Мазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны


Қазіргі Қазақстандағы салықтын қалыптасуы



бет4/10
Дата19.05.2022
өлшемі145 Kb.
#457502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мазм ны кіріспе I жылды жиынты табысты есептеудегі салы тарды

1.4. Қазіргі Қазақстандағы салықтын қалыптасуы
Салық салу теориясының болмауы, тәжірибелік шаралардың толық болмауы, қиын нәтижеге әкеліп соқты, сондықтан 18 ғ.соңғы үш жылдығында Европада салық салу теориясы мен тәжірибесінің проблемалары белсенді қарастырыла басталады. Дәл осы кезеңде мемлекет белсенді экономикалық саясатты, оның ішінде қаржы және салық саясатын жүргізе бастады.
XIX ғ. басында бірінші дүниежүзілік соғысқа енген көптеген мемлекеттерде салық ауыртпалығының өсімі байқала басталды.
Өсіп жатқан әскери шығынды өтеу үшін үкімет салық ставкаларын жүйелі көтеріп, жаңа салық енгізуге тиіс болды.
Дегенмен, 20 ғ. 80 ж. екінші жартысы мен 90 ж. басында әлемнің жетекші елдері салық реформасын жүргізіп, салықтың жеке түрлері бойынша ставканы төмендету бағытын, салық заңын орындауды бақылау жүйесін күшейтіп, экономикалық санкциялар мен әкімшілік шараларды қатаң қолдана бастады.
Осы кезеңде Батыс елдерінде А.Лаффердің бюджеттік тұжырымдамасы таралып, таныла бастады. Лаффердің айтуынша, салық түсімдері негізгі екі фактор салық ставкасы мен салық базасының өнімі болып көбеюіне емес, қысқаруына әкеліп соғады. Осыған байланысты іскерлік белсенділікті жандандыру міндетін салық езгісін жеңілдету жолымен шешк қажет. Салық салу ставкасының төмендеуі кейін езгісін жеңілдету жолымен шешу қажет. Салық салу ставкасының төмендеуі кейін түсімнің уақытша төмендеуін өтейтін өндірістің өсуіне әкеліп соғады. Өндірістің құнсызданбай өсуі салық ставкаларымен, салық жеңілдіктерімен және салу үдемелілігімен шебер айла-шарғы жасай білуге байланысты.
КСРО- ға кірген басқа да одақтас республикадағы сияқты Қазақстанның қаржы жүйесі 20 ғ. Жалпыәлемдік даму процесіне қарсы бағытта дамыды. Ол салықтан ел бюджеті арқылы кәсіпорын пайдасын алудың және қаржы ресурстарын қайта бөлудің әкімшілік әдістеріне көшті. Қаражатты толық орталықтандыру және кәсіпорынның қаржы мәселелерін өздігінен шеше алмауы шаруашылық жетекшілері ықыласының жойылуына және 80-90 ж. өріс алған дағдарысына әкеліп соқты.
Қазақстан Республикасындағы салық салуды құқықтық реттеу өз дамуында үш кезеңнен өтті.
Салық реформасының бірінші кезең» (1992 жылдан 1995 жылдың маусымы аралығында)
Республикада салықтың 40- тан астам түрі әрекет етті;

  1. Жалпымемлекеттік салықтар

  2. Жалпыға міндетті жергілікті салықтар

  3. Жергілікті салықтар

Салық реформасының кеінші кезеңі (1995 жылдың шілдесінен 1999 жыл арлығында)
Бұл кезеңде салықтар саны 11-ге дейін қысқарды. Олар жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлшектенді. 1996 жылдан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңына 30 дн астам өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. Салықтар мен жиындардың саны 18 түрге дейін өсті.
Салық реформасының үшінші кезеңі (2000 жылдан осы уақытқа дейінгі аралықта). Жаңа Салық Кодексі салық жобасының әзірленуі. Заңның қабылдануына жобаның ғалымдармен, салық органдары мен салық төлеушілердің өзімен талқылануы бойынша үлкен жұмыс әсер етті.
1 кезең.
Қазақстанның салық жүйесін құүруға өзіндік тәжірибесі болмағандықтан, көбінде көрші мемлекеттер тәжірибесі, бәрінен бұрын Ресей Федерациясының тәжірибесі пайдаланылды. 1991 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» тәжірибелік заңы Ресей заңының көшірілген нұсқасы ретінде саналды. Нәтижесінде, Қазақстанда федерациялық мемлекетке тән үш фазалы салық жүйесі құрылды.
Ол салықтың үш тобынан тұрды;

  1. Жалпымемлекеттік

  2. Жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен жиындар

  3. Жергілікті салықтар мен жиындар

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму тарихында 1994 жыл ерекше орын алады. Дәл осы жылы салық жүйесін реформалау жолында алғашқы нақты қадам басылды. Екі ірі салық; жеке адамдардан алынатын табыс салығына және кәсіпорын пайдасының салығына өзгерістер енді. Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар «Жеке тұлғалар табысына салық салу туралы» және «Заңды тұлғалар пайдасы мен кірісі салығы туралы» Жарлықтары қабылданды. Көрсетілген заң шығару актілерінің қабылдануымен екі негізге салықты есептеу радикалдық өзгерістер қалыптасты.
Заңды тұлғалар бөлігінің келесі аспектілерінде өзгерістер болды; пайда салығы ставкасының дифференциасының жойылып, 30 процент барлық заңды тұлғалар үшін және 45 процент банктер мен сақтандыру ұйымдары үшін екі ставка бекітілді. Алғаш рет салық төлеушілер құрамына кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс бөлігіндегі бюджеттік ұйымдар кірді, жеңілдіктер ретке келтірілді және т.б. 1994 жылы Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінде болған өзгерістерді талдау, олардың фискалды сипатының нәтижесін ашуға мүмкіндік туғызады. Сонда да, іскерлік шаралар қолданылмаған, ВВп –ғы салық түсімдерінің үлес салмағы 1993 жылдың 14,8 % -нан 1994 жылы 8,4% төмендеді.
Салық ставкалары жоғары бола тұра, салық салу базасының қысқаруы кәсіпорын бөлігінің жасырын бизнеске кетуі нәтижесінде, олардан түскен түсімнің төмендеуінен, қатаң салық саясаты «салық қақпанына» әкеп соқты. Осыдан келіп, салық реформасының негізгі идеялары Қазақстан Республикасында келесі кезеңдер өсе бастады.

  1. Нарықтық қатынастарды ынталандыру, дәлірек айтқанда;

  • кәсіпкерлікті белсенді қолдау

  • жеке салық төлеушілерді алған табысын кәсіпкерлік қызметке салуға ынталандыру

  • салық салуға кең заң шығару базасын белгілеу

  • табысқа екі рет, үш рет салық салудан сақтау механизмін құру

  1. Салық салуда белгілі әділеттілікке қол жеткізу, дәлірек айтқанда;

  • жағдайы нашарларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

  • табыс көзінен тыс салық салудың біртұтас шақаласын құру

  • мемлекеттің ұлттық және территориялық мүдднсін есептеу

  • салық салу жүйесін құрудың әлемдік тәжірибесін творчестволық пайдалануға ұмтылу

Осы мақсаттарға сай Қазақстан Республикасының жалпы салық жүйесін өзгерту және оны әлемдік стандарттарға жақындату туралы әрекет жасалды.

  1. кезең

Кезеңнің міндеттері; салық ауыртпалығын төмендету, салық санын қысқарту, Қазақстанныфң салық жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату. Бұл талаптарға көбінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі №2235 заң күші бар «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Жарлығы жауап берді.
1999 жылдың 1 қантарынан бастап жалпымемлекеттік салықтар мен жиындарға; жол салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік қамсыздандыру үшін алынатын жиын мен автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы территориясына кіру үшін алынатын жиын кірді. Бұрын бұл төлемдер бюджеттен тыс қордың көзі ретінде саналды, кейін жол салығы мен әлеуметтік қамсыздандыру жиыны жойылды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №440-1 Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі №2235 заң күші бар « Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Жарлығы Қазақстан Республикасының Заңы статусын иеленді. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде жоғарыда көрсетілген құжатқа сәйкес келесі салықтар, жиындар мен басқа да міндетті төлемдер кіреді;
-Заңды және тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған кқнға салық, акциздер
-Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу жиыны және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын бағалы қағаздар
-Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемі мен салығы
-Әлеуметтік салық
-Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының территориясы бойынша жол құру жиыны, жер салығы, заңды және жеке тұлғалар мүлігінің салығы, көлік құралдрына салынатын салық, біртұтас жер салығы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркеу жиыны
-Қызметтің жеке түрімен айналысу құқығының лицензиялық жиыны
-Аукциондық сату жиыны, нарықта тауар өткізу құқығының жиыны
-Заңды және жеке тұлғалардың фирмалық атаудв, қызмет ету белгілерінде, тауар белгілерінде Алматы қаласының символиксын пайдалану үшін алынатын салық
-Заңды (мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме мен коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалардың фирма атауында, қызмет ету белгілерінде, тауар белгілерінде «Қазақстан», «Республика»,”Ұлттық” сөздерін пайдалануы үшін жиын
Үшінші кезеңнің негізгі міндеті- бюджетке қатынасы бар мемлекеттік органдар мен фискалды органдардың және салық төлеушілердің арасындағы өзара қатынастың құқықтық аспектілерін күшейту болып табылады. Жалаы,1995 жылғы салық құрылымы барынша оңтайлы. Дегенмен 1995 жылғы салықө реформасын жүргізгеннен кейінгі ел экономикасында болған өзгерістер, елдегі салық қатынастарын реттейтін салық жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды жүйелеу және өзіндік қорғау мен жауапкершілікті нығайту мақсатында салық органдары мен салық төлеушілердің өзара қатынасын заңды регламенттеу қажеттілігі есебінде әрекеттегі салық заңы базасында Салық кодексін әзірлеу қажеттігін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет