5.Kalem işleri (безендіру ісі) – сәулет өнерінде кеңінен қолданылады. Көбіне мүсін жасауда, мешітті, түрбені, сарайлар мен үлкен ғимараттардың сыртын немесе ішкі қабырғаларын безендіру үшін қолданылады. Қабырға,сылақ, мата, тас, тері үстіне әр түрлі бояулармен жазу немесе сызу арқылы әсемдеудің бір түрі. Кез келген жазу үлгісі жіңішке әрі ұзын ұшы бар қалам арқылы жазылады. Кейде әдемілік үшін алтын немесе күміс қағаз қолданылады. Бұл іс нәзіктік пен ептілікті қажет ететіндіктен онымен көбіне әйелдер айналысады. Осы өнердің бір туындысы ретінде Осман Империясының Топкапы сарайы үлгі бола алады.
6.Еbru sanatı (эбру өнері) – судың бетіне сурет салып оны қағаз бетіне шығару өнері. Эбруда тек қана табиғи бояулар қолданылады. Суды қоюландыру үшін және суреттің нақты әрі қанық болып шығуы үшін суға
Жалпы алғанда өнер - адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Оның ішінде қолөнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Аты айтып тұрғандай қолөнер адамның қолымен жасалатын нәрселердің жиынтығы болып табылады..
3. Қазақ және түрік көркем мәтіндерінде «әйел» концептісі
Қай тілдің болмасын сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түп тамыры тіл иесі этностың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан тарихының қалың беттерімен, мәдениетімен, мінез-құлқымен байланысты. Ұлтқа тән қадір-қасиетті танытатын тіл болса, тіл деректерінің тоғысар жері – көркем шығарма. Көркем шығарма – ұлттық болмысқа қатысты мәселелерді жинақтайтын күрделі құбылыс, біртұтас дүние. Көркем шығарма мәтінінде кездесетін әр алуан тілдік құбылыс ұлттық тілдің барлық тармақтарынан алынады. Жергілікті ерекшеліктер лексикологияда қолданылу өрісі тар, шектеулі қабатқа жатқызылады, олай болса, жергілікті ерекшеліктердің нақты көрінер, басқа танылар тұсы – көркем шығарма мәтіні.
Көркем мәтін – ұлттық бітім-болмысты, ұлттық психологияны, ұлттың дүниетанымы мен оның өмір сүру тәжірибесін, салт-дәстүр мен наным-сенімді таныстыратын біртұтас дүние. Көркем мәтін - ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі, айнасы. Сондықтан әрбір көркем шығарманың бойынан сол ұлт туралы материалдық та, рухани, эстетикалық та мәдениет негізін тануға болады.
Көркем шығармалар арқылы, автордың танымдық аясы мен ақиқат дүниені бейнелеу қабілетіне қарай жазушы баяндап отырған ортаның мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, танымдық ерекшелігін анықтауға болады. Әрбір көркем шығарма – бұл ұрпақтан-ұрпаққа қалатын мұрағат. Сондықтан жазушы тіліндегі әрбір тілдік бірлік сол заманның мәдениетін, өмірлік болмысынан шынайы ақпарат беретін тарихи мұра десек те болады. Демек, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде орныққан мәдениетімен, ой танымы екендігі. Автордың ішкі көркемдік дүниесі мен оны тудыру шеберлігін мәтін арқылы тани аламыз. Көркем мәтін автор ойын объективтендіріп, оның шығармашылық көзқарасын таныту, адам туралы, айнала қоршаған әлем туралы білімі мен түсінігін бейнелеп жеткізу үшін және автор танымындағы әлемді басқаға сол қалпында дәл жеткізу үшін жұмсалады. Көркем шығарма тілін семантикалық зерттеу арқылы сөздік қорымыздағы сан алуан тілдік бірліктердің стильдік, мағыналық, функционалдық қызметтерін, олардың заттық мәдени мағынасын, ұлтты таныту қасиеттерін, этимологиялық қалыптасу тарихын анықтауға болатыны белгілі. Көркем шығармаларда көбінесе халықтың тұрмыс - тіршілігі, психологиясы, өмір сүру салты суреттеледі.
Түркі халықтарының әдеби шығармаларында халықтың өмір салтымен қоса бастан өткен бар қиыншылықтары мен зұлым-зұмбылықтары суреттеледі. Оның ішінде мәңгілік тақырыптардың бірі - әйел болып табылады. Бітіру жұмысы қазақ және түрік халықтары танымындағы әйел болмысымен байланысты болғандықтан, біз қазақ және түрік халықтарының әдебиетіндегі әйел бейнелерін қарастырамыз.
Қазақ прозасындағы әйел-аналар бейнесі арнайы сөз етуге тұрарлық тұтас бір желі. Олар қазақ халқының әр кезеңдегі тіршілік-тынысын береді, өзіндік адамгершілік моралін, дүние-ғалам жайында өзіндік философиясын арқалап жүр. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен әйел затының тағдыры барлық өнер саласын қамти алған ауқымды тақырып. Қылқалам шеберіне де, ақынға да, мүсіншіге де, күйшіге де, жалпы жаны нәзік сезімтал келетін өнер иелеріне шалқар шабыт сыйлаған әйел-ана образы қазақ әдебиетінде жан-жақты ашылды.
Әлі күндерге дейін батырлық дастандар мен ғашықтық жырларда кездесетін, ақыл-парасатымен, көркімен тамсандаратын ару бейнесі қарапайым адамдармен қатар ақын-жазушыларымызға үлгі болып келе жатыр. Әрине, ана сыйлаған халық болғанымыздан кейін бұл заңды да. Десек те, қазақ әдебиеті лиро-эпостық жырлармен тоқтап қалған жоқ. Ұлттық әдебиетіміздің өрлеу дәуірі ХХ ғасыр болса, сол кезеңнің өзінде қаламгерлеріміздің қаламына арқау болған қаншама қазақ қызының бейнесі шыға келеді. Қазақ романистикасының өзі әйел бейнесінен, оның қайғысы мен мұңын суреттеуден бастауын алады. Қазақ әдебиетінде бұл екі бағытта көрінеді.
Бірі – демократтық бағыттағы қаламгерлердің шығармалары,
Екінші жүйе – Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, Б.Майлыұлы, М.Әуезовтың қатал реалистік шығармалары.
Әйел мәселесін алғаш қозғаған Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» туындысы болатын. Осылайша, сол замандағы әйелдер теңсіздігімен күресті жазушылар бастап кетеді.Одан кейін әдеби шығармалар аренасына еңбек озаттары, атқарған ісі арқылы белгілі бір жетістікке жеткен қаһарман әйелдер бейнесі шығады. Мұндай шығармалар қатарына Бейімбет Майлиннің «Раушан коммунист» туындысы жатады. Әдебиетіміздің алыптары Мұхтар Әуезов Ұлы Абайдың әжесі мен анасын суреттеу арқылы, Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романын жазып, тарихта болған әйелдердің бейнесін шығармаларына көшіреді. Олардан бөлек, Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романының бас кейіпкерінің бірі – Меңтай бейнесіне оқырмандардың талайы сүйсінеді.
Жазушылармен қатар ақындар да әйелдер бейнесін өлең, поэмаларында ұлықтайды. Олардың арасында белгілі композитор Әбілахат Еспаев әнге айналдырған Садықбек Адамбековтың «Маржан қыз» өлеңі бар. Ән махаббат лирикасы тақырыбында болса да, өнер зерттеушілері әннің прототипі Маржан есімді озат жылқышы болғанын айтады.
Сондай шығармалардың біріне халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Абзал Бөкеннің 1977 жылы жазылып, сиясы кеппей жатып «Жалын» баспасының жабық конкурсында үшінші бәйгені алған «Сейіткүл» дастанын да қосуға болады. Онда аға шопан болып жұмыс істеген Сейіткүл Тұрсынбаеваның ақтүтек боранда бір отар қойды сақтап қалған жанқиярлық ерлігі баяндалады.
Қазақ әдебиетіндегі ұлықтауға лайықты ана, әйел бейнесінің бірі ретінде Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы Айшаның образын айтуға болады. Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Шыңғыс Айтматовтар жасаған ананың, қазақ әйелінің, арудың бейнесі сияқты, Шерханның анасы да оқырманның көкейінде асқақ, адал, сұлу, қайратты адам ретінде орныққан. Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы аналар галереясы, Мұхтар Шахановтың «Танакөзі», Есенғали Раушановтың «Ғайша бибісінің» орны бір бөлек.
Достарыңызбен бөлісу: |