Сұм жүрек қанды ӛзіне жинай берді.
Ақырда ашу ерді билеп кетіп,
Жалп етіп сӛнген шамдай ақыл ӛлді.
Ӛлді ақыл. Атып тұрып батыр Баян,
Боз үйден оқ жыландай шыға келді.
Бұл – қызғаныш пен намыс, ашу мен ақыл шарпысқан күйзеліс сәті.
Мұнда намысты қызғаныш, ақылды ашу жеңгенінің психологиялық дәлелі
басым. Адамды – ханды да қараны, батырды да бағыланды долы сезім
билеген тұста ақылмен сабырға пұрсат жоқ. Ӛзгеге тұсау салған қорқау сезім
жаннан тәнді айырып ӛзіне ғана билетеді. Қос мұңлықты қуып жеткенге
дейінгі аралықта Баян батыр осы алапат сезімнің жетегіне ереді. Жетті…
Бітті… Іс тынды… Ашу қысқан Баян бойын қорқыныш билеген інінің
еркелеген ессіз күлкісіне де, “кӛкелеген” жалынышты үніне де қарамайды,
қыздың “ағалаған” ақтық тілегіне де тоқтамайды. “Ӛлген ақыл”, ӛшкен сана
ештеңені тыңдатпайды. Ақылы білегіне, ашуы садағына кӛшкен, екі кӛзіне
қан толған жүрегі жаралы батыр ажал оғын екі рет тартады.
Екі жас аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін-бірі құшып түсті.
Ашу мен ыза уысына қармалып, “қызғаныштың қызыл итіне” жем
болғанын кеш түсінген Баян санасындағы ӛкініш, күйініш, ӛлшеусіз қайғы
психологиялық тереңдікпен ашылады. Жанарына кінәсін мойындап, жүзіне
еріксіз күлкі үйірген “бӛбек пішін” Ноянның “ерке түсі” тұнып қалған,
жүрегіне жан бауырдан айырылғанын кеш сезінген қасірет қаны ұйып қалған
Баян “Жолды ӛзекті” жаңғыртып ӛзекті ӛртеген ӛкініштің “гӛй-гӛйіне”
басады.
Күй жүрек! Кӛл бол жасым! Ӛртен ішім!
Алдымда айнам жатыр бӛбек пішін.
Сұм садақ кетсе де үзіп жас жүрегін,
303
Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін.
Сорлы ағаң атып жығып, ӛз інісін,
Иіскейді енді зарлап аппақ тӛсін.
Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым!
Қайтейін, арымадың, арда күшім!
Жүрегінің тереңіне бойлап кеткен қайғының қара жері жас боп ағытылған
жан күйзелісінің бір сәтінде ақын қаһарманына “Неге” деген қияпатсыз
сұраққа жауап іздетеді. Сол арқылы кӛкіректегі қос сезім тайталасын қаралау
мен ақтаудан тұратын санадағы қайшылық тартысын сұңғыла суреткер
тұңғиық терең сырға тұнған монологтың мың құбылма иірімі арқылы береді.
Күңіреніп жатқан Баян батырдың санасында кенет жарық етіп жасын
ойнап, селт етіп серпіліс келгендей. Ағарып атқан таңмен жарыса ашу мен
ызаның қара бұлтынан арылған санадағы ой ағысы енді ӛзге арнаға лықсиды:
Жоқ, әлде, жоқ, жоқ… Әлде… Ӛлтірдімбе,
Үнімді алты алаштың намысы үшін?!
Арқамдай жер жүзімде жер бола ма?
Айбыды алашымдай ел бола ма?
Алашта ерте ӛткен екі арыстан:
Ер Кӛкше, Ер Қосайдай ер бола ма?
Солардың нәсілінен Сары, Баян,
Барыстай ойын салған сар далада.
Інісі Ер Баянның, жасық Ноян,
Атадан озып туған дер бола ма?
Құл болса бір қыз үшін балдырғаны
Алашқа бұдан ауыр шер бола ма?!
Санадағы сан тарау тартыс шешімін тауып, намыс деген ұлы ұғымды алға
шығарады. Ӛзін-ӛзі қаралаудан ақтау басым келіп, ар алдындағы арылу
басталады. Сӛйтіп Мағжан психологизмі басқа қисынға бет бұрады.
Ел беті енді маған болсын арам,
Алашым, аттанамын, жауыңда ӛлем!
Поэмадағы Мағжан түйген идея түйіні осы. Ұлт намысы – сатқынға
тартылған сұр жебе.
Поэма болмысында ӛзгеше орны бар қалмақ сұлуы – Ақшамаңдай –
қосалқы міндет атқарса да айтар ойға желі тартар, кӛркемдік шындықтың
шымырлығы үшін қажет бейне. Тарихи шындығы кӛмескілеу, болған
болмаған белгісіздеу бұл кейіпкерді Мағжан жүрегін емген арда сезімнен
жаратқан. Ӛзі сұлу, сӛзі сиқыр сайтан қыз Ноянды махабаттың шылбырына
матап, сезімнің құлына айналдырады.
Махаббат отына күйіп-жанған екі жас, бірі – ессіз сезімнен естен танып,
отанын оттан ыстық махаббатқа айырбастайды, екіншісі – мӛлдір сезім, киелі
304
махаббатты отанына оралудың қаруы етеді. Баяндағы қызғаныш уытының
улы шығуының себебі ол ұлттың намысына суарылған. Ноян мен
Ақшамаңдайдағы ортақ сезім, екі ұдай жан құбылысы Баянның қаһарына
кезіктіреді. Жұбын тапқан қос ынтық жер-ұйықты ӛзге жұрттан іздемесе,
батыр Баян қос жүректің үмітін тажал оқпен үзерме еді, қос қозысын ажалға
қияр ма еді?!… Әрине, жоқ! Сондықтан да поэмадағы шырқыраған шындық,
мерейлі мақсат ұлттық намыс, Отаншылдық рухтан ӛріс тапқан.
Ұлт ұйытқысы хан Абылай – шығармада тәуелсіздік айбары. Ол –
кемеңгерлігін халқы мойындаған, айбынды елге арқалы тұтқа ұлы тұлға.
Жанама мінездеулер арқылы жұрттың оны мойындауын, мақтан тұтуын,
дәріптеуін былай қойғанда, ер шыдамас тағдыр талқысына түскен Баян
батырдың жан дүниесі алайдүлей сәтте оны еске алуы – Абылай тұлғасын
асқақтата түсудің бір тәсілі.
Жейтұғын ӛз күшігін болдым бӛрі,
Ісімді мынау ағат немен жабам.
Қарабет болдым алаш баласына,
Ер дер ме енді мені Абылай данам.
Баянның кейінгі қалмақ қолы туралы хан шешімімен келіспеуі
мойындамау емес, жан жарасына ем іздеу. Оған соғыс, қанды қанмен жуу
қажет, ішкі әлеміндегі арпалысты алапат айқаспен басу қажет. Яғни ӛзі
жазалауды аңсайды батыр Баян. Ӛзі айтқандай “Қан кӛрсе, қас қыранда шер
тұра ма?!” Оның Абылай қолы шегінер кездегі жүз жігітпен ажалға
сескенбей қарсы баруы, қан майданда ерлікпен қаза табуы – ӛзіне шығарған
үкім. Поэманың романтикалық сарыны осы тұста айрықша кӛзге шалынады.
Баян – ажалдан қаймықпаған, “күнәсін” қанмен жуған – романтикалық
қаһарман. Сан тарау сезімге серік болған махаббат трагедиясы осындай
романтикалық ірі пафосқа алып келеді. Соңғы сәт! Соңғы дем! Ақын тағы да
кейіпкердің ішкі әлеміне үңіледі:
Тағы ашты жұмған кӛзін, тағы кӛрді,
Алдында тұрған жас пен толқын шашты.
Екеуі құшақтасып жап-жақын тұр,
Басымен ишара етіп амандасты.
Бұл кешірім бе?.. Жоқ! Үзілер сәттегі шарқ ұрған сезімнің алдамшы
кӛрінісі. Жанның санадағы құбылысы арқылы ішінде кеткен ақынның ішкі
әлемнің мың толқын иірімін ашуға ұмтылысы. Оны толықтыра түсу үшін
ақын тағы да монологқа жүгінеді.
“Кӛзімнен неге ақпайды қан боп жасым,
Жан беріп, жазғаным ғой жан жарасын.
Кетсе де жаннан жара, қан кетпек пе?
Дариға жазамнан да күнәм басым!
305
Күнәмді тәңірім кешпес, кешер бірақ,
Жауында жан берген соң алты алашым!”
Ел намысы үшін қос ғашықтың жас жанын қиған күнәсін алты алашы
кешіреріне сенімі бар Баян “қос қарағынан” кешірім сұрап, дүниеден озады.
Мағжан тарихи шындықтан ӛзі екшеп алып, қиялына қанат бітіріп,
жүрегін жарып тужырған туындысына кӛркемдік шындықты шырақ еткен.
Тарихтағы Баян дәл мұндай болмаса да, дәл осылай ерлікпен қаза таппасада,
алғашқы ғашықтық желісін ел намысына жеңдіру арқылы ӛз арын
арашалаған ұлттық ұлы айбары – Батыр Баянның мәңгілік идеал кӛркем
бейнесін дәуір шындығымен астастыра отырып сомдаған. Шығармада ӛткен
ӛмірдің реалистік шындығы мен мұндалап тұр.
Мағжан… “тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма бәріне
де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі,
кӛңілінің кірбіңі кӛрініп тұрады” дейді Жүсіпбек. Рас. Бұған қосарымыз
ұлтжандылығы, тіпті, мейлі, “ұлтшылдығы” танылып тұрады.
“Батыр Баянда” ашу қысқан соқыр сезім мен махаббат атты мӛлдір
сезімнің арпалысын суреттей отырып, ақын оқырманды небір қиырға
салдырған ойға Батыр Баян кім?! Ардақ тұтар тұлға ма?.. Жоқ әлде інісін
ӛлімге қиған қанішер ме?.. Жо-Жоқ! Батыр Баян елі үшін жаралған – ұлт
ұланы. Ӛйткені
Алаштың ардагері Батыр Баян,
Бір қырда қала берді топырақ қауып.
Жаудан да мейірімді боп жылады жел,
Күңіреніп, ер денесін құммен жауып, –
деп, ақын батыр Баянның ашумен істеген ісі үшін ӛзін-ӛзі жазалауын түсінуді
кейінгі ұрпақ үлесіне қалдырады. Ақын оның ел есінде мәңгілікке қаларына
сенеді.
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас,
Ел үшін тӛккен ерлер қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шӛлі, белі,
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
“Батыр Баян“ – реалистік шығарма. Мағжан поэмасының реализмі
кейіпкерлерінің тарихи нақты тұлғалар екендігімен емес, оқиғаны
суреттеуінің кӛркемдік шешімі мен ӛмір шындығының сай келіп жатуымен
дәлелденсе керек.
Жалпы алғанда, Мағжан шығармашылығы – қазақ поэзиясына ӛзгеше леп
әкелген, соны шығармашылық ізденіс жемісі. Қазақ оқырманы Мағжан
поэзиясын енді ғана тұщына оқып, “мың қайталап”, жанына ләззат тауып
жатуының сыры осында. Қазақ әдебиеттану ғылымы оның ұлттық ақын
306
ретіндегі ұлылығын енді-енді тану жолына түсті. Мағжантану мәңгіге
жалғасын табады.
Достарыңызбен бөлісу: |