Мазмұны: Кіріспе



бет7/8
Дата14.04.2024
өлшемі390.5 Kb.
#498647
1   2   3   4   5   6   7   8
Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларына-сөз-таптары-туралы-ұғым-беру

Қорытынды
Қорыта айтқанада, жас ұрпақтың рухани дүнеиесі мен ой-қиялын бірінші болып білім жарыныңымен нұрландыратын адам - бастауыш мектеп мұғалімі.
Қазіргі танда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында мұғалімдер алдында қалай және нені оқыту керек деген сұрақтар туы заңды. Білімді толығымен ендіру, бағдарламаны толық ұғындыру-әрбір мұғалімнің алдында тұрған мақсат. Сондықтан казіріг екзеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары шығуда, соған орай жаңаша бағдарламалар жасалып, оқытудың бағыттары беріле бастады. Сонымен бірі - бастауыш сынып оқушыларына арналған "Атамұра" баспасынан шыққан жаңа бағдарламаларға негізделген "Қазақ тілі" оқулықтары. Бұл оқулықтар жаңаша оқыту бағыттарын талап етеді.
Оқулық әдістері тек оқулықтағы берілген тапсырмалар мен жаттығуларға сәйкестеліне жасалуы қажет деген пікір қалыптасқан. Осыдан оқушы тек тапсырманы ғана орындауы қажет, басқа тапсырмалардың қажеті шамалы деген қағида шықты Бұл сабақта өту жұмысын бір тектес, бір сарынды етіп қойды. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, белсенділігін артыруға негіз-түрткі екендігі қазір барша әдіскерлерге аян. Түрткісіз сабақ шаблон секілді алдын - ала белгілі, пәнге деген қызығушылығын тудырмауы заңды.
Сондықтан, қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгелі. Бү_л ретте алған қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тәрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын тұжырымды да түшымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізі алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың , сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мұғалімдірінің ететін еңбегі зор.
Мұндай нәтижеге мұғалім өзінің сабақ өту әдістерін үнемі жетілдіру, оны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді. Қандай әдіспен өтсе де балаға бағдарламаға сай білімді сіңдіру түпкі мақсат. Сондықтан мұғалімдер казіргі кезеңдегі ғылым жетілдіктерін пйдалана отырып, әдіскерлердің ұсынған әдістерін саралай кел өзіне қажетін іріктеп алады. Әрбір әдіс тэжірбие түрінде сыналып, жинақталынып алынған нұсқау. Егер де мұғалім әдістерді дұрыс қолдана білсе, Бұл әдістер тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен қатар пәннің мазмұнын терең түсіріп меңгеруді, толыққанды білім мен тәрбие алуына, білім көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз етеді. Бірінші сынып оқулығында — қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары мен жүйесі жөнінде, лексика мен грамматиканың алғы шарттары ғана берілген.

Екінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына жекелей тоқталып, грамматика мен емле үйретіле бастайды.Үшінші мен төртінші сынып оқулықтарында - бүкіл бастауыш мектепте үйретілуге тиіс материалдар толығымен оқытылып, жоғары сыныптардағы оқуға негіз жасалынады. Оқулықтардың осындай принциптеріне негізделе жасалуы - заман талабы. Лингводидактика - бүкіл тіл ғылымының психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын өзіне жинақтайтын оқыту әдістері жиынтығы. Оған ең алғашқы болып, балдырғанадарға білім есігін ашып, оларды сабаққа, мектепке қүрмет сезімін оятьш, сүйіспеншілігін қалыптасытыру жауапкершілігі жүктелген. Кішкентай шәкірттер мұғалімінің көмегімен оқудың, жазудың, сөйлем құраудың, ойлау дағдыларын игере бастайды. Сөйтіп олардың әрқайсысының жан-жақты үйлесімді дамуына кең жол ашылып, мүмкіндіктер жасалады. Мектеп формасында атап көрсетілгендей мұғалім балалардың ұжымымен бірге өмір сүріп, жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруына, олардың өз күш-жігерін қоғамға пайдалы, қажетті, жақсы оқу, еңбекке эзірлену, өзін үлгілі жасау, жасы үлкендерге көмектесу секілді істерге бағыттауына барынша көмектесу керек.
Дүние жүзі педагогтары айтып та, жазып та жүргендей балалардың оқуға ықыласы болмаса, үлкендердің барлық ізденісі, идеялары бос қиялға айналады. Міне, сондықтан да мектеп формасы құрылымы біркелкі, көңілсіз, шабытсыз өтетін сабақтарды бұзып, оны шығармашылық биікке көретуді талап етеді. Бү_л үшін, ең алдымен, мұғалім шығармашылық ізденісі биігінен көрінуі тиіс, ол әдістемелік тұрғыдан нені іздену, өсу жолында болуға міндетті.
Оқу еңбегі шәкірттерге, әсіресе, мектеп табалдырығын енді аттаған балдырғандарға куаныш әкелуі керек. Білім жиынтығы оларды рухани байытып, балалардың қабілетін дамытуға, кішкентай болса да өздері үшін жаңалық ашуға, қиындықтарды жеңуге жетелеу тиіс.
Бастауыш сыныптарына дәріс беру, әрине өте жауапты, күрделі де, сонымен бірге қызықты жұмыс. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан», - деп ата-бабаларымыз айтқандай, жаңа ғасырдың алғашқы жылында өмір сүріп отырмыз. XXI ғасыр емктебін өркендетіп, сапасын артыру - біздің мақсатымыз. Келешекте біздің елеміз басқа тәуелсіщ елдеремен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларынын мектеп қабырғасынан - ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға — мұғалім. Сондықтан оқушыларға оқу-тәрбие жұмысын жүргізу барысынын басты міндеті сапалы сабақ беру.
Қазіргі жеткіншектерімізді өзге елдің емес, өз елінің мәдениеті, өнері, дәстүрі этнопедагогика әлементтерін пайдалына отырып, «сегіз қырлы, бір сырлы», ары таза, өнегелі-өнерлі, сауатты етіп тәрбиелеу - әр ұстаздың қасиетті парызы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет