Мазмұны Кіріспе Пән


-тақырып. Сана, рух және тіл



бет18/64
Дата09.09.2022
өлшемі2.08 Mb.
#460463
түріСеминар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
filosofiya. oak. 2021-2022

2-тақырып. Сана, рух және тіл
1. Жан, ақыл, парасат, рух.
2. Философия тарихындағы сана концепциялары.
3. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну.
Көне Үнді философиясының әдеби ескерткіші Ведалар болып табылады, санскриттен аударғанда ”білім” деген мағынаны береді. Ведалар біздің заманымызға дейінгі 1500-600ж.ж. құрылған. Олар өзіндік кең көлемде діни әнұрандардың жиынтығы, діни ілімдерді, табиғатты бақылау, дүниенің пайда болуын қарастырады.Осылайша, көне үнді философиясының бірінші кезеңі ведалық деп аталады. Қазіргі таңда Веданың 4 белгілі бөлімі бар: Ригведа,Самаведа, Яджурведа, Атхарведа.
Упанишадалар –Ведаларға айтылған философиялық пікірлер.
Екінші кезең - эпикалық (б.з.б. 600-200жж.) деп аталады. Бұл кезде үнді мәдениетінің екі үлкен, ұлы эпосы жарық көреді-«Рамаяна» және «Махабхарата».
Үшінші кезең Көне Үнді философиясында сутра кезеңімен (б.з.б. 3-4ғ.) байланысты. Бұл уақытқа дейін көптеген философиялық әдебиеттер жинақталып, сутрада-қысқаша трактаттар жинақталды.
Жайнизм (б.д.д.V ғ.).
Негізін қалаған: Махавира.
Негізгі еңбегі: «Шветамбарлар каноны».
Діни ағым ретінде қалыптасады. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдыретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.
Жайнизм мектебіне реализм мен плюрализм тән. Бұл философтар тірі және өлі табиғатқа (материяға) айрықша сүйіспеншілікпен қарайды. Олардың теориясына сәйкес сананы тану жанның мәні болып табылады. Жан жоғары білімге ие. Әр заттың өз субстанциясы бар. Субстанцияға екі белгі тән - гун (өзгермейтін белгілер) және парья (өзгермелі, кездейсоқ). Осылайша сыртқы дүниенің өзгерісі және өзгермеуі жайлы тұжырым жасалынады.
Буддизм (б.з.д.VIғ.).
Негізін қалаған: Сиддхартха Гаутама Будда.
Негізгі еңбегі: «Трипитака» («Үш себет»).
«Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизмнің түрлі бағыттары мен ағымдары бар. Олар хинаяна және махаяна деген қос бағытқа сүйенеді. Хинаяна Үндістанда құлиеленушілік дәуірде өріс жайса, махаяна феодализм тұсында ықпал етті. Хинаяна буддизмнің ерте кезіне сәйкес, ал махаянада Будда бейнесі будданың пантеоны болып дәріптеледі. "Нирвана" ұғымы "жұмақ" ұғымымен алмастырылады, архат бейнесі қасиетті боддхисатва бейнесімен алмастырылады. Хинаянаға қарағанда махаянаның зор әлеуметтік базасы бар, ол тек монахтардың діні ғана емес. Миряндардың да (қарапайым адамдардың да) діні болып қалыптасты.
Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.
1.Азаптану.
2.Азаптанудың себебі.
3.Азаптанудан босану.
4.Азаптанудан босануға апаратын жол. Азаптан құтқаратын бірден-бір жол - "игілікті орташа сегіз жол" болып табылады. Ол жөнінде төртінші ақиқатта баян етіледі.
Көне Қытай философиясы. Қытайда философия әлемнің дәстүрлі-мифологиялық әлем бейнесін теріске шығармай, табиғи, тұрмыстық тілді пайдалануды жалғастыра отырып дамыды және пайда болды. Дәстүрлі қытай сенімі, аңызы және салтының бірыңғай топтамасына философияның органикалық қосылуы болды. Қытайда философия б.э. дейінгі VIII-VII ғ. жазылған «У-цзинь» ге жазылған, бітпейтін комментарийден басталды.
Қытайлық дүниетаным мен мәдениеттің қалыптасуы үшін үш мектептің бәсекелестігінің үлкен мән болды: даосизм, конфуцийшілдік және легизм.
Даосизм (VI—V ғғ. б.д.д.). Бұл ілімнің негізін қалаушы аты аңызға айналған, б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы болып табылады. Лао-цзы ұзақ уақыт бойы мемлекеттік қызметте, Чжоу династиясының мұрағатын сақтаушы болды. 1973ж. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Мавандуедегі зираттан Лао-цзы жазған «Даоцзин» және «Дэцзин атты қол жазбасы жасырылған. Осы екі трактат «Дао-дэ цзинь» деген атаумен белгілі. Шығарма 81 тараудан, 5000 иероглифтан тұрады. Синологтердің айтуынша, трактат Лао-цзы өлгеннен соң 200 жылдан кейін оның ізбасарлары жазған деп болжайды.
«Дао дэ цзин» ілімінде біз кейбір диалектика элементтерімен де кездесіп жатамыз. Лао-цзы даоға анықтама беру үшін, оны алдымен қарама-қайшы жақтарына қарай бөліп алады. Өзгермеушілік пен үнемі қозғалыс, жалғыздық пен көпшілік, іссіздік пен іс қимыл деген сияқты т.б. біршама керағарлық заттарды атап өтеді. «Дао дэ цзинде» бір-біріне ауысатын қайшылықтар туралы айтылады, - жарты бүтінге, қисық-түзуге, бос-толыға, ескі-жаңаға айналады. Инь және ян ұстанымына сәйкес, ғаламда барлығы тұрақсыз және барлық заттар өзгерісте, қозғалыста. "Барлық мәнде инь мен ян бар, цимен толтырылған әрі үйлесімді». Күнделікті тіршілікте дао өз кезегінде дэ-ні қостайды. "Дао заттарды тудырады да, дэ болса ол заттарды әрі қарай тамақтандырып, өсіреді", кемелдендіреді.
Бәлкім, дэ - екіншілік ұстаным. Сол арқылы дао заттарда көрініс табады. Бұл - жекелеген заттардың дербес нақтылануы. Өкінішке орай, инь мен ян туралы ілім аксиомалық. Оларды зерттеу тұсында Лао-цзы көбінесе «Өзгерістер кітабына», сонымен қатар өте ежелгі ақпарат көздеріне сүйенген деген ойлар бар.
«Дао» категориясы Универсумның жалпы қамтушы заңы, барлық заттардың субстанциясы ретінде ұғындырылды. «Адам жерге тәуелді, жер - аспанға, аспан - даоға, дао - өз-өзіне», яғни, дао барлығының түп тамыры, бір тұтас. Дао Шань-диден де (аспаннан да) көне, оның бастамасы жоқ, аяғы, шегі де жоқ. «Қалай, неден туғанын білмеймін, - делінген «Дао дэ цзинде". - Бірақ ол аспан иесімен сабақтасады» Немесе "Міне, хаостан пайда болған зат, аспан мен жерден жаралған. Ол дыбыссыз! Ол пішінсіз! Жалғыз және өзгермейді. Барлығына ықпал - әрекет етеді, кедергіні білмейді. Оны Аспан астының анасы десе болғандай. Мен оның атауын (есімін) білмеймін. Иероглиф пен белгілеп отырып мен оны дао деп атадым, Ұлы - ол шексіз қозғалыста».
Барлық дүние табиғи жолмен жүруі тиіс. Данышпан даоға да, басқаларға да бөгет жасамауы керек. Сондықтан Лао-цзының әлеуметтік мұраты өткенге, білім табиғаттың барысына кедергі келтірмей, адам табиғатпен бірегей болған кезең. Адамның өмірдегі басты міндеті даомен қосылу. Әр адамның бойында даоның бөлшегі бар, тек осы рухани көзді аша білу керек, адамды тәннің қажеті емес рух қажетін өтеу үшін өмір сүруге үйреткен абзал. Ол үшін имандылықпен өзін-өзі жетілдірудің ұзақ жолынан өту қажет. «Дао дэ цзинде» Лао-цзы у-вэй ұстанымына негізделген осы жолды көрсетеді. Саясатқа қатысына келсек, этикаға бағындырылған және дао мен у-вэйді тірек ретінде алады.
Конфуцийшілдік. Бұл мектептің негізін салушы Кун-фу-цзы (Конфуций) (шамамен 551-479ж.ж.г. б.д.д.). Конфуцийдің басты еңбегі - «Лунь-юй» (Әңгіме мен кеңес) », ол 6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні дәріптеу конфуций дәуірінде өзіндік мақсатқа айналады. Оның басты сұрағы, бұл кім үшін жазылған шығарма: «Адамдарды қалай басқаруға болады: күшпен бе, әлде қайырымдылық негізінде ме?».
Нағыз, Конфуцийдің көзқарасы, кейіпсіз, өйткені арман өткен заманның еншісіңде кетті. Оның бір амалы - өткенді осы шаққа айналдыру. Ал бұл үшін баршаға түсінікті сөздермен қара, оларға алғашқы, ескі мағынада қарау керек, бұл Конфуцийдің аталған «есімдерді өзгерту» деген ұғымы болды.
Ілімдегі теориялар Конфуций ілімінде қоғам – «қайырымды мырзалар» мен «қауқарсыз адамдар» болып екіге бөлінеді, кішілердің үлкендерге құрметі – тәрбиенің ең басты іргетасы, басқару - түзету деген сөз. Конфуций ілімі бойынша қоғамдағы алғашқы топта бес қасиет болуға тиіс. Олар: адамгершілік (жэнь), парызды өтеу (и), әдептілік пен сыпайылық (ли), зейінділік пен білімділік (чжи), берілгендік (синь). Данышпанның атақты теориясының бірі – мемлекетті «адамгершілікпен басқару». Осы орайда ол: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке-әке, ал ұл-ұл болу керек», деген. Және де ол «Билікке қалай жетуге болады?», - деген сұраққа: «Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткізу», - деп жауап қайтарған. Ежелгі Қытайдың бес классикалық шығармасын «Шуцзин (тарих кітабы), «Шицзин» (әндер мен гимндер кітабы), «Лицзин» (рәсімдер туралы жазбалар), «Юэцзин» (музыка туралы кітап), «Ицзин» (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеп, оларға түсіндірмелер берген де Конфуций. Зерттеушілердің пайымдауынша, «Көктем мен Күздің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына» түсіндірмелері оның
жеке басына тиесілі.
Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы, үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын «сяо»тұжырымдамасы да осы қатарда. Ол «текті ерлерді» (цзюнь цзы) шешімді түрде «ұсақ пенделерге» (сяо жэнь) қарсы қойып отырған».
Ең ғажабы, Конфуций ілімі (трактаттар мен канондар) – жасырын дәстүр, белді әулеттердің «меншігі» болды да. Ол атадан балаға мирас болып қалдырылып келді.
Легизм. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері - Шан Ян и Хань Фей-цзы.
Бұл мектеп өкілдерінің басты сұрағы, конфуцийшілдік ілім негізінде құрылды, атап айтсақ: «Халықты қалай басқару керек: мінез құлықтың этикалық ережелеріне сүйеніп па(ли), немесе заң талаптарын қатал орындау арқылы (фа) және жазалаумен ба?» – деген сұрақ легистердің алдында тұрды. Легистер байырғы рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықты сынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін қабылдамады. Осыған орай бастапқы Конфуций ілімімен тай-таласта қалыптасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет