Мазмұны Кіріспе Қхр-ның экономикасын реформалаудың теориялық аспектілері


Сурет-4 ЖІӨ динамикасы, 1991-2003 жж. (%)



бет3/3
Дата25.02.2016
өлшемі324.5 Kb.
#21158
1   2   3

Сурет-4 ЖІӨ динамикасы, 1991-2003 жж. (%)

Қайнар көзі: Дорога в Поднебесную: Made in China - http://k2kapital.com


Осындай көлемді оң жетістіктерге әкелген негізгі факторларға келесілерді жатқызуға болады:

  • Қытай бар күшін өткенді бұзу мен сынауға емес, жаңаны құруға бағыттады.

  • Реформа әуелбастан адам мен оның қажеттіліктеріне бас бұрды. Халықтың азық-түлік пен кең қолданыс тауарларына деген негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті жаңадан құрылған шаруашылық жүргізу құрылымының қызметінде басымды болды. Бұл халықтың реформалардың бас кезеңдерінде-ақ оны қолдауын қамтамасыз етті.

  • Реформалаудың басты әдісі экономиканы жаппай либералдау емес, эволюциялық, сатылы, эксперименталды тексерістер арқылы нарыққа көшу болып танылды.

  • Реформаның алғашқы жылдарының тәжірибесіне қарағанда, нарыққа апаратын табиғи жол – меншік формасы бойынша түрлі шаруашылықтарды дамыту: коллективті, жеке тұлғалық, жеке, бірлескен (шетел қатысуымен). Бұл жолмен жылжу арқылы нарық субъектілерінің тез өсімін қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ ұлттық шаруашылық құрылымын меншік формалары бойынша өзгерту арқылы инвестиция мен өндірістің құрылымын экономика мен әлеуметтік саланың нақты талаптарына қарай реттеуге болады;

  • Нарық субъектілері бар мемлекеттік құрылымдарды жою арқылы емес, негізінен бос тетіктерді жаңа коммерциялық құрылымдармен толтыру арқылы қалыптасты, яғни бастапқы қадамдардан бастап реформа экономиканың дефицитін азайтуға жұмыс жасады. Бұл мақсаттар үшін тек ішкі резервтер ғана мобилизацияланған жоқ, сонымен қатар шетел капиталы да белсенді түрде тартылды;

  • Микро деңгейде шаруашылық бастамаларды ынталандырып, мемлекет басшылары экономиканы макро реттеуді қолдан жібермеді және оның тепе-теңсіздігінің қауіпті өсуі кезеңінде бірден қарсы шаралар ұйымдастырды;

  • Өздерінің және шетел тәжірибесін зерттеп, үкімет реформаны өзгелердің әдістері арқылы жасамау керек деген тұжырымға келді. Қытай өз ерекшеліктеріне сүйене отырып, “социализмді қытай ерекшеліктерімен құру” жолына түсті. Бұл шектелген ресурстар жағдайында халық санының көптігі сияқты маңызды факторды ескерді.

Қытайдың жоспарлы шаруашылықтан нарықтық жүйеге көшудегі негізгі стратегиясы біртіндеп шешім қабылдауды орталықсыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік емес экономиканы либерализациялау болды.

“Екі торапты” әдіс – жоспарлы бағытпен қатар нарықтық бағытты құру – бұл барлық салалардағы шешім қабылдауда қолданылады: экономика секторындағы реформа, бағаның мемлекеттің араласуынсыз орнатылуы, кәсіпорындарды реконструкциялау, аймақтық даму, сауданың дамуы, валюта айырбасын басқару, орталық және жергілікті басқару органдарының арасындағы фискалдық қатынастар, ұлттық валютаны шығару. “Екі торапты” бағытқа ауысудың әдеттегі үрдісі келесілерден тұрады:



  • Жоспарлы төмен бағамен мемлекеттік жеткізудің көлемін өзгертпей ашық нарықты құру;

  • Нарықтық баға деңгейіне жету үшін бірте-бірте жоспарлы бағаларды өзгерту. Жоспарлы бағалармен жоспарланған жеткізулерге, егер олардың уақыт өте келе көлемі өзгермесе, әдетте квота орнатылады. Әдетте, екі түрлі бағаның іспеттестігінің “шок” тудыруы байқалмайды. Мұндай жол 1978 жылдың соңында ауыл шаруашылық секторын тез, әрі жалпы либерализациясы кезінде енгізілді. Ал бұл кезде өнеркәсіптік сектор дәстүрлі орталықтан жоспарлы басқару жағдайында қала берді.

1978 ж.(алғашқы реформалар жүргізілген кезең) елеулі субсидиялар алған Қытайдың мемлекеттік секторында жұмыс күшінің аз бөлігі жұмыс істеген – 18%, ал сол кезде мемлекеттен субсидия алмаған ауыл шарушылығында 75% болды. Мемлекеттік кәсіпорындар қомақты әлеуметтік қызмет пакетімен қамтамасыз ете алды, оның ішінде: еңбекақы және әлеуметтік қорғау, зейнет ақы, елеулі дотациялармен сүйемелденіп отыратын тұрғын үй, медициналық қызмет көрсету, мектепке дейінгі балаларға арналған оқу орындары және демалыс орындары. Бұл қызметтер шаруаларға қолданбаған және қазіргі таңға дейін олар қалалық тұрғындардың алатын субсидияларының шамамен үштен бірін алады.

Қытайлық “екі тораптық” әдістің жағына қолдайтын аргумент келесідей болып келеді. Экономикалық өзгерістер елеулі жылжулармен байланысты, сондықтан өтпелі кезеңде ұлттық шаруашылықтың басына келетін соққылар күшін амортизациялаған жөн. Нарық либерализациясымен байланысты жаңа мүмкіндіктер пайда болмайынша, экономиканың бұрынғы секторларын қорғаған жөн. Бұрынғы секторлар тиімділігі аз болғандықтан бәсекелестік нәтижесінде жаңалары оны ығыстырады. Бірақ бұл жұмысшылар өз еркімен ескі кәсіпорындардан жаңа және тиімділігі жоғарырақ мемлекеттік емес кәсіпорындарға көшуіне қарай бірте-бірте жүзеге асады.

Қытай экономикасы құрылымының “артта қалу артықшылықтарына” толықтыру ретінде басқада факторлар болды. Олар динамикалық өсім көрсеткіштеріне ықпал еткен. Олар:


  • Реформаның басы терең макроэкономикалық кризис пен қатал үнемдеу тәртібін ұстануды талап ететін елеулі сыртқы қарыз кезеңіне сай келмеді;

  • Қытайдағы жинақтау нормасы тіпті шығысазиялық стандарттар бойынша өте жоғары болып келеді. Отбасылық жинақтардың жоғары нормасы Қытай экономикасын тұрақтандыруда маңызды роль атқарады.

  • Екі радикалды науқан – “алға жылжудың үлкен серпілісі”(1958-1962 жж.) және “мәдени революция”(1966-1976 жж.) – марксистік догмаға сенімді жойып, мемлекеттің административті әсерін әлсіретті және мемлекеттік жоспарлау саясатының беделін түсірді. Бұл екі апаттың салдары Дэн Сяопинге, ол билік басына үшінші рет 1978 ж. келген кезде экономика және ресурстарды үлестіру саласында провинцияларға формальді және формальді емес билік тізгінін беруге мүмкіндік берді. Орталық үкімет пен партиялық аппарат орталықсыздандыру саясатына қарсы тұру үшін өте әлсіз және беделі төмендеп кеткен болатын.

  • Отанда және шетелде тұратын қытайлықтардың арасындағы отбасылық байланыстың болуы бизнестің дамуын жеңілдетті. Оңтүстік Қытайда арнайы экономикалық аймақтардың тез дамуы (ЕЭА) Гонконг пен Тайваньнан, бұл өнеркәсіп салаларында басымдықтарын жоғалтқан еңбек сыйымдылығы жоғары кәсіпорындарды жаппай көшірудің нәтижесі болып табылады. Қытай жақын орналасқан, жалақы ол жерде төмен болған және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты балама орындарға қарағанда тіл проблемасы туындамаған. Менеджерлер ЕЭА-та орналасқан өздерінің фабрикаларындағы жұмыс барысын бақылауға мүмкіндіктері болды. Сенімді жергілікті инспекторлардың болуының, жергілікті ережелер мен жергілікті билікпен байланыстардың арқасында отбасылық байланыстар қаржылық операциялардың инвестицияларымен байланысты құнды елеулі қысқартты. Қытайдың тез қарқынмен дамуына басты себеп – экономикалық саясат сипаты. 1979-1999 жж. Мемлекетте реформалар біртіндеп және кезекпен жүзеге асты. Олардың либералдығы мен радикалдық дәрежесі әлем тарихында баламасы жоқ. Тәжірибеде либералды экономикалық модельді қолдану нәтижесі барлық бағыттардағы мемлекеттік ауыртпалықтың масштабын төмендетті. Бұл Қытай экономикасының рекордты өсім қарқынын қамтамасыз етті.

Бізге белгілі болғандай Қытайдағы реформа 1978 жылдан бастау алды. Бұл уақыт ішінде (21 ғасыр басына таман) мемлекеттің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ), инфляцияны ескергенде нақты шамамен 8 есеге артты (шамамен жылына 10 пайыз). Мақта, көмір, цемент, әйнек, азық-түлік тауарлары, болат және тағы басқа сияқты базалық тауарлар өндірісінен Қытай әлемде бірінші орынға шығып үлгерді.

Халықтың нақты табысы жыл сайын 7,7 пайызға өсіп отырды (бұл 9 жыл сайын өмір сүру деңгейінің екі еселенуі). Ал мұндай «тоғызжылдықтардың» үшеуі өтті, сондықтан қытайлықтардың қаншалықты өмір сүру деңгейлері өскендігін есептеу қиын емес. Шамамен 6 есе.

Мүлкі жоқ халықтың саны 1980 жылғы 300 млн-нан 21 ғасырдың басына таман 40 млн-ға дейін азайды.

Ауыл шаруашылығында өте үлкен алға жылжу болды. Аграрлық өнім реформа уақытында 4 есеге дейін өсті. 1990 жж. бірінші жартысында өнімдік карточкалар жоқ болды. Оған қоса, Қытай көптеген ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын өсіре бастады.

Аграрлық сектордың құрылымы да жақсара бастады. Алқап шаруашылығының дәстүрлі жоғары үлесі құлай бастаса, мал шаруашылығының көлемі шамамен 6 есеге, балық аулау шамамен 4 есеге, орман шаруашылығы шамамен 3,6 есеге өсті.

Алқап шаруашылығының үлесі жалпы ауыл шаруашылық өнімінде 80-нен 58 пайызға төмендесе, мал шаруашылығы 15-тен 28,5 пайызға, балық шаруашылығы 1,6-дан 10,3 пайызға өсті.

Өнеркәсіптегі табыстар да елеулі болды. 1990 жж. өнеркәсіпке құйылған инвестиция көлемі шамамен 7 есеге өсіп, 17 трлн. юаньді құрады. Реформа жылдары кезінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 19 есеге өсті. Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіптің үлесі ауыр өнеркәсіппен теңесті. Реформа басынан бастап жеңіл өнеркәсіптің өнім көлемі 25 есеге өсті, ал ауырдікі 15 есете өсті. Көмір өндірісі 627-ден 1100 млн т-ға өсті(әлемде тұрақты бірінші орын). 1960 жылға дейін тұрақты лидер КСРО болатын.

Элктр энергиясын өндіру 256,6 млрд кВт/сағаттан (1978ж) 1166,2 млрд-қа 20 ғасыр аяғында өсті, яғни 5 есеге өсті.

Өңдеуші өнеркәсіп елеулі түрде модернизацияланды. Қытай қазіргі таңда көптеген заманауи технологияларды өндіруден әлемдік лидер болды. Электроника, компьютер, ақпараттық құрал жабдықтар өндіруде биік шыңдарға жетті. Авиақұрылыс, космос өнеркәсібі, атом өнеркәсібі маңызды рольдерге ие бола бастады.

Көлік пен байланыс дамуында елеулі алға жылжулар байқалды. 21 ғасырдың басына таман темір жол ұзындығы 57,9 мың км., автомобиль жолы 1352, су жолы – 116,5, әуе жолы – 1522 мың км.,оның үштен бірі сыртқа әуе жолына келеді. Мұнай және газ құбырларының ұзындығы 25 мың км-ге жетті.

Бүкіл мемлекет бойынша әлемдік ең мықты магистральдарына дес бермейтін жоғары жылдамдықты автомагистральдар жүйесі құрылды.

Телекоммуникация саласында нағыз революция орын алды. 1980 ж. 100 адамға 0,43 телефон аппараты келді. Қазір шамамен – 15[1].

Жалпы қорыта айтқанда Қытай Халық Республикасының әлемдік деңгейде жетістікке жетуіне оның кемшілігі себепкер болып отыр десек қателеспейміз.

Елдегі жұмыссыздықтың салдарынан, жұмыс күшінің ұсынысының көп болуы, шетел инвесторларының қызығушылықтарын тудыруда. Мысалы, түрлі бағалаулар бойынша, Қытайдағы өндірістік салада орташа жалақы сағатына 0,6-дан 1,2 долларға жетеді. Бұл көрсеткіш басқа дамушы елдердегі көрсеткіштермен салыстырғанда аз. Мексиканың өзінде бұл көрсеткіш 2 долларға тең. Осылайша, жұмыс күшінің арзандығы шетел инвестицияларының ағылып келуінің басты факторы болып келеді. Бұл өз кезегінде елдегі өндіріс пен басқа да салалардың дамуына өзінің оң әсерін беруде. Қытай экономикасының әлемдік нарықты жаулап алуының тағы бір басты құралы ұлттық валюта юаньнің төмендетілген бағамы болып отыр. Экономикалық заңдылыққа сәйкес елдің валютасы бағамының төмендігі, ол елдің тауарларының сыртқы нарыққа төмен бағамен шығуын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор. Қазіргі таңда АҚШ және Еуроодақ елдері Қытай елімен юаньнің валютасын төмен бағамын жоғарлату төңірегінде келіссөздер жүргізуде. Алайда Қытай бұл қадамға баруға асығыстық танытып отырған жоқ. Сонымен Қытай экономикалық жетістіктері басқа ешбір елде жоқ бағытта дамып, салыстыруға келмейтін саясат ұстанғандығын байқауға болады.




Қорытынды

Қытай Халық Республикасынының экономикасының ерекшеліктерін қарастырғаннан соң, келесідей қорытындылар жасауға болады:



  • Қытай Халық Республикасының соңғы жылдардағы айтарлықтай үлкен жетістіктері ел ерекшеліктеріне сай жүргізілген реформалардың нәтижесі екендігі белгілі болды. Реформа кезінде оның ең алдымен ауыл шаруашылықтан басталуының өзі саясаттың дұрыс таңдалғандығын көрсетеді. Оған себеп ауыл шаруашылығының дамуы басқа да салалардың дамуына түрткі болуы. Себебі ауыл шаруашылық саласы басқа салаларға шикізат жеткізіп тұратын басты сала болған. Қазақстандағы реформалармен салыстырсақ, негізінде біздің үкіметіміз үлкен назарды ауыл шаруашылығын дамытуға аударуда. Бәлкім Қытайдағыдай ауыл шаруашылығынан басталған реформалар өз нәтижесін бергендей, біздің елдегі саясат та осындай оң нәтиже береді. Қытайдағы реформаның басты ерекшелігі Қытай ерекшеліктеріне сай социализм құру

  • Реформаның қазіргі нәтижелерін қарастыра отырып, оның басты ерекшелігі ауыл шаруашылығының реформасы. Сонымен қатар Қытайдың қарқынды дамуының басқа да факторлар, арзан жұмыс күші мен ұлттық валюта юаньнің төмендетілген бағамы болып отыр десек қателеспейміз.

  • Жұмыс барысында Қытай алдында тұрған өткір мәселе энергетика саласы екендігін байқап, осы тұста Қазақстан үшін Қытаймен серіктесіп жұмыс істеу екі елдің болашақтағы стартегиялық бағыты екендігіне көз жеткізуге болады. Шикізат ресурстарына бай Қазақстанға Қытайдың танытып отырған қызығушылығы мол екендігін байқау қиын емес.

  • Қытай елі көптеген көрсеткіштер бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы елдерін озып келе жатқандығы да айқын. Сондықтан Қытай елінің әлі әлеуметтік мәселелерді шешіп, барлық көрсеткіштер бойынша көшбасшы ел болуға толық мүмкіндігі бар. Атап өтілгендей көптеген сарапшылар бұл елдің Жапония мен АҚШ сияқты елдерді басып озатындығын мойындауда. Қытай елінің АҚШ сияқты қуатты елдердің нарықтарын өзінің арзан тауарларымен жаулап алуы, осы көшбасшылықтың алғышарты десек қателеспейміз. Қытайдың қарқынды дамыған экономикасы оған тек қана аймақтық емес, әлемдік көшбасшы болуға да мүмкіндік береді. Бұған жұмыста келтірілген мәліметтер дәлел.

  • Дегенмен жұмыста көрсетілгендей Қытайдың экономикасы қарқынды дамығанымен, ол елде де көптеген шешілмеген мәселелер бар екендігін білдік. Жалпы экономикалық көрсеткіштер өскенімен, өмір сүру деңгейнің төмендігі Қытай елінің басты шешілуі тиіс мәселелерінің бірі болып қала бермек.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Селищев А.С., Селищев Н.А. Китайская экономика в XXI веке. – СПб.: Питер, 2004. – 240с.: ил.

  2. Справочник-Китай// Издательство “Синь син” 1999 год

  3. Мейірманова Г.А. Қытайдағы аграрлық реформаның жүргізілуі(1978-2000 жж.)//ҚазНУ хабаршысы, Тарих сериясы - 2002 жыл -№1-115-117- беттер.

  4. Ли Ли и Кондрашова Л. Демократизация прав собственности: китайский вариант//Проблемы теории и практики управления – 2003 год-№ 2-24-30-стр.

  5. Справочник - Китай//издательство “Синь син” 2004 год

  6. Яо Цзинъюань: новые проблемы, стоящие перед экономикой Китая - china.org.cn

  7. Чжоу Синьчэн Экономическая реформа в Китае: достижения и задачи - http://chinapro.ru

  8. Дорога в Поднебесную: Made in China - http://k2kapital.com

  9. Хуан Дингуй Китай: подходы и особенности экономических преобразований - http://chinapro.ru

  10. Рахимов Р.К. Современная ситуация в нефтегазовой промышленности Китая//АльПари-2003 год- №3-4 -124-128 стр.

  11. Қаражанова Ж. Қ. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының сауда-экономикалық қатынастары//ҚазНУ хабаршысы, Тарих сериясы. - 2005жыл - №3(38) – 89-92-беттер

  12. Садуақасов А. Қытай экономикасның құпиясы неде?//Дала мен қала - 2005 жыл-№20 -4-бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет