Мазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны


Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі



бет8/10
Дата19.05.2022
өлшемі145 Kb.
#457502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мазм ны кіріспе I жылды жиынты табысты есептеудегі салы тарды

2.5 Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Корпорциялық табыс салығын салу үлкейтілген(ірілендірілген) түрде сызбада келтірілген.

Жылдық жиынтық табыс

ЖЖТ-ны түзету

Шегерімдер (заңнамамен реттемеленген шектерде ЖЖТ-ны алумен байланысты шығыстар)

Салық салынатын табыс

Салық салынатын табыстытүзету

Залаларды ауыстыру (-)

Салық салынатын табыс

Салық сомалары Салық салынған кейінгі табыс

Мемлеукеттік бюджетке

Төлеушіде қалады.
Корпорациялық табыс салығы есептеу және өндіріп алу

30% 20% 15% 10% 5%


Салық сомасын азайту Салық кодексінің 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданады.
Арнаулы салық режімін қолданушы заңи тұлғалар – шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңи тұлға – ауыл шаруашылығы өнмін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді.
Шегерімдерден кейінгі салық салынатын табыс түзетіледі. Салық төлеушінің салық салынатын табысынан оның екі пайызы шегінде әлеуметтік сала объектіллерін ұстауға салық төлеушінің нақты жұмсаған шығыстары, коммерциялық емес ұйымдарға өтеусіз берілген мүлік, жеке тұлғаларға берілген атаулы әлеуметтік көмек шығарылып тастаулы тиіс. Мүгедектердің еңбегін пайдаланатын салық төлеушілері салық салынатын табысты мүгедектер еңбегіне ақы төлеуге шығарған шығыстар сомасынан екі еселенген және мүгедектерге төленетін жалақы мен басқа төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50% мөлшеріндегі соманы азайтуға құқығы бар. Салық төлеушілер салық салынатын табысты үш жылдан артық мерзімге берілген негізгі құралдардың қаржы лизингі бойынша алынған сыйақы сомасына, кейінен оларды лизинг алушыға бере отырып, азайтады. Қызметінің айрықша түрі ауылшаруашылығын кредит беру болап табылатын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар да салық салынатын табысты қызметтің осындай түрінен алынған табыс сомасына азайтады.
Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдарды, сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылған үймереттерді, құрылыстарды ғимараттарды өткізуден шеккен залалдарды кейінгі салық кезеңдерінің салық салынатын табыс есебінен өтеу үшін үш жылға дейнгі мерзімге (үшінші жылы қоса есептеліп) ауыстыруға рұқсат етілген. Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша жүзеге асыралатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жеті жылға дейінгі мерзімге (жетінші жылы қоса есептеліп), ауыстырылады. Бұл жайдайда табыс залалдардың сомасына азайтылады және, тиісінше, төленетін салық азайады.
Табыс салығының мөлшерлемесі 30 пайыз болып белгіленген.
Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушінің салық салынатын табысына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Төлем көзінен салық салынатын табыстар – дивидендтер, депозиттер бойынша сыйақы, ұтыстар, заңи тұлғалар төленетін сыйақы, эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтін купон түріндегі сыйақы 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
Бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзіне мынадай мөлшерлемелер бойынша салық салынуға тиіс:

  1. дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар – 15%;

  2. тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтық сыйлықақылары – 10%

  3. тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтық сыйлықақылар - 5%

  4. халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түскен табыстар – 5%

  5. жоғарыда 1)-4) тармақшаларда көрсетілегін табыстарды қоспағанда, бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстар – 20%

Бюджетке төленнуге тиісті корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезінде Салық кодексінің 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады. Осындай тәртіпті мұнай-химия өнеркәсібіндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (заңда көзделген талаптарды сақтаған кезде) мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап бес жыл бойы қолданады.
Корпорациялық табыс салғының төлеу тәсілдері мен Мерзімі Салық кодесінің тиісті қағидаларына сәйкес қатаң сақталынады. Корпорациялық табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау мына келесідей жолдарды пайдалану, яғни: 1) Мемлекеттің қаржылық мүддесін қамтамасыз етуді көздейтін салық агенттерінің көмегімен тиісті салық сомасын табысты төлеу көзінде ұстап қалу; 2) Салық төлеушінің өзіне тиесілі салық сомасын біржақты – ерікті түрде өзі табыстаған декларациясы негізінде төлеі арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет