FTP қызметі
FTP (File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы. Қашықтағы компьютерден екілік және мәтіндік файлдарды алуға болады. Программалаушылардың бір-бірімен программа, сурет, мәтін (Word, Excel құжаттары, программа, т.с.с.) алмасуы үшін өте қажетті қызмет түрі. Бұл қызметті FTР-серверлер атқарады. Олар кез келген форматтағы файлдарды тасымалдай алады.
Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP қызмет хаттамасы пайдаланылады.
Файлдар барлық компьютер серверлерінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер (файлдарды сақтау қоймалары) бар. Оларды FTP-серверлер деп атайды.
FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Exploler терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін, мысалы, ftp://ftp.relcom.ru/ сияқты адресті енгізу керек. Экранға кәдімгі компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. Каталогты шертіп, ішкі каталогқа өтуге, файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.
Электрондық пошта хаттамалары
SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – электрондық поштаның арнайы (E-mail) хаттамасы. Электрондық пошта SMTP, POP3 сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы мәлімет ішінде гиперсілтеме қолдануға мүмкіндік береді, хаттарды жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал POP3 – алушы маңындағы серверге келіп түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.
Telnet – компьютердің желідегі басқа компьютердің терминалы ретінде тіркелетін қызмет түрі болып табылады. Қашықтағы компьютерден программаларды іске қосып, оқу орындарының кітапхана түбіртегтерін көріп, олармен өз компьютеріміздегідей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (өңдеу және түзету әрекеттерімен қоса).
Telnet – интернеттің ең ескі ақпараттық технологиясы. Ол бір жарым мың ресми желі материалдарының ішіндегі RFC (Request For Comments) деп аталатын, үш ондыққа енетін стандарттар санына енеді. Telnet көмегімен кез келген портқа жүгініп және қарауға болады, оның жауабын көруге болады.
Telnet келесі үштіктен тұрады:
қолданушының Telnet-интерфейсі;
Telnet үрдісі;
Telnet хаттамасы.
Бұл үштік алыстағы компьютер ресурстарына қол жеткізу үшін желілік терминалды жүргізеді және сипаттауды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |