Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы


Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары



бет43/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   92
Микроэконом каз

2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары

Өндіріс шығындары шығарудың функциясы: C = f (Q), мұнда С – шығындар (costs). Шығындар функциясының түрі өндірістік функцияның тұрпатымен анықталады, ал олардың шамасы – өндіріс факторының құнымен. Шығындар шамасы мен шығару араларындағы графикалық тәуелділік шығындардың қисық сызықтары арқылы білінеді. Шығындарды ең алдымен қысқа мерзімді кезеңде талдайық. Бұл уақыттық аралықта факторлардың жартысы сол күйінде, өзгеріссіз қалады, демек, шығындарды тұрақты және ауыспалыға бөлуге болады.


Тұрақты шығындар графигі түзу түрінде көрсетіледі, өйткені олардың шамасы өзгермейді, ауыспалы шығындар графигі – ұлғаймалы қисық сызық (олар өндіріс көлемінен тура тәуелділікте болады), валдық (жалпы) шығындар графигі – ол тұрақты шығындардың шамасына өскен (көбейген) ауыспалы шығындардың қисық сызығы.


C TC

FC VC

FC

Q
52 сурет. Тұрақты, ауыспалы және валдық шығындар


Орташа тұрақты шығындар графигі төмен түсетін қисық сызық болып көрінеді, бұндай пішіннің себебі – тұрақты шығындар шамасы шығару көлемінің өсуінен өзгермейді. Орташа ауыспалы шығындар динамикасы кемушілік қайтарым заңының әрекетіне байланысты, графикте олар ұлғаймалы қисық сызығының түрінде көрсетіледі. Орташа валдық (жалпы) шығындардың пішіні тұрақты және ауыспалы шығындардың нақты мағыналарынан тәуелді: егер FC>VC, АТС қисық сызығы төмен түседі; егер FC
C ATC
AVC
AFC
53 сурет. Орташа тұрақты ауыспалы және валдық (жалпы) шығындар
M P, AP MPmax
APmax
MPL
APL
L
AVC, MC
AVC
MC
AVCmin

Q


54 сурет. Орташа және шекті өнімнің қисық сызықтары мен орташа және шекті шығындардың қисық сызықтары

Алдында, ауыспалы фактордың қайтарымы өскенде, шекті шығындар азаяды, демек, орташа ауыспалы шығындар азаяды. Сонан соң, жоғары шегіне жеткенде, ауыспалы фактордың қайтарымы, кемушілік қайтарым заңына сәйкес, түседі, демек, шекті шығындар өсе бастайды, ол, кейінірек, орташа ауыспалы шығындардың өсуіне әкеледі.


Шекті және орташа өнім шамасы араларында тәуелділік болуына сәйкес шекті және орташа шығындар араларында да тәуелділік бар (55 сурет).
1. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар төмендейді, егер шекті шығындар орташа ауыспалы шығындардан аз болса (МР<АVC );
2. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар өседі, егер шекті шығындар орташа ауыспалы шығындардан көп болса (МР>АVC);
3. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар қисық сызықтарының шекті шығындар қисық сызықтарының көбеюші, үдеуші бөлігімен қиылысу нүктесінде азаяды.
4. Өндіріс көлемінің өсу барысында орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындардың қисық сызықтары жақындайды (өйткені орташа тұрақты шығындар азаяды).
C MC ATC
AVC
AFC
Q
55 сурет. Қысқа мерзімді кезеңдегі шекті және орташа шығындардың қисық сызықтары

Шығындар қисық сызықтарының жағдайы факторлар бағалары мен бұл фактор ауыспалы немесе тұрақты болуына байланысты. Тұрақты фактор бағасының өсуі AFC және АТС қисық сызықтарын жоғарыға ауыстырады (шығындар өседі); бағасының төмендеуі – оларды төменге ауыстырады (шығындар азаяды). Ауыспалы фактор бағасының өсуі АVC және АТС қисық сызықтарын жоғарыға ауыстырады, ал МС қисық сызығын – солға; ауыспалы фактор бағасының төмендеуі – АVC және АТС қисық сызықтарын төменге ауыстырады, ал МС қисық сызығын – оңға. Қысқа мерзімді кезеңде (оны эмпиризмдік талдаулар дәлелдейді) ауыспалы фактордың тұрақты қайтарымы орын алады. Графикалық түрде ол орташа шекті шығындардың «кең жалпақ түбін» көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет