Мазмўны Кіріспе html


Объектіні белгіленген орынға қою, z-index



бет45/65
Дата13.11.2022
өлшемі6.71 Mb.
#464698
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65
Bilim Boribaev-Web-teh

3.6 Объектіні белгіленген орынға қою, z-index

3.6.1 Объектіні бір орынға қою


Объектіні бір орынға қою, яғни орналастыру – бұл браузер терезесіндегі элементтің орналасатын коор-динатасын басқару болып табылады. Ол үшін CSS ортасында position параметрі (қасиеті) қолда-нылады.
Бұл қасиет үш мәнді қабылдай алады: absolute (абсолюттік орналастыру), relative (салыстырмалы орналастыру) және static (статикалық орналастыру). Static мәні элементті сайтта ешқандай әрекетсіз қалыпты түрде орналастырады, сондықтан бұл мәнді қолданудың ешқандай қажеті жоқ. Ал absolute және relative мәндерін кейінірек қарастырамыз, алдымен HTML-кодының иерархиялық құрылымының бір маңызды сәтін атап өтейік.

3.6.2 Парақ коды сатылары (иерархиясы)


Иерархия — бұл қабаттасқан матрешкалар ойыншығына ұқсас, мәліметтердің бір-бірінің ішіне салынып жинақталған қапшықтарға салынғаны сияқты орналасуы. Парақтың барлық элемент-тері блогының ішіне орналасады. Сондықтан тәгі парақтағы барлық басқа элементтердің «анасы» болып табылады. Парақ коды суреттегідей болсын делік.
Мысалда элементінің e0l және е02 тәрізді екі тікелей ішкі туынды элементтері (ұрпағы) бар. Өз кезегінде бұл элементтердің де екі-екіден өз ұрпақтары бар: сәйкесінше е011, 012 және е021, е022 .



. . .


. . .




. . .


. . .



3.6.3 Абсолюттік түрде орналастыру


Абсолютті орналастыру position:absolute стильдік нұсқауы арқылы беріледі. Бұл кезде элементтің бастапқы координатасы тікелей сыртқы элемент аймағының (анасының) жоғарғы сол жақ бұрышы болады (егер оның да орны абсолют немесе салыстыр-малы түрде анықталған болса). Егер сыртқы элемент белгілі бір орынға қойылмаса, онда оның да сыртқы элементі (анасы) алынады. Егер барлық сыртқы элементтерде position нұсқауы жоқ болса, онда алғашқы басты нүкте ретінде тәгінің экрандық бейнесінің сол жақ жоғарғы бұрышы, яғни құжаттың сол жақ жоғарғы бұрышы қабылданады.
Көлденең және вертикаль координаталар left және top параметрлері арқылы беріледі.
Төменде суретті (100, 50) нүктесіне орналастыратын мысал келтірілген. Браузер координаталар басы ретінде құжаттың сол жақ жоғарғы бұрышын алады.


Абсолюттік орналастыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет