Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


І-V геймдер нәтижесі бойынша қорытынды жасалады



бет16/37
Дата07.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500687
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Денгейлік тапсырмалар

І-V геймдер нәтижесі бойынша қорытынды жасалады.
Сабақтың тақырыбы: « Алгоритмнің жазылу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі»
Сабақтың мақсаты: Пәнге деген оқушылардың қызығушылығын артттыру, білімдерін тиімді пайдалануға баулу. Алгоритм тілімен жұмыс істеуді үйрету. Сонымен қатар, алгоритмде графиктік кескіндеулермен есеп шығаруды көрсету. Осы тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету
Сабақтың көрнекілігі: Сурет, плакаттар, схемалар, диаграмма.
Сабақтың барысы: 1. Үй тапсырмасын қайталау(7мин).
2.Жаңа сабақты түсіндіру(7).
3.Жаңа сабаққа байланысты тапсырма беру(10мин).
4. Ойын ойнау (сөзжұмбақ, диаграмма мазаика 8 мин)
5. Қорытынды.Бағалау.(5 мин)
Оқушылардың өткен тараулар бойынша білімдерін тиянақтау және қорытындылау мақсатында сабақты тренинг сабақ түрінде өткіздім. Тренинг сабақ оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз ойын еркін айта білуге дағдыландырады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз редакторлары туралы және оның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін айтып, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.
Жалпы алгоритм дегеніміз не? Алгоритм сөзінің шығуы?
Алгоритм қасиеттері? Алгоритмді қандай мәселелерді шешуге пайдаланылады?
Алгоритмдік тіл – алгоритмді жазуға және оны пайдаланып программа құруға арналған тіл. Кез келген тіл сияқты ол символдар жиынынан (алфавит), алгоритмді жазу ережелерінен (синтаксис) және жазуларды түсіндіру мәндерінен (семантика) тұрады.

  • Табиғи тілде жазылуы.

  • Белгілі бір түйінді сөздер –терминдер (псевдокодтар- жалған кодар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп атайды.

  • Графиктік жолмен (блок-схема) арқылы жазу.

  • Программалау тілдеріндегі жазылуы.



Алгоритмнің график түрінде кескінделуі


- алгоритм басы мен соңы



-берілгендерді енгізу және нәтижені талдау





-шарттың сақталуына байланысты алгоритмнің
орындалу бағытын таңдау

-ақпаратны өңдеу




-байланыс бағыттары

Алгоритмннің графиктік түрде кескінделуі - кең тараған әдіс. Бұл жазудың түсінікті, анық көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты айқындалған. Онда кез –келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады.


Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі
ретімен орналасады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп атайды. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс -әрекеттің мазмұны жазылады. Әр блоктың енгізу және шығару сызықтары болуы тиіс. Алгоритмді дұрыс құруды үйренушілер үшін есептің алгоритімін график түрінде көрнекі өрнектеу өте қолайлы. Әдетте, кейбір қысқа жазылатын кішігірім амалдардың алгоритмге енбей қалу жағдайы кездесіп қалып жатады. Алгоритмді график түрінде ретімен жазу осындай кемшілікті болдырмау ісін жүзеге асырады.
Сонымен алгоритмнің блок - схемасын сызу үшін мағынасы алдын ала анықталған әр түрлі геометриялық фигуралар пайдаланылады. Блок –схемады пайдаланылатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір –бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады. Байланыс сызықтары тармақталған жағдайда оның бағытын көрсету үшін бағыттауыш белгісі қойылады.
Блок-схема құрудың төмендегідей ережесі бар:

  1. Блок - схеманың басын және оның міндетті түрде көрсетіп тұратын блок болуы керке.

  2. Блок – схемада бірімен – бірі қосылмай қалған блоктар болмауы керек.

  3. Блок – схемада бірімен - бірі қосылмай қалған блоктар болмауы керек.

  4. Арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың бір ғана ену, бір ғана шығу сызығы, ал шарттың орындалуын тексеретін ромб түріндегі логикалық блоктың бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет.

Орындайтын міндетіне қарай блоктар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі блоктарға өңдеу (процесс, арифметикалық амал), шартты тексеру (логикалық), енгізу және шығару блоктары жатады. Көмекші блоктарға алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы, соңы және байланыс сызықтары жатады. Орындалатын амалдар мүмкіндігінше блоктардың ішіне жазылады.
Алгоритмдер құрылымы блоктардың өзара байланысуы бойынша үш түрге: сызықтық, тармақтық және циклдік болып бөлінеді. Олар осы есепте көрсетілген блоктармен қатар, шартты тексеру арқылы таңдау, цикл басы блоктарымен кескінделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет