ІІ кезең
Еңбектен кейінгі кезеңде егде адамдармен жұмыс істеу.
Мақсаты: Еңбектен кейінгі кезеңде зейнеткерлердің бейімделуі үшін әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жасау.
І. Жұмыстың негізгі бағыттары:
Бейімделуі нашар егде адамдармен зейнеткерлік кезінде жұмыс істеу.
Егде адамдардың туыстарымен жұмыс істеу.
Бейімделуі жоқ егде адамдармен арақатынас процесі жеке және топтық формаларда ұйымдастырылуы мүмкін. Бағдарлама жасау кезінде егде адамдардың жеке ерекшеліктерін есепке алу қажет, өйткені сол жағдай зейнеткерлікке шыққан соң сәтті бейімделуді қамтамасыз етеді.
Осы ерекшеліктерді талдау негізінде жұмыстың келесі блоктарын көрсету мүмкін:
Сәйкес өзіндік бағалауды қалыптастыру бойынша жұмыс, өйткені бейімделуі төмен деңгейдегі адамдар өздерінің өмірлеріндегі оқиғаларды басқа адамдардың әрекеттерінің немесе кездейсоқ жағдайлардың нәтижелері деп есептейді. Осы егде адамдар өз өмірлеріндегі оқиғалар үшін жауапкершілікті сезінгені жөн және олар көп нәрсе өздеріне байланысты екенін түсінуі керек.
Бұл деңгейде, топтық жұмыс жасау тиімдірек.
Жұмыссыз зейнеткерлердің әлеуметтік бейімділігін арттыру бойынша жұмыс, өйткені еңбектік қызмет аяқтасымен кейбір егде адамдарда қоғамға керексіздік сезімі пайда болып, кейінгі өмірдің келешегі жоқтығы сезімі дами түседі. Демалыс және бос уақыт шеңберінде айналысуды тиімді бейімдеу мен дұрыс таңдау зейнеткерлік кезеңіне әлеуметтік бейімделудің елеулі оң факторы болып табылады.
Зейнеткерлікке шыққан соң адамдарда көп бос уақыт пайда болады және бұл оң әсер беруі мүмкін. Бос уақытты құқықты өткізу егде адамға қанағаттанды сезімін береді, сондықтан тұлғаның әлеуметтік белсенділігін жан-жақты ашу үшін нақты мүмкіндіктерді ұсыну қажет, ал олар тиімді өмір тәрізінің алғышарттары ретінде шығады. Уақыт өткізудің пассив түрі егде адамның психологиялық денсаулығына теріс әсер береді және ерте қартаюға себеп болады. Сондықтан мынадай қажеттіліктер шығады:
1. Қоғамдық ойда зейнеткерлік кезеңді өмірдің белсенді кезеңі ретінде пікір қалыптастыру керек.
2. Егде адамдардың қызығушылықтары мен жекелей қабілеттеріне сәйкес әрі тиімді ірі елеулі айналысуларды олар үшін жан-жақты іздестіру керек.
Егде адам өзінің ішкі қызығушылықтарын сәйкес қызмет түрін таңдауға мүмкіндік алуы өте маңызды. Бұл жерде қызығушылықтар бойынша әртүрлі үйірмелер мен курстарды ұйымдастыру қажет.
Клубтық жұмыстарды ұйымдастыру егде адамдардың өзара қатынасу процесін жолға қоюға жәрдем береді. Бейімделуі төмен деңгейдегі егде адамдарда басқа адамдармен қатынас жасауында проблемалары болады.
Олар қатынастарға қанағаттанбайды және оларды бақылу шеңберінен өздерін тыс деп санайды.
Бірақ, соған қарамастан олар жақындарынан қолдау және қамқорлық күтеді. Олардың басқаларды қабылдау деңгейі төмен болғаны үшін, олар басқаларды теріс тәрізде қабылдайды. Басқалармен салыстырғанда олар өздеріндегі пессимизмге жол береді және әлеуметтік жағынан өздерін бағаламайды, ал бұл жағдай оларға басқалармен қатынас жасауына кедергі жасайды.
Сұхбат кезінде олар сұхбаттасқа қызығушылық білдере бермейді, сондықтан олар теріс сезінуді қалыптастырды жағдай жасаудың маңызы зор.
Сонымен, бейімделуі жоқ егде адамдармен психологиялық жұмыс белсенді әлеуметтік рольді орындауға қоршаған адамдармен қатынас жасауға, оң өзіндік бағалауды және психологиялық байсалдылықты қолдауға бағытталуы керек.
Егде адамдардың туыстарымен жұмыс жасау.
Бұл жұмыс консультативтік формада ұйымдастырылуы мүмкін. Егде адамдардың туыстарына мына жайттерді түсіндіру қажет: әлеуметтік қолдау егде адамдарға өздерін құзырлы сезінуге көсектеседі, оң сезімдер берілген соң егде адамдар өздерін басқалардың құрметейтінін, бағалайтынын және қамқорлық жасайтынын сезіне алады.
Бұл егде жастағы бейімделуге жағдай жасайтын басты фактор болып табылады.
Сонымен, егде жастағы бейімділікті профилактика жасау бойынша жұмыстары өз ішіне психологиялық денсаулықты нығайтуға, проблемаларға барынша тиімді қатынас жасауға бағытталған психологтар мен әлеуметтік педагогтар тарапынан жүргізілетін сабақтарды енгізу қажет, өйткені аталған проблемалар егде жаста пайда болуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |