4. «Рефлексивтік» (сыртқы әсер арқылы пайда болатын) аксиома – егер игіліктердің 2 жиынтығы бірдей болса, олардың пайдалылығын бағалағанда, тұтынушы олардың әр қайсысы басқасынан кем еместігін табады.
Тұтынушы ең пайдалыны барлық нұсқалардан ұнатымдысын таңдау әдісімен бағалайды. Сонымен, игіліктің пайдалылық категориясы реттік ұнатымдық түсінігіне тең.
2. Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
Тұтынушының таңдауын модельдеу (үлгілеу) үшін ординалистік теориясында талғаусыздық қисық сызықтары қолданады.
Талғаусыздық қисық сызықтары – қисық сызық, оның әр нүктесінде 2 игіліктің жиынтығы бар, олардың пайдалылығы бірдей, сондықтан тұтынушыға қайсысын таңдаса да бәрібір. 26 суретте X және Y тауарлардың талғаусыздық қисық сызығы көрсетілген. Әр нүктесіндегі тауарлардың пайдалылығы бірдей, оған бәрібір, қай тауарды алса да: Х тауардың 1 немесе Y тауардың 3; Х тауардың 2 немесе Y тауардың 2; Х тауардың 3 немесе Y тауардың 1.
Y
A
3
2 субституция аймағы
1 B
U
1 2 3 X
26 сурет. Талғаусыздықтың қисық сызығы
Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы – тұтынушы талғаусыздығы қисық сызықтарының толық жиынтығы оның барлық ұнатымдарын көрсетеді (27 сурет). Картада талғаусыздықтың басқа қисық сызығынан жоғары және оңға қарай жатқан талғаусыздықтың қисық сызығы тұтынушы үшін ең ұнатымды тауар жиынтықтарын, көптеу пайдалылығы бар тауарларды көрсетеді. Талғаусыздықтың қисық сызықтары әрқашан теріс еңкішті болып, ешқашан қиылыспайды. Бір игіліктің екіншісімен тиімді ауысуы мүмкін болатын талғаусыздық қисық сызығының телімі (участок) ауысу аймағы (субституция) деп аталады (26 сурет). Бір игілікті екінші игілікке ауыстыруға тұтынушының қажеттілігі жоқ (бұл қисық сызығының сондай телімі).
U2
Y U1
U
X
27 сурет. Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы
Бір игіліктің екіншісімен ауысу шамасын анықтау үшін ауысудың шекті нормасы түсінігі пайдаланады – MRS (marginal rate of substitution).
Х игілігін Y игілігімен ауыстырудың шекті нормасы – тұтынуды қамтамасыз етудің дәрежесі сол күйінде қалу шартымен Y игілігі тұтынуын 1-ге көбейту айырбасына оның тұтынуы қысқартылуға қажет Х игілігінің саны.
MRSXY = - ∆X/∆Y U = сonst жағдайында.
Талғаусыздық қисық сызығының төмен түскен түрі ауысудың шекті нормасы әрқашан теріс болуымен себептелген, яғни Х игілігін көбірек алу үшін, тұтынушы Y игілігінің тұтынуын қысқартуға (азайтуға) мәжбүр болады.
Қисық сызығының еңкіштігі MRS шамасын көрсетеді – ол басқа игіліктерді қосымша тұтыну үшін бас тартуға дайын игілік бірліктерінің саны. Талғаусыздық қисық сызығының дөңестігі (бірақ олар әрдайым дөңес емес) MRS тұрақсыз шама екендігін білдіреді: бір игілікті екінші игіліктің орнына тұтынудың өсуімен (көбеюімен), олардың ауысу үдерісінде бұл шама азаяды. Мына мысалды қарайық: майы көп, бірақ наны жоқ адам нан алу үшін майдың жартысын, бөлігін беруге дайын. Нанды қайта-қайта айырбастаған сайын май азая береді де, енді айырбасталған майдың әр бөлігінің құндылығы өсе береді, ал айырбасталған нанның әр бөлігінің құндылығы түседі. Сонымен, майды нанмен ауыстыру нормасы азайып, талғаусыздық қисық сызығы жайпақталады. Х және Y тауарлары қандай екендігіне байланысты талғаусыздықтың қисық сызықтары әр түрлі болуы мүмкін:
Достарыңызбен бөлісу: |