Мазмұны Кіріспе ҚазЕжӨШҒзи орналасуы, ауданы


Топырақтың агрохимиялық құрамы



бет3/5
Дата19.05.2022
өлшемі57.95 Kb.
#457697
1   2   3   4   5
климат КИЗ (1)

Топырақтың агрохимиялық құрамы
Тәжірибе жүргізілген танаптағы топырақтың агрохимиялық сипаттамасы (дұрыстап қарау керек)
Тәжірибе алаңының топырағы Алматы облысының тау бөктерлік дала алқабына тән ашық қара – қоңыр топырақ. Топырақ құраушылар әртүрлі қалыңдықтағы (40 – тан 200 см–ге дейін) төртінші дәуірлік тасқындық –жауындық шайынды жыныстар. Олар: тасты – қиыршықты материалдар, құмдар, сарғыл сұр құмдақтар, сазбалшықтар және саздақтардан тұрады. Топырақ түйіртпектілігі ірі болып келеді. Гранулометриялық құрамына сәйкес 45% ірі, 13 – 35% орташа және қалған бөлігі ұсақ шаң тозаңдардан тұрады.
Топырақ жамылғысы негізінен байырғы қатпарлардың құрамдары өзгерген жыныстардың жиынтығынан түзілген. Олардың үстіңгі қабатының астында төртінші дәуірлік майда түйіршікті құмтастар, тығыз саздақтармен жабылған борлы аралас жыныстар бар. Топырақ құнарлылығы мен оның құрамында неғұрлым минералды және органикалық тыңайтқыштар көп болса, соғұрлым ауылшаруашылық дақылдарының беретін өнімі өте жоғары болады.

Кесте 1– Ашық қара – қоңыр топырақтың агрофизикалық қасиеттері (Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты деректері, 2017 ж.)

Қабат тереңдігі, см

Топырақтың көлемдік массасы, г/см3

Топырақтың кеуектігі, %

Топырақтың агрегаттық құрамы

10 – 25 см
aгрегат– тар

құрылым –
дылық коэффициен– ті, %

суға төзімді агрегаттардың жиынтығы, %

0-10

1,28

51,3

76,8

3,4

34,2

10-20

1,34

48,9

73,5

2,9

31,9

20-30

1,41

46,2

68,4

2,3

29,6

30-40

1,49

44,7

62,9

1,7

29,4

0-40

1,36

47,4

70,4

2,7

30,8

Ашық қара – қоңыр топырақтар негізінен лөсстен пайда болған. Кескіннің пішінінен байқалғандай, ашық қара – қоңыр топырақтарда қара шірінді қабаты жақсы дамыған, сондықтан оларда суармалы егіншілік жағдайын көптеген ауылшаруашылық дақылдары, оның ішінде күздік астық дақылдары жақсы өсіп, мол өнім береді. Тәжірибе аймағының өңделетін топырақ қабатының гумус мөлшері 2,07%, жалпы азот 0,145%, жиынтық фосфор 0,070% көрсетті. Жылжымалы қоректік элементтер құрамы бойынша тәжірибе аймағының топырағы жылжымалы фосформен сілтілі гидролизденген азоттың өте аз мөлшерімен, ал алмаспалы калийдің көп мөлшерде қамтылғаны анықталды.


Топырақтың агрофизикалық көрсеткіштерінің түзілу және бағалау критериясы ретінде оның тығыздығы пайдаланылады. Егіншілікте топырақ тығыздығының рөлі көпқырлы, ал суармалы егіншілік жағдайында тіпті жоғары, себебі ол топырақтың су және ауа режимдерін реттеуде негізгі рөл атқарады.
Ашық қара-қоңыр топырақтың гранулометриялық құрамы жағынан Качинскийдің жіктеуі бойынша ірі шаңды орташа құмбалшықты (кесте 2).

Кесте 2 – Тәжірибе танабындағы ашық қара – қоңыр топырақтың гранулометриялық құрамы, % (Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты деректері, 2017 ж.)



Топырақ қабатының тереңдігі, см

Топырақтың фракциялық құрамы, %



Качинский бойынша дисперсиялық коэффициент

<1 –0,26

0,25 –0,05

0,05–0,01

0,01–0,005

0,005–0,001

<0,001

0 –10

1,59

10,32

44,31

12,5

17,48

13,83

10,3

10 – 25

1,31

8,87

44,31

12,5

15,86

17,08

10,4

25 – 35

2,08

10,05

42,35

12,85

14,96

16,8

10,6

35 – 55

0,47

13,62

43,33

10,33

16,82

15,42

11,8

55 – 80

0,45

13,23

43,34

10,33

17,23

15,42

11,8

80 –100

0,33

16,3

41,15

13,04

17,52

15,45

13,8

Фракцияның түйіртпекті құрамының жоғары 41,14 – 44,3% бөлігін шаңдар алып жытыр, оның ішінде ұсақ шаңдар 10,32 –13,03%. Құмның фракциялық мөлшерінің үлесі 0,25 мм жоғарысы 0,34 – 2,09% құрады. 0,05 – 0,25 мм мөлшердегі ұсақ құмдар 8,88 – 16,4%, ал коллоидты фракциялық бөлшектер 13,8 – 17,1% шамасында болады.


Сонымен, тәжірибе танабы топырағының гранулометриялық негізгі элементтердің минералдық қоректену құрамы және морфологиялық сипаттамасы, сонымен бірге топырақ құрамындағы жеңіл ыдырайтын азот, алмаспалы калий көтеріңкі, жылжымалы фосфор орташа дәрежеде қамтамасыз етілуімен өсірілген ауылшаруашылық дақылдарына берілетін тиімділігі жоғары. Топырақ тығыздығы қабат – қабатпен, әрбір 10 см сайын 40 см тереңдікке дейін анықталды.
0 – 40 см қабатта шалғынды қызыл – қоңыр топырақтың көлемдік массасы 1,27 – ден 1,48 г/см3 дейін, ал орта есеппен 1,37 г/см3. Горизонттардың тереңдігіне қарай топырақтың кеуектілігі 44,6 – дан 51,2% – ға дейін өзгереді.
Топырақтың ауылшаруашылығы үшін маңызы өте зор, себебі өсімдіктер мен топырақ өзара бір – бірімен тығыз байланыста жатыр. Әр жылы үш мезгілде (көктем, жаз, күз) осы топырақтың тік қимасы (0 – 180см) бойынша жүргізілген, осы стационарлы учаскенің топырақ қабаттарының қимасы былай сипатталады.

Кесте 3 – Топырақ қабаттарының қимасы (Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты деректері)



А1 – 0 – 23 см қабаты.

Боз сұр түсті, құрғақ, аздап тығыздалған, құрамы ұсақтау – шаңытпа, орташа түйіршікті, орташа саз балшықты.

В1– 22 – 41 см қабаты.

Қошқыл – қара сұр, ірі тас кесегіне дейін үлкен кесек – кесек болып келеді, тығыздалған, орташа саз балшықты, келесі қабатына өткенде топырақ тығыздығы мен оның түсі айқындалады.

В2 – 40 –69 см қабаты.

Ақшыл сұр, аздап ылғалданған, ірі тас кесекті, тығыздалған, әлсіз түйіршікті, орташа балшықты келесі қабатында түсі байқалады.

Вс – 68 – 93 см қабаты.

Сарғыш тартқан сұр түсті, аздап ылғалданған, орташа тығыздалған, карбонаттар тізбектелген тырнадай болып, нүкте түрінде орналасқан, келесі қабатында түсі байқалады.

С1 – 92 – 149 см қабаты.

Сарғыш тартқан, лөсс түрлі, балшықты, кесек – кесек келген, тығыздалған, карбонаттар ойдым – ойдым өте сирек кездеседі. Келесі қабатында тығыздығы мен түсі белгілі болады.

С2 – 148 – 181см қабаты.

Ашық сарғыш тартқан, лөсс түрлі саз балшықты, тығыздалған, карбонаттар тізбектеле орналасқан.


Механикалық құрамы бойынша бұл топырақ ірі шаңытпа, орташа балшықты болып саналады, ірі шаңның құрамы 40 – 51% –ды құрайды, ал физикалық балшықтылығы 43 – 45%, тұнбалық бөлігі профиль бойынша 13,8 –ден 8,7% – ға азаяды.
Микроагрегаттар мөлшері 80 – 90 % – ға жетеді. Топырағының құрамында қарашірік мөлшері өте көп емес, топырақ ерітіндісінің жоғары карбонаттылық әсері өте әлсіз сілтілі болып келеді (7,3 – 7,6).

Кесте 4 – Топырақтың агрохимиялық құрамы (Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты деректері, 2017 ж.)



Топырақ қабат, см

Қарашірік
мөлшері



Жалпы мөлшері,

СО2



рН

Салыстырмалы негіздер, мг/экв

Жылжымалы түрі 100 гр топырақ, Мг

N

P

Ca

Mg

Na

P2O5

K2O

0 – 22

22 – 45

0,16

0,215

2,6

7,4

11,66

2,5



2,69

41,5

22 – 40

1,71

0,12

0,199

3,5

7,4

13,2

2,28



1,28

32,65

40 – 60

1,08

0,07

0,192

4,8

7,4

12,3

1,98



0,49

18,28

Сыйымдылық деңгейі 15 мг/экв–тен артпайды. Сіңірілетін негіздер жиынтығы кальций мен магнийден (Са, Мg) құралады. Бірақ бұл топырақ қабатының басым бөлігін кальций элементі құрайды. Ал магний элементінің мөлшері аз деңгейде кездеседі.


Топырақтың жыртылып өңделетін қабатында қарашірік мөлшері 1,98 – 2,1% көлемінде кездессе, жалпы азот (N) 0,16%, ал жалпы фосфор (Р) 0,22% көлемінде кездеседі. Зерттеу көлемі бойынша, Іле Алатауы өңірінің тау етегінің белдеуінде орналасқан жердің топырағы ашық – қоңыр, карбонатты, орташа сазбалшықты, тұзданбаған әрі сортаңданбаған.
Топырақ сипаттамасы туралы жоғарыда келтірілген деректерді талдай келе, агрономиялық талаптар тұрғысынан және жіктеулік негізінде қорытындылайтын болсақ, оның құрамында азот пен фосфор жеткіліксіз болғандықтан, қажетті тыңайтқыштар қолдану өте қажет. Ал, калий элементінің мөлшері шектен тыс көп болуы, жоңышқа дақылының өсуіне және жоғары өнім беруіне кері әсерін тигізбейді.
Ал ылғал мөлшері көп жағдайда жазғы жауын – шашын мөлшеріне тәуелді екенін көрсетеді. Қоректік заттар мөлшері негізінен 100 тонна топыраққа келеді. Негізінен бұл өңірдің топырақ климат жағдайы ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін өте қолайлы болып табылады.
Шаруашылықтың егіс аумағында топырақ құрамы азотпен орташа, фосформен де орташа, ал калий элементімен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген.
Су – физикалық көрсеткіштерінің қолайлылығына байланысты тәжірибе танаптары суармалы егіске жарамды болып келеді. Судың 1 м тереңдіктегі көлемдік массасы 1,18 г/см3 – тен 1,37 г/см3 ауытқып отырады. Орташа көрсеткіші 1,28 г/см3, 51,36% топырақтың беткі қабаты (0 – 6 см) саңылаулы болып келеді.
Тереңдеген сайын саңылау азая түседі 48,8% (67 – 90 см). Ең төменгі су сыйымдылық (құрғақ топырақтың 100% салмағын алғанда) 1 м тереңдікте 25,5% – дан 23% – ға орта есеппен 24,32% – ға ауытқып отырады.
Сонымен, шаруашылықтың шалғындық қоңыр топырағының аналитикалық мәліметтеріне сүйене отырып, зерттеу алаңының топырағы бұршақ дақылдар егу үшін өте қолайлы, одан жоғары және тұрақты өнім алу үшін (қарашіріктілігі орташа, қоректік элементтері жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген, топырақ құрамының сіңіруі, натрийдің алмасу құрамы төмен, топырақ агрегаттылығы және жыртылатын қабат тығыздығы орташа орналасқан) қанағаттанарлық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет