МазмұНЫ: Кiрiспе Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерi Орыс графикасына негiзделген қазақ әліпбиiнің жобалары (хіхғ.)


А. Байтұрсынұлы ұсынған төте жазудың графика-орфографиялық ерекшелiктерi



бет3/5
Дата20.09.2022
өлшемі91.5 Kb.
#460988
1   2   3   4   5
jhajuhfabz

А. Байтұрсынұлы ұсынған төте жазудың графика-орфографиялық ерекшелiктерi

Өз бастауын ІХ-ХІ ғасырлардан-ақ алып келе жатқан араб графикасы кейінгі ғасырларда қазақ тіліне қанша икемделгенмен, кемшіліктен арыла алмады. Тіліміздегі дауысты дыбыстарды таңбалауда араб алфавитінің олақтығынан қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық беру мүмкін болмады. Дауысты дыбыстардың сөз мағынасын ажыратуда айырықша маңызды қызмет атқаратынын айтып жатудың да қажеті шамалы. Ал араб әліппесіндегі небәрі үш қана дауысты дыбыс қазақ тілінің вокалдық ерекшеліктерін бере алмады.


Мұндай кемшіліктер сол кезеңдегі баспасөз беттерінде жарияланып, араб әліппесінен басқа бір алфавит ойлап табуды мәселе етіп көтерді.
Бұл мәселені шешуге қазақ халқының ағартушысы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, қазақ халқының «рухани көсемі» А. Байтұрсынұлының қосқан үлесі айырықша. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ғалым 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. «Айқаптың» 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде «Шаһзаман мырзаға» атты көлемді мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйікші дейтін таңба қою қажеттілігін дәлелдейді. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34-інші және әрі қарайғы сандарында «Жазу мәселесі» деген үлкен мақала жарияланып, онда кейбір дауысты дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады.
Әрі қарайға ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап алуды ұсынады: 1) араб алфавитіндегі жуан дыбыстардың таңбаларын алмау, 2) қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу, 3) к, г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба қою.
Енді А.Байтұрсынұлы ұсынған төте жазудың графика-орфографиялық ерекшелiктерiне тоқталып кетейік. А.Байтұрсынұлы әліпбиiнде 24 әріп болды.
А.Байтұрсынұлы әліпбиiнде <қ>, <ғ>, <к>, <г> фонемаларының арнайы таңбалары бар. Ғалым оның себебiн “ц, г әрдайым жуан айтылады, жіңішке айтуға көнбейдi. <қ> һәм <г> дәйiм жіңішке айтылады, жуан айтуға келмейдi. қ мен ғ жазылған сөздердің алдында дәйекшi қойылмайды, оны қойғанмен бұл хәріптер жіңішке айтылмайды. к мен г алдында дәйекшi қойылмайды, оны коймаса да айтылатын болған соң” [29, 329 б.] деп анықтайды.
А.Байтұрсынұлының әліпбиi көпшілік назарына ұсынылып, “Айқапқа” жарияланғаннан кейiн зиялы қауым тарапынан талқыға салынды, әртүрлі көзқарастағы мақалалар жарық көрді. Мысалы, Е.Мусин А.Байтұрсынұлының қазақ тiлiнде бес дауысты бар деуi қате, дыбыс тоғыз, әрпі бесеу десе дұрыс деп, ЖТ мен ауызша сөйлеу жүйесiнің шегарасын айыруды талап еттi. Және /ы/ әрпі туралы: Ы харпiн сөздің аяғына ғана жазын, басқа жерде жазбаймыз деуi де қызық емес пе? /Ы/ аяғында керегi болған сияқты басқа жерлерiнде де керегi болса керек” деп, ы-ны барлық буында жазуды дұрыс көредi.
Ал М.Сералин емленің екi түрлі менi бар екенiн көрсеттi: бiреуi ауыздан шыққан дыбысқа әріп белгiлеу, ол әліпби болса, екiншiсi сол әріптердi қалай қолдану, ол емле болын табылады деп анықтады. Бiзде осы екеуi қалыптасып қалды, оны өзгертудің қажетi жоқ деп санады. Ш.Жияшев деген автор А.Байтұрсынұлы әліпбиiндегi 24 дыбыс таңбасы қате, әріп араб жазуындай 28 болу керек, оны өзгертудің қажетi жоқ деп санайды .
Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы реформалаған қазақ әліпбиiнің ережелерi мен принциптерi алғаш 1924ж. 12-18 маусымында Орынбар қаласында өткен “Қазақ бiлiмпаздарының тұңғыш съезiнде” көтерiлдi . А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханұлы, Е.Омаров, М.Дулатұлы, Х.Досмухамедұлы, Н.Төреқұлов, Съезде мынадай мәселелер сөз болып, шешiмiн тапқан: қысаң езулiктер барлық позицияда жазылсын; қ-к, ғ-г фонемалары арнайы таңбалармен белгiленсiн, өйткені “ерқайсысы ауыздың ор жерiнен шығатын дыбыс” (Ахмет) [31, 59 б.]; “қанықей, қайткенде, бiрақ сықылды үндестiк заңына келмейтін сөздердi бөлiп дәйекшемен жазу қиын” [31, 25 б.] (Елдес); х, һ, ф, ш әріптерi әліпбиден шығарылсын, ш орнына өзге түркі тiлдерiнен алшақтамас үшiн ч әрпі қолданылсын [Е.Омаров] деген ұсыныс болғанмен <ш> фонемасы ш әрпімен берiлдi; ә әрпі сөз аяғында айтылмайтынын бiлдiру үшiн жіңішке түбірге паз, уар кiрме жұрнақтары жалғанғанда дефиспен жазылсын (білім-паз, сөз-уар [31, 34 б.]) (Е.Омаров) деген пiкiр болғанмен, сөз дефиссiз дәйекшемен жазылып, сөз аяғындағы а [ә] болып оқылмайды делiндi; жалғау мен шылауды айыруда екпiн қызметi пайдаланылды, мысалы, атта жал бар, огiзде муйiз бар деген сөйлемде алты екгiiн бар, ал ат та көлiк, өгiз де көлiк деген сөйлемде та, де тұлғаларының жеке екпiнi бар, сондықтан соңғысы шылау болып табылады [31, 34 б.]; қарыз, мұрын сөздерiнің түбір тұлғасында да, тәуелдеулi тұлғасында да ы, i әріптерi таңбалансын, қарз-қарызы, мұрн-мұрыны деп жазу сөз жүйесiнше де, дыбыс жүйесiнше де дұрыс емес у, и — дыбыстары үлкен пiкiр-таластан, жеке комиссия мүшелерiнің қарауынан кейiн дауыссыз дыбыс деп табылды (Ә.Бөкейхан, Е.Омаров, К.досмухамедұлы, Н.Шагиұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Жолдыбайұлы), Т.Шонанұлы, Р.Сүгiрұлы, Н.Уәлиұлы и, у дыбыстарын дауысты қатарына жатқызды; Т.Шонанұлы, М.Дулатұлы аталған дыбыстар дауыссыз болғанмен, бiр таңбамен беру қолайлы дедi, бірақ съезд қаулысында қосар әріппен таңбалану қабылданды.
Сөйтіп, араб графикасына негiзделген қазақ жазуының емле ережелерi 1924 ж. Орынбор съезiнде қабылданды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет