Мазмұны Кіріспе Пән


-тақырып. Таным және шығармашылық



бет20/64
Дата09.09.2022
өлшемі2.08 Mb.
#460463
түріСеминар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
filosofiya. oak. 2021-2022

4-тақырып. Таным және шығармашылық
1. Таным философиялық мәселе ретінде.
2. Таным объектісі мен субъектісі.
3. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары
Гносеология немесе таным теориясы философиялық білімнің бөлігі, танымдық іс - әрекетінің мәні шарттары ұқсас білімге жету жолдарын қарастырады. Одан басқа таным теориясын адасушылық оның пайда болу себептері мен оны жеңу жолдары білімнің өмірлік экзистенциалды мазмұны қызықтырады. Гносеология философиялық білімнің бір бөлімі, сондықтан оның зерттеуі адам өмір жүйесіндегі жалпылық болып қолданады. Бірақ, гносеология - бұл қатынастың тек танымдық аспектісін зерттеп, танымның негізділігі мен жан жақтылығын ашады.
Гносеология термині гректің «gnosis» - білім және «logos» – ұғым, ілім деген сөздерінен шыққан.
Таным - гносеологияның негізгі ұғымы. Бұл термин әртүрлі мағынада қолданыла береді. Біріншіден, адамның туа біткен жануарлардан ерекшелейтін қабілеті деп есептеледі. Бұл жағдайда таным тіршілік үшін күресте ортаға бейімделу жағдайында адамның ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады.
Екіншіден, таным білім алудың шығармашылық процессін түсіндіруі мүмкін. Бұл түсінік тұрғысында таным - жеке тұлға мен жалпы адамзат деңгейінде жүзеге асырлатын мәдени іс-шараның бір түрі.
Үшіншіден, таным біліммен теңдесе алады. Бұл жағдайда адамның ерекше қайраткерлігі мен оның нәтижесі бір-бірімен теңдеседі.
Таным түрлері::
1) қарапайым немесе жекелік таным: жеке тәжірибе мен қарым қатынас негізінде, қоғамдық білімді меңгеруде және күнделікті іс әрекет процесінде қалыптасады. Бұл ілімнің ерекшелігі біліммен, жекелеген объектілермен және оқиғалар туралы ақпаратпен қорытындыланады. Өзінің формасы арқылы образды түрде көрінеді, бірақ оның мазмұнында логикалық және рациональдық ойлау жүйесі де бар. Сонымен қатар, толық ақпараттық білімнің формасы ретінде де көрінеді. Жиырма жасына толған адамның білімі барлық ғылымдардың толыққан және жиналған ақпараттардан дәрежесі әлдеқайда үлкен екені бәрімізге мәлім.
2) ғылыми таным күнделікті, қарапайым танымнан өзіндік бойынша ерекшелінеді. Ғылым үдерістер мен құбылыстардағы қажетті болып табылатын жалпы заңдылықтарды зерттейді, сонымен қатар, ғылымның негізгі пәні ретінде заңдылықтарды білу болып табылады. Ғылыми білім әрқашан жалпы түсініктерге негізделген, яғни ғылымда көбінесе логикалық және түсініктерді білу басым.
Ғылыми таным дегеніміз жүйелік білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады.
3) күнделікті қарапайым таным: ғылыми танымның түрі болып атбылады, бірақ екі маңызды сәтпен ерекшеленеді: бұл білімнің пәні қарапайым жалпылық емес, әмбебаптылық ортақ болып атбылады. Философиялық білім әрқашанда дүниетанымдық көзқарас болып табылады, сондықтан ол өзіндік танымдық бағалауды сақтамайды. Танымдық бағалау– бұл таным түрінің міндетті элементі.
4) көркемдік таным: өз негізінде бейнелі және көрнекілі, сондықтан ол қараайым білімге жақын. Алайда ол өз пәні бойынша ортақ және қажеттілікті сақтайды, яғни типтік болғандықтан ғылымға жақын, осы сала пәні – адам мен адамдық қатынас болып табылады.
Субъект және объект алғашында заттың қасиетін, күйін, әрекетін білдіретін субстанция түсінігімен мәндес ұғым болды. Философия тарихында субъект және объект ұғымының мағынасы түбегейлі өзгеріп, онтологиялық ауқымнан шығып, гносеологиялық мәнге ауысты.
Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн таңдауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетикалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.
Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi. Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.
Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.
Ақиқат мәселесі. Таным теориясы ақиқат мәселесімен тығыз байланысты. Жоғарғы ізгілік болып табылатын ақиқат пен әсемдікке ұмтылу Платон бойынша ғашықтық, сүйсінушілік және долданғандылықпен тең. Көптеген ғалымдар ақиқаттылықтың мазмұнында моральдық және эстетикалық мән бар екенін баса айтты. Әдетте ақиқатты объекті мен білімнің арасындағы сәйкестікті айтады.
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады.
Ақиқат – таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектикалық байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы негізінде құралады
Ақиқат өзінің даму кезеңдерінде тұрақты серігі болып келе жатқан қарама-карсылығы - адасумен тығыз байланысты. Бұл ақиқатқа жетудің күрделілігі мен қиындығын керсетеді.
Адасу — өзінің пәніне сәйкес келмейтін, оған сай емес білім. Мысалы, мәңгілік козғалтқыш жасауға тырысу энергияның айналу және сақталу заңының ашылуына мұрындық болды. Эфир, жылу тегі идеялары толқындық оптиканың және электродинамиканың, сонымен қоса жылу үдерістері туралы физикалык ілімнің шығуының алғышарты болды. Кейде бұлардан да қатал ақиқатты іздеу оған альш келмейтін, адастырып әкететін ахуалдар болады. Нағыздықты тану үдерісінде адасудан аулақ болу оңай емес. Адамның ақиқатқа тырысуы әрқашан адасусыз болмайды. Адасудан аулақ болу онай емес, кейде киындап кетуі мүмкін. Адасу өзінін мәні жағынан танымның жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру ретінде туындайтын нағыздықтың қате бейнеленуі. Әрине, адасу ақиқатқа жетуді қиындатады, бірақ одан күтылу мүмкін емес. Таным қозғалысының қиындығының да қажетті сөті бар. Мысалы,алхимия секілді "ұлы адасудың" формасында химия ғылымының қалыптасуы жүріп жатты. Танымдағы ақиқатқа қарсы адасуды ғана емес, жалғанды да айтуға болады. Жалған дегеніміз - алдау мақсатында нағыздықты сатлы бұрмалау. Адасудың қандайы болса да, ерте ме, кеш пе, әйтеуір анықталады, "сахнадан түсіп қалады" немесе ақиқатты білімге айналады. Ол жалған ақиқатка дейін өспейді, оның жетістігіне кызмет ете алмайды. Жоғарыда айтылғандай, адасу білімнің сипаты болып табылады, ал қате болжау, адамның түрлі салалардағы дұрыс емес әрекетінің салдары ретінде көрініс береді. Адамдар айғақтық, логикалық, саяси, сонымен коса күнделікті өмірде түрлі қателерге ұшырап отырады.
Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлық объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толық емес екендігі көрінетін, ертелі кеш бұдан әрі дәлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтқанда, салыстырмалы ақиқат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Салыстырмалы ақиқаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уақытқа дейін танушы субъектінің көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне толық сәйкес келмеуіне орай, салыстырмалы ақиқат нағыздықтың жақындау — дәл бейнесі ретінде көрініс береді. Әрине, таным үдерісінде салыстырмалы ақиқаттың дәлел- денуі, толықтырылуы мүмкін. Сондықтан ол жетілдіретін білім болып табылады. Абсолютті білім — шынайылыққа толық сәйкестігіне орай — бұлжымайтын білім. Элементтері өзінің объектісіне сай болғандықтан, онда өзгеретін ештеңе жоқ. Сырттай қарағанда, абсолютті және салыстырмалы ақиқаттар бір-бірін жоққа шығаратындай көрінеді. Ал танымның шынайы үдерісінде олар бір-бірімен қарама-қайшылықта емес, байланыста болады. Таным үдерісінде адамдар абсолюттік және салыстырмалы акиқаттарды қатар қолданады. Абсолютті ақиқат салыстырмалы ақиқаттардың қосындысынан тұрады. Қосынды деп бұл жерде, салыстырмалы ақиқаттардың белгілі бір мөлшерінің қарапайым қосындысы емес, абсолютті білімнің кұрылымындағы салыстырмалы акиқаттың алатын мөлшерінің біртіндеп, үнемі өсуін айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет