Мазмұны кіріспе і-тарау. ҰЛыбритания, АҚШ, кеңес одағының МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРының тегеран конференциясы


КСРО, Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның 1943 ж. Мәскеу конференциясы



бет2/4
Дата25.02.2016
өлшемі439.5 Kb.
#20233
1   2   3   4

1.2. КСРО, Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның 1943 ж. Мәскеу конференциясы

Кеңестік Армияның жеңістері АҚШ пен Ұлыбританияның үкіметтерін маңызды халықаралық мәселелерді КСРО-ның үкіметімен бірлесіп шешіп отыруға мәжбүр етті. 1943 ж. екінші жартысында, жүріп жатқан Екінші дүниежүзілік соғыстың қимылдарын бірлесіп жүргізу және соғыстан кейінгі әлемді жайғастыру мәселелерін шешуде мемлекеттердің халықаралық ынтымақтығыкың қажеттігін тағы да әлемге жария еткен КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның өкілдерінің мәжілісі өтті [19,75 6.].

1943 ж. 19-30 қазан аралығында Мәскеуде КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның сыртқы істер министрлерінің конференциясы өтті. Одақтастар Мәскеуге жоғары өкілділік делегацияларды жіберді: американдық делегацияны басқарып келген АҚШ-ның мемлекеттік хатшысы - К.Хэлл болды, ал ағылшындық делегацияны -Ұлыбританияның сыртқы істер министрі - А.Иден басқарып келді. Оларға көмекке әскери миссияларды қосып берді, себебі КСРО-ға тиімді стратегия проблемалары шешілмей, саяси мәселелердің талқыланбайтынына одақтастардың көзі жеткен болатын бұл уақытта.

Американ әскери миссиясының басшысы генерал Д. Дин Құрама Штаттардың штабтарының басшыларының Комитетінен тиянақты нұсқаулар алған болатын - американ делегациясының басшысы Хэллге келісім сөздер барысында "саяси ұсыныстар мен әскери мүмкіндіктер арасында ажырамас байланыс бар екені туралы" ұмытпауды есіне салып отыруды. Американ әскери күштерінің басшылығы генерал Динге тағы да қатаң ескертілген болатын, Германияның талқандалғаннан кейінгі "қуатты кеңестік әскери машинаның Рейн мен Адриатиканың шығысына үстемдік етітіні туралы және соған байланысты Кеңес Одағының Батыс Еуропа мен Балқанда өзіне қажетті өзгерістерді жүргізуді талап етуге мүмкіндігі болатыны туралы" [20,122].

Американ делегациясы бұндай жан-жақты және толық нұсқаулармен қаруландырылып жіберілгеннен кейін, Черчилль Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Иденге тек мынадай тілеуін айтты: "Менің Сізге қатты жаным ашиды, себебі Сіз ең енжар конференцияға қатысайын деп отырсыз" Ағылшын премьер-министрі Иденді "ағылшын үкіметінің Кеңес Одағына қатысты табанды саясат үстайтынына" сендірді [21, 130.].

Кеңес делегациясын В.М.Молотов басқарды.

Мәскеу конференциясында ең негізгі қарастырылған мәселе - үш ұлы державалардың әскери ынтымақтығы туралы болды. Кеңес Одағы гитлерлік Германия және оның сателлиттеріне қарсы соғыстың мерзімін қысқарту туралы мәселені көтерді. АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдері бұл кеңестік ұсыныстарды қабылдамауға дәлелді аргументтер келтіре алмады. Конференцияның жұмысы туралы жарияланған коммюникеде, үш одақтас мемлекеттің негізгі көздеген мақсаттары " соғыстың аяқталуын тездету." делінді [22, 50.].

Конференцияға қатысқан үш державаның өкілдерінің соғыстың аяқталуын тездету қажеттілігі туралы қабылдаған шешімі халықаралық ынтымақтықтың дамуна және кеңестік дипломатияның Еуропадағы Екінші майданды ашу үшін күресін жеңілдетті.

Бұл шешіммен бірге конференция ұлы державалардың соғыс аяқталғаннан кейін де ынтымақтықтарын одан әрі дамытуы қажеттігі туралы айтты. "Өздерінің ұлттық және барлық бейбітшілік сүйгіш ұлттардың мүдделері үшін, бұл үш мемлекет, соғысты жүргізу үшін құрылған ынтымақтықты, соғыс аяқталғаннан кейін де әрі жалғастыру керек, тек осы жол арқылы ғана барлық халықтардың толық саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына және әлемде бейбітшілікті сақтауға қол жеткізуге болады" - делінген еді бұл коммюникеде [22, 51 б.].

Соғыс уақытындағы үш мемлекеттің ынтымақтығының ең негізгі мәселесі конференцияның ашылған күні шешілді. 1943 ж. 19 қазанда Лондонда одақтастардың КСРО-ға көмек көрсетуі туралы үшінші келісімге қол қойылды. Бұл келісімге қол қояр алдында Кеңес үкіметі АҚШ пен Ұлыбританияның үкіметінің бұдан алдындағы жасасқан келісімдер бойынша 1943 ж. көмекті белгіленген мөлшерден аз жасағанын, ол түгіл оның азайып кеткенін және бұл көмектің Кеңестік әскерлерінің шабуылдық операцияларының қарқынына сәйкес болмай отқанын атап көрсетті. Сондықтан жаңа 3 келісім бұл көмектің көбеюін көздеді.

Үш елдің сыртқы істер министрлерінің Мәскеу конференциясында қызу талқылаған мәселелері қатарына - Шығыс Еуропаға қатысты мәселелер жатты. Премьер-министр У. Черчилльдің тапсырмасы бойынша Ұлыбританияның сыртқы істер министрі А. Иден Ұлыбританияның Түркиямен қосылып Оңтүстік-Шығыс Еуропаны әскерлерімен басып алуына КСРО мен АҚШ-ның келісімін алуға тырысты. Кеңес үкіметі өз жағынан, ағылшын әскерлерінің Оңтүстік-Шығыс Еуропаны басып алуға тырмысуы ешқандай әскери қажеттілікке байланысы жоқтығын және бұл жерде ол тек өзінің мүдделерін қорғап отырғанын ашып көрсетіп, одақтастардан Екінші майданды батыс Еуропада ашуды талап етті [23, 72.].

АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдері Кеңес үкіметінен өздерінің эмигранттық поляк үкіметімен байланысын қолдатуға әрекет жасады. Ондағы көздеген мақсаттары - азат етілген Польшада билік басына өздері қолдап отырған поляк эмигранттық үкіметін келтіру. Бірақта АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдерінің бұл Польшаға қатысты ұсыныстары Кеңес үкіметі тарабынан қолдау таппады, сондықтан бұл мәселе бойынша келіссөздер нәтиже бермеді.

Екі мемлекет арасындағы көптеген мәселелер бойынша елеулі келіспеушіліке қарамастан, АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдері Австрияның төңірегінде Оңтүстік-Шығыс Еуропаны біріктіріп, онда Австрияға үстемдік беру арқылы - Дунай федерациясын құру мәселесінде Кеңес одағына бірлесіп ұсыныс жасады. Бұл жоспардың авторы болған американдықтар мен Ватикан еді. Батыс мемлекеттерінің бұл жоспарды ұсынғандағы көздеген мақсаты - жасанды түрде 1 дүниежүзілік соғысы барысында шашырап кеткен Австро-Венгрияны қалпына келтіру еді.

АҚШ -ның билеуші топтары мен Ватикан Габсбургтер монархиясын қалпына келтіріп, Еуропаның қақ ортасында католиктік мемлекетті құруды 1942 ж. бастап жоспарлаған еді. Олардың жоспарлауынша, бұл Дунай федерациясына Австрия, Венгрия, Бавария, Чехословакия Югославия сияқты мемлекеттер кіру керек еді. Бұл мемлекеттік құрылым Ватиканмен тығыз байланыста болған американдықтардың еуропалық саясатының негізгі құралына айналу керек еді [24, 87.]. "Президент Рузвельттің ойынша", - деп жазды кеңес тарихшысы В.С. Коваль, -"Австро-Венгрия империясын жою, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жіберілген ең күрделі қателік. Дунай федерациясын құрғандағы оның көздөген мақсаты Дунай бассейніндегі елдерді біріктіру. Ол Габсбургтер әулетінің билігін қайтадан қалпына көлтіруге тырысқан жоқ, бірақта оның жоспарын жүзеге асыруға көмегін тигізсө, бұл іске қарсылық білдірмеді [24, 87.].

Бұл жоспарымен қатар АҚШ үкіметі Австрияға қатысты бөтен де жоспар құрып қойған еді - оны Германияның құрамына қосу. Бұл туралы Аллен Даллес өзінің Гогенлоэмен кездесу барысында айтқан болатын.

Кенес үкіметі 1943 ж. өткен Мәскеу конференциясында Австрия мемлекетінің тағдырына қатысты Декларацияны ұсынып, оны конференцияға қабылдатты. Бұл декларацияда конференцияға қатысқан үш мемлекеттің "Австрияны ерікті және тәуелсіз мемлекет ретінде көргісі келетіні" туралы айтылды [25, 52 б.]. Бұл Декларацияның шешімдері соғыстан кейінгі Австрияның егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуына және де оның еріксіз Германия мемлекетінің шеңберіне қосылуынан құтқарды.

Австрияға қатысты Декларацияда "оның соғыс уақытында Германия жағында қатысқаны үшін жауапқа тартылатыны туралы айтылды, бірақта сонымен қатар ұлы державалардың оның фашизмге қарсы күреске қосқан үлесін есепке алынатыны туралы да айтылды" [25, 53.].

Мәскеу конференциясында АҚШ өкілдері отарлық мәселелр бойынша өз ұсыныстарын берген еді. Бірақта ағылшын өкілдері бұл мәселені талқылауға қарсылық білдіргендіктен, бұл мәселе күн тәртібіне қойылып талқыланған жоқ. Үш елдің сыртқы министрлерінің Мәскеу конференциясында соғыстан кейінгі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғайтын әлемдік ұйымды құру мәселесі де талқыланды. АҚШ соғыстан кейін әлемдік билікті өзі басқарғысы келіп жаңа халықаралық ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) құруды ұсынды. Өзінің басшылығынан айырылғысы келмеген Ұлыбритания І дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған Ұлттар Лигасын қалдыруды талап етті. У. Черчилль Мәскеу конференциясындағы Ұлыбританияның өкілі Иденге- берген нұсқауында "Біз табандылықпен Ұлтар лигасының жұйесін сақтап қалуға тырысуымыз керек" - деген еді [25, 72.].

Конференцияға қатысушылар У. Черчилльдің бұл ұсынысына келіспеушілік білдіріп, АҚШ-ның Біріккен Ұлттар Ұйымын құру идеясын қолдады және соғыстан кейінгі әлемдік қауіпсіздікті қорғау мәселесі бойынша бірлескен Декларацияны қабылдады. Оған қол қойған КСРО, Ұлыбритания, АҚШ өкілдерімен қатар Қытайдың да өкілдері болды. Декларацияда "бейбітшілік сүйгіш мемлекеттердің суверендік теңдік принципі негізінде құрылатын, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтайтын халықаралық ұйымның тез уақытта құрылу қажеттілігі" жарияланды. Декларация тек БҰҰ құрудың қажеттілігін мойындап қана қойған жоқ, сонымен бірге оның негізгі принциптерін жариялады және оған қол қойған 4 мемлекет салтанатты түрде бұл принциптерді сақтауды ант етті.

Әлемдік қауіпсіздік туралы 4 мемлекеттің қабылдаған Декларациясының 6 бабында "соғыстан кейін де бұл төрт мемлекет өзара келісімсіз бөтен елдерде қарулы күштерін пайдаланбайтыны туралы айтты [26, 54.].

Сепаратизмге жол бермеу, үш мемлекеттің саясаттарын координациялау үшін Кеңес үкіметі ұш державаның өкілдерінен түратын бірлескен органды құруды үсынды. Мәскеу конференциясының шешімі бойынша, Еуропалық мәселелерді шешіп, олар бойынша ортақ үсыныстарды қабылдауға арналған, орталығы Лондон қаласы болған Еуропалық консультативтік комиссия құрылды. Сонымен қатар Италияға қатысты мәселелерді шешіп ол мәселелер бойынша ортақ ұсыныстарды қабылдау үшін құрамына КСРО-ның, АҚШ-ның, Ұлыбританияның, ұлт-азаттық Француз комитетінің, Греция мен Югославияның өкілдерінен тұратын Италия мәселелері бойынша Консультативтік Кеңес құрылды.

Конференцияда гитлершілердің жасаған зұлымдықтары үшін жауап беруі туралы декларация қабылданды. Декларацияда әскери қылмыскерлерді жауапқа тарту шешілді. Басты әскери қылмыскерлерді үш одақтас державалардың бірлескен шешімі бойынша жазалайтын болды.

Қорыта айтқанда, 1943 ж. АҚШ, Ұлыбритания, КСРО-ның сыртқы істер министрлерінің мәскеу конференциясының маңызды нәтижелері мынада болды:

1. Одақтастар Екінші майданның Францияда ашылатынына келісті;



  1. "Соғыс аяқталғаннан кейінгі еуропалық мәселелерді" шешетін үш ұлы державаның өкілдерінен тұратын Еуропалық Консультативтік комиссия құрылды;

  2. Көптеген маңызды құжаттар бекітілді:

а) "Жаппай қауіпсіздікті орнату туралы Декларация". Оған Қытайда қол қойды. Бұл құжатта, соғыс аяқталғаннан кейін, әлемде суверенитет пен өзара теңдік принциптеріне негізделген, бейбітшілік сүйгіш мемлекеттердің, әлемнің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін халықаралық ұйымы құрылатыны туралы айтылды.

б) Титлершілдердің адамзат халықтарына жасаған қиянаттары үшін жауапқа тартылатыны туралы Декларация" қабылданды.

в) "Италия туралы", "Австрия туралы" Декларациялар бекітілді. Оларда жалпылама түрде бұл елдердің келешек жағдайы сипатталды.

1943 ж. Мәскеу конференциясының шешімдері. ағылшын-кеңес-американдық коалицияның күшеюіне зор ықпалын тигізді. Бұл конференцияда үш елдің дипломаттарының жүргізген қыруар көп жұмысы 1943 ж. 28 қарашасы -1 желтоқсанында Тегерандағы жоғары дәрежедегі кездесуді жүргізуге мүмкіндік берді.



1.3. Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының Тегеран конференциясы.

Мәскеу конференцияды мен Тегеран конференциясы аралығындағы 1 ай ішінде Ұлыбритания мен АҚШ арасында стратегия мәселелері бойынша араздық күшейіп кетті.

Тегеранға барар жолда Черчилль мөн Рузвельтт 1943 ж. 22-26 қарашасында Каирде кездесіп Екінші майданды ашу мәселесі бойынша келісуге әрекет жасады. Бірақта бұл келіссөздер нәтижесіз аяқталды. АҚШ-ның үкіметі Черчилльдің "балқандық стратегиясына" қарсы шықты. Олар Батыс Еуропаға кіруге кешігіп қаламыз деп қорықты.

Каирға Қытайдағы гоминьдан үкіметінің басшысы Чан Кай-ши шақырылып онымен Қиыр Шығыстағы мәселелер талқыланды. АҚШ оған 1944ж басынан бастап қару-жарақ пен ақшалай көмек көрсететіні туралы мәлімдеді. Тынық мұхиттық әскери қимылдар театрындағы жасалатын әрекеттер бойынша АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы қайшылықтар айқын көрінді. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы американдықтардың белсенділігінің арта түсуінен сескенген ағылшын үкіметі американ әскерлерінің Солтүстік Бирма арқылы өтуіне қарсылық білдірді. Бірақта сонымен қатар Черчилль американдықтардан бұл жерлерде теңіз десанттарын түсіруді талап етті, ондағы көздеген мақсаты- американ флотының күшімен өзінің Оңтүстік-Шығыс Азияда айрылып қалған отарларын қайтарып алу еді. Ағылшын әскери қолбасшысы Маунбеттен Рузвельтпен кездесу барысында ағылшын әскери күштеріне АҚШ-ның көмегін көбейтуді талап етті [27, 73.].

Каирдегі бұл кездесу Еуропадағы фашисттік блокқа қарсы соғыстағы Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы коалициялық стратегия бойынша келіспеушілікті жойған жоқ.

1943 ж. 28 қарашасынан - 1 желтоқсанға дейінгі өткен Тегеран конференциясында соғыс барысында бірінші рет Кеңес Одағы, Ұлыбритания мен АҚШ-ның мемлекеттік басшылары М.В. Сталиннің, У. Черчилльдің мен Ф. Рузвельттің алғашқы кездесуі өтті.

Мемлекет басшылары келешектегі фашизмге қарсы бағытталған коалицияның өмір сүруі мен іс-әрекеттеріне қатысты бір қатар саяси және әскери проблемаларды қарастырды. Осы қарастырған мәселелердің ішінде ең маңыздысы - Екінші майданға қатысты болды. Оның маңыздылығы - соғыстың шешуші кезеңге көшуіне және оның аяқтауның жолдары мен тәсілдері бойынша алауыздықтарды шешуге байланысты болды.

Тегеран конференциясының ең бірінші пленарлық мәжілісінде Рузвельт қысқаша түрде Екінші майдан мәселесі бойынша американ-ағылшын келіссөздерінің нәтижелерін баяндап берді. "Біз" - деді Рузвельт, - "бірлескен американ-ағылшын жоспарын соңғы 1,5 жылда жасадық. Ол бойынша біз Ла-Манш каналын өтіп жауды өз территориясында талқандаймыз. Квебек конферөнциясында бекітілген жоспар бойынша, біз бұл әскери операцияны 1944 ж. 1 мамырында ғана бастай аламыз. Егерде біз Жерорталық теңізде ірі десанттық операциялар жүргізсек, онда бұл Ла-Маншты өту операциясын тағы да 2-3 айдан кейін бастауға мәжбүр боламыз. Сондықтан бұл мәселе бойынша Біз кеңестік әріптестерімізден ақылдасқымыз келіп отыр" [28, 127.].

Одан әрі американ президенті сөзін жалғастырды "Біз Кеңес үкіметі жағынан Жерорталық теңіздегі әскерлерді қалай тиімді пайдалануға болатыны туралы кеңес сұрағымыз келіп отыр". Екінші майданды Ла-Манш бағытында 1944 ж. мамыр және маусым айларынан қалдырмай ашудың қажеттілігін айта келе, Рузвельт кеңес делегациясының назарын американ-ағылшын әскерлерін бұдан басқа аудандардада пайдалануға болатындығы туралы айтты. Оның ойынша, американ-ағылшын әскерлерін Адриатикалық және Эгей теңіздерінің маңында Италияда және де Түрцияда, ол одақтастар жағында Германияға қарсы соғыс жарияласа, пайдалануға болар еді. Американ президенті өз сөзін былайша аяқтады: "Біз Кеңес Одағына көмек көрсетіп Шығыс майдандағы неміс әскерлерін Батыс майданына ауыстыруға дайынбыз. Сондықтан бұл істі жүзеге асыру мәселесі бойынша, кеңестік достарымыздан ақыл-кеңес сұраймыз" [28, 130.]. Бұл Рузвельт баяндаған Үндеу - ағылшындықтар мен американдықтардың Екінші майдан мәселесіне көзқарастарын білдірген болатын.

И.В. Сталин өзінің Тегеран конференциясында сөйлеген сөзінде кеңес-герман майданындағы жағдайды сипаттап, ағылшын-американ әскерлерінің Еуропаның қай ауданында Екінші майданды ашқаны КСРО-ға пайдалы болатынына өзінің пікірін білдірді. Ол Екінші майданның Италияда ашылуы, одақтастардың кемелерінің Жерорталық теңізде еркін жүзуіне мүмкіндік бергенімен, Германиямен соғысуға ешқандай пайдасының болмайтынын айтты, себебі Альпі қырлары Германияның оңтүстік шекараларын жауып отыр.

"Біздің есептеуімізше", - деп жариялады И.В. Сталин, - "ең нәтижелі болатын Екінші майданды Солтүстік немесе Солтүстік-Батыс Францияда ашу. Өте жақсы болар еді егер Түркия одақтастарға жол ашса. Балканнан Германияға жақын болар еді, себебі Альпі қырлары да, бұғазда кедергі болмас еді. Бірақта Германияның ең әлсіз жері Франция. Бұл өте қиын операция болады, Францияда немістер қатты қарсылық көрсетеді, бірақта стратегия жағынан Екінші майданды Франция жерінде ашу - ең дұрыс шешім болады" [28, 132.].

АҚШ пен Ұлыбританияның әскерлерінің Балканда әскери қимылдарды бастауы әскери тұрғыдан алғанда, Германияны талқандауды тездетуге ешқандай көмек бермес еді. Ол тек Италиядағы сияқты тағы да бір тұрақты әскери майданды ашумен шектелер еді.

Кеңес үкіметінің Екінші майданды Оңтүстік-Шығыс Еуропада ашуға қарсылық білдіруі өте дәлелді болғандықтан, одақтастар оған келісуге мәжбүр болды.

Одақтас үш мемлекеттің басшылары бекіткен Екінші майдан бойынша әскери келісімде: "Оверлорд" операциясы 1944 ж. мамырда басталып Оңтүстік Франциядағы шабуылмен қатар жүретіні туралы айтылды". Конференцияға қатысушылар маршал Сталиннің "Тура сол уақытта Кеңестік Әскери Күштерінің шабуылға шығып, неміс әскерлеріннің Шығыс майданнан Батыс майданға жіберілмеуіне кедергі жасайтыны" туралы мәлімдемесін ризашылықпен қабылдады.

Сөйтіп Тегеран конференциясында Екінші майданды ашу туралы мәселе шешілді және Батыс Еуропа майданындағы ағылшын-американ әскерлері мен Шығыс майдандағы Кеңес әскерлерінің қимылдарының бірлесіп жасалуының мақсаттары мен мерзімдері келісілді. Батыс одақтастары Кеңес үкіметіне Екінші майданды Ла-Маншта 1944 ж. мамырынан кешікпей ашатынына кепіл хат берді.

Тегеран конференциясы басталған кезде АҚШ президенті Кеңес үкіметіне Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін оның Жапонияға қарсы соғысқа қатысу мәселесін талқылауды ұсынған болатын. Бірақта американ президенті бұл ұсынысында американ әскерлерінің Курила аралдарында әрекет жасайтыны туралы айтқан болатын.

Кеңес үкіметі АҚШ-ның Курила аралдарына көз тігуіне қарсылық білдірді, бірақта Еуропадағы соғысты аяқтағаннан кейін 6 айдан кейін Жапониямен соғысатыны туралы мәлімдеді. У. Черчилль өз мемуарларында, Кеңес үкіметінің бұл шешімінің "ұлы маңызы" болғанын атап көрсетті [29, 60.].

Тегеран конференциясында АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері біртұтас герман мемлекетін жою және оны бөлшектеп жіберу жоспарларын ұсынды, ондағы көздеген мақсаттары - бөлшектеніп кеткен ұсақ герман мемлекеттерінде өз ықпалын жүргізу еді.

АҚШ президенті Рузвельт Германиядан бес автономдық мемлекетті құруды ұсынды: 1) Кішірейтілген Пруссия, 2) Ганновер және Солтүстік-Батыс Германия, 3) Лейпциг районы қосылған Саксония, 4) Гессен-Дармштадт, Гессен-Касель, 5) Бавария, Баден, Вюртембург. Киль каналы мен Гамбург қаласын және Рур мен Саар облыстарын президент БҰҰ қарамағына, яғни АҚШ-тық қол астына беруді ұсынды.

Ағылшындар Германияны 3-ке бөлуді ұсынды: Пруссия, (құрамына Бавария, Вюртембург, Пфальд, Саксония және Баден мемлекеттері кірген) Оңтүстік Германия және Рур. Пруссияны Черчилль ұлттық мемлекет ретінде сақтауға болады деп есептеді. Оңтүстік Германияны ол Дунай конфедерациясына қосып жіберу керек деп есептеді. Рурды Ұлыбританияның билеуші топтары өз ықпалына жатқызып, оның өнеркәсіптік қуатына сүйеніп Еуропа континентінде үстемдік жағдайға жеткісі келді. Кеңес Одағы одақтастарының Германияны бөлшектеп жіберу жоспарларына қарсы шықты [29, 75.].

Тегеран конференциясында Польшаның соғыстан кейінгі шекаралары мәселесі де талқыланды. Конференцияға қатысқан кеңес делегациясь поляктарға немістер батыста тартып алған жерлерін қайтып беру ме Польшаның батыс шекараларын Одер және Нейсе өзендері бойынш белгілеуді ұсынды [29, 76.]. Тегеран конференциясында Иранға қатысты Декларация қабылданды Онда Иран үкіметінің Гитлерге қарсы коалицияға көрсетілген кеме әсіресе өз территориясы арқылы Кеңес Одағына жүктерді өткізуі, жоғар бағаланды. Үш мемлекеттің басшылары Иран мемлекетіне соғыс болып жатқан уақытта және одан кейін де экономикалық көмек көрсететі және де Иранның толық тәуелсіздігін, егеменділігін және территориялы тұтастығын мойындайтынын мәлімдеді [29, 77.]. Тегеран конференциясының тарихи маңызы - Екінші дүниежүзі соғыс барысындағы Гитлерге қарсы күресуге біріккен одақтас 3 державаларының ортақ стратегияларының келісілуі мен жүргізілуі әскери операциялардың масштабы мен мерзімдер бойынша келісуі болды. Қайтар жолдарында Черчилль мен Рузвельт қайтадан Каи кездесіп, кеңесті. Тегеран конференциясының нәтижелерін талқылау барысында олар келешекте Екінші майдан мәселесін нақты шеше Кеңес үкіметінің алдында алған міндеттемелерді бұлжытпай орындауды емес, қалыптасқан жағдайларға байланысты шешетіні туралы келісімге келді. Өзінің "балқандық стратегиясынан" әлі де бас тартқысы келмеген Черчилльдің ұсынысы бойынша, 1943 ж. 4-6 желтоқсанда Каирде Черчилль, Рузвельт және Түркияның президенті Исмет Иненю қатысқан мәжіліс өтті. Онда Түркияның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы әскери қимылдарға қатысуы туралы мәселе талқыланды. Американ монополияларының бұл елдегі ықпалын өсіруге ұмтылған АҚШ түрік үкіметіне әскери көмек көрсететінін мәлімдеді. Бірақта бұл мәселе бойынша жалтақтық көсеткен Түркия, одақтастардан қару-жарақ беру мәселесінде тым асқақтаған, орындауға болмайтын талаптар қойды. Түрция үкіметі шын мәнінде Германияға қарсы соғысқа қатысқысы келмеген еді, оның негізгі мақсаты болған - екі қарама-қарсы коалициялармен байланыстарынан өзіне пайда алу еді [30, 37.]. 1943 ж. 1 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания. мен Қытайдың Каир декларациясы жарияланды Бұл мәлімдемеде үш державаның көздеген мақсаты: "Жапониядан Екінші соғыс басынан бастап Тынық мұхитта басып алған аралдарын тартып алу екені және Қытай республикасына ол тартып алған Маньчжурияны, Формоза және Пескадор аралдарын қайтып беру болғаны" екені жарияланды. Одақтастар әлем жұртшылығын Жапонияны өзінің ашкөздігіне байланысты әскери күштеріне сүйеніп тартып алған барлық территориялардан қуып шығатынына сендірді [31, 27].

Қорыта айтқанда, жоғары дәрежеде өткен Тегеран конференциясының нәтижелері мынада болды:



  1. Гитлерге қарсы құрылған коалицияны бекіткен әскери қимылдардың ортақ стратегиясы жасалды.

  2. Тегеран конференциясында келешек биполярлық әлемнің көрінісі айқындалды. Формалдық түрде "үлкен үштік" сақталғанымен, фактілік түрде маңызды шешімдердің қабылдануы ұлы екі держава - АҚШ пен КСРО-ға байланысты болғаны айқын көріне басталды.

3. Гитлерге қарсы құрылған коалицияны бекітіп алып үш одақтас соғыстың ақырғы кезеңіне көшті.

ІІ - ТАРАУ. КСРО, АҚШ ЖӘНЕ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫРЫМ (ЯЛТА) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2.1. 1944ж; екінші Квебек конференциясы.

6 маусым 1944 ж. одақтас американ-ағылшын әскерлері Солтүстік-Батыс Франциядағы Нормандия жерінде әскери қимылдарды бастады. Көп жылдар бойы күткен Екінші майдан ашылды.

Одақтас әскерлердің Нормандиядағы операциясы барысында оларға үлкен көмек көрсеткен француз Қарсыласу қозғалысы болды. 23-24 тамызда 1944 ж. одақтас әскерлері мен Францияның Қарсыласу қозғалысына қатысушылардың біріккен күштері Париж қаласын немістерден босатты. Бұл оқиға одақтас американ-ағылшын әскерлерінің Екінші майдандағы бірінші ірі жеңісі болды.

АҚШ-ғы 1944 ж. күзінде шақырылған мемлекет және әскери штабтарының басшыларының екінші Квебек конференциясы одақтастардың Еуропалық әскери театырындағы бірінші жеңісінің ықпалында өтті. Рузвельт пен Черчилль өздерінің әскери басшыларының оптимизмімен келіспесе де, оларда Еуропадағы әскери қимылдарды 1944 ж. аяқтауға болады деген пікірге қосылды. Черчилль 8 қыркүйекте 1944 ж. Ұлыбританияның әскери басшыларының алдында сөйлеген сөзінде соғыстың 1944 ж. аяқталуына үміт артатынын айтқан болатын [32, 75.].

Екінші Квебек конференциясында ағылшын делегациясын толғандырған үш стратегиялық проблема болды: Италияның тағдыры жәнө Италиядағы қалыптасатын жағдайға байланысты Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға әскерлерді жеткізу мәселесі, ағылшын әскерлерінің Тынық мұхиттағы соғыста атқаратын рөлі. Сонымен қатар, Черчилль кеңес әскерлерінен бұрын одақтас ағылшын-американ әскерлерінің Орталық Еуропаның көптеген аудандарын басып алуын қалады. Ол немістер Италиядан әскерін шығарып Альпі қырларына шегіне бастағанда Адриатика арқылы одақтастардың шабуылды жүргізіп Истрия жартылай аралын басып алып, Австрияның астанасы Венаға одақтастардың әскерлерінің орыстардан бұрын келуін қалады.

Черчилльдің бұл ұсыныстары Квебек екінші конференциясында талқыланып американ өкілдерінің қолдауын тапты. Бұл мәселенің талқылануы былайша өтті. Адмирал У. Леги әскери штабтарының американдық комитетінің генерал Эйзенхауэр қарсы болмаса оның Италиядағы 5 армиясын Францияға аударуын ұсынды. Фельдмаршал Брук, егерде немістер Греция мен Югославияның қыс бойында тастаса, Любляны арқылы Венаға жол ашылатыны туралы айтты. Бірақта немістер бұл жерлерден кетпеген жағдайда да, Бруктың ойынша, ағылшын және американ әскерлері Жоғарғы Италияны және Истрияны жеңіл басып алып, бұл аудандарды Австрияға шабуыл жасайтын плацдармға айналдыра алады. Сондықтан ол американдықтарды Италиядан әскерді шығармауға шақырды. Бұл мәселені талқылау барысында одақтастардың штаб басшыларының бірлескен Кеңесі, жүргізіп жатырған шабуылдың нәтижесін білмей Италиядан әскерді шығаруға болмайды деген шешімге келді. Уилсонды 10 қазанға дейін Истрияны басып алудың жоспарын жасауға міндеттеді.

Конференцияға қатысушылар генерал Эйзенхауэрдің Батыс және Оңтүстік Еуропада әскери қимылдарды жүргізу жоспарларының жобасын талқылады. Еуропалық әскери театрдағы қимылдарды жүргізу туралы конференцияның шешімінде былай делінді: " Жоғарғы қолбасшының негізгі мақсаты - герман әскери күштерін тезірек талқандап Орталық Германияның жерлерін басып алу. Американ әскери басшысының ойынша, Батыстағы дұшпанды талқандау үшін - негізгі шабуылдарды Рур мен Саарға бағыттау керек, себебі Германия өзінің негізгі күштерін бұл жерде топтастырады.

Алғашқы операция барысында "Зифгрид шебін" талқандап Рейн бойындағы өткелдерді басып алу керек. Негізгі күштер майданның солтүстік флангінде шабуылға шығады. Одан кейін әскер Германияның жеріне тереңдеуге дайындық жүргізеді. Біз генерал Эйзенхауэрдің ұсыныстарын қабылдап, оның назарын мынадай мәселелерге аудардық:

а) оңтүстік бағыттан гөрі шабуылды солтүстіктен бастаған тиімдірегіне;

б) ауа райы бұзылмай түрып, солтүстік-батыс порттарды, оның ішінде Антверпен мен Роттердамды ашу" [33, 25.].

2 Квебек конференциясының шешімі бойынша, генерал Эйзенхауэрге 7-ші американдық және Оңтүстік Франциядан келген 1-ші француз армиясы бағындырылды, олардан американ генералы Деверс басқарған 6-ші армиялар тобы құрылды. Ағылшындардың талабы бойынша, Еуропадағы АҚШ пен Ұлыбританияның стратегиялық әскери-ауа күштері қайтадан штаб бастықтарының кеңесінің басқарылуына берілді.

Әскери қимылдардың Жерорталық театрында одақтастардың әскерлері Италияда шабуылды жалғастырып, Балқанға жылжиды деп жоспарланды. Олардың таяу мақсаты - По өзенінің жазықтығына шығып Венеция мен Истрияның батыс бөлігін Джулияны басып алу болды, ал түпкі мақсаты - бұл аудандарды 1-ақ дивизияның күшімен басып алып, қалған әскерлермен Любляны арқылы Венаға шабуылға шығу. Грецияны басып алу үшін арнайы әскер - екі ағылшын дивизиясы дайындалды.

Бұл конференцияда Германияның соғыстан кейінгі жағдайына қатысты мәселелер де қарастырылды. Американ делегациясы АҚШ-ның финанс министрі Г. Моргентау ұсынған, герман өнеркәсібін толық талқандап оны "агралық елге" айналдыру жоспарын ұсынды. Черчилль американдықтардың Еуропадағы Германияның үстемдігін жою керек деген ұсынысын қолдады, ол үшін, оның ойынша, Германияның өнеркәсәптің қуатын көршілерінен асырмау керек". Бірақта ағылшын делегациясы бұл мәселені талқылауға дайын болмағандықтан, оны талқылау кейнгі уақытқа қалдырылды [34, 265.]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет