316
деп аяқтайды. Қандай жарасымды ұқсастық! Бернияздың “Жорықтан соң”
ӛлеңінен Мағжанның “Жарыма” ӛлеңінің, “Гүләндамғадан” “Гүлсім” мен
“Сүй, жан сәулемнің”
жаңғырығы сезіліп, Мағжанды еліткен сезімнің
сыңғыры естіліп тұрған жоқ па?! Жай еліктеу емес, ӛзіндік ӛрнегін тапқан
еліктеу бұл. Ӛлеңдегі ӛлімді шақыру – ерке ақынның махаббатының ӛлшемі
іспетті – отты сезімінің ӛміршеңдігінің белгісі.
Махаббат лирикасының кейбір жағдайда басқа әуенге кӛшіп, жаңа сарын
табатындығын дәлелдейтін шығарманың бірі – Бернияздың “Ауырғанда”
деген ұзақ ӛлеңі. Бұл ӛлеңге автор ӛзі сырқаттанып
жатқан кезінде ғашық
жары қасына келгендегі қуанышы мен шаттығын арқау еткен. Сонан соң
адами достықтың қасиеттерін, аурудың азабын,
жалғыздықтың тақсіретін
термелеп ӛтеді. Қайғы шеккен сүйген жардың шарасыз кейпін кӛзден
ӛшпестей, кӛңілден кетпестей етіп суреттейді. Ӛлең соңында ақын алас-күлес
сәттің толқынысынан босап, салмақты қорытынды жасап, салиқалы ой
түйеді:
…Жар да қалар, жыр да қалар, жыл ӛтер,
Жыл артынан жылдар қуып тез жетер.
Жыл жиналып дәуір боп, дәуір ӛмір боп,
Ӛткен ӛмір, ӛшкен жанға кім жетер?
Құрбы-құрдас, дос жарыңнан кім қалар?
Күн де азайып, тӛмпешік боп кӛрді алар.
Ӛмірім ӛтсін, үнім ӛшсін, мейілі,
Мәңгі солмас “гүлім” менің – жыр қалар.
Бернияздың адами тірлік-тынысының,
азаматтық рухани болмысының
шындығы, осы.
Б.Күлеев – шындық болмысты, оның нәзік тұстарын үлкен поэтикалық
суреттеулермен беріп, кӛркемдік бояуын құлпырта, әрлендіруге шебер ақын.
Табиғат, жаратылыс, ӛмір құбылыстарынан
әсерлі штрихтар тауып, оны
жанды сурет, бейнелі образбен беруге ұмтылады. Оның ақындық қаламынан
туған сұлу сурет тасқа басқан маржандай боп түседі. Соның бірі – ақынның
“Әдемі түн” ӛлеңі. Кӛркемдік тынысы кең, бейнелі де шымыр суреттермен
теңеулерге, алмастырулар мен айшықтауларға толы кӛркем жазылған дүние.
Суреткерлік қабілеті күшті ақын құбылыстың нәрлі бояуын, ӛзіне тән ӛрнегін
әрбір штрихы мен деталына дейін дәл де айқын жеткізуге күш салады. Түнгі
сурет ақын қаламынан былайша ӛріледі:
Ай сүттей, аспан жалтыр, желсіз тыныш,
Айнала естілмейді ешбір дыбыс.
Ыңыранып анда-санда ойсыз айуан,
Күрсініп, рахаттанып алар тыныс.
317
Ақынның осы ӛлең жолдары Абайдың атақты “Желсіз түнде жарық ай”
ӛлеңіндегі суретті кӛз алдымызға әкеледі. Бір-біріне ұқсас құбылыс. Екеуінде
де қазақ ауылының түнгі кӛрінісі шебер суретшінің қыл қаламынан емес, сӛз
ӛнері
шеберінің қаламынан жаралып, бір тылсым құбылыстың сиқырлы
суреті боп кӛз алдымызға тұра қалады.
Мап-майда аспан беті мӛлдір судай,
Қалған жоқ айналада жұлдыз тумай.
Теңселіп тұнық суда шалықтаған
Алтын ай кӛрінеді аппақ қудай.
Бірінен-бірі жарық сансыз жұлдыз,
Кӛрсетер кӛкті кӛркем бейне күндіз.
Жарқылдап жалаң ойнап жүрген қыздай,
Жалт берер жымың қағып қалдырып із.
Алтын ай - аппақ қу, Жұлдыз – жалаң аяқ жүрген қыз. Бірінен-бірі ӛткен
жанды суреттер. Тӛгіліп жатқан жыр жолдарымен бірге Бернияз ойы да
шалықтап барады. Кӛкте із қалдырып ағып
бара жатқан жұлдыз ақын
қиялына қанат бітіріп, оны дәл де айнытпай жеткізер жанды сурет
іздеттірген. Жымың қаққан жұлдызға тең келер, әрине, сұлу қыз!
Жай қыз
емес, жарқылдап ойнап, жалаңаяқ із тастаған қыз! Әсіресе олардың жалт
беріп, жымың қаққан сәттері ештеңемен алмастыруға келмес соны сурет. Бұл
жерде де ұқсас құбылыстар жай теңеу үшін ғана алынбай,
қоян-қолтық
араласып кеткен. Ақын асқар тауды қалғыған арыстанға, алыстан кӛрінген
терең жарларды айбатпен аузын ашқан айдаһарға, ӛзенді ғашық жарын сүйіп,
тоят алған ғашық жанға теңеп, ӛрнегі ӛшпес сурет жасайды. Ӛлеңдегі “аспан
– мӛлдір су”, “ай – аққу”, “жұлдыз - қыз”, “асқар тау - қалғыған арыстан”,
“ӛзен - ғашық”, “терең жар – аузын ашқан айдаһар” болып, әрқайсысы ӛз
орнын тауып тұр. Ақын қазақ аулының жүрекке жақын, кӛңілге ыстық түнгі
суретінің жан терберлік тәтті сәтін сан түрлі бояумен шебер әрлеген. Таныс
та бейтаныс, қимас та ұмытылмас ыстық сурет! Жанға жайлы түнгі шақтың
әсем кӛрінісін ақын былайша аяқтайды:
Достарыңызбен бөлісу: