Мазмұны кіріспе І тарау. ҚАзақстан республикасы экономикалық-географиялық дамуына сипаттама


Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикалық географиялық жағдайы



бет8/14
Дата02.01.2022
өлшемі140.39 Kb.
#452541
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Санду диплом

1.3 Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикалық географиялық жағдайы
Елдің экономикалық-географиялық жағдайы (ЭГЖ) мынадай жоспар бойынша қарастырылады. Олар: 1) елдің географиялық орны; 2) шекаралас елдері; 3) шикізат, отын-энергетикалық қорларына қатынасы; 4) ірі көлік жолдарына қатынасы; 5) елдің экономикалық-географиялық жағдайының өзгеруі; 6) елдің географиялық орнының оның экономикалық дамуына әсері туралы қорытындысы.

Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды.

Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық-географиялық жағдайы Еуразия кеңістігінде біртұтас көлік және коммуникациялық қатынастар жүйесін құру қажеттігін тудырады. Бұл жағдайда еліміз технологиясы дамыған Еуропа мен табиғат ресурстарына бай Азияны жалғастыратын көпір болып табылады. Еуразия материгінің орталық бөлігінде еліміздің зор аумақты алып жатуы және көпшілік бөлігінің жазық болуы ірі жол тораптарының Қазақстанда тоғысуына алғышарт болуда [Е.Ахметов, Н.Кәрменова. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы оқулығы, Алматы,2005]. Қазақстанның экономикалық-географиялық орнының тиімділігін пайдалану оның көліктік – транзиттік потенциалына байланысты. Дүние жүзілік экономиканың дамуына, эксперттік баға берушілердің айтуы бойынша, негізгі жүк тасымалдау ағымдары АҚШ – Еуропа – Оңтүстік Азия және Қытай үшбұрышында шоғырланады. Сондықтан саудалық серіктестер мен трансұлттық корпорациялар Қазақстанда қазіргі заманға сай көліктік – коммуникациялық жүйелердің құрылғанына құштарлық білдіреді. Себебі Қазақстанға жақын аймақтарда 2 млрд.-тан астам халық тұрғандықтан (Ресей, Қытай, Оңтүстік Азия және Каспий өңіріндегі елдер), тауарлық рыноктың ауқымдылығымен көзге түседі. Көршілес басқа елдерге қарағанда Қазақстандағы саяси және экономикалық тұрақтылық, нарықтық экономикаға көшу, еуразиялық және стратегиялық көліктік саясат, ішкі және сыртқы маңызы бар көлік жолдарын дамыту т.б. шаралар әсер етеді. Еуропа Азия – Еуропа желісі бойынша теміржол жүк айналымын қамтамасыз ететін Транс-Азиат магистралі (ТАТЖ, ТАДЖ, солтүстік және оңтүстік коридорлар) – орталық коридор Еуропа – Кавказ – Азия (ТРАСЕКА), Еуропа, Қара теңіз өңіріндегі елдер, Кавказ, Каспий теңізі өңірі және Азия елдерін байланыстыратын трансконтинеталдық магистраль. Сондықтан ол Қазақстанның транзиттік потенциалын пайдалануға экономикалық тұрғыда өте тиімді болып келеді. Мысалы, Қазақстан арқылы Қытай – Еуропа теміржол желісі бойынша жүк тасымалдау, теңіз арқылы тасымалдаумен салыстырғанда (Ляньюннан (Қытай) – Берлин (Германия), екі есеге қысқарады (теңізбен – 20-30 тәулік, Достық – Алашанкөл темір жолымен 11 тәулікке тең).

Қазақстан территориясының экономикалық-географиялық орнының потенциалын күшейтуге аса жылдамдықпен ақпарат беретін Транс – Азиат – Еуропа ақпараттық супержелісі жобасын салып бітіру, Ақтау сауда теңіз портының іске қосылуы Қазақстанның батыс-шығыс көліктік жүйесін солтүстік пен оңтүстік теміржол желістерімен байланыстыруға үлкен әсер етеді.

Қазақстан дүниежүзілік мұхитқа ашық шыға алмайтын дүние жүзіндегі 34 елдің қатарына жатады, халықаралық коммуникациялық жолдардың алыс болуы сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды қиындатады. Мысалы, қазақстандық тауарлар Ресей арқылы Балтық теңізі порттарына жеткенше 15-20 %-ға дейін қымбаттайды. Сондықтан БҰҰ басшылығымен 2004 ж. Алматы қаласында теңізге тікелей шыға алмайтын дүние жүзіндегі 34 елдің "Географиялық әділетсіздік" туралы конференциясы өтіп, арнайы декларация қабылданды. Ресей және Қытаймен тең құқылы және өзара тиімділік негізінде экономикалық, ғылыми-мәдениеттік байланыстарды дамыту іргелі міндет болып есептеледі. Осы арқылы еліміз дүние жүзі рыногына шыға алады. Жерорта және Қара теңіздеріне шығу, Тынық мұхитына дейін транзиттік темір жол магистралін салу Қазақстанның дүние жүзіндегі экономикалық-географиялық орынының тиімділігін өзгертеді.

Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің, Қытайдың эконмикасының жедел қарқынмен дамуы, Еуропа елдерінің отын-энергетика, минералдық-шикізат ресурстарына тапшылығы, табиғат ресурстарына бай Орталық Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның, дүние жүзі рыногындағы ролін арттыра түсуі ықтимал. Қазақстаннан Тынық мұхиты жағалауына (Қытайдың Сары теңіздегі Ляньюньнан портына дейін), Батыс және Оңтустік-Батыс Азия елдері арқылы Жерорта теңізі, Парсы шығанағы, Үнді мұхиты жағалауына дейін мұнай құбырын салу идеялары осыған байланысты болса керек. Көршілес елдермен бірге, алыс жатқан (АҚШ, Батыс Еуропа мемлекеттері, Жапония) елдермен экономикалық интеграциялық процестерді дамыту Қазақстанның дүние жүзіндегі экономикалық, географиялық және геосаясаттық орнын өзгертуге, сонымен бірге жақсартуға мүмкіндік туғызады [4].

Бұрыннан қалыптасқан тарихи экономикалық байланыстары бар Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен шекаралас жатуы, еуразиялық көлік жолы жолының ел аумағынан өтуі, егемендік алғаннан кейін 120-дан астам елдермен эконмикалық байланыстар орнатуы Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайын бұрынғыданда жақсарта түсті.

Экономикалық-географиялық тұрғыдан Қазақстанның мынадай артықшылықтары бар:



  1. Тарихи-экономикалық дамыған елдермен шектесуі (Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері);

  2. Транзиттік жол торабы үстінде орналасуы;

  3. Қазақстан аумағы жер бедерінің көп бөлігінің жазық болып келуі;

  4. Минералды ресурстар қорының молдығы [Е.Ахметов, Н.Кәрменова. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы оқулығы, Алматы,2005].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет