МазмұНЫ: Кiрiспе Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерi Орыс графикасына негiзделген қазақ әліпбиiнің жобалары (хіхғ.)


Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерi



бет2/5
Дата20.09.2022
өлшемі91.5 Kb.
#460988
1   2   3   4   5
jhajuhfabz

Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерi

Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы, негізінен, ІХ-ХІ ғасырлардан басталады. Мұндай түркі тілдес ескерткіштердің қазірде мәлім болған тұңғыш нұсқасының бірі – «Құдатғу біліг» (1069 жыл) дастаны. Бұл дастанның араб әрпімен жазылған Наманган және Каир қолжазба нұсқалары шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырларда көшірілген.Сонымен қатар ХІ ғасырдың мұрасы «Диуани луғат ат-түрік» еңбегі де, ХІІ-ХІҮ ғасырларға жататын «Ақиқат сыйы», «Әулие-әмбиелер қиссасы т.б. еңбектер де араб әліппесімен жазылған.


Бұл дәстүр өз жалғасын тауып, ХҮІІ-ХІХ ғасырларда да жазба ескерткіштер араб графикасымен жазылды. Араб графикасына негiзделген қазақ жазуы жүйесiнде 34 таңба болды. Оның 28-i араб әлiпбиiне сәйкес, 4-i парсы әліпбиiнен алынған, 1 -түркі, 1 таңба ауған жазуының әрпі болып табылды. Қазақ тiлiндегi дауысты дыбыстар жүйесi араб жазуында таңбамен берiлдi. Ол фонемалардың ашық, қысаң, дифтонг белгiлерiне қарап топтастырылды: ا <а>, <ә>, <е>, <ы>; ی <й>, <ы>, , <е>; و <о>, <у>, <ө>, <ұ>, <ү>.
Қазақ жазуында дыбыстық мәнi бар әріпке мадда белгiсiн қойып, дыбыстық мәнi жоқ әріпке мадда белгiсiнің қойылмауын қысқа дауыстылардың харакаттармен, созылыңқы дауыстылардың мадда белгiсiмен белгiлену тәртібiне сәйкес келдi.
Араб жазуында мәтін әріп не буын арқылы емес, сөздi тұтас көре отырып, мағынасына қарай дауыстыларды калпына келтiрiп оқитын логикалық әдіске негiзделдi. С ондыңтан алғашқы буындағы дауыстылардың редукциялануын, әсіресе қысаң езулiктердің фонемалық мәнге ие болмағанда таңбаланбауы тұрақты нормаға айналды [21, 119 б.].
Сөйтіп, дауыстылар жүйесiнің графема-фонема қатынасы: 3:9 болып шықты. Жазу бiр буынды сөздердің мағынасын ажыратуда қиындық тудырғаны рас. Мысалы, ор, өр, ұр, үр сипатты түбірлер бiрдей жазылды.
Жалпы араб графикасына негізделген қазақ жазуында араб графикасының дәстүрін, сипатын сақтаған, яғни араб тiлiнің графикасы түпнұсқа қалпында жүйесi бөлек қазақ тiлiнің жазба тілінде пайдаланылды. Сонда араб графикасына негізделген қазақ жазуы өзіндік жүйесi мен деңгейi болған, ауызшы тілден өзгеше, оған параллель жатқан жүйе болды. Н.Уәли айтқандай, халықтық тiлден едәуiр айырмашылығы бар кiтаби тiлдің тұрпат межесiн белгiлеген графикалық жүйе болды [22, 269 б.]. Ал дауыссыздар жүйесiн белгiлейтiн әріп таңбалары 20 болды. Мұндағы 3 әріп шеттен енген сөздердi таңбалады: х, ф, ч: хазрет, хабар, хош [23, 53 б.]. Араб жазуының демократиялана бастаған жәлил жазу жүйесiнде, мысалы, Түркістан уәләяты газетiнде бұл қатардың кейбiреуi қ әрпіне көше бастайды: қабар, қан [23, 53 б.]. <В> - у мен, <ц> - тс пен берілдi. Сөз мағынасы дауыссыздардың жуан-жіңішке вариантымен айрылып отырды. <ң> — /нк әріп тiркесiмен берiлдi. [п], [ғ], [ч] дыбыстарының таңбасы парсы әліпбиiнен алынды.
Г.Мамырбекованың зерттеуi бойынша, <п> фонемасының сөз басында парсылық /пе/-мен, сөз аяғында арабша /ба/-мен сөз ортасында бiрде /ба/, бiрде /пе/-мен берiлу [20] жүйесi қатаң. Бұдан сөз аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды дегендi бiлуге болады. Сондай-ақ <б> фонемасының сөз ортасында /ба/-мен, бiрге /ве/-мен де берiлуiн интервокал позициядағы бәсаң <б> вариациясын бiлдiруi деп түсiнуге болады.
Жалпы араб әліпбиiнiң түпнұсқасында болмаған <п> дыбысының әрпі өзге әліпбиден (парсы) алынса да, толық өз функциясында жұмсала алмаған деймiз.
Араб жазуының емлесiндегi бiр ерекшелiк ерiн үндестігiнің басым берiлуi, тiптi қосымшаларда да таңбалануы болды. Мысалы, болұс, мүйүз, тұрғұн, ұзұнлқ, үстүнен [23, 466.]. Яғни, ерiн үндесімi позициялық өзгерiстi бейнелеген фонетикалық принциптен де шықты, сонымен бiрге оғыз-қарлұқ архаикалық элементiнің де дәстүрін сақтады, мысалы: оқұт, бірақ барұб, келүб.
Проф. Р.Сыздық К. Жалайырдың еңбегiнде лабиалды үндесім тұрақты таңбаланбайтынын, ал қосымшалардың ерiндiк варианты мүлде кездеспейтiнiн айтады [21, 1196.].
Бұл тенденцияны орта түркі шагатай тiлiнің орфографиялық нормасынан қазақ тiлiнің өз емле нормасы бөлінiп шыға бастағаны деп түсiндiруге болады.
Қосымшалардың түбірге үйлесiмсiз бірыңғай вариантпен жазылуын Г.Мамырбекова инвариант-вариант принципi бойынша ұяң нұсқасы инвариант болып табылған да, ауызша тілде үйлесiм варианттарымен дыбысталғаны деп көрсетедi [20].
Жалпы, мұнда қосымшалардың мазмұн межесi (мысалы, көптiк жалғауының қазақ ауызша тілінде 9 варианты бар) бiр тұрпат межесiне сай келген қосымшаның таңбалық сипатын көруге болады: <лар, лер, дар, дер> / <лар>.
Сөз болып отырған жазу емлесi морфологиялық ұстанымға негiзделдi. Дегенмен, ерiн үндестiгiнің позициялық түрленiмiнің таңбалануы, орнына, халқыңыз, көңлүме сияқты сөздерде қысаң езулiктердің айтылуы бойынша түсiрiлiп жазылуы, интервокал позициядағы <қ> фонемасының <х> әрпімен (йахшы, йарылханыб, ахыры, ахшар) берiлуi, /қ/, /ғ/ әріптерiнің жуан дауыстылармен iргелес жазылуы [21, 1196.] араб жазу дәстүрінен қазақ тiлiнің өзiне тән жазу жүйесi түзілiп келе жатқанынан хабар бердi.
Сонымен бұл бөлімде бiз араб графикасына негізделген қазақ жазуының жалпы сипаты мен маңызын көрсетіп, орфографиясының кейбiр ерекшелiктерiне пiкiрiмiздi бiлдiрдік. Себебі араб графикасына негізделген қазақ жазуы қазақ жазуының тарихында елеулі орын алатын кезеңді қамтиды.
Орыс графикасына негiзделген қазақ әліпбиiнің жобалары (ХIХ ғ.)

Араб графикасының қазақ тiлiнің дыбыстық жүйесiн берудегi қолайсыздығы, омографтардың көбейiп кетуiнен мәтін мағынасын түсiну қиындығы жазудың демократиялануына кедергi келтiрдi. Бірақ генетикалық жағынан туыс емес тiлдің жазу жүйесiн жазу дәстүріне енгiзу қиындығынан ол дәстүрден бас тарту қиындығы басым болды. Сондықтан А.Байтұрсынұлы қазақ халқы үшін жазуды жөндеудің бiр ғана жолын көрдi, ол графиканы өзгертпей, әлiпбидi жетiлдiру жағы болғаны белгiлi. Бұл қазақ жұртының өзге елдің саясатына мойынсынбай, өз тiлiнің төл жазуын ойлап тапқанмен бiрдей болды. А.Байтұрсынұлы әліпбиiнің түзілiп, ұсынылғанынан бастап, қолданыста қолдау тапқанына дейiн үлкен күш, табанды бәсекелестiк қажет болды. әліпбидің iшкi құрылымы бәсекелестiкке төтеп бере алатындай жағдайда болса да, бiрiншiден, жалпы араб графикасынан бас тартуды ұсынғандар қатары көп болды, екiншiден, “сол кезеңдегi Ресей үкiметi саясатының есебiнен орыс жазуына көшу бағыты шығып қалып едi. 1876 жылы қазақ жазуын орыс графикасына көшіру туралы мәселе үкіметтің ресми саясаты дәрежесiнде мықтап қолға алынады” [24, 66.].


Орыс графикасына негiзделген ең алғашқы қазақ әліпбиi жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиiндегi қазақ тiлiнің өзiне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: ǎ – <ә>, ǒ – <ө>, у – < ү>, i – і, – ы – <ы>, н – <ң>, к – <қ>, г – <ғ>. Сөйтіп, зерттеушi он шақты қосымша белгi алғанымен, орыс әліпбиiндегi е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тiлi дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын) қолданбады. Н.И.Ильминскийдің бұл жазуына кезiнде В.В.Григорьев тарапынан арнайы сын айтылған едi. Онда В.В.Григорьев араб жазуы сiз ойлағандай қазақ жазуына келмейдi емес дейдi: “Но справедливость прежде всего, даже и в отношении к арабской азбуке: зачем обижать ее, а вы, я нахожу, обидели ее, унизив паче меры”. Ғалым басқа әліпбидi алған соң оны не өзгерiссiз қабылдау керек, не сол әліпби таңбаларының шегiнде ғана пайдалану керек деген.
В.В.Григорьев қазақ тiлiнің консонантизм жүйесiне араб графикасының 19 әрпі жеткен едi, ал сөз болып отырған әліпбиде 3 әріптi (к, ғ, ң) қолдан жасайды, 2 әріптi (w, j) латыннан алады дейдi. “Находите вы еще в киргизском языке особое тонкое а которое изображаете через ǎ. Я полагаю что ваше а по тождественности своей с тонким глухим е, можеть быть безо всякого неудобство изображаемо буквою э” [25, с. 165] деп қате пiкiр түйедi. Автор к әрпімен <қ>, <к> фонемаларын, г әрпімен <ғ>, <һ>, <г> фонемаларын белгiлеу керек, себебi бұлармен iргелес келген дауысты таңбасы жуан-жіңішке оқылуын айырып тұрады, жүген, кереге, қаймақ, қол сөздерiн басқаша оқу мүмкін емес дедi. Ң фонемасын нг немесе н деп бергендi дұрыс көреді және й әрпі тұрғанда латыннан j таңбасын алып қажетi жоқ екенiн, сондай-ақ [иа] тiркесiн я, [йе]-е, [иы-йы, [йi] (ий), [йо]-йо деп берудi, сөйтіп я, ю, ъ әріптерiн орыс сөздерiн оқығанда оңай болу үшін, және әріп үнемдеу үшін қалдыруды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет