Тақырып Кәсіпорынның тауар қорлары



Дата02.10.2023
өлшемі18.39 Kb.
#479487
ТЗ 5Ллекция


Тақырып 5. Кәсіпорынның тауар қорлары
1. Тауар қорларының түсінігі және оның классификациясы
Тауар қорлары бұл өндіріс сферасынан тұтыну сферасына өту процесіндегі тауар массасының жиынтығы. Тауармен қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі.
Тауар қорлары тауар қозғалысының барлық сатыларында қалыптасады: өндірістік кәсіпорындарының қоймасында, тасамаладу кезінде, көтерме және бөлшек тауар кәсіпорындар қоймасында.
Тауар қорларын қалыптастыру қажеттілігі келесі факторларға негізделеді:
- уақыт, яғни өндіріс орыннан сату орнына дейін тауарды тасымалдау үшін уақыт,
- тауарды тұтыну мен өндірістегі маусымдық ауытқулар;
- өндіріс пен сауда тауар асортименттер арасында сәйкессіздік;
- өндірістің территориалдық орналасуының ерекшеліктері;
- жеткізуші мен сауда кәсіпорны арасындағы арақашықтық, тауарды тасымалдау
шарттары;
- тауарды сақтау мүмкіндігі және т.с.с.
Тауар айналысының категориясы ретінде тауар қорларының болуы тауар айналысының процесін тиісті тауармен қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген.Тауарды сатқанға дейін тауар – тауар қорларының категориясына жатқызылады. Тауар қорлары әрдайым өзгеріп отырады. Сол себепті олардың көлемі нақты шаруашылық шартардан тәуелді.
Сауда кәсірорнындарының тауар қорларының классификациясы:
- орналысу жеріне байланысты(сауда кәсіпорындарында, өндірісте, тасымалдау кезінде);
- мерзіміне байланысты(кезеннің бастапқы және соңындағы тауар қорлары);
- өлшем бірліктеріне байланысты: абсолютті(құндық және натуралды түрде) және салыстырмалы(тауар айналымының күндері);
- пайдалану мақсатына қарай:ағымдық сақтау(сауда кәсіпорындарының күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ету үшін);
- маусымдық сақтау(ұсыныс пен сұраныстың маусымдық өзгерістері кезінде сауданың үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін);
- алдын-ала жеткізу(алыс жатқан сауда орындарында тауарды жеткізу уақыттары арасында сауданың үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін);
- мақсатты тауар қорлары(белгілі бір мақсатты шаралар жүзеге асыру үшін).
Тауар қорларының мөлшері көбінесе сауда кәсіпорынның тауар айналымының көлемі мен құрылымы арқылы анықталады. Тауар айналымы мен тауар қорларының мөлшері арасында оптимальды арақатынасты сақтау кәсіпорынның маңызды мәселелерінің бірі.
Өйткені қорлар қажетті деңгейде болмаған жағдайында кәсіпорынның тауар айналымын қамтамасыз ету қиындай түседі. Ал қорлардың артық болуы – қосымша шығындарға әкеп соқтырады. Сол себепті кәсіпорынның тауар қорларының мөлшері мен тауар айналымына қажетті мөлшерді анықтау мәселесі өзекті.
2. Тауар қорларының көрсеткіштер жүйесі мен факторлары
Тауар қорлары абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер көмігімен талқыланады,жоспарланады және есепке алынады. Абсолютті көрсеткіштер құндық (ақшалай) және натуралды бірліктерде көрініс табады. Олар түгендеу жүргізу кезінде қолданылады.
Абсолютті көрсеткіштердің басты кемшілігі бұл тауар айналымының қалыптасуына қажетті тауар қорларының мөлшерін анықтау мүмкіндігінің болмауы. Сол себепті салыстырмалы көрсеткіштер кең тараған. Олар қорларының мөлшерін кәсіпорынның тауар айналымымен жақындастыруға мүмкіндік береді.
Тауар айналымының уақыт пен жылдамдығы арасында тұрақты кері пропорционалды тәуелділік бар. Уақыттың азаюуы мен тауар айналымы жылдамдығының өсуі тауар қорларының аз мөлшерінде тауар айналымының мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.Бұл, өз кезегінде, тауар шығындарының төмендеуіне және т.с.с. ықпал етеді.
Тауар қорларының деңгейі, мөлшері және тауар айналымдылығы өзара байланысты көрсеткіштер болып табылады және кәсіпорынның сыртқы жәнне ішкі орта факторлардан тәуелді:
- өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндіріс көлемі мен өнім сапасы;
- өндірістің маусымдылығы;
- импорт көлемі;
- ассортименттің жаңаруы;
- сұранымның өзгеруі;
- көтерме және бөлшек сауда арасындағы қорлардың бөлінуі;
- жеткізу жиілігін және сақталу мерзімін анықтайтытын тауардың физико-химиялық қасиеттері;
- нақты тауар мен тауар топптарына сұраным мен ұсынымның арақатынасы және баға деңгейі;
- нақты кәсіпорынның тауар айналымының көлемі мен құрылымы және т.с.с.
Аталған факторлардың өзгерісі тауар қорлары мен тауар айналымдылығының мөлшеріне әсер ету мүмкін.
3. Тауар қорларын есепке алу және сараптау әдістері
Сауда кәсіпорындарында тауар қорларын есепке алу және тауардың, әдетте, үш әдісі қолданылады:
• түгендеу, яғни барлық тауарларды түгел есептеу. Натуралды көріністе алынған мәліметтер ағымдық бағамен бағаланып, тауар топтары бойынша жалпы сомасы шығарылады. Алайда, бұл әдістің кемшілігі еңбексыйымды және тиімсіз болып келеді, өйткені түгендеу жүргізу кезінде, әдетте, кәсіпорын өз қызметін уақытша тоқтатады;
• оперативті есеп, яғни жауапты адамдар тауар есебінің мәліметтері бойынша нақты тауарлардың бар екендігін тексереді. Алайда,мұнда тауарлардың орнына олардың орындары (жәшік, рулон, қапшық және т.б.) есептелінеді. Содан кейін тиісті нормаларға сәйкес қайта есептеу жүргізіледі, тауарлар саны анықталады және ағымдағы баға бойынша бағаланады. Аталмыш әдістің кемішілігі бұл түгендеуге қарағанда нақтылығы шамалы
1.Тауар сапасы түсінігі.
2.Өнімдердің сапасын анықтау тәсілдері.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет