253
Келешек күнде қағазға,
Алтынмен жазар атыңды.
Құшақтап сүйер, қағазда,
Кӛрсе жазған хатыңды.
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің Сарықопа
деген жерінде туған. Әкесі Дулат елге беделді кісі болған. Міржақып
алғашында ауыл молдасынан сауат ашып, онан соң ауыл мұғалімінен оқиды.
Міржақыптың алғашқы ұстазы, білімге құштарлығын арттырған зиялы жан
ретінде зерттеушілер Мұхан Тоқтабайұлының есімін атайды.
Міржақып 1897 жылы Торғай қаласындағы екі кластық орыс-қазақ
училищесіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп шығады. Бұдан соң оның ұстаздық
ғұмыры басталады. Ӛз бойындағы бұлақтың кӛзін ашуға ӛз бетінше
әрекеттеніп, мұғалім бола жүріп, білім кӛтеріп, кӛп ізденеді.
Кӛзі ашық, кӛңілі ояу, таланты жас айнала ӛмірге ӛзіндік кӛзқараспен
қарауға тырысып жүргенінде, бұл кезде
қазақ зиялыларына танымал
қайраткер Ахмет Байтұрсыновпен танысады. Ахаңның ақыл-кеңесін құп
кӛріп, күрескерлік жолға түсіп, елінің азаттығы жолында қызмет етуге бел
байлайды. Міржақыптың қазақ мұңын жоқтап, қасіреттен алып шығар жолды
іздеп шарқ ұрған тұсы да осы бір кезеңге дӛп келеді. Ол 1905 жылы
Қарқаралыда ӛткен 14500 адам қатысып, петиция қабылдаған тұңғыш қазақ
құрылтайына ұйымдастырушылардың бірі болады. 1907 жылы Петербургте
жалғыз саны жарқ кӛріп жабылып қалған “Серке” атты газетте “Жастарға”
атты ӛлеңін жариялайды. Міржақып шығармашылығын зерттеуші
М.Әбсеметов осы газеттің екі санынан соң жарық кӛрмей
жабылып қалуын
Міржақыптың “Біздің мақсатымыз” атты мақаласымен байланыстырады.
1909 жылы Уфадағы “Шарқ” баспасынан “Оян қазақ!” жинағы жарық
кӛрген соң патша жандармеясының қуғын-сүргініне ұшырап, 1910 жылы
Қызылжарға барады. Сонда Мағжан Жұмабаевпен кездесіп, оның орысша
оқуына кӛмектесіп, ұстаздық етеді.
Аз уақыттан соң жандармеряның қолына түсіп, Семей түрмесіне
қамалады. Онда 1,5 жарым жылдай отырады. Осы тұста татар, қазақ
зиялылары араша түсіп, “Уақыт” газетінде, “Айқап” журналында хабарлама
жасайды. Кейін 2 мың сом залог жинаған қазақ зиялыларының кӛмегі
арқасында еркіндікке шығады.
1905 жылдан басталған қуғын-сүргіннің ауыр жылдарын басынан ӛткере
жүріп, М.Дулатов шығармашылықпен айналысуын тоқтатпайды. 1910 жылы
Қазаннан “Бақытсыз Жамал” романын, ал 1913 жылы Орынбордан “Азамат”
ӛлеңдер жинағын, 1915 жылы “Терме”
деген әдеби-публицистикалық
кітабын шығарады.
254
М.Дулатовтың азаматтық тұлға ретінде, әрі шығармашы-ӛнерпаз,
кӛсемсӛзші ретінде қалыптасуына “Қазақ” газетінде Ахмет Байтұрсыновпен
тізе қоса еңбек еткен жылдар ӛте жемісті болды. Газет бетінде ол ӛзінің
азатшыл сарындағы қазақ халқының әлеуметтік-саяси ӛміріне қатысты
кӛптеген мақалаларын және туған халқы туралы толғамды ой-пікірлерін
жариялап отырды. 1913 жылдың 2 ақпанынан басталған бұл творчестволық
бірлік ғұмыр бойғы жарасымдылыққа ұласып, олар адами тұрғыдан да,
шығармашылық-идеялық тұрғыдан да араларына еш уақытта жік түсірмеді.
1917-1919 жылдар аралығындағы аласапыранда да қанаттаса жүріп, олар
ел теңдігін аңсаған “Алашорданың” кӛрнекті жетекшілері болды.
Кейін
Кеңес ӛкіметі жағына шыққан соң, М.Дулатов ел игілігі жолында еңбек
етуден еш аянған жоқ. Ол қашанда халықпен біргемін деген нық шешімінен
еш тайған емес.
Кеңес тұсында Міржақып баспа орындарында, “Ақ жол” газетінде,
“Қазақстан мемлекеттік баспасында”, “Еңбекші қазақ” газетінде әртүрлі
әдеби қызметтер атқарады. Бұл жемісті еңбек жылдары ұзақ бола қоймай,
отаршылдық кезеңінде халқының азаттығы жолындағы күресі үшін
қудаланған Міржақып, Кеңестік қызыл империяға да жақпайды.
1928 жылдың аяқ шенінде Қазақстанда бұрынғы “Алаш-орда”
қайраткерлерін қудалау басталады да, оларға
кеңеске қарсы әрекеттер
ұйымдастыруды кӛздеп жүр деген сенімсіз жалалар жабылып, солардың бірі
ретінде М.Дулатов қамауға алынады. 1930 жылдың апрелінде ОГПУ
коллегиясының шешімі бойынша ату жазасына кесілгенмен, кейіннен
кенеттен Кеңестің “кӛңілі жібіп”, үкім он жылға абақтыға қамау жазасымен
алмастырылады.
Табиғатынан алымды да іскер Міржақып тұтқын болып жүріп те, ел үшін
қызмет істеуден бір танбайды. Сонда жүріп фельдшерлікке үйреніп, ӛз ісінің
мықты маманы болып шығады.
Түрмеде жатқандарға, әсіресе ӛз ұлтының ӛкілдеріне қолының шипасымен
де, жанының дәруіменде кӛмек кӛрсетеді. Сӛйтіп елге септігімді тигіземін
деп жүріп, айықпас ауру жұқтырып алып, 1935 жылдың 5-ші қазанында
Соловецскідегі лагерьде қайтыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: