ОБЪЕКТ-зат, іс әрекетке бағытталған. Субъектінің танымдық және өзге де қызметі бағытталған. Әмбебап объектісі табиғат, қоғам мен адам болып табылады. ОНТОЛОГИЯ
ОБЪЕКТ-зат, іс әрекетке бағытталған. Субъектінің танымдық және өзге де қызметі бағытталған. Әмбебап объектісі табиғат, қоғам мен адам болып табылады. ОНТОЛОГИЯ - (онтос - болмыс)болмыс туралы ілім, әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғаты айқындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.
ОЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ– алғышарттар делінетін бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа пікір туады да «қорытынды немесе нәтиже деп аталады), оның алғы шарттардан логикалық түрде қорытылып шығуының барысында келіп тірелетін пікір қорыту. Алғышартардан қорытындыға ауысу процесі логиканың белгілі бір ережесі бойынша жүзеге асады.О.қ. – ның алғышарттары мен қорытындыларының өзара шектелуі және оның құрылымынң айқындалуы ой қорытындысының логикалық анализін құрайды.
ОЙТҰЖЫРЫМЫ - берілген бір немесе бірнеше өзара байланысты пайымдардан жаңа пайым қорытып шығаратын ойлау формасы.
ОЙШЫЛ СУБСТАНЦИЯ - бұл идеалды субстанция, ойлаудың қасиетін иеленуші. Декарт «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін, ал ойлау, нақтылық». Оны метафизика зерттейді.
ӨРКЕНИЕТ – тар мағынада: бұл материалдық мәдениет, кең мағынада: - бұл материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. «Өркениетті» түсіндірудің төрт тәсілі:
§ мәдени (әлеуметтік-мәдени білім). Вебер, Тойнби: өркениет – ерекше әлеуметтік- мәдени феномен, шектеулі анықталған кеңістіктік-уақыттық шекпен, дін оның негізін құрайды. Тайлор: Өркениет - білім, наным, өнер, адамгершілік және әдеттер, адаммен игерілген қоғамның мүшесі ретінде.
§ әлеуметтік (әлеуметтік білім). Уилкинсон: Әлеуметтік білім, ортақ уақыттық және кеңістіктік параметрі бар, қалалық орталық маңына жинақталған, олардың әрекеті механизмнің арқасында, әлеуметтік-саяси бірінші кезекте болады.
§ этнопсихологиялық: өркениет ұғымы этникалық ерекшеліктермен, халықтың мәдени және психологиясымен байланысты (Л. Гумилев),
§ географиялық: географиялық ортаға әсер етеді.