КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Тәуелсіз еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары қалыптасуда. Планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына ғаламдану (жаһандану) процесін және жаңа технологиялардың дамуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуінің сан алуандығына байланысты дүние жүзінде болып жатқан түбірлі де дүбірлі өзгерістер – мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді. Өзекті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі әрі икемді үн қатысуға осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Дегенмен сыртқы саясаттың негізге алынатын қағидаттары өзгеріссіз қала береді.
Қазақстанның Азия мен Еуропалық қиылысындағы геосаяси орналасуы экономикалық және әскери саяси мүдделері, сонымен қатар қазіргі бар экономикалық әуелетінің болуы, оны ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғы шарттары болды. Қазақстан өзара қауіпсіздікке, егемендікті құрмет тұту аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі. Осы жағдайлар тақырыптың өзектілігін білдірді.
ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік дамуда жаһандану процесі басталып тез қарқынмен дамып келеді. Дамыған елдер барынша үстемдік жүргізу әрекеттеріне қарай (АҚШ және оның ең жақын әріптестері) географиялық орналасуына қарай (Батыс Еуропадағы мемлекеттер Шығыс Азия елдері) көмірсутегі шикізатын шығару мүмкіндігіне қарай (ОПЕК елдері) топталып алып, ықпал жүргізу аймақтары үшін нағыз талас басталды. Жаһанданудың басты бір талабы кез-келген мемлекет қандайда болсын бір қоғамдастық құрамына кіру қажеттіг болып қалды.
Осындай жағдайда Қазақстан өзінше дербес дамуын жаһандану процесімен үйлестіруге мәжбүр болды. Былай алып қарағанда еліміздің өз еркімен өркендеуіне барлық мүмкіндіктер бар сияқты. Қазба байлығымыз жеткілікті шетел инвестициялармен бірге жаңа технологиялар да келіп жатыр. Еліміздегі байлықтарымызды өндіру де оны өнімге айналдыруда сыртқа шығарып сату да Қазақстанның әлемдегі талай-талай елдермен ықпалдастықта болуын көп деңгейлі интеграцияға түсуін талап етеді. Бүгінгі күні жаһандану заманында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Шығыс пен Батыс жақындасуы Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің дүниеге деген қатынасы мен интеграциясы іспетті аса тарихи қажеттілікке айналуда жаһандану заманында адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен жалпы адамзаттық құндылықтар арасында теңсіздік аса зор әлемдік күйреуге, барлық адамзаттың жойылуына апарып соқтыруы мүмкін.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған Еуразияшылдық идеясының дүниеге айрықша қатынас түріндегі мәдени-философиялық доктрина ретінде іске асыру осы теңсіздікті жоюдың басты жолы, адам тіршілігінің әр түрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір тәсілі болар еді.
Бүгінгі таңда Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы байсалды да, парасатты қадамдарының арасында көрші мемлекеттермен тұрақты өзара ықпалдастық әрі тең әріптестік орнатқан, осының негізінде біртұтас экономикалық кеңестік Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру секілді өміршең үрдістер белең алып, интеграциялық ықпалдастық жүйесі айқындала түсуде.
Жас тәуелсіз мемлекет еліміздің қауіпсіздігі, оның халықаралық қауымдастықпен арадағы ынтымақтастығы қарым-қатынастары қазіргі заманда елдер мен халықтарға бейбіт тұрғындарға қатер төндіретін халықаралық террор мен экстремизмге қарсы тосқауыл қою мәселелерінің Қазақстанның алдына алғашқы күндерден-ақ көлденең тартылды. Бұл әсіресе өз тәуелсіздігін алып жатқан әлемдік қоғамдастыққа әлі орны айқындалмаған болашағымызды уақытқа байланысты күрделі жағдайдан әлі шыға қоймаған ел үшін аса маңызды еді. Осы жоғарыда айтылғандардың бәрі магистрлік диссертацияның өзектілігін тағы да дәлелдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |