодекстiң 50-тарауында көзделген қағидалармен айқындалады.


665-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот қараған iстердi апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi

1. Апелляциялық сатыдағы сот алқабилердің қатысуымен үкімдерге, қаулыларға шағымдарды, наразылықтарды қараған кезде үкім (қаулы) шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын сақтауын тексереді және осының негізінде үкімнің (қаулының) заңдылығын, негізділігін және әділеттілігін тексереді.

2. Апелляциялық сатыда сот шешiмдерiнiң күшiн жоюға немесе оларды өзгертуге:

1) iстi аяқтау үшiн айтарлықтай маңызы болуы мүмкiн рұқсат етiлетiн дәлелдемелердi талқылаудан негiзсiз алып тастау;

2) iстi аяқтау үшiн айтарлықтай маңызы болуы мүмкiн дәлелдемелердi тараптың зерттеуiнен негiзсiз бас тарту;

3) iстiң аяқталуына әсер еткен дәлелдемелер ретiнде рұқсат етуге болмайтын нақты деректердi сот отырысында зерттеу;

4) осы Кодексте көзделген қылмыстық iс жүргiзу заңын елеулi түрде бұзу;

5) мыналар:

алқабилер алқасын қалыптастыру;

алқабилердiң қатысуымен талқылануға жатпайтын мәселелердi талқылау;

алқабилердiң шешуiне жататын мәселелердi қалыптастыру;

сот жарыссөздерiн жүргiзу;

төрағалық етушiнiң алқабилерге арнаған сөзi кезінде жiберген, сот төрелiгi үкiмiнiң қаулысына ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн бұзушылықтар негiз болып табылады.

3. Апелляциялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттiң өзгертiлген саралануына сәйкес не жаза тағайындалған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің нормаларын дұрыс қолданбауға байланысты жазаны азайтуға құқылы. Бұл ретте кассациялық саты неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға немесе тағайындалған жазаны күшейтуге құқылы емес.

4. Қылмыстық iс жүргiзу заңын прокурордың, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң дәлелдемелердi ұсыну құқығын шектеген бұзушылықтар, сондай-ақ осы баптың екiншi бөлiгiнiң 5) тармағында көзделген, оның iшiнде рұқсат етiлетiн дәлелдемелер негiзсiз алып тасталған жағдайлардан басқа, алқабилердің қатысуымен апелляциялық сатыда соттың ақтау үкiмi күшiн жоя алмайды.

5. Алқабилердің қатысуымен қаралған іс бойынша соттың заңды күшіне енген ақтау үкімін және оны күшінде қалдыру туралы апелляциялық алқаның қаулысын кассациялық саты, егер жәбірленушінің кассациялық шағымында немесе прокурордың кассациялық наразылығында ҚІЖК нормаларын елеулі бұзушылықтар көрсетілгеннен басқа, ақтау үкімінің мәні дауланған және кассациялық қарау барысында осы Кодекстің 667-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген мән-жайлар және ақтау үкімінің заңсыздығы анықталатын жағдайларда ғана күшін жоюы мүмкін.


666-бап. Істі жаңа сот талқылауына жібере отырып алқабилердің қатысуымен үкімді жою

1. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкім осы Кодекстің 665-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша толық немесе істі жаңа сот талқылауына жіберу бөлігінде, бірақ өзге сот құрамында күшін жоюға жатады.

2. Бұл ретте апелляциялық сатыдағы сот айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, сол немесе өзге де дәлелдемелердің анықтығы немесе анық еместігі туралы, бір дәлелдемелердің екіншісінің алдында артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың сол немесе өзге де қылмыстық заңды және жазалау шарасын қолданғаны туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауға тиіс тұжырымды алдын ала шешуге құқылы емес.

3. Үкімнің күшін жойғаннан кейін қылмыстық істі жаңадан қарау кезінде сот осы Кодекстің 447-бабында көзделген талаптарды сақтайды.


70-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау жөніндегі іс жүргізу ерекшеліктері
667-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын кассациялық сатыдағы сотта қайта қарау

1. Егер сот талқылауы барысында қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылықтар орын алса, ол мыналарға:

1) алқабилер алқасының заңсыз құрамымен үкім шығаруға әкеп соқса;

2) жәбірленушіні сотта қорғалу құқығынан айырса, алқабилердің қатысуымен соттың ақтау үкімін және апелляциялық алқаның қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарауға жол беріледі.

2. Мыналар:

1) қылмыстың қайталану түрін және қылмыстық-атқару жүйесі режимінің түрін дұрыс айқындамау;

2) қуынымды қараусыз қалдыру жағдайларынан басқа, азаматтық қуынымды дұрыс шешпеу де қайта қарауға жатады.

3. Кассациялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес не жаза тағайындалған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің нормаларын дұрыс қолданбауға байланысты жазаны азайтуға құқылы, бірақ барынша ауыр қылмыс немесе жазаны күшейту туралы заңды қолдана алмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, іс алдын ала тыңдау сатысынан немесе басты сот талқылауынан бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберіледі.

5. Алқабилердің қатысуымен қаралған іс бойынша соттың заңды күшіне енген ақтау үкімін және оны күшінде қалдыру туралы апелляциялық алқаның қаулысын кассациялық сатыдағы сот, егер жәбірленушінің кассациялық шағымында немесе прокурордың кассациялық наразылығында қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын елеулі бұзушылықтар көрсетілгеннен басқа, ақтау үкімінің мәні дауланған және кассациялық қарау барысында осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген мән-жайлар және ақтау үкімінің заңсыздығы анықталатын жағдайларда ғана күшін жоюы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет