1. Үлестірудің эгалитарлық үлгісіне сәйкес (фр. egalite – теңдік) өркениет теңдікке ұмтылу керек, яғни игіліктердің тең үлестіруіне. Бұл көзқарасты марксистер алып, оның нәтижелеріне өзіміз куә болдық. Оның жақсы жақтары да, кем жақтары да болады.
2. Унитарлық көзқарас – ол қоғамның барлық мүшелерінің жалпы пайдалылығын өсіретін үлестіруді насихаттайды.
3. Нарықтық көзқарас – нарықтық үлестіруді жақтайды тең болмаса да, экономикалық нәтижелі. Нарықтық үлестірудің нәтижелері әділ, кім қабілетті және еңбексүйгіш, сол көпке ие болады.
4. Ролсуандық көзқарас – қоғамның ең аз қамтамасыз етілген мүшелерінің пайдалылығы өсіріледі. Бұл көзқарас теңсіздікті туғызады (ең жоғары қамтамасыз етілген азаматтар жоғары салық төлейді). Бәрі де бай бола алмайды, бірақ ешкім де кедей болмау керек. Біз әл-ауқат экономика теориясын жіктей аламыз. Ол әділдік түсінігіне деген утилитарлық және нарықтық амалдардың қосындысының мысалы болып табылады. Осыдан оның барлық кемшіліктері туындайды. Қазіргі заманда көптеген нарықтар – олигополиялық және монополистік бәсекелес нарықтар. Олар нағыз бәсекелес нарықтардан ерекшеленеді. Әл-ауқат экономика теориясының артықшылығы: ол ресурстарды (қорларды) үлестіру мәселесіне анық және айқын амал ұсынады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
Жалпы тепе-теңдік деген не? Жалпы тепе-теңдікті анықтаудың күрделілігі қандай?
Робинзон Крузо экономикасының үлгісін көрсетіңіз. Робинзон Крузо экономикасындағы тепе-теңдік қалай анықталады?
«Таза» ауыстыру экономика үлгісін және Эджворт диаграммасын сипаттаңыз.
Шарттар қисық сызықтары деген не?
Өндіріс нәтижелілігінің үлгісін сипаттаңыз.
Парето – нәтижеліліктің мәнін көрсетіңіз. Пайдалылық шегі деген не?
Әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасының мәнін ашыңыз.
Әлеуметтік әділдік табиғатына деген қандай көзқарастар сізге мәлім?
Достарыңызбен бөлісу: |