3.2 Акциз салығын салуда кездесетін мәселелер мен
шешу жолдары
Барлығымызға белгілі, кәсіпкерлік қызмет бойынша тексеру мораторий 9 ай жүреді. Бұл мерзім аяқталған кейін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, Ақтөбе облысында орта және кішігірім бизнес субъектілеріне тексеру жүргізілді. Бұл тексеруде акцизделетін тауарлардың жаңа үлгідегі акциз маркаларымен таңбалануына көп көңіл бөлінді. 332 объект тексеріліп, оның 272 заңсыздық байқалды. Пайыздық мөлшерде 81,9% құрайды. Салықты дұрыс төлеушілерімен қатар, салық кодексіне қайшы келетін қызмет жасайтын кәсіпкерлердің көп екенін, бұл тексеріс дәлелдеді. Заңды бұзудың негізінде - тек заңды білмеу ғана емес, оны біле тұра бұзу. Тексеріс кезінде акцизделетін тауарлардың 25820 бүтелкесі тәркіленді.
Әкімшілік құқық бұзу туралы 176 іс қозғалып, 110 іс сотқа берілді. Қаржы полициясына 6 іс жіберілді. Әкімшілік материалдар бойынша 353,1мың теңге шегінде шығарылды. Сотқа берілген материалдар бойынша қаралған негізгі бап 213. 1 тармақшасы – акцизделетін тауарларды өткізудегі бұзушылық. Аталған бапты бұзған адамдар 20 АЕК мөлшерде айыппұл төледі, мүлкі мемлекет меншігіне өтті. Заң бұзушылардың көбісі жаңа акциздік маркалардың енгізілгені туралы білмегендіктерін айтқан. Бірақ заңды білмеу, жауапкершіліктен босатпайтыны бізге мәлім, және де Қазақстан Республикасының Үкіметінің 08.08.2003ж. №792 "Акциздік жиындар бойынша жекелеген акцизделетін тауарлар бойынша акциз маркаларымен таңбалау туралы" жарлығы республикалық газеттерде "Егемен Қазақстан" 12.08.2003ж. және "Ресми газет" 06.09.2003ж. №36 шығып,жалпы міндеттілік сипатта болды. Сонымен қатар, Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстық салық органдарының түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын.
Рейдтік тексеріс бойынша келесі қорытынды жасауға болады: кәсіпкерлік субъектілерге арналған мораторий кәсіпкерлер тәртібіне кері әсерін тигізді. Мораторий дұрыс салық төлеушілер қажет. Сондықтан да мұндай мораторий енгізу заңдылықтың сақталуын жеңілдетпейді.
Акциз салығы бойынша 2004 жылдық І кварталына түсуге тиіс түсімдерінің орындалмағаны өкінішті. Мемлекеттік бюджетке республика аумағында өндірілген темекі бұйымдары бойынша жоспар 842,7 сомманы құраған, факт бойынша бюджетке 711,7 түсті. Ауытқу – 131,0 сомманы құраған. Бензин және отын бойынша жоспар 2277,9, факт 2184,6, алкоголь өнімдеріне жоспар 26,7, факт 24,5, ауытқу – 2,2.
Бюджетке түсуге тиіс негізгі позициялар бойынша жорамалдардың орындалмағанын көрсететін таблица.
Түсім атауы
|
М.Б. жоспары
2004ж. І кв.
|
М.Б. факт 2004ж. І кв.
|
Ауытқуы
|
Қ.Р. аумағында өндірілген темекі бұйымдарына акциз
|
842,7
|
711,7
|
-131,0
|
Бензин және отынға акциз
|
2277,9
|
2184,6
|
-93,3
|
Алкоголь өнімдеріне акциз
|
26,7
|
24,5
|
-2,2
|
Акциз салығы бойынша қиыншылықтарды жетілдіру үшін, менің ойымша салық тексеру органдарын жетілдіру керек. Салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындату үшін салық комитетінің аудит бөлімінің жұмысын жетілдіру керек. Ол үшін аудит басқармасы салық тексерісін жүргізген кезде басқа басқармалар, бөлімдермен тығыз байланыста болуы керек. Салық кодексінің 524 бабының 6 тармақшасына сәйкес салық төлеуші 10 күн мерзімі ішінде салық органдарына егер мәліметтерінде өзгерістер пайда болса, тіркелген мәліметтерге өзгерістер енгізу туралы өтінішті тапсырады. Бірақ, өзгеріс енгізілгені туралы фактілерді біз тек тексеру кезінде ғана біле аламыз, сондықтан Салық тіркеу басқармасымен бірлесіп, келесі форма тәсілі тәжірибе жүзінде қолданыла бастады. Ол салық төлеушінің тіркеу мәліметтерін фактілік мәліметтерімен тексеру.
Акциз салығы бойынша ставкаларын төмендету керек деп ойлаймын. Әрине, маған қарсы шығатын адамдар да болар, дегенмен ставкаларды төмендету арқылы біз акцизделетін тауарлармен айналысатын салық төлеушілерді алықты төлеуді ынталандырамыз. Бұған делел ретінде мысал келтірейік. Егерде біз ставкаларды көбейтетін болсақ, онда олар жасырын бизнеске кетуге мәжбүр болады, өздерінің қызметі туралы нақты мәлімет бермей, шындыққа жанаспайтын ақпарат береді. Керісінше жағдай болса, яғни ставкаларды төмендететін болсақ, жағдай өзгереді. Салық төлеушіні салық төлеуге ынталандырады. Сөйтіп бюджетке толық мөлшерде акцизделетін тауарлар бойынша салық толық мөлшерде түседі. Мұндай жағдай екі жаққа да қолайлы. Өйткені салық төлеушіге өз қызметімен айналысуға жағдай туады, ал бұл дегеніміз мемлекет қазынасына акциздің түсуін қамтамасыз етеді.
Қорытынды
Бұл курстық жұмы акциз салығына арналған болатын. Сөйтіп жоғарыда айтылып кеткенге қорытынды беретін болсақ, акциздік салық түрі ретінде мемлекет бюджетінде алатын орны қомақты екені даусыз. Әр мемлекет қазынасын толтыру үшін әртүрлі шараға барады. Соның бірі жоғары рентабельді және сұранысқа ие деген тауарлардан акцизді жинау. Өйткені алкоголь бұйымдары, темекі, бензин, дизель отыны, т.с.с. тауарларға сұраным әрқашан жоғары болады. Мемлекет сол жағдайды ескере отырып, ерте кездердің өзінде акциз салығын енгізген. Бұдан мемлекет халықты тонап жатыр деген ой тумау керек, керісінше мемлекет халық қамын ойлап, оның жағдайын жақсарту үшін акцизді салық түрі ретінде енгізген. Сөйтіп біз күнделікті өмірде осы тауарларды алған кезде акцизді төлеуші ретінде қараламыз. Өйткені бұл тауарға акциз мөлшері енгізілген. Әрине, маған ерікті түрде бюджетке төлем төле десе, мен өз басым төлемейтін едім. Жалғыз мен емес, барлығы солай істейді деп ойлаймын. Ал егер біз бюджетке белгілі мөлшерде төлемтөлесек, мемлекет құлдырайды деген сөз. сондықтан біз міндетті төлем-салықты төлейміз. Өйткені салық – мемлекет тұрақтылығының негізі. Тұрақтылық деген сөз, мемлекеттегі әр жанұяның шаңырағында молшылық, табыс, жетістік, бақ береке.
Бірақ салық міндетті төлемнің жалпы атауы. Ол бөлінеді: жер салығы, мүлік салығы, қ.қ.с. және т.б. Акциз сол салықтың бір түрі ретінде, тұрақтылықтың бір қайнар көзі болып табылады. Сондықтан біз осы тауарларды алған кезде мемлекетке пайда әкелеміз. Бұл өмірде барлығы өзінен өзі бола бермейді, сондықтан біз сезінуіміз керек, акциз салық түрі ретінде төлеген кезде мемлекетке белгілі-бір кіріс түсіреміз-ді. Сол кіріс бізге жалақы, стипендия, зейнетақы ретінде қайтып келеді.
Қолданылған әдебиеттер
1. Каможного Е. Салық жүйесі /Қазақстан экономикасы.-1995.-Ю
2. Черник Д.Г. Салықтар.-М,-1995
3. Есенбаев М. Жаңа салық жүйесі жолында /Казахстанская правда.-1997.-9 шілде.-Ю б
4. Бүлғақбаев Б. Қазақстанның салық жүйесі // Заңды газет.-1998.-20
5. Қазақстан.Республикасының салық кодексі
6. Түленбаев К.М / Қаржы қаражат.-А.-2005.
7. ЗейнелгабдинА.Б. Қаржы жүйесі.- А.-1995.
8. Юткина Т.Ф . Салық жүргізу тәртібі.-М.-1999.
9. Столяров В.Ф. Салық салу және нарықтық экономика.-Киев.-1992.
10. АкуленокД.Н / Салық портфелі.-М.-1995.- 35 б.
11. Чингазов .М.Н. Некоторые проблемы налоговой системы / Аль-Пари.-2006.-К 2-3.-68 б.
12. Байдуйсенов .Д. Қазақстанның салық жүйесі / Қаржы қаражат .-А.-2005.
13. Сатыбалдин А.Е. Жеке табыс салығына қатысты мәселелер / Транзитная экономика.-1999.-Ю.-67.
14. Муканов Т.А. Пути совершенствования механизма исчисления индивидуального подоходного налога / Налогоплателыдик.-2004.-N1-89
15. Арыстанбеков К./ Саясат.-А-2004.-97 б.
16. Сабиров И. / Экспресс,- 1995.-28 наурыз.
17. Прохоров Е. Қазақстан Республикасы мемлекетінің және құқықтарының негіздері. -А- 1997
18. Бабкина С. Новая налоговая политика / Финансы Казахстана.-1996.
19. МусиновС.М. Қазақстан Республикасы тұрғындарына салынатын салықтар / Қаржы қаражат.-А.- 1996
20. КарагусоваГ. Салықтар: мәні мен қолдану тәжирибесі.-1994
21. Поздняков Б. Қазақстаңдағы салықтар / Экономика.-1995.-Ш.-986
22. Кадырбеков Б. Грисюк С. Салық жүйесі қалыптасуының негізгі приндиптері туралы // Қазақстан экономикасы мен өмірі.-1997.-N3-4
23. Киперман.Г.Я. Кәсіпорын мен азаматтарға салық салу.-М.-1998
24. НаумоваН.Н. Салық жүйесінің реформасы //Алматы.-1999
25. Салық-1999 / Экономика және өмір.-4.-1999
-
Маметова Р.А / Бюллетень бухгалтера.-А.-2005.-46 б
27. Абдракимова Ж. Табыс салығы / Қаржы -қаражат.-А.-2005
28. Айдаров Д.Б. Теоретические аспекты совершенствования подоходного налога в РК / Налоговый эксперт.-2006.-К9-12.-140 б
29. Дуканич Л.В. Салық және салық салу.-М: Феникс.-2004
30. Амрекулов Н. Бірыңғай салық салу конденциясы / Саясат.-А.
Достарыңызбен бөлісу: |