Қазақстан Республикасы Үкіметі жүргізіп отырған, жаңа инвестициялық саясатпен, шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметтің құрылымдық өзгерісімен, нарықтық қатынастардың ары қарай дамуымен, халықаралық сауда және кедендік ұйымдардағы интеграциямен сипатталатын экономикалық реформалар жағдайында келесі мәселелерді тиімді шешуге қабілетті қазіргі кедендік қызмет құру қажеттілігі туындап отыр:
сыртқы экономикалық қызметті (бұдан былай СЭҚ) мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеуге және іске асыруға, Қазақстан Республикасы мүддесінде кедендік саясат қалыптастыруға қатысу, басқа мемлекеттік органдармен қатар ұлттық экономиканы дамытуға ықпал ету, елдің сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, азық-түліктік, экологиялық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
СЭҚ түскен пайданың ел бюджетіне толығымен түсуін қамтамасыз ету, тауарларды әкелу/әкетуге бақылауды күшейту;
кедендік заң бұзушылықпен, контрабандамен, халыққа зиян келтіретін есірткі заттарының, зиянды және қауіпті тауарлардың заңсыз қозғалысымен тиімді күрес жүргізу;
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын әзірлеуге белсенді қатысу арқылы әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне кіру.
Талдаудан көретініміздей, аталған мәселелерді шешу қазіргі кедендік қызмет үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Кедендік қызметті кең ауқымда жетілдіру қажеттілігі туындап отыр, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен жан-жақтылығына сәйкестендіру, кедендік қызметтің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының тұрақты өзгеріп тұратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кеден тәжірибесінде қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттар мен процедураларға бейімделуі. Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі кедендік органдар алдына қойған осы міндеттер аталған Бағдарлама дайындауды қажет етті.
Кедендік органдардың қызметін талдаудан көретініміз, қысқа мерзім ішінде Қазақстан Республикасында іс-әрекетке аса қабілетті кедендік қызмет қалыптасты. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылған және жетілдірілуде. Мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін толтыру, сыртқы экономикалық қызметті реттеу, кеден ісі саласында контрабандамен және заң бұзушылықпен күресу механизмі қалыптасты. Тармақталған кедендік құрылым қалыптасуда. Кедендік орган арқылы басқару жүйесін құру аяқталуда. Кеден қызметінің кадрлық құрамы жасақталған. Кедендік органдардың тәжірибелік қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілуде.
Қазіргі кедендік қызмет республиканың сыртқы экономикалық саясат жүргізуде маңызды орынға ие болып отыр және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуінде бақылау және фискальды қызметтерді атқарады.
Қазіргі кедендік жүйенің негізгі кемшіліктері мыналар:
жүйе ішіндегі ақпараттық қамтамасыз етудің жетілдірілмегендігі;
басқару жүйесін құрудың аяқталмағандығы:
заңнама базасының жетілдірілмегендігі;
кеден ісі саласында контрабандамен және қылмыспен күресудің жеткілікті тиімді шараларының болмауы;
әлеуметтік қорғау мәселелері кешенінің шешілмегендігі, білікті кәсіби мамандардың жетіспеуі;
материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі.
Бұлардың бәрі шешілген мәселелермен және сыртқы экономикалық қызметтің түрлілігіне қарама-қайшы, СЭС қатысушыларына кедендік қызмет көрсетудің сапасы мен жеделдігінде көрініс тауып отыр, мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін толтыруда проблема тудырады, кедендік ережелердің бұзылуына және кедендік қызмет саласында қылмыскерлік санының көбеюіне әкеп соқтырады.
Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының кедендік қызметін реформалаудың негізгі мақсаты болып мына негізде мемлекеттің экономикалық саясатын және Қазақстанның қауіпсіздігі стратегиясын жүзеге асыру тиімділігін арттыру саналады:
2005-2008 жылдарға Қазақстан Республикасының Кедендік қызметін жетілдіру тұжырымдамасын жүзеге асыру;
кедендік әдістер арқылы сыртқы экономикалық қызметті бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыруда ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
Реформаларды табысты жүргізу үшін, сөзсіз, сәйкес ресурстар мен қаржыландыру көздері қажет. Бағдарламада көрсетілген шараларды қаржыландыру мәселесі аса күрделі болып отыр. Қазақстан Республикасының кедендік қызметін реформалауды қамтамасыз етудің қаржы механизмі мәселесі кедендік қызметті дамытуға қарастырылған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу, республиканың кеден қызметін реформалауға қызығушылық танытып отырған әлемдік қаржы институттары тарапынан инвестициялар тарту мағынасын білдіреді.
Кедендік ресімдеу мен бақылау процестерін компьютерлендіру және автоматтандыру саласында.
Қазақстан Республикасының кедендік қызметін автоматтандыру қажеттілігі республика егемендік алғаннан кейін, Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа кіруімен байланысты туындады.
Кедендік қызметті автоматтандыру жөніндегі алғашқы шаралар 1995 жылдан басталды. 1997 жылы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 294а Қазақстан Республикасының кедендік қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан былай – ҚР КҚ БААЖ) құру қарастырылған 5 жылға арналған дамыту бағдарламасы бойынша республиканың кедендік органдарын автоматтандыру туралы қаулысы қабылданды.
ҚР КҚ БААЖ құру аясында өткен кезеңде on/off-line режимінде ақпараттық пакеттермен алмасу жүйесі әзірленген, бұл орталық кедендік органды облыстық басқармалармен және кедендермен біріктірген Қазақстан Республикасының кедендік қызмет деректерімен алмасу ресупбликалық желісі (бұдан былай – ҚР КҚ ДАРЖ).
Қазіргі уақытта тауарларды ресімдеу мен бақылаудың жетілдірілген бағдарламасы енгізілуде (ТАИС-2).
Кедендік органдарды реформалаудың негізгі мақсаты – кедендік ресімдеу және бақылау процестеріне компьютерлендіру және автоматтандыруды енгізу, жаңа ақпарттық технологияларды құру, кедендік ресімдеу және кедендік бақылау процестерінің тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысы туралы деректердің бірыңғай ғаламдық бланкін жасау болып табылады.
Осы саладағы бірінші кезекте тұрған міндеттер:
кедендік шекарадан өту сәтінен бастап толық ресімдеуден өткенге дейін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу және кедендік бақылау процесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану;
кедендік органдардың техникалық базасын жетілдіру және нығайту;
ҚР КҚ БААЖ толық ауқымда ашу, Кедендік одаққа қатысушы елдердің кедендік қызметінің ақпараттық кеңістігінде интеграциялануы, халықаралық стандарттарға, оның ішінде ДСҰ қабылданған стандарттарға жақындауы;
мемлекеттік органдарға, бірінші кезекте сауда саясатын қалыптастыратын ведомстволарға аналитикалық және ақпараттық материалдар беріп отыратын кедендік статистиканың шынайылығын қамтамасыз ету;
кедендік қызметті автоматтандырудың жаңа жүйелері мен технологияларын әзірлеу;
іс жүргізудің электрондық жүйесіне және қағазсыз технологиясына өту.
2004 жылы ВЕБ-декларант бағдарламасы енгізілді. Оның қалыптасуының бірінші айында 48 е-декларациялар жасалды. Қазіргі кезеңде осы бағдарламаны пайдаланып отырған СЭҚ қатысушы елдерінің саны 523 заңды және жеке тұлғаларға дейін өскен. Бұл нәтижелер тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеудің аталған формасын қажеттілігін дәлелдеп отыр (егер қажет болып жатса, бұл бағдарламаны суреттермен, ресімдеу тәртібі арқылы тереңірек түсінік беруге болады).
Кедендік орган қызметін ақпараттық қамтамасыз ету саласында
Қазақстан Республикасының кедендік қызметін басқару процесінде туындаған мәселелерді шешу ҚР КҚ БААЖ жобасы аясында ақпараттық-аналитикалық жүйе құру арқылы мүмкін болады. Осындай жүйені құрудағы басты мақсаттардың бірі басқару процестерін автоматтандыру негізінде кедендік органдар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. “Универсалды АРМ” қолданбалы программалық қамсыздандыруды оған аналитикалық-болжау бағасы модулін қосу арқылы ары қарай жетілдіру мәселесі алға қойылып отыр.
Ақпараттық-аналитикалық жүйенің негізгі міндеттері:
кедендік органдар қызметін жүйелі талдау және жедел диагностикалау;
кедендік органдар қызметінің нәтижесін болжау;
басқару шешімдерінің варианттарын дайындау.
Көрсетілген мәселелерді шешу үшін ақпараттық-аналитикалық жүйенің:
кедендік органдар қызметін жүйелі талдаудың қазіргі әдістемесі;
талдау, болжау, шешімдерді оңтайландыру және қабылдаудың сандық әдісі;
кедендік органдар қызметінің тиімділік көркеткіштерінің жүйесі;
кедендік органдар қызметін талдау және диагностикалау үшін ақпараттық базаның болуы.
Халықаралық кедендік ынтымақтастық, заңнама және құқықтық базаның жетілдірілуі саласында
Сыртқы экономикалық қызметтің заңнамалық базасын жетілдірудің негізгі бағыттары:
Кедендік одақ аясында жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кеден ісінің заңнамалық және құқықтық базасын, ТМД қатысушы елдер, Дүниежүзілік кеден ұйымының, Дүниежүзілік сауда ұйымының, басқа халықаралық ұйымдардың ұсыныстарымен сәйкестендіру;
жақын және алыс шет елдерің кедендік қызметімен кедендік-құқықтық ынтымақтас болу, жедел ақпараттармен алмасу, сондай-ақ экспорттық-импорттық мәселелерге байланысты дерек қорларымен алмасу;
транзиттік тасымалдарды дамытуға жәрдем көрсету;
Қазақстан Республикасының заң шығарушы органдарына кедендік заңнамаларға олардың қолданылу тәжірибесін талдау негізінде өзгертулер мен толықтырулар жөніндегі ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
СЭҚ қатысушыларын құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету;
кеден ісі бойынша нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу және кодификация жүргізу.
Кедендік органдардың құқық қорғау қызметтерін құқықтық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:
заңнамалық және ведомствоішілік нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
кедендік органдардың жедел-іздестіру шаралары бойынша нормативтік базасын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара байланыс нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу;
Қазақстан Республикасының кедендік органдарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқықтық шараларын әзірлеу;
кедендік қызметті кедендік бақылаудың жаңа буын техникалық құралдарымен қамтамасыз ету
Кедендік ресімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру саласында
Кедендік процедураларды реформалаудың алдыңғы кезектегі міндеттері болып:
кедендік ресімдеуді жүзеге асыруда және тауарларды шығару туралы шешім қабылдауда кедендік органдардың төменгі бөлімшелерінің жауапкершілік деңгейін көтеру;
кедендік ресімдеу процесіне жұмылдыру арқылы кедендік брокерлердің жауапкершілігін күшейту;
халықаралық практикада жалпыға бірдей қабылданған процедуралар мен құжаттармен бірге кедендік процедуралар және кедендік құжаттамаларды бірыңғайлау;
алдын ала және мерзімдік декларациялау процедураларын жетілдіру арқылы тауарларды кедендік ресімдеуді оңтайландыру,
қауіптерді талдау негізінде пост-кедендік бақылауды қайта жүргізу арқылы таңдамалы кедендік бақылауды ұйымдастыру;
Қазақстан республикасының кедендік органдарының кедендік заңнама нормаларын біркелкі қолдануға бақылауды жетілдіру және күшейту;
тауарларды, жүктерді және жеке тұлғалардың жеке заттарын кедендік ресімдеудің оңтайландырылған схемасын әзірлеу және енгізу;
жеке тұлғалардың қол жүгі мен жүктерін “қызыл-жасыл коридор” принципі бойынша жеделдетілген кедендік ресімдеу жүйесін дамыту;
кедендік режимдер аясында кедендік бақылауды жүзеге асыруда тауарларды сәйкестендіру тәсілін жетілдіру;
экспортталатын технологияларды, ноу-хау, интелектуалдық меншік объектілерін кедендік ресімдеу және бақылау процедураларын оңтайландыру;
тауарларды жеткізу және кедендік режимдерді қолдануды бақылау тиімділігін арттыру шараларын әзірлеу.
Кедендік органдардың фискальды-экономикалық қызметін жетілдіру саласында
Кедендік органдардың СЭҚ реттеудің кедендік-тарифтік механизмін келешекте жетілдіру, кедендік-банктік валюталық бақылау жүйесін жетілдіру бойынша негізгі қызмет бағыттары болып мыналар есептеледі:
кедендік баждарды ақырындап азайту қажеттілігін есепке ала отырып,кедендік-тарифтік саясатты жетілдіруге бағытталған аналитикалық ұсыныстарды әзірлеу;
кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін құру базасында кедендік-тарифтік реттеу бөліміндегі деректердің бірыңғай құрылу жүйесіне кезеңді түрде көшу;
кедендік органдар мен банктерді біріктіретін ақпараттық желісін құру;
толық автоматтандырылған есепке алу жүйесінің деректері базасында негізделген таңдаулы бақылау мен тексеру технологиялары;
тауарлардың кедендік құнын тиімді бақылау механизмін жетілдіру;
ТСБК/ДСҰ талаптарына сай тауарлардың кедендік құнын белгілеу және бақылауды жүзеге асыру;
СЭҚ ТН сәйкес, тауарлардың шыққан елін анықтау арқылы тауарларды дұрыс жіктеуді бақылау механизмін жетілдіру;
СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сәйкестендіру процедураларын жетілдіру;
Қазақстан Республикасының кедендік органдарының тауарлардың шығу тегі туралы берілген сертификациялардың шынайылығын бақылау бойынша бенефициар-елдердің құзыретті органдарымен өзара байланыс тәртібін әзірлеу және тәжірибеде қолдану;
СЭҚ қатысушыларының кедендік және салық заңдарын орындауын бақылау бойынша Қазақстан Республикасының кедендік және салықтық қызметтерінің өзара байланыс механизмін әзірлеу және тәжірибеде жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасымен бірігіп еркін сауда аймағын немесе Кедендік одақ, я болмаса екі жақты келісім құратын мемлекеттерден шығарылған тауарлар әкеліміне тарифтік преференциялар беру механизмін әзірлеуге қатысу;
кедендік төлемдер мен салықтар салынатын тауарлар бойынша экспорттық-импорттық келісім-шарттарының мониторингі;
валюталық-банктік кедендік бақылау жүргізудің нормативтік құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау.
Кедендік органдардың экономикалық мүдделерді қорғаудағы қызметінің негізгі бағыттары мыналар:
тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өту кезіндегі рұқсаттамалық тәртіпті орындауды қамтамасыз ету;
экономикалық контрабанда және кедендік заң бұзушылықпен күресу формалары мен әдістерін жетілдіру;
заң бұзушылықты тергеу әдістемесін және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара байланыс механизмін әзірлеу;
есірткі заттарының, қару, әскери оқ-дәрі, валютаның, энерготасымалдаушылардың заңсыз өтуін бақылау, интеллектуалды меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту;
кедендік іс саласындағы қылмыс пен заң бұзушылықтарды бірыңғай жедел есеп пен қылмыстық статистикаға енгізу.
Кадрлық жұмыс саласында
Бұл саладағы басты міндеттер кедендік қызметті басқару жүйесін жетілдіру және қазіргі талаптарға жауап беретін құрылымдарды қалыптастыру, кадрларды кәсіби іріктеу, кәсіби бейімдеу, дайындау және біліктілігін арттыру болып табылады. Жүйе ішіндегі бар штаттық санын тиімді қайта бөлу арқылы кедендік органдардың орталық аппаратын күшейту болжанып отыр.
Кедендік органдар басшылығының негізгі міндеті бұл жағдайда кедендік орган қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауда сапасының тұрақты жақсаруына негіз болатын еңбек жағдайн қалыптастыру болып отыр.
Кадрлық жұмысты реформалаудың негізгі мақсаттары:
кедендік жүйеге кедендік органдардың қазіргі мәртебесіне және олардың сыртқы экономикалық қызметтегі роліне сай болатын кадрларды іріктеуді қамтамасыз ету;
кедендік орган қызметкерлеріне өздерінің кәсіби мүмкіншіліктері мен шығармашылық қабілеттерін едәуір тұрғыда жүзеге асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
оқу процесінде ақпараттық технологияларды, игерілген модульдік оқу жүйелерін пайдалану, оқу процесіне белсенді және арақашықтық оқу әдістерін енгізу негізінде кәсіби дайындық процестерінің тиімділігін арттыру.
Кадрлық жүйені реформалау барысында шешімін табуы тиіс маңызды мәселелер мыналар:
кедендік органдардақызметтің қазіргі құқықтық негізін құру;
кеденшілер мен олардың отбасы мүшелерінің материалдық тұрмыс деңгейін көтеретін, әлеуметтік, құқықтық және басқа кепілдіктерді кеңейтуді негізге алатын дәлелді кадрлық қызмет жүйесін әзірлеу;
кәсіби және лауазымдық өсім, тегін білім алу, жеке қауіпсіздік кепілі мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін кедендік қызметтегі құқықтық кепілдерді құқықтық реттеу жүйесін әзірлеу;
кедендік қызметте штаттық-ұйымдастыру қызметінің оңтайлы, ғылыми негізделген жүйесін құру;
резервпен жұмысқа жаңа тұрғы негізінде қызмет бойынша, жеке құрамды, оның ішінде басшы звеносын дайындау және қайта даярлау, кадрларды жоспарлы орналастыру, басышылық аппаратты кедендік органдар кадрлары есебінен жаңарту жүйелерін әзірлеу және енгізу;
ауыстыру және қызметті вахталық әдіспен жүргізу арқылы кедендік органдарда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі тиімді шаралар қабылдау;
қызметкердің орындайтын қызметтік міндеттеріне кәсіби сәйкестігінің лауазымдық стандарттары мен нормативтерін әзірлеу;
арнаулы орта және жоғары білім базасында кадрларды оқытуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік органдар жүйесі аясында кедендік органдардың лауазымдық тұлғаларын қайта даярлау және біліктілігін көтеруге қабілетті кадрларды дайындау және қайта даярлау жүйесіне көшу;
кедендік органдардың және олардың қызметкерлерінің қызметінде заңдылықтардың сақталуын, кадрлардың тәртібі мен жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, оперативтік, тәрбииелік-ескерту, идеологиялық шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
кадрлармен жұмыс істеудің қызметтік дербес бағыттарында жеке құраммен тәрбие жұмыстарын жүргізу;
кадрларды іріктеу, оқыту, орналастыру және тәрбиелеу бойынша қызметтерді аса айқын және жан-жақты белгілеу негіізінде кадрлық қызметтің өзін реформалау.
Кедендік инфрақұрылым саласында
Жаңа кедендік органдар құру және қызмет етуші кедендік органдары мен мекемелерін қайта ұйымдастыру, оларды Қазақстан Республикасы аумағына орналастыруды оңтайландыру кедендік жүйені реформалаудың аса маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағытта реформалаудың мақсаты тауар және жолаушы легі көлемінің үнемі өзгерістілігі және құрылымының қиындығы жағдайында тауарларды СЭҚ қатысушылары үшін тиімді, үздіксіз және қолайлы кедендік ресімдеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Кедендік құрылым мен инфрақұрылымды реформалау саласындағы міндеттер:
2005-2008 жылдар кезеңіне кедендік объектілерді дамытудың келешегі зор бас жоспарын әзірлеу;
жеке тұлғаларды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кедендік органдардың штаттық санын тиімді түрде қайта бөлу, тауар және жолаушылар легінің көлемі үнемі артып отыратын учаскелерде арнайы құрылымдық бөлімшелер құру;
кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кедендік органдардың бөлімшелерін қайта ұйымдастыру, сыртқы сауда жүктерін өңдеу орындарына максимальды түрде жақындату қажеттілігін ескере отырып, оларды тиімді орналастыру;
кедендік ресімдеу орталықтарын құру, сол орталықтарда кедендік органдардан басқа “кеден маңындағы инфрақұрылым” өкілдерін біріктіру;
кедендік органдардың қолданыстағы инфрақұрылымын кедендік ресімдеудің жаңаша технологияларының талаптарына сәйкестендіру;
Кедендік одақтың кеңеюі, ДСҰ кіру перспективаларын есепке ала отырып, кедендік инфрақұрылым объектілерін тиімді орналастырудың схемасын әзірлеу;
интеллектуалдық меншік объектілерінің, радиоактивтік, бөлінетін материалдар мен қауіпті қалдықтардың қозғалысын кедендік бақылау жүйесін ашу;
кедендік органдардың техникалық базасын жетілдіру, әзірлемелерді ұйымдастыру, кедендік бақылауға қажетті техникалық құралдарды қалыптастыру және қолданысқа енгізу;
кедендік құрылыс тың ведомстволық нормативтік-техникалық және нормативтік-ұйымдастыру базаларын қалыптастыру,Қазақстан Республикасының кедендік органдарында капиталды құрылысты ұйымдастыру және басқару жүйесін жетілдіру.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кедендік органдардың қызметін талдаудан көретініміз, Қазақстан Республикасында өте қысқа мерзім ішінде әрекет етуге толық қабілетті кеден қызметі орнады. Кедендік іс бойынша заңнамалық база қалыптасты және жетілдірілуде. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру, сыртқы экономикалық қызметті реттеу және кедендік іс саласында контрабандамен, заң бұзушылықтармен күрес механизмдері құрылды. Тармақталған кедендік инфрақұрылым қалыптасуда. Кедендік органдарды басқару жүйесінің қалыптасуы аяқталып келеді. Кедендік қызметтің кадрлық құрамы жасақталған. Кедендік органдардың тәжірибелік қызметіне компьютерлендіру және автоматтандыру элементтері енгізілуде.
Сонымен, кедендік бақылау дегеніміз – кедендік іс және халықаралық шарттар жөніндегі заңдарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік органдарының жүзеге асыратын іс-шараларының жиынтығы.
Кедендік бақылаудың негізгі мақсаты түрлі тексерулер көмегімен заң бұзушылықтарды анықтау, жүргізілген операциялар мен әрекеттердің кедендік заңнамаларға сай болуын қамтамасыз ету, кедендік қызметке қатысушы жеке және заңды тұлғалардың кедендік ережелер мен процедураларын бұлжытпай орындауы.
Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кедендік органдарының лауазымдық тұлғалары арқылы жүзеге асырылады және мына түрлерге жіктеледі:
тауарларды (импорттық, экспорттық және транзиттік) кедендік бақылау;
көлік құралдарын (теңіз, өзен және әуе жолы көліктері, теміржол құрамдары, автокөлік құралдары) кедендік бақылау.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Қазақстанның ДСҰ кіруіне кедендік бақылау саясатының келешегі байланысты болып отыр. Қол қою қажеттілігі туындап отырған көптеген міндетті келісімдер де бар. Көбінесе олар тауарлар мен көлік құралдарына салынатын импорттық баждар қатысында болып отыр.
Қазақстанның ДСҰ кіруі жағдайында елдің кедендік жүйесін дамытуға көп қаражат бөлінеді деген болжамдар да жоқ емес. Шығындардың көп бөлігі кедендік инфрақұрылымын дамыту саласына, жаңаша технологияларды енгізуге жұмсалады.
Қазақстанның кедендік аумағында кедендік бақылау және тауар айналымын реттеу құралдарынмемлекеттің тиімді пайдалануы ұлттық нарықты қорғау бойынша сауда-саяси міндеттерді жүзеге асыруға, отандық өнеркәсіпті дамытуға ынталадыруға, нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында саяси және әлеуметтік-экономикалық түрлендірулерді қарқынды жүзеге асыру мақсатында құрылымдық қайта құру жасауға жәрдем етуге мүмкіндік туғызады.
Кедендік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру ҚР кедендік тарифі, қорғау шараларының кешені (антидемпингтік, өтемақылық және арнайы баждар), лицезиялау мен квоталауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік құралдарының әкелінуі мен одан әкетілуге шектеулер қою, тарифтік преференциялар жүйесі және қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылықпен өзара байланысын реттеу шаралары сияқты арнайы механизмдердің көмегімен жүзеге асырылады.
Кейбір кедендік төлемдер мен салықтарды алып тастаудан келетін шығындар жөнінде айтатын болсақ, мысалы, импорттық баждар ҚР бюджетіне түсетін кедендік төлемдер мен салықтардың жалпы көлемінің тек 15%-ін ғана құрап отыр. ҚҚС бойынша шығындар аса көп емес. Яғни бұдан, Қазақстанның ДСҰ кіруде мемлекеттік бюджеттің 18-20% кедендік төлемдер мен салықтар жоғалтатындығын байқауымызға болады.
Кедендік төлемдер мен салықтардың үлесі 2004 жылғы мемлекеттік бюджеттегі табыстардың жалпы көлемінің 17,3%-ін, ал республикалық бюджеттегі бұл көрсеткіш 27,2%-ті құрап отыр. Импорттық баждарды алып тастаған жағдайда мемлекеттік бюджет 2-4% түсімдерді жоғалтады.
Ел экономикасындағы экономикалық өсім едәуір шамада байланысты болып отырған мұнай шығару өнеркәсібінің шығыны аса көп емес. Келешекте Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастарының дамуын, тауар айналымының өсуін, сондай-ақ тауарларға салынған салықтардың өсуін болжай отырып, импорттық баждарды алып тастаудан келген шығындар соңғы нәтижесінде өтеледі деп болжауымызға әбден болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Монографии
1. Быков О.Н. “Год планеты: Экономика. Политика. Бизнес”, Многотомник, Институт мировой экономики и международных отношений РАН, М.:Республика. - 1992 г. - 336 стр.
2. Магомедова А.И., Хасанова Е.З. “ГАТТ: правовая природа и структура”, Редколлегия журнала ‘Вестник Санкт-Петербургского Государственного Университета’, Серия: Философия и социально-экономические науки, СПб. - 1992 г. - 48 стр.
3. Чернышев С.В. “Механизм регулирования международной торговли: нормы и правила ГАТТ”, Сборник научных трудов, Всесоюзный Научно-исследовательский Конъюнктурный Институт, М. - 1991 г. - 71 стр.
4. Bronkers M. “WTO implementation”, Hearing before the US Senate, 104th Congr., Washington.: Government Print. - 1995. - 75 p.
5. “Regionalism and the world trading system”, World Trade Organization, Geneva. - 1995. - 91 p.
Статьи и публикации:
-
Быков А. “Передел мирового рынка и Россия”, Внешняя торговля, М. - 1994 г. №11, стр. 2-7.
-
Васильев Ю.А. “Роль ГАТТ в международно экономической интеграции”, Экономика и коммерция, М. - 1995 г. №3, стр. 95-106.
-
Дюмулен И. “Торгово-политическая система ГАТТ: принципы, правовые нормы и правила”, Внешняя торговля, М. - 1993 г. №7/8, стр. 34-44.
-
Купалов И.В. “Многостороннее регулирование торговли и инвестиций в рамках ГАТТ”, Московский журнал международного права, М. - 1994 г. №1, стр. 85-99.
-
Куттнер Р. “Единому рынку - общие правила”, Бизнес уик, М. - 1992 г. №12, стр. 2-5.
-
Монгуш Т.Ф. “Регулирование международного обмена услугами”, США: Экономика. Политика. Идеология., М. - 1992 г. №8, стр. 37-43.
-
Овчинников К. “Что ждет Россию в ГАТТ?”, Экономика и жизнь, М. - 1994 г. №52, стр. 2.
-
Полуэктов А. “Многосторонняя система ГАТТ: до и после “уругвайского” раунда”, Внешняя торговля, М. - 1994 г. №4, стр. 23-36.
-
Полуэктов А. “Важнейший этап на пути на мировой рынок”, Внешняя торговля, М. - 1995 г. №7/8, стр. 11-18.
-
Сабельников Л.В. “Генеральное соглашение по торговле услугами”, БИКИ, М. - 1995 г. №84, стр. 1-7.
-
Сазерленд П. “Россия и Всемирная Торговая организация”, Международная жизнь, М. - 1995 г. №9, стр. 118-124.
-
Ситников В. “Уругвайский” раунд ГАТТ: Россия становится полноправным участником международной торговли”, Joint Ventures, М. - 1994 г. №3, стр. 1-4.
-
Смирнова Е.В. “ГАТТ - завершение “уругвайского” раунда”, БИКИ, М. - 1994 г. №5, стр. 1-8.
-
Тайгунов А. “Как вступают в ГАТТ”, Внешняя торговля, М. - 1990 г. №6, стр. 23-29.
-
Ушачев И. “Проблемы интеграции России в мировое сообщество”, АПК: экономика, управление, М. - 1996 г. №1, стр. 14-20.
-
Charnovitz S. “The World Trade Organization and social issues”, Journal of world trade, Geneva. - 1994, #5, pp. 17-33.
-
Charnovitz S., Wickham J. “Non-governmental organizations and the original trade regime”, Journal of world trade, Geneva. - 1995, #5, pp. 111-122.
-
Sabelnikov L. “Russia on the way to the World Trade Organization”, International Affairs. - 1996, #5, pp. 345-355.
-
Sanford J. “World Trade Organization opens global markets”, Business America, Washington. - 1995, Jan., pp. 4-10.
-
Russia and the World Trade Organization, Materials of Seminar in Carleton University, Ottawa, Canada. - Nov. 4-14, 1996.
-
Overview of the Uruguay Round of Multilateral Trade Negotiations
-
Designing new trade policies in the New Independent States: The Case of Russian Federation. (OECD:Paris, 1996, pp. 39-63)
-
Trade Barriers in the Russian Federation. (OECD:Paris, 1996, pp. 43-58)
-
Смирнов С. - “ВТО: Проблемы вступления” http://www.kisi.kz/Parts/Comment.html.
Используемые сайты:
-
www.wto.org - Сайт Всемирной Торговой Организации. (англ.)
-
www.wto.ru - Сайт Всемирной Торговой Организации. (рус)
-
www.kisi.kz – Сайт Казахстанского института стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан.
-
www.prof.msu.ru - Ассоциация "Профессионалы за сотрудничество"
-
www.khabar.kz – ЗАО“Хабар”
-
http://news.central.kz - Интернет-служба “Центральный Казахстан”
-
www.diasp.ru - Сайт представляет информацию, новости, культуру, музыку, традиции русскоязычных диаспор бывших республик СССР.
-
www.dn.kz – Электронная версия газеты “Деловая неделя”
-
www.krrk.kz - Конфедерация работодателей Республики Казахстан
www.continent.kz - Электронная версия журнала “Континент”
Достарыңызбен бөлісу: |