Бақылау сұрақтары:
Web-парақ дегеніміз не және олар қалай жасалады?
HTML тілі қандай қызмет атқарады?
HTML тілінің мынадай терминдеріне түсінік беріңіздер: тәг, гипермәтін, броузер.
HTML тәгтерінің қандай түрлері бар? Олардың жазылу синтаксисі қандай?
Тәг атрибуттары не үшін қолданылады? Олардың жазылу ережелерінен мысалдар келтіріңіздер.
Ескейп-тізбектер қандай мақсатта қолданылады, қалай жазылады?
HTML құжаттары қалай дайындалады? Оларды қалай өзгертуге болады?
2.3.1 HTML құжатының құрылымын анықтау тәгтері
HTML құжатының кез келгені тәгінен басталып, соған сәйкес түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.
Құжаттың тақырыптық бөлігі және тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікте ... тәгтерімен шектелетін құжаттың терезе маңдайшасында тұратын ресми атауы орналасады. Көптеген броузерлер оны терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.
Осы құжатты принтер арқылы шығарғанда, броузер оны әр парақтың сол жақ жоғарғы бұрышына жазып отырады. Атаудың өте ұзын болмағаны дұрыс, әдетте ол 64 символдан аспауы керек.
Жазылатын мәтін құжаттың негізгі тұлғасы деп аталатын ... Сәлем!
Бұл HTML – құжаттың ең қарапайым мысалы.
Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың
түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер
бар. Мәтін ішіне суреттер орналастыруға да болады.
Сәлем! Н1>
<Н2> Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы Н2>
<Р> Енді біз азат жолты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай,
<Р ALІGN=CENTER> ортаға қарай немесе Р>
<Р ALІGN=RІGHT> оң жақ шетке де туралауға болатындығын
білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |