МазмұНЫ: кіріспе



бет2/5
Дата03.06.2023
өлшемі30.36 Kb.
#474655
1   2   3   4   5
жансая

Практика барысы

Мен, Гайсиева М.Ғ. күндізгі оқыту нысанының студенті 2023 жылдың «23» қаңтардан бастап «06» маусымға дейін "ИП Бекмагамбетова"Л.Ж мекемесінен өндірістік практикадан өттім. Практика басталғаннан арнай практика күнделігін толтырдым, және "ИП Бекмагамбетова"Л.Ж мекемесінде маманның көмекшісі ретінде өз жұмысымды толықтай, ұқыпты және бар жауапкершілікпен атқаруға тырыстым.


"ИП Бекмагамбетова"Л.Ж мекемесінде теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту, Атырау облыс аумағында кәсіпкерлікті, сауданы және туризмді дамытудың, азық түлік қауіпсіздігі мониторингі негізгі бағыттарын қалыптастыру, сыртқы байланысты нығайту, индустриялық – инновациялық даму бағыты бойынша өнеркәсіп салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары қызметін, олардың индустриялық-инновациялық дамуға қатысты бөлігінде үйлестіреді және іске асыру жөніндегі өкілеттіктер салаларында басшылықты жүзеге асыратын жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдау 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік гранттар беру бағдарламасы бойынша бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап, тәжірибемді арттыру.
Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен облыс экономикасына тікелей шетел инвестициясын тарту және өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстарымен танысу.
"ИП Бекмагамбетова"Л.Ж мекемесінің басшысы –Бекмагамбетова Л.Ж.Өндірістік тәжірибеден өту мақсатымыз теориялық алған білімді іс-жүзінде қолдану. Өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу мүмкіндігінің туындауы.
Қазіргі уақытта мамандықты оқу кезіндегі алған біліміміз, тәжірибе жүзінде қолданылмаса, болашақта оның маңызы болмауы мүмкін. Ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Себебі теория мамандықтың жалпы білімін бергенімен, тәжірибе оны шынайы түсінудің кілті.
Негізгі өндрістік тәжірибиенің мақсаты: теориялық білімді бекіту және тереңдету; студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындауы; оқу жылында қарастырылған ғылыми зерттеу материалдарын зерделеу; студенттер тәжірибе кезінде алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шындап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеру.
Әрбір мекемеден студентке жетекші беріледі. Іс жүзінде өз міндеттерін орындауын бақылап, олардың практика кезеңіне жауапкершілікпен қатынасынуына қадағалайды. Студенттерге күнделікті жұмыс кестесі беріледі, олар жұмыс күні мен апта ішінде атқарылатын қызметтер тізімі немесе жалпы мазмұндамасы беріледі.
Студент жұмыс орнында жетекшімен ақылдасады, толық жұмыстардын күндерін программа арқылы күнтізбе жоспарын құрады.
Жетекші практиканың жұмысын жоспарлап, күнтізбенің тәртібін бакылайды. Білім алудың ынғайлы жолын іздестіріп, қызметтерді департаменттің әр түрлі тараптарына байланысты бөліп береді. Студенттердің ішкі ережелерінін орындалу тізбегі, күнделікте сакталуы, кажетті есептемені колдануға мумкіндік берілуі, техникалык және де баска да кұжаттарға жауаптылығын қарастырып отырады.
Студенттің тәжірибе күнделігіне көбінесе жетекшінің колтанбасы қойылады. Өндірістік тәжірибе барысындағы студенттің жалпы жұмыска арналған мінездемесі жетекшіден беріледі.
Студентке маңызды шарттар қойылса, жауапкершілікпен орындауы шарт. Мысалға: кәсіпкерлікті қолдау жөнінде туралы ақпарат жинау немесе құжаттар бойынша берілген мәліметтерді толыққанды зерттеу; компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау; мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлау барысында бас мамандардың жиналған тәжірибелерінің іс жүзінде қолдануын зерделеп, мінездеме беру.
Студент тарапынан жауапкершілік көрсетілмеген жағдайда, факультеттің деканатына, университеттің ректорына өз уақытында мәлімет беру.
Тәжірибе өткізу келісімінің негізгі жолы:

  • жыл сайын мекемелермен, ұйымдармен және мектептермен тәжірибе базасы ретінде келісім орнатылады, студентпен еңбек шарты жасалмайды. Келесі күнтізбе жылына және оку жылының басына дейін практика базаларымен келісіп, студенттердің практика өту күнтізбелік кестесі жасалады;

  • тәжірибе жетекшілері ретінде профессорлар, тәжірбиелі және практика базасының қызметін жақсы білетін оқытушылар тағайындалады;

  • студенттер практика өтетін кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және тәжірибеленушілерді тәжірибе бағдарламасымен камтамасыз етеді;

  • ұйымға және студенттердің кәсіптік тәжірибеден өтіуіне және оның орындалу мерзімдері мен мазмұнына бакылау жасайды;

  • керек болған жағдайда тәжірибеге жіберілген студенттердің медициналық тексерулерін ұйымдастырады.

Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері:

  • студенттін тәжірибеден өту кезені басталғаннан бастап жұмыстык күшке еніп, енбек корғау ережесі және ішкі баскару ережесімен, кәсіпорын козғалысымен, белгілі бір тәртіпте таныс болуға тиіс;

  • техникалық -қауіпсіздік және енбек құқығы ережесін қатаң қадағалау және оқу;

  • ұжым бөлімінін жұмыстарымен танысу;

  • тәжірибе орны бойынша ұжым өміріне, коғамдық жұмыстарына катысу;

  • тәжірибе күнделігін жүйелі кұру және өту туралы уақытында есеп жасау;

1."ИП Бекмагамбетова"Л.Ж. туралы мәлімет


1. "ИП Бекмагамбетова"Л.Ж (бұдан әрі - Басқарма) облыс аумағында кәсіпкерлікті, сауданы және туризмді дамытудың, азық түлік қауіпсіздігі мониторингі негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі өкілеттіктер салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 "ИП Бекмагамбетова"Л.Ж. мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

12. Міндеттері:


1) Кәсіпкерлікті, сауданы, туризмді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі мониторингі;
2) туризм және сауда мәселелерінде шаруашылық жүргізуші субьектілерді, кәсіпкерлерді, жеке тұлғаларды ақпараттандыру;
3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
4) шағын және орта бизнес субъектілерін ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау;
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1) Атырау облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, мекемелермен және ұйымдармен өз кұзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар мен жиналыстар өткізу;
3) белгіленген тәртіппен облыстың атқарушы органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мекемелер мен ұйымдардан Басқарманың өз құзырына жататын мәселелер жөніндегі өз функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұрату және алу;
4) белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне кіретін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысу;
5) бұқаралық ақпарат құралдарына Басқарманың қызметі туралы ақпарат беру;
6) қажет болған жағдайда ведомствоаралық комиссиялар, кеңестер мен сарапшылар топтарын құру;
7) белгіленген тәртіппен облыс әкіміне Басқарма құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар, шешімдер және өкімдер жобаларын енгізу;
8) Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінде облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыс әкімдігінің мүддесін білдіру.
2) міндеттері:
1) өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) облыс әкімдігінің алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп беру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен белгіленген, сондай-ақ оған облыс әкімдігімен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
14. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңының талаптарына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
2) гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
3) туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органмен келісім бойынша дайындап бекіту үшін облыстық әкімдікке ұсыну;
4) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
5) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
6) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
8) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;
9) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
10) уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекіту үшін облыстық әкімдікке ұсыну;
11) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
12) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
13) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;
14) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді; реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді;
15) бірыңғай есеп күнін ұйымдастыру және өткізу;
16) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдау;
17) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдендіру және мемлекеттік гранттар ұсыну бөлігінде "Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;
18) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің саудасы бойынша көтерме базарларды ұйымдастыру;
19) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
20) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
21) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
22) азық-түлік тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
23) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
24) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
25) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
26) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
27) азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
28) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
29) электрондық сауданы дамыту;
30) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
31) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
32) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
33) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
34) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған, сондай-ақ оған облыс әкімдігі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері


15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9) Заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Басшы өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі


20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату


23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет