МазмұНЫ: Кiрiспе Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерi Орыс графикасына негiзделген қазақ әліпбиiнің жобалары (хіхғ.)



бет4/5
Дата20.09.2022
өлшемі91.5 Kb.
#460988
1   2   3   4   5
jhajuhfabz

ҚОРЫТЫНДЫ

Тiл екi жүйеде — ауызша жене жазба жүйеде – өмiр сүредi. Жазу тiлдiң өзiндегi құбылыстарды дифференциялайды және көрсетедi, ауызша жүйедегi құрылымдарды қайта құрап, тiлдiң жоғарғы абстрактi межесiн белгiлейдi. Жазудың ойды ұйымдастыру, жасау, нақтылау, тiлдi нормалау қызметiнiң артуы, оның таңбалық жүйе ретiнде әлеуметтiк коммуникацияны өзгертiп, қайта құру бағытын көрсетедi. Бүгiнгi ауызша коммуникация құралдарының жетiлу заманында жазудың негiзгi қызметi — ойды жүйелеу, нақтылау, жасау, жарыққа шығару; мемлекет құрылысының күрделiлiгiне байланысты факт, аргумент болу; бiлiм-ғылым нәтижелерiн сақтау, жеткiзу; тiлдiң жетiлу мүмкiндiктерiн ашу, тiлдi жетiлдiру болып табылады.


Жалпы жазу түрлерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен өлшенедi. Тiл-тілдің барлығында бiр буынды түбірлердің көптігі сөз жазудан дыбыс жазуға өту сатысын растайды. Ойжазу, суретжазу, буынжазу, сөзжазу, дыбысжазу терминдерi пиктографиялық, семасиографиялық, силлабографиялық, фонемографиялық жазу түрлерiне сәйкес келедi.
Қазақ жазуының тарихында болған әліпбилердi фонографиялық (латын, орыс графикасы негiзiнде әліпбилер) және сингармографиялық (көне түркі жазуы және А.Байтұрсынұлы әліпбиi) деп екiге бөлуге болады.
Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының емле ережелерi 1924 ж. Орынбор съезiнде қабылданды. Сонымен бұл бөлімде бiз араб графикасына негізделген қазақ жазуының жалпы сипаты мен маңызын көрсетіп, орфографиясының кейбiр ерекшелiктерiне пiкiрiмiздi бiлдiрдік. Себебі араб графикасына негізделген қазақ жазуы қазақ жазуының тарихында елеулі орын алатын кезеңді қамтиды.
А.Байтұрсынұлы төте жазуы, 1929 ж. латын графикасына негiзделген қазақ жазуында сингармониялық ұстаным негiзгi болса, қазіргi қазақ жазуы сингармофонологиялық принциптi басшылыққа алады.
Қорыта келгенде, көне түркі, араб, төте жазу (1912-1929) және латын (1929-1940), орыс графикасы қолданылған кезеңдер мен осы графикаларға негiзделген әліпби мен емле ережелерi сипатында қарастыра отырып, қазақ жазуының тарихына тоқталып өттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет