Мазмұны: Кіріспе


Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері



бет4/14
Дата08.02.2022
өлшемі449.5 Kb.
#455207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дисс.-Қазақстан-және-Халықаралық-қауіпсіздік

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Диссертацияның мақсатына жаһандану процесі даму қарқынына бүкіл әлемдік масштабы, қауіп-қатердің күшейе түсуі жаңа технологиялардың және экономикалық құрылымдардың қалыптасуына өңірлік деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен әр алуандылығына орай қазіргі дүниеде болып жатқан өзгерістер – осының бәрі тәуелсіз еліміздің сыртқы саясатына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді. Өзекті халықаралық проблемаларды өлшеуге қатысты жедел икемді үн қатуға бұл мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді. Осы мақсаттан барып зерттеудің мынадай міндеттері туындады: саяси ғылымның онық құрамдас бөлімі сыртқы саясаттың теориялық және методологиялық мәселелерін қарастыру:

- аймақтық және әлемдік дамудың серпілін Қазақстан мүдделілігін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытын одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығын қарастыру;

- Ауқымды интеграциялық үрдістер шеңберінде Қазақстан –Ресей стратегиялық серіктестік қатынастарын дамыту туралы өзіндік пікір білдіру;

- Қытай Халық Республикасымен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық, халықаралық қауіпсіздік проблемалары бойынша белсенді саяси үн қатысуды бекемдеуге талдау жасау;

Қазақстан және АҚШ арасындағы өзара қарым-қатынастардың жоғары деңгейін нығайтуға қатысты өзіндік қорытындыға келу;

- Еуропалық Одақ елдерімен ынтымақтастықты дамыту деңгейін анықтау;

- Орта Азия мемлекеттерімен ынтмақтастықтың жаһандану процесіндегі маңыздылығына баға беру;

Халықаралық лаңкестікке, діне экстремизмге және есірткі саудасына қарсы бағытталған күрестегі саясаттың іске асырылуындағы Қазақстанның алатын орны мен атқаратын роліне бағалар беру.

Зерттеу жұмысының деректік негізі: 1991-2005 жылдар аралығында тәуелсіз еліміздің сыртқы саяси қызметінің өзекті мәселелеріне арналып жатқан және бұрынырақ жазылып, соңғы жылдары жарық көрген саяси, геосаяси дипломатиялық экономикалық сипаттағы монографиялық диссертациялық зерттеулер, ғылыми мақалалар құрайды. Диссертацияның деректік негіздеріне 1992-2005 жылдар аралығында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектер мен зерттеулер атап айтқанда Елбасының кітаптары, сұхбаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылардың ғылыми зерттеулерінің қорытындылары мен мақалалар құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет