Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет30/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   133
2. МӘШһҤР ЖҤСІП КӚПЕЕВ 
(1858-1931) 
Шығармашылық ғҧмырнамасы 
Мәшhүр Жүсіп – кӛп жасап, талай тарихи оқиғалардың куәгері болған
кӛргеніне қарай түйгені мол, ӛлең ӛнерінде ӛзіндік ӛрнегін сала білген ӛз 
дәуірінің кӛрнекті ақыны. Ол – заманының білімпазы ретінде дін мен ӛнерді 
қатар ала жүріп, бірінен елге адами үлгі-ӛнеге шашса, екіншісінен ұлтының 
рухын кӛтеріп, болашаққа деген сенімін арттырған жан. 
Ақынның кӛзі тірісінде үш кітабы жарық кӛрген. Оның үшеуіде 1907 
жылы бірінің артынан бірі қатарласа шығып, елінің кӛз қуанышына ғана 
айналып қоймай, кӛкірек кӛзін ашып, санасына сәуле түсірді. 


110 
Мәшһүр “Тірлікте кӛп жасағандықтан кӛрген бір тамашамыз“ атты 
кітабында (1907) замана шындығын суреттеп, кӛкейкесті мәселелерді кӛтере 
білді. Қай бір мәселе болмасын ел ӛмірін жете түсінетін ақын ретінде 
ілгершіл ой айтып, қоғамдық ӛмірді әлеуметтік шындық тұрғысынан кӛрсете 
алды. Сол тұстағы саяси ахуалды дәл аңғарғандықтан, ӛлеңдеріндегі ой 
орамдары қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларының ой-пікірлерімен 
ұштасып жатады. “Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі“, “Ақ қағаз, қалам сия 
келет бізге“, “Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді“ т.б. ӛлеңдеріндегі тарихи 
оқиғаларға, ӛнердің адам ӛміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-
тұжырымдарының мол болуы, оның ақындық қабілет-дарынының 
ерекшелігін айқындай түседі. 
“Хал-ахуал“ (1907) жинағында замана сипаты бірқыдыру кең 
суреттелінеді. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды ащы 
сынайды. Бұл кітабында ақын отаршылдықпен ере келген кесірлі 
құбылыстарды да аша білді. Ӛз тұсындағы ӛмір шындығын шынайы кӛрсету 
мақсатында жағымсыз образдар бейнесін сол ортадан ойып алып жасады. 
Ӛлеңдерінде ел-жұртты аямай сорып отырған билер мен әкімдер, озбыр 
байлардың келімсіз кейпін естен кетпестей шебер бедерледі.
“Сарыарқаның кімдікі екендігі“ (1907) жинағындағы ӛлеңдерінде ұлт 
мүддесін кӛбірек кӛтеріп, кӛбірек қолдайды. Халықты оянуға, ӛнерге, оқып 
жетілуге, мәдениетті ел болуға шақырды. Түркі тектес халықтардың бірлігін 
жақтады. Мәшhүрдің бұл жинақтарында жалпы діни уағыз, діни бірлік, дінге 
деген сүйіспеншілік кӛбірек кӛзге түседі. Бұл – ақынның алған білімінің
дүние ӛзгерісіне ӛзіндік кӛзқарасының кӛрінісі.
Мәшhүр Жүсіп – қоғамдық қозғалысқа белсене араласпағанымен, біршама 
шығармаларымен тарихи дамудың барысына тікелей ат салысып, қоғамдық 
ой-сананың ӛрістеуіне елеулі еңбек сіңірген ақын. Кезіндегі саяси істерге 
тікелей қатысы болмағанымен, әдеби шығармалары арқылы патша 
чиновниктерінің қудалауына ұшырап, қуғын-сүргін де кӛрді. 
Мәшhүр Жүсіп Кӛпеев ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің әр-түрлі саласында 
қалдырған мол мұраларымен қазақ әдебиеті тарихының аталған кезеңінен 
ерекше орын алады. Ол қазақтың ауыз әдебиетін ӛзіне дейінгі ірі ақындардың 
шығармашылығын білумен бірге, Шығыстың әйгілі классиктері Фирдоуси
Науаи, Низами, Сағди, Хафиз шығармаларымен де жете таныс болған. 
Солардан кӛп үйрене отырып, ӛзіндік ізденіспен қол жеткізген мол білімнің 
арқасында сӛз ӛнері ӛнерпаздығының биігіне кӛтерілген ақын. Ол – ӛмір 
бойы ғылым-білім үйреніп, ӛмірі ізденіспен ӛткен, ғылым-білім арқылы 
ұлтының санасын оятуға ұмтылып, тура жолды нұсқай білген ғұлама жанның 
бірі. 


111 
Ғажайып мұраларымен халқының кӛңіліне ұялап “Мәшhүр“ атанған Жүсіп 
Кӛпеев 1858 жылы Баянауылда Найзатас деген жерде дүниеге келеді. Ӛзінің 
“Мәшhүр“ атқа ие болу жайын “Ӛмірбаян“ атты ӛлеңінде былай баяндайды: 
 
Бес жаста бісміллә айтып жаздым хатты, 
Бұл дүние жастай маған келді қатты. 
Сегіздей тоғызға аяқ басқан күнде, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет