Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет99/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133
Кілті қолға түспей махабаттың. 
Күн шалмас миуаңды алмас, адам бармас, 
Шағыңды күзеттім де қарап жаттым. 
Жалынын басатұғын жалғыз ӛзің, 
Сенбестей жүрегіме бір от жақтың… 
Жұртыңа “Оян, қазақ” деп ұран салған ақынның нәзік жаны, ішкі сезімін 
жеткізе білетін шеберлік қыры жарқ етіп бір кӛрінгендей. Жарқылдаған отты 
сӛздердің жалт-жұлт ойнаған ішкі сырларды шертіп кететін кездері 
Міржақып поэзиясында аз кездеспейді. 
“Термеге” жазған алғы сӛзінде Міржақып: “Бұл ӛлеңдер мұнан алты-жеті 
жыл бұрын қазақта газет, қағаз журнал жоқ кезде жазылған еді. Сондықтан 
кӛбінесе оқып жүрген жастарға арналып, оларды ояту, білімғылымға үндеп, 
сол рухта жазылған. Бұрынғы күйінен артық ӛзгертпедім”, – дейді. 
Ӛз шығармашылығын мақтауды ұнатпайтын, ӛзін “ойпаңға ӛскен аласаға” 
теңей беретін ақын алғашқы балаң жырларыменақ ел құрметіне бӛлегенді, 
ендеше уақыт ӛте келе оларды кәдесіне жаратуды қалауы кӛңілге қонымды-
ақ. 
Ақылы кәміл жігіттер, 
Заманның кӛз сал һалына. 
Халқының ойлап пайдасын, 
Ӛзің үшін налыма. 


264 
Немесе, 
 
Жүгенсіз ӛскен бас асау, 
Айтқанға қайтіп кӛнеді. 
Кӛңіл батыр, тіл қорқақ, 
Айтатын сӛзім кӛп еді… 
 
деген жолдар кедір-бұдырсыз, мінсіз тізілген шұрайлы сӛздер кестесі емес 
пе. Кӛкірегін жарып шыққан асыл сӛздерін бір кезде жазылып еді деп, ақын 
қалай тығып ұстасын “Азамат” пен “Термеге” енген ӛлеңдерінің кейбірі 
алғаш “Қазақ” газетінде жариялағанын еске алсақ, Міржақыптың жоғарғы 
алғы сӛзіндегі сӛздері шындық. Ол уақытпен үндесе жазылған ӛлеңдеріне 
кейін түзету енгізбеген.
Міржақыптың “Қиял”, “Шәкірт”, “Сағыну”, “Елім-ай”, “Потанинге”, 
“Алашқа”, “Жаңа тілек”, “Қайда едің” т.б. ӛлең-жырлары алғаш “Қазақта” – 
жарияланып, қалың елге сол арқылы тарады. Әдебиет әлеміне Ахметке ілесе 
келген Міржақып туған халқының адал ұлы, ӛткір тілді ақыны болды. 
Сондықтан да оның шығармалары ӛзінің шіншіл шырайымен, ӛзекті 
тақырыптарды қозғаған ӛзіндік кӛзқарас, ӛрен жүйрік ойларымен елді жаңа 
қырларға бастады. Қос жинаққа енген Міржақып ӛлеңдерінің тақырып 
ауқымы кең. Жоғарыда айтқанымыздай “Қиял”, “Сағыну”, тәрізді ӛлеңдері 
ақынның ішкі сезіміне құрылса, “Жұт” қазақ жұртының ауыр тағдырын арқау 
етіп, ӛмір тұрмыс шындығын бейнелейді. Бұл ӛлеңде ақын доңыз жылғы 
қыстан “Сан байлар жүген ұстап” қалған қиындықты айта келіп, елді 
еңбекке, қам-қарекет қылуға шақырады. Сол ауыр жылғы жұтты құр ғана 
суреттеп қоймай, оның себеп-салдарына үңіліп, сырын ашуға тырысады. 
Жаз туса, бейқам едің қыс жетпестей, 
Қызық түн бастан, сірә, һеш ӛтпестей, 
“Жаратқан құдай артық халықпыз” деп, 
Қолыңнан тӛрт түлік мал бір кетпестей, – 
деп, жұт себебін табиғаттың дүлей күшімен бірге “Сақтанбай, салақ ӛскен 
жалқау жұрттың” бейқамдығынан кӛреді. Сӛйтіп, кәсіпсіз жұрттың күн 
кӛруінің қиын екенін ескертіп, оқырманға замана тұрқының ӛзгермелілігін 
аңғартады. Әрине, Міржақып жырларының ӛз кезінде насихаттық қызмет 
атқарғанын жоққа шығара алмаймыз. Ақын ӛмір сүрген дәуір қисыны осыны 
қажет етеді. 


265 
М.Дулатовтың “Елім-ай”, “Алашқа” атты зар заманның мұңына толы 
ӛлеңдері – ұлтының тағдырын ойлап теңселген ақынның азаматтық ащы 
зары. 
“Елім-ай” бұрынғы “Елім-ай” сарыны емес, сыртқы зымысқы жау мен 
ішкі озбырлардың әрекетінен азып-тозған, ішкі ділінен айырылып, тоз-тоз 
болып боздаған елдің зары. Ащы да удай ӛткір сӛздердің астарында зор үміт, 
мол сенім бар. 
Қамқор ақын қамсыз-күйсіз ел үшін қанша күйінсе де, уытты сӛзбен 
түйресе де сол елден туған ӛзіне, ӛзі секілді азаматтарға сенім артады. 
Сондықтан да ақын халқының отаршылдық отына қарылып тұрған 
уақыттағы күйзелген күйіне қабырғасы қайыса отырып, ертеңгі күнге 
үмітпен қарап, болашаққа иек артады: 
 
Сол күнің кӛрсем – менің арманым, 
Жоқтамас ем, ӛзге тілек қалғанын. 
 
Ақынның “Алашқа” атты ӛлеңі – сұрау-арнау үлгісімен жазылған ұзақ 
толғау. 1916 жылдың дүбірлеріне енді аяқ басқалы тұрған халықтың ішкі 
арпалысын, шарасынан асқан ашу-ызаның екпінін аңғарған ақын іштей 
толқып, сан тарау сұраққа жауап іздейді. “Кӛк майса, жерің қайдадан” 
басталатын кӛп сұраққа ақын былай деп жауап қайтарады: 
Қой бағып, қасқыр қашан опа қылған? 
Кӛре бер ӛз бетіңмен күніңді ӛлмес. 
Қайраған қолдан келмес, іске әуре боп, 
Қорлыққа, тілімді алсаң, болма кездес? 
Ақын бүгінде бұрынғы күнінен, ӛткен жолынан жаңылған жұртының 
қиын жағдайына жаны күйзеле отыра, оның арандап қалмауын тілейді. 
Ақынның бұл қаупі алдын болжаған кӛрегендікке ұласты. 1916 жылы 
жалаңданған карательный отряд ақ-қарасын айырып жатпастан, халықты 
қылышымен турап, қазақты қанға бӛктірді.
Міржақып ӛлеңдері замана түрленуіне орай, белгілі бір мақсат-мәнге ие 
болып отырады. Бұның бір мысалы – 1917 жылы ақ-қызыл боп айқасып, 
замана мың құбылған аумалы-тӛкпелі кезеңде, қазақ тізгінін кім ұстарын 
білмей дағдарған тұста, кӛктен түскендей кӛп кӛсем пайда болған уақытта 
жазылған “Қайда едің?”. Кешегі елі үшін еңбек етіп, етегімен су кешкен 
ерлерді бұлаңдаған түлкі заман шетке қағып, жік-жікке бӛлініп адасқан 
жұртты бір тозақтан екіншіге итермелеген ендігі “қамқорлардың” шын бет 
пердесін ашуға үміт қылған ӛлең еді бұл. 


266 
Кешегі қара күндерде, 
Жұлдызсыз, айсыз түндерде, 
Жол табылмай сенделіп, 
Адасып алаш жүргенде, 
Бұл күнгі кӛп кӛсемдер 
Сұраймын сонда қайда едің? 
 
Жеті шумақтан тұратын бұл ӛлеңінің шумақ соңынан қайталанып 
отыратын сұрақтардың мәні тереңде. Олардың жауабы қазақ тарихының 
белді-белді кезеңдерін қамтиды. Ел басына күн туған кезде елінен екі елі 
ажырамай, кӛретінін бірге кӛріп, қапастан шығар жол іздеп шарқ ұрған ӛз 
тобы бүгінде жалалы болып, аласталып жатса, жазықсыз жаланы кӛре тұрып, 
ақында ашынбасқа шара барма?! 
Енді бүгін кім жаман? 
Данышпан емес, кім надан? 
Қамқор емес, кім жауыз? 
Жомарт емес, кім сараң? 
Кӛсем емес, кім жалтаң? 
Шешен емес жоқ адам, 
Бәрі білгіш, бәрі де ер, 
Жеткіздің алла тағалам. 
Ақын ӛлеңі – адамдар арасындағы жай бақастық, ӛзара айтысты арқау 
етпеген, саяси астары кең, әлеуметтік мағынасы терең дүние. Міржақып сӛзін 
арнаған “Кӛсемдердің”, “Шешендердің”, “Данышпандардың” кімдер екенін 
оның кейінгі бір тұста жазылған мақаласынан тап басып танимыз. 
“Сарыарқа” газетінде “Мадияр” бүркеншік есімімен жарияланған “Кім қас, 
кім дос” атты мақалада: “Кешегі қаралы патша заманында бірі шоқынып 
миссионер болып, бірі сатылып жандарм мекемесіне тыңшы болып, бірі елді 
алдап, жол тосып, жолаушы тонап соғылғандар” (1918, N31) деп оларды бір 
сәт бас-басына атап ӛтеді. 
Жалпы алғанда, Міржақып Дулатов поэзиясы қазақ әдебиетінде алғаш 
болып азатшыл сарынды алып келуімен, ӛршіл үнді азаматтық пафосымен 
ерекшеленеді. Оның ӛлеңдері жадағай ақылгӛйлік, мағынасыз үгіт, 
күнделікті тірлік күйбеңін жырлаудан таза. Әр ӛлеңі халқының бостандық 
пен теңдікке жетер бағытын айқындап, әр сӛзі оқырман жүрегінен жол тауып 
жатуы осының айғағы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет