Мазмұны Кіріспе ҚазЕжӨШҒзи орналасуы, ауданы


Қызметінің негізгі бағыттары



бет2/5
Дата19.05.2022
өлшемі57.95 Kb.
#457697
1   2   3   4   5
климат КИЗ (1)

Қызметінің негізгі бағыттары:
- ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің ген қорын жинау, сақтау, кешенді зерттеу және пайдалану;
- инновациялық әдістерді қолданумен ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын шығару және өндіріске енгізу;
- ауыл шаруашылығы дақылдары сорттары мен будандарының түпнұсқалық және элиталық тұқымын өндіру және сату, тұқым өндіру сызбалары мен технологияларын жетілдіру;
- өсімдік шаруашылығын қоснысандау, биологияландыру және экологиялық таза өнім алу шараларына сейкес агроландшафт-бейімдеу, сондай-ақ ресурс үнемдеу және басқа егіншілік жүйелерін зерттеу;
- ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын жетілдіру;
- ақпарат-жарнама қызметі, ғылыми-техникалық жетістіктерді насихаттау, ғылыми-консалтинг қызметі;
- инновациялық технологияларды ғылыми қамтамасыз ету және зерттеу нәтижелерін шарт негізінде өндіріске енгізу.
3 Жер және егістік көлемі.
Барлық жер көлемі 600 га тұтас жыртынды, оның ішінде:
күздік бидай - 450 га,
жаздық арпа – 40 га,
жүгері – 30 га,
тұқымдық қант қызылшасы -10 га,
тұқымдық жоңышқа – 5 га,
тұқымдық сиыржоңышқа – 5 га,
тәжірибелер – 60 га.
Жұмыс нәтижелерінде жеткен жетістіктері .
Институт соңғы 30 жыл ішінде 60-тан астам күздік бидай, арпа, сұлы, жүгері, жоңышқа және басқа дақыл сорттарын шығарды. Бұл сорттар Р.А. Оразалиев, Г.Т. Мейрман, Б.С. Сариев, Ю.Г. Карягин, Е.С. Садуақасов, Т.Г. Зусманович, С.И. Нұрбеков, И.А. Нұрпеисов, О.Ш. Шегебаев, Г.О. Омарова, С.Г. Абугалиев және т.б. селекционерлер атқарған көпжылдық жұмыстың аса ірі жетістіктері болып табылады.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өсірген ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі жоғары деңгей көрсетті.
Институттың басты өндірістік дақылы - күздік бидай жыл сайын 450 га аумағында себіліп, ұдайы жақсы нәтиже беруде. Жаздық арпа, қант қызылшасы, жоңышқа және басқа дақылдар бойынша негізінен әртүрлі селекциялық нөмірлердің тұқымы көбейтіледі. Сондықтан олардың көрсеткіштері төмендеу болып шығуда.
Сонымен қатар институтта, ауыл шаруашылығы дақылдарының тектік қорында, 57447 үлгі тіркеуге алынған. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары, әрі сапалы өнімді, қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторына төзімді 400-ден астам сорттары мен будандары шығарылған. Олардың 135- і өндіріске енгізілген, оның ішінде: қара бидай, күздік бидай мен тритикаленің-25, жаздық жұмсақ бидайдың-21, жаздық қатты бидайдың-6, жаздық арпаның-15, сұлының-5, жүгері мен құмай жүгерінің-30, дәнді бұршақтардың-13, мақсарының-1, рапстың-1, қант қызылшасының-4, күріштің-4, мал азықтық, көпжылдық шөптердің-10 сорттары мен будандары бар. Олардың Қазақстандағы және елімізден тыс жердегі шет мемлекеттердегі (Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан және басқалар) егіс көлемі 2,5 млн.гектар алқапты құрайды және қалыптастырылған, жетілдірілген технологиялар жиынтығы бар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет