3 "ИП Бекмагамбетова"Л.Ж мекемесінде аудандар бойынша өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ құру тұжырымдамасы
2022 жылдың 1 тоқсаны қорытындысы бойынша жергілікті қамтудың үлесі – 45%, соның ішінде тауар бойынша – 13,9%, жұмыс – 47,8% пен қызмет – 36,7%-ды құрайды. (2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті қамтудың үлесі 3%-ға жоғарылады, соның ішінде, тауарда 5%-ға жоғарылады, жұмыста 8,3%-ға жоғарылады, қызметте 9,4%-ға төмендеді.)
Жүйе құраушы кәсіпорындар
Бүгінгі күнге облыс әкімдігімен жергілікті қамтуды дамыту бойынша 2 жүйе құрушы кәсіпорындарға мониторинг жүргізіледі:
1. «Атырау Жарық» АҚ
2. «Атырау ЖЭО» АҚ
2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен Жүйе құрушы кәсіпорындардың жергілікті қамтудағы үлесі – 52%, тауар бойынша – 39,6%, жұмыс – 62,1% пен қызмет – 44,6%-ды құрайды. (2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті қамтудың үлесі – 1,7% - ға жоғарылады, соның ішінде тауарда – 6,8% жоғарылады, жұмыста 5,2% және қызметте – 32,5%-ға төмендеді.)
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік сатып алу аясында 2020 жылдың 1 тоқсанында жалпы сомасы 57,6 млрд. теңгеге келісім - шартқа қол қойылды, оның ішінде жергілікті қамту – 31,8%, одан тауарлар бойынша – 40,8%, жұмыстар – 38,7% және қызметтер – 4%-ды құрады. (2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті қамтудың үлесі – 8,2%-ға төмендеді, соның ішінде тауарлар – 35,8%-ға жоғарылады жұмыста – 16%-ға және қызметте – 1,4%-ға жоғарылады)
Ұлттық компаниялар
2022 жылдың 1 тоқсанында ұлттық компаниялар мен холдингтер Атырау облысы бойынша жалпы сомасы 170,2 млрд. теңгені құрайтын келісімшартқа қол қойылды. Оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі – 77,2%, тауарлар бойынша - 29,8%, жұмыстар – 88,6% және қызметтер – 93,3%-ды құрады. (2021 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жергілікті қамтудың үлесі – 1,4% - ға төмендеді, сондай-ақ, тауарда – 1,2%-ға төмендеді, жұмыста – 24,3%-ға жоғарылады, қызметте өзгеріссіз).
Жер қойнауын пайдаланушылар
2022 жылдың 1 тоқсанында жерқойнауын пайдаланушылар Атырау облысы бойынша жалпы сомасы 1,2 трлн. теңгеге келісім шарт жасасқан. Оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі – 41,3%, тауарлар бойынша – 9,7%, жұмыстар – 53,8% және қызметтер – 28,5%-ды құрады. (2019 жылдың сәйкес кезеңімен тоқсанымен салыстырғанда жергілікті қамтудың үлесі – 2,9%-ға жоғарылады, сондай-ақ, тауарда – 2,7%- ға жоғарылады, жұмыста – 6,9%-ға жоғарылады және қызметте – 5,5%-ға төмендеді
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты тұлға:
Атырау облысының мемлекеттік органдарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26, 27, 65-баптарына және Атырау облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 23 ақпандағы №123-VIІ «Атырау облысының басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы):
1) «Атырау облысы индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Индустриалдық - инновациялық даму басқармасы);
2) «Атырау облысы Кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік және туризм басқармасы) болып қайта құрылсын.
2. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы туралы Ереже;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Кәсіпкерлік және туризм басқармасы туралы Ереже бекітілсін.
3. Келесі құрылымдар бекітілсін:
1) Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы:
- басшы;
- басшының орынбасары;
- қаржы жөніндегі бас маман;
- өнеркәсіпті дамыту бөлімі;
- индустриалдық - инновациялық даму бөлімі;
- жергілікті қамтуды дамыту бөлімі;
- цифрландыру бөлімі;
- сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі;
2) Кәсіпкерлік және туризм басқармасы:
- басшы;
- басшының орынбасары;
- қаржы жөніндегі бас маман;
- кәсіпкерлікті қолдау бөлімі;
- туризмді дамыту бөлімі;
- сауданы дамыту бөлімі;
- азық - түлік бағасының мониторингі бөлімі.
Достарыңызбен бөлісу: |