Мазмўны Кіріспе html


WEB-технологиялардың негізі



бет22/65
Дата13.11.2022
өлшемі6.71 Mb.
#464698
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Bilim Boribaev-Web-teh

1.5 WEB-технологиялардың негізі

OSI моделінің қолданбалы деңгейінің хаттамалары


Мәліметтерді тасымалдау ісін стандарттау жұмысы Халықаралық стандарттар институтының (ISO - International Standards Organization) техникалық ұсыныстарына байланысты жүргізіліп, желі параметрлерін сәйкестендіру ісі OSI (ашық жүйелердің әрекеттесу моделі – Model of Open System Interconnections) деп аталған модель негізінде жасалып шықты. Осы ISO/OSI моделіне сәйкес мәлімет алмасу схемасы 7 деңгейге бөлініп қарастырылады:
1-физикалық, 2-каналдық, 3-желілік, 4-транспорттық, 5-сеанстық, 6-мәліметтерді ұсыну деңгейі, 7-қолданбалы деңгей. Бұл деңгейлердің жоғарғысы қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі–физикалық деңгей болып саналады.
Қолданбалы – тұтынушының есептеу жүйесімен әрекеттесуін атқаратын ең жоғарғы деңгей. Физикалық – құрылғылар арасында сигналдар алмасуын қамтамасыз ететін ең төменгі деңгей.
ISO/OSI моделінде әр түрлі құрылықтардағы компьютерлер арасындағы байланыстың жеті деңгейі арқылы мәлімет тасымалданады (1.2-сурет).

1.2-сурет. OSI моделі



    1. Қолданбалы деңгейде тұтынушы өз компьютеріндегі программалар көмегімен жіберілетін құжатын дайындайды.

    2. Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұрғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.

    3. Сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды желімен байланысады.

    4. Тасымалдау (транспорт) деңгейінде жөнелтілетін құжат қолданылатын желі хаттамалары талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы форматқа (пакеттерге) түрлендіріледі.

    5. Желілік деңгейде мәліметтің тасымалдану маршруты анықталып, пакеттер адреспен толықтырылады. Енді олар бір-бірінен тәуелсіз күйде жеке-жеке жеткізіле береді.

    6. Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады.

    7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымалданады. Мәліметті қабылдап алу тағы да екінші тұтынушы компьютерінде осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқылы биттерді қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жолымен атқарылады.

Әрбір деңгей жоғарғы деңгейдегі модель арқылы анықталған өз қызметтерін (функцияларын) атқарып, мәліметті келесі деңгейге беріп отырады. Осылай компьютерлер әрекеттесуінің әрбір деңгейінің өзіне ғана тән хаттамасы, яғни мәлімет алмасу ережесі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет