298
алмаған ақын тордағы арыстандай аласұрады. Кӛкейдегі кермек ой қалайда
сыртқа шығуға тиіс. Ол жырға айналуы, жыр болғанда ӛксік емес, ӛзегінде
шоқ жатқан, үп етсе отқа оранар отты жыр болуы тиіс. Кӛкіректің гӛй-гӛйін
шертер күй, дастанның құлақ күйін қалай келтірмек?! Кенет, міне, табылды.
Ол – есте қалған, ертегінің елесі, сананың аялаған аңызы. Ақынның ашынған
жаны содан байыз табады, қиыннан қиыстырған “қызығына” жұбанады.
Шым-шытырық дүниеге шым-шымдап шындық енгізеді.
Бүгін жаным ӛртке оранған жанға ұқсап,
Бүгін жаным тым аңсады от құшақ.
Жынды жүрек тығылады аузыма,
Тілім-тілім тілсе келіп у пышақ…
Аласұрад, жынданады жас жүрек,
Қарақ керек, Арақ керек! Не керек!
Бәрі де жоқ, жалғыз жолдас – қиялым,
Жұбатады айтып маған тәтті ертек.
Ертегінің бас қаһарманы – Кенесарының Кӛкжал ұрпағы Сыздық. Бірақ
бұл – Абылайдың арыстан заманы, Кененің қабылан заманы ӛтіп, ел азып, ер
арыған заман. Ел рухын кӛтере алмай, кӛкжал Сыздықтың түзде жортқан
заманы.
Алты алаштан алты адам ермеген…
Алаш сорлы келешегін кӛрмеген.
Орыс алды, қимылдаған қазақ жоқ,
Қайран Сыздық құса болды шерменен.
Қайран Сыздық елден үміт үзеді,
Жап-жас Сыздық елден, үйден безеді.
Жатып ӛлмей, жортып жүріп ӛлем деп,
Түркістанның бетпақ шӛлін кезеді.
Мағжан поэманы неге “Ертегі” деп атады десек, онда үлкен мән бар.
Айналасын ӛрт шалып, санасы түтінге тұмшаланған ақынды құтқарушы -
қиял сәулесі. Ол ертегіден ем іздейді. Жапанда жалғыз жортқан Сыздық –
еркіндік символы. “Ел бүгіншіл, меніңкі ертеңгі үшін”
деген Ахаң ойымен
астасатын бір сыр бар мұнда. Сыздық – ӛз еркі ӛзінде жоқ. Торға түсіп
тыпырламаған, қараңғы түнді қақ жарып, түн жамылған “жәдігӛй жауын”
жеңіп, ӛзіне деген сенімін жоғалтпаған жолбарыс жүрек. Осы сенім оның
кеудесіне үміт отын жағып, жүрегінде запыран уды жаяды.
Осы ойлармен Сыздық атын ерттеген,
Тап сол кезде ер жүрегі ӛрт екен…
Заман озды, адам тозды, ерлер жоқ…
Заман озды, ер заманы ерте кен.
299
Сыздықтың жалғыздығы –
еркіндігі, еркіндігі ел үшін жасалар ерлікке
жетелейді. Ертегі ермек емес, айтар ой сыртқа шықпай тұншыққан заманда
“ой түбінде жатқан сӛзді” шығарар кӛркемдік тәсіл.
Бітті ертегі. Аласұрад жас жүрек,
Достарыңызбен бөлісу: