III. 2 Зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту.
3-сынып оқушысының сын есім туралы бұрын алған білімі мен түсінігі кеңейтіледі. Мүнда сын есімдерді жікке бөліп таныту, сын есімдерді зат есімдермен дұрыс тіркесе білу, негізгі, туынды сын есімдер айырту талабы қойылды.
Сын есімді оқытқанда оған объекті болатын сөздері мол мәтіндерді пайдаланған жақсы нәтиже береді.
Мысалы: Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер, Қызыл, гүлдер, көк гүлдер...
Деген сияқты мәтінді алдық дейік, сонда осындағы гүлдер сөзіне қандай сұрақ қойылады? Ол қандай есім? Қандай тұлғада? Деген сұрақтарға жауап алғаннан кейін, екінші қатардағы гүлдер деген сөздің екі жерде екі түрлі сын айтылғанын оқушы аңғаратын болсын, соларды салыстырулары керек, қызыл, көк сөздерді заттың түсін білдіретін сын есімдер екенін айтсын. Заттардың түсін білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер? Деген сұраққа мүдірмей дұрыс жауап қайыра білген оқушы оған дейінгі сабақты дұрыс түсінген деп айтуға болады.
Үлгі бойынша берілген сын есімдерді оқушылар зат есімге қатыстырып айтуға тиіс. Тиісті зат есімдерді оқушылардың өздері айтады. Олар нақты заттар болғаны дұрыс. Сонымен, сол сын есімдер тіркесе алатын да, тіркесе алмайтын да заттар болатынын оқушы білуге тиіс. Мысалы: семіз ешкі, семіз адам деуге болады, семіз кітап, семіз киім деуге болмайды, қалың кітап, қалың киім дейміз. Мұндай мысалдар ойшыл, сезімтал, талғампаз болуға итермелейді.
Сын есімнің мағыналық тобын сөйлем ішінде тауып, бірін екіншісінен айырып, жеке сөйлемдерді көшірту қажет. Мұндай тапсырмаларды сыныпта орындалуы керек. Ол үшңн мұғалім алдын ала жеке, сөйлемдерді балаларға оқытып:
Діңмұхаммед, бірінші сөйлемде сын есім бар ма? Болса, қайсы? Үлкен сөзі қай сөзге қатысты? Сурет қандай сөз? Оларға қандай сұрақтар қойылады? - дегендей сұрақтар қойып, сынесім мен зат есім таптарын талдап, айқындап алу керек.
Зат есімдерге қатысты болатын сын есімдерді, сын есімге қатысты зат есімдерді таптыру, оларды тіркестіре білуге үйретілетін жаттығулар жүргізу тиімді. Сондай-ақ жаттығулардын ерекшеліктерін ескере отырып, балаға сын есімдердің қызметі заттардың сындық — сапалары болу екенін білдіру керек.
3-сыныпта негізгі және туынды сын есім туралы алғашқы мағлұмат беріледі. Бұл жаттығу жұмыстары арқылы, яғни берілген сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырату арқылы жүзеге асады. Мәселен ақылды адам, тәртіпті бала, шүрайлы жер, эдепті келін, қызық ертегі тәрізді тіркестерді тақтаға жазып, сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажыратып байқату тәсілмен зат есімдерге әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы туынды сын есім жасалып тұрғаны түсіндіріледі. Содан соң негізгі сын есім мен туынды сынесімді салыстырып, олардың бір - бірінен өзгешелігін аңғартамыз.
Тағы бір ескертіп кететін нәрсе: сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнақтарыменіс жүзілік түрғыда таныстыру көзделеді.
Өйткені оқушылар заттардың әр алуан қасиеттерін бір-бірінен салыстырып айту барысында аталған жұрнақтарға кездеспей түрмайды. Сол себепті жаттығулар орындау барысында салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыра беру артықтық етпейді, керісенше оқушылардың сөз байлығын молайтады, заттарды сипаттай білуге, өзара салыстырып айтуына мүмкіндік береді. Оқулықтағы 389-392 -жаттығулар осы мақсатқа берілген.
389-жаттығуда негізгі сын есімдерге -дау, -деу, -лау, -тау, -теу, -шыл, -шіл, -ғылт, -ғыш жұрнақтарын жалғап жазып, негізгі сын есімдердің мағынасында қандай өзгеріс болғанын айту.
Мысалы: Ақ-ақшыл, боз-бозғылт, жасыл-жасылдау, сары-сарылау, үлкен-үлкендеу, көк-көкшіл, үсақ-үсақтау.
3-сыныпта сын есімге арналған күңделікті сабақ жоспарының үлгісі:
Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімдер.
Сабақтын мақсаты: Негізгі және туынды сын есімдер туралы
мағлұмат беру; олардың бір-бірінен өзгешелігін саналы түрде меңгерту.
3. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды имандылыққа, сауаттылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу.
Сабақтың көрнектілігі: кітап, кесте, сурет.
Сабақтың барысы.
I. ¥йымдастыру.
Оқушылардың кітап, дәптерін түгелдеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе. әңгімелеу.
Оқушылардың назары тақтадағы плакатқа аударылды. Одан біраз мысалдар келтірілді.
Негізгі сын есім
|
Туынды сын есім
|
Талап, білім Ажар, әдеп
|
Талапты, білімді
Ажарлы, эдепті
|
Сана, көңіл
|
Саналы, көңілді
|
Мұғалім кестедегі мысалдарды талдаудан бастайды. Талап сөзіне сұрақ қойыңдаршы. He?
Талапты сөзіне сұрақ қойыңдар. Қандай?
Талап - түбір, -ты - жұрнақ, Таланты - сын есім. Осы арада балалар туынды сын есім тек сын есімнін; өзінен ғана емес, басқа сөз таптарынан да жасалатынын аңғарады.
Туынды сын есімдер зат есімдерден жасалады. Ол үшін -ты, -ті, -ды, -ді, -лы, -т т.б. жұрнақтар жалғанады.
IV. Сергіту сәті.
Аппақ болып таң атып, Түтін тіке шығады. Қарлығаштар қанатын, Самғап биік ұшады.
2. Оқулықпен жұмыс.
373-жаттығуды орындау. Сөздерді салыстырып оқу. Қосымшалы сөздерді көшіріп жазып, олардың қай сөз табынан жататынын айыру ақылды, тәртіпті, білгіш, айнадай.
374-жаттығу Мақалмен жұмыс. Сьн есімдердің негізгі және туынды екенін ажырату.
Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер Бұлақсыз болмас.
3. Ойын. «Кім тез табады?»
Жақсы деген сын есімге тіркес келетін біренеше зат есім ойлап жаз.
қ ыз оқушы
Жақсы бала адам жер
Керісінше «бір зат есімге көп сын есім» ойыны.
И набаты-
Ажарлы
әдепті қыз
көңілді
сүлу
V. Сабақты қорытындалау мына сұрақтар бойынша іске асырылады:
Сын есімнің қандай түрлерін өттік?
Туынды сын есім қалай жасалады?
Негізгі және туынды сын есімнің айырмашылығы неде?
Мысал келтір.
Әр оқушы осы сұрақтарға жауап береді, сын есімнің ережесі мен сұрақтарын айтып берілуі керек. Өз ойларынан мысалдар келтіріп, сұрақтар қойып, өткен сабақты қортындылап кетеміз, оқушыларға жалау, машина, қоян, сэбіз, жапырақ, түлкі т.б. суреттерін үлестіріп беріп, осы сурет бойынша заттың түсін айыру үшін сөйлем қүр деп тапсырылады. Қай бала тез, дұрыс сөйлем қүрап, Бұл сөйлемдегі заттың түсін білдіретін сөздердің сын есім болатынын түсіндіріп, қандай сұраққа жауап беретінін айыра алса, үтқан болып шығады.
Мысалы, сурет бойынша оқушылар мынадай сөйлемдер ойлап табуға тиісті.
Ту Қара торғай
Көгілдір Қара торғайға
Желбіреді ¥я жасадық
Машина Қоян
Бақытжан жеңіл Сұр қоян
Машинаға мінді қашты
Алма Жапырақ
Мамам қызыл Күзде жапырақ
Алма әкелді сары түске боялады.
VI. 388-жаттығуды жазып келу тапсырылды.
VII. Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау.
III. 3 Зат есім мен сан есімді байланыстыра оқыту
3-сынып -оқушылары «Сан есім» \ туралы 2-сыныпта алған білімдерін одан әрі тереңдете, бекіте түседі. Сан есімдердің есептік және реттік болып бөлінетінін білсе де оларды өзара салыстыру және оларға сұрақ қойғызу арқылы мағыналарындағы өзгешелікті байқату жолымен ұғындырылады. Сондай-ақ жинақтық сан есімдерге де назар аударылады.
3-сыныпта сан есімге арналған күнделікті сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есімдер.
Сабақтың мақсаты: Сан есімдердің есептік және реттік болып бөлінетін білдіру, олардың мағыналарындағы өзгешелікті байқату.
4. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды мейірімді, адал болуға,
сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу.
Сабақтың көрнектілігі: кітап, кесте, сурет.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе. әңгімелеу.
Оқушылардың назары тақтадағы плакатқа аударылды. Одан біраз мысалдар келтірілген.
Есептік сан есім
|
Реттік сан есім
|
Бір, екі, Үш, алты
|
Бірінші, екінші Үшінші, алтыншы
|
Мұғалім кестедегі мысалдарды талдаудан бастайды.
Бір сөзіне сұрақ қойыңдаршы.
Неше?
Бірінші сөзіне сұрақ қойыңдар.
Нешінші?
Мүндағы бір - түбір, -інші - жұрнақ, бір - есептік сан есім, бірінші - реттік сан есім. Осы ретпен басқа да сөздер талданады. Сонымен, балалар сан есім жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді екен?
Сан есім есептік және реттік болып екіге бөлінеді екен. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырып, қортындалайды. Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік деп, есептік сан есімге -ыншы, -інші, -нші, -нші жұрақтары жалғану арқылы болатын сан есімді реттік сан есім деп аталады екен. IV. Сергіту сәті. Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Жалқаулықты тастаймыз, Жаңа сабақ бастаймыз. 2. Оқулықпен жұмыс.
409-жаттығуды орындау. Мәтінді оқып, сан есімді теріп жазу, оларға сұрақ қойып салыстыру.
VI. Өтілген жаңа сабақты тест сұрақтары арқылы бекіту.
№1 Сан есімнің астын сыз.
Бір, ат, тоғыз, парта, бесінші, түйме. №2 Жеті сөзі қай сөз табына жатады?
Зат есім.
Етістік.
Сан есім.
Сын есім.
№3 Сан есімнің сұрақтарын астын сыз.
Кім? неше? нелер? қайтті? нешінші?
№4 Қанша сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Екі алма, қызыл гүл, екінші орын.
VII. Сабақты қортындалау мына сұрақтар бойынша іске
асырылады:
Сан есімнің дегеніміз не?
Сұрақтары қандай?, Мысал келтір.
Сан есімнің қандай түрлерімен таныстық?
Есептік және реттік сан есімдердің сұрақтарын айт?
Есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығы неде?
Мысал келтір.
VIII. Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келген, жаңа сабақта
белсене қатысып отырған оқушыларды басқаларға үлгі етіп, марапаттап,
тиісті бағасын қоямыз.
IX. Үйге тапсырма: Есептік және реттік сан есімнің ережесін оқып,
мысал келтіріп келу.
411-жаттығуды жазып, реттік сан есімдерді сөз құрамына талдап келу тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |