«ТМД физикалық географиясы»
Әте ежелгі адамдар айналасын танып білуден бері дамып келе жатқан география ғылымының өзге ілімдердің ішінде алатын орны ерекше. Сол замандардан бері талай даму кезеңдерінен өтіп, методологиясы да өзгеріп отырды. Жаратылысты, қоғам мен табиғаттың ара қатынасын зерттеуші басты ілім болғандықтан, анықтаушы рөл атқаратыны анық. Қазір оның сан саласы бар: картография, биогеография, геоморфология, топырақтану, халықтар географиясы, лимнология. Физикалық және экономикалық география болып екі үлкен бөлімге де бөлінген. Мұндағы физикалық география – жергілікті жерді, географиялық ландшафтарды, толықтай географиялық қабық пен Жер ландшафтарын, оның құрылымдарының дамуы жайлы білімдөр жиынтығы. Ол географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын біртұтас күрделі табиғи кешен ретінде зерттейді. Оның салалары географиялық кешенді құрайтын компоненттерді қарастырады. Физикалық географияның негізгі мақсаты - табиғат жайлы жинақталған өте көп мәліметті еңгізу.
Физикалық географиялық заңдылықтардың жергілікті жер мысалында байқалуы - аймақтық физикалық географияның нысанасы ТМД физикалық географиясы географияльіқ білім беру жүйесінде алдыңғы қатарда. ЖОО-да оқылатын бұл курс, бұл аумақ табиғаты жайлы білім қалыптастырып, оның түрлілігін аша түседі және жалпы физ.географиялық заңдылықтарды түсінуге жол ашады. бұл тұстағы маңызды бірлік - пән бойынша жүрпзілетін практикалық сабақтар. Олар ТМД аумағыңың физикалық географиясынан нақты білім беріп, мұғалімді бфлашақ жұмысына профессионалды түрде дайындап, сабақтарға нақты материал жинақтайды. Практикалық сабақтың басты міндеті - ТМД физикалық географиясы курсы бойынша студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне үйретіп, фактіге негізделген материалды нық меңгерту. Олар мынадай мақсаттарға тәуелді: лекцияда алынған білімді тереңдету, кеңейту, сонымен қатар, оларды бекіту, географиялық орта дамуындағы заңдылықтарды анықтап шығару; ТМД физикалық теографиясы бойынша өз оетінше жұмыс істеу біліктілігін меңгерту; физикалық география бойынша әр түрлі жұмыстардың техникасын меңгеру.
Географиялық заңдылықты меңгеру процесі жалпыланған терең білімді қажет ететін күрделілігімен ерекшеленеді. Географиялық заңдылықты түсіну үшін студенттерді салыстыру, сәйкестендіру, себеп байланыстарын табу, жалпылау сияқты маңызды тәсілдерге үйрету керек. Ал, біліктілік біліммен үздіксіз байланыста қалыптасады. Білім көздері географиялық ақпаратты әр түрлі жеткізеді. Географияда картамен және оның мәнін, математикалық негізін, шартты белгілерін ақпаратты жеткізу тәсілдерін анықтау бойынша танысуға көп көңіл бөлінеді.
Жалпы, ТМД физикалық географиясы курсы боиынша студенттерден талап етілетін негізгі біліктіліктер мыналар болып табылады:
- құрамына табиғаттың бүкіл компоненттерін, табиғи ресурстарды, табиғаттың антропогендік өзгерістерін саралау, сол сияқты экологиялық жағдай мен туристік-рекреациялық мүмкіндіктерге баға беру кіретін жекелеген физикалық-географиялық аймақтарға кешенді табиғи сипаттама беру;
- ғылыми, оқулық, анықтамалық және библиографиялық әдебиетпен, негізгі картографиялық құралдармен (тақырыптық және жалпы географиялық карталармен, географиялық атластармеь т б ) жұмыс істей білу;
- әр түрлі карталарды, графиктерді, кестөлерді, анықтамалық материалдарды салыстыра саралау негізінде жекелеген аумақтардың қысқаша компоненттік немесе кешенді сипаттамаларын дайындау;
- климаттық карта-схемаларды дайындай білуді, негізгі климаттық элементтерді саралауды, агроклиматтық ресурстарды бағалау.
Біліктілікті қалыптастыру - кез келген мұғалімнің жұмыс тәжірибесіндегі күрделі мәселелердің бірі. Оның бір себебі - белгілі бір біліктілікке ие болу білімді меңгеруден объективті түрде қиынға соғады және бұл жағдайда мұғалімнен әдістемені жетік білу мен мақсатты жұмысы талап етіледі.
Қарастырылып отырған фнзикалық географияның практикалық сабақтары өзіндік ерекшеліктеріне сай тиімді ұйымдасқан түрде өту үшін жаңа технологияларды пайдаланылуы міндетті.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпа-рагтандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу" деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. бұл міндеттерді шешу үшін ЖОО-ның әр мұғалімінің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батьіл жол ашарлық жаңашыл идеялар мен ғылыми еңбектер ендіру қажет.
Осы күнде пайдаланылып жатқан жаңа әдістер оқу процесінде жаңа технологиялар мен компьютерлендіруді талап етіп отыр.
Жоғары квалификациялы географ-мамандарды дайындаудың өзіндік спецификасы бар. Оның мәні тек белгілі бір қажет білім мен біліктілік комплексін игеру ғана емес, айналаны кеңістіктік тұрғыдан қабылдау, жүріп жатқан құбылыстар мен процестердің көптүрлілігі мен жүйелілік сипатын түсінуді қалыптастыруда. Сондағы практикалық сабақтар танымдық функция, дүниетанымның негізін қалап, шығармашылықты дамыту барысында компьютер, аудиовизуалды құралдарды пайдалану "Оқудағы жаңа ақпараттық технологиялар" деген атаумен енген ЖОО-дағы педагогикалық міндеттерді шешуде бұлардың орны ерекше, өйткені сабақ жүргізу сапасын, студенттердің білім деңгейін көтеру перспективасы ашылады. Тәлімгерлердің оқуға деген мотивін көтереді, танымдық әрекетті активтендіреді, ойды, шығармашылық қабілетті дамытып, қазіргі ақпараттанған қоғамда өз орнын белгілеуге көмектеседі.
Жаңа технологиялар.
1. Сабақ жүргізудегі көрнекілікті қамтамасыз етеді.
2. Оқу ақпараттарьін қысыңқы түрде жеткізу, жылдамдық пен ақпарат тығыздығы жоғарылай түседі.
3. Бақылауға қиын не мүлдем келмейтін құбылыстар, нысандар, процестерді жан-жақты көрсетеді.
4. Техникалық құралдарды кешенді түрде пайдалана отырып, еш қиындықсыз бір түрінен екіншісіне ауыса алу мүмкіндігі туады.
5. Студенттерді техникалық құралдармен таныстыруға болады. Интерактивті және аудиовизуалды құралдарды географияда -
1) табиғат пен қоғам дамуындағы заңдылықтарды көрсететін илистрацияларды талап ететін материалды бекітуде; 2) компьютерін өз бетінше жұмыс барысында қолдануға болады. Қазіргі таңда білім беру кеңістігінде оқытудың интерактивті залдарының түрлі жиынтығы бар: гипермәтін, жоғары сапалы графиктер, слайдтар, видеороликтер. бұл құралдар электронды мультимедиалы баспалар атауына ие. Оларды дайындап іске асыру үшін компьютерлік бағдарламаларды пайдалану тиімді. MS Power point бағдарламасы көмегімен берілетін материал - экранда немесе мониторда көрсетілетін тақырыбы, логикасы бойынша байланысқан информациялық объектілердің бірізділігі деп түсіну керек.
Информаииялық нысандар дегеніміз - көріністер (слаид) мен видео кәріністер, сурет, фото, график, кесте, диаграммалар және мәтіндер мен фрагменттер. Көптеген географиялық нысандар: жазық немесе тау массивтері, теңіз, мұхиттарды өзіндік күйінде көрсетуге келмейді. Бұндай жағдайда демонстрациялық құралдар түсінік қалыптастыруға септігін тигізеді және слайдтармен жұмыстың эффективтілігі оларға қосымша кесте, сызбаларды толықтырғанда жоғарылай түсетіні анықталды.
Презентация құрылмасының бағдарламасы (яғни, компьютерлік, мультимедиалық) Microsoft Office құрамына кіретін Power Point абаққа көрнекіліктерді араластыра, басымдық, тұстарын максималды түрде керсетіп, жетіңкіремейтін жақтарын тегістеи отырып қолдану арқылы материалдарды дайындауға мумкіндік береді. Бұл графикалық бағдарлама көмегімен еш қиналмай қосымша материлдар мен тезистер, ескертулерді мөлдір қағазбен сүйемелдеп көрсетуге болады.
Медиаобъектілердің ерекше категориясы - интерактивті карталар мен карта-схемаларға көңіл бөлу қажет. Географияны оқытудың интерактивті тәсілдерінің жаңа түрі бір жағынан географиялық карта қасиеттеріне ие болады, яғни ерекше тіл - шартты белплерді қолдана отырып, жер бетінің кішірейтілген масштабтағы көрінуі болып табылады. 2-ші жағынан, оларда геоақпараттық жүйелерге жақындататын жаңа қасиет - картаның мазмұнын өзгерту мүмкіндіп бар Мысал үшін, "ТМД табиғат зоналары" интерактивті картасы. Алғаш экранға шыққанда бұл ТМД-ның физ-географиялық карта-схемасы. Бірақ бұл карта-схеманың үстіне табиғат арналары шекарасын жүргізуге болады, әйткенмен, картада тек таоиғат зоналары көрікетін болады. бұл балалардың назарын айтылып жатқан мәселеге аударуға мүмкіндік береді.
Телекоммуникациялық желілердің рөлін ерекше атап өту керек. Географияны оқытуда жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын кешенді қолдану жүйесінде Интернеттің маңызы артып отыр. Интернеттің ресурстары мен мүмкіндіктерін географ мұғалім өз жұмысында пайдалана алады. Онда:
- ақпарат ресурстары WWW;
- E-mail (электронды пошта) - ды бөліп қарастыруға болады. Білім берудің міндеттері өзгеріп тұрған заманда, студентті ақпаратқа қанықтыру емес, қоғамда өз орны бар жеке тұлға қылып, білікті маман дайындап шығару үшін осы мақсаттарға сай ең тиімді тәсілдер, ең жаңа құралдар қолданылу керек.
2.2 Экономикалық география курстарында орындалатын практикалық жұмыстар
Қазіргі кезде география пәні мұғалімдерінің өз жұмысында көпте тен оқытудың техникалық құралдарын және оқушылардың өмірін (теледидар, радио, газет-журнал арқылы күнделікті келіп отыратын мәліметтерді қолдануына мүмкіншіліктері көп. Сонымен қатар, басқа да көрнекілік құралдары мен формалары ығыстырылып қалады. Aл географиялық білімді меңгеру барлық көрнекілік құралдар мен мүмкіндіктер үйлесімді қолданылған жағдайда ғана сәтті болады.
Осы орайда оқытудың тиімді құралы ретінде сандық көрсеткіштерді айтуға болады.
Географияға байланысты нақты деректер келтіруде кез келген аймақтың халық санының орташа тығыздығын, қаңтар мен шілде айла рының орташа температураларын анықтауда, биікгік бойынша қысым ылғалдылықты анықтауда, түрлі елдердің шаруашылық салаларының дамуына салыстырмалы сипаттама беруде, т. б. көптеген мәселелерге байланысты нақты көрсеткіштер келтіруде сандық көрсеткіштердің алатын орны зор.
Көп жағдайда сандық көрсеткіштер оқушылардың өз бетімен географиялық ұғымдарды түсінуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар түрлі қима, диаграмма, графикгерге талдау жасай отырып, әр түрл мәселелерге қорытынды бере алады.
Мектепте оқытылатын физикалық және экономикалық география пәндері бойынша қолданылатын сандық көрсеткіштерді жалпы тері топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Жекеше кездесетін сандар — тонна, шақырым, киловатт-сағат пайыз сияқты, т. б.
2. Шығарылатын кейбір қарапайым есептер.
3. Диаграмма, график, қима, картограмма, картодиаграммаларды сызу арқылы берілген сандық көрсеткіштер мөлшері.
4. Әр түрлі мәселені топтастыръщ көрсететін статистикалақ кестелер.
Сандық көрсеткішпен жасалатын жұмыстың бірінші тобына мысал келтірейік. Қазақстан табиғат ресурстарына өте бай ел. Оның жер қойнауында Меңделеев кестесіндегі 110 элементтің 99 бар екендігі анықталған. ТМД-дағы хромның - 94,2 %, бариттің - 81,7 %, фосфориттің-64,7 %, молибденнің - 29,3 %, мыстың - 28,4 %, бокситтің - 22,1%. асбестің- 20,1 %, марганецтің - 13,0 %, көмірдің - 11,9 % қоры республика үлесіне кіреді.
Индонезия жылына 4,5 мың тонна шай жинаса, Үндістан 375 мың тонна, Цейлон 220 мың тонна, Қытай 150 мың тонна шамасында шай жинайды екен.
Сандық көрсеткішпен жұмыстың екінші тобы география курстары бойынша шығарылатын қарапайым есептерге тоқталамыз. Мысалы. жер шары жалпы 360°-қа бөлінген болып есептеледі. Егер жер шары өз бөлігінен 24 сағатта бір айналатын болса, бір сағатта 15°-қа жылжиды.
Сарамандық жұмыс
Мен өз әріптестеріме 9-сыныптағы "Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары" деген тақырыптағы сарамандық жұмысты өткізудегі өз тәжірибемді ұсынып отырмын.
Сарамандық жұмыста белгілі бір аумақтың халқының тығыздығын анықтау және Қазақстанның ұлттық құрамының кестесін пайдаланып, диаграмма құрастыру жұмыстары жүргізілді. Сабақта оқушылардың теориялық білімін одан әрі кеңейту, Қазақстан халқының саны, ұлттық құрамы, көп ұлтты мемлекет екендігі және орналасу тығыздығы туралы білімдерін толықтыру мақсат етіп қойылды.
Сонымен катар, статистикалық материалдарға талдау жасау, қорытынды шығара білу, графиктер мен диаграмма құрастыру, демографиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастыру тәсілдері сабақтың дамытушылық әрекеттеріне орайластырылып отырды.
Сабақ тарих, математика, әдебиет пәндерімен өзара байланыста етті.
Көрнекілігі.
1. Е.Ахметов, Н.Кәрменова, Ш.Көрімбаева, Б.Асубаев. Қазақстанның экономикалық және әлеуметгік географиясы.
2. Т.Казановская, И.Ульяшева, т.б. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Әдістемелік нұсқау.
3. Т.Казановская, И.Ульяшева, т.б. Жұмыс дәптері.
4. Е.Қаженбаев. Географияны оқыту әдістемесі.
5. География және табиғат. №3, 2003.
I. Ұйымдастыру. Сыныпты топқа бөлу.
II. Қызығушылығын ояту. "Миға шабуыл".
1. Оқушылар, Қазақстан туралы не білесіндер?
2. "Демография" деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Осы сұрақтар жайлы бір-біріңмен ой бөлісіп талқыландар, пікірлесіндер. Әр топ өздерінше талдап болған соң, көшбасшыға сөз береді.
1 топ.
Білім алу мен икемділікті қалыптастыруғa арналған тапсырма
|
Нұсқау
|
1. Картаны сипаттау жоспарын пайдалана отырып, "халықтар тығыздығы" атты картаға талдау жаса.
|
Атлас, оқу-лық. 13-бет,
|
Шығармашылық деңгей.
Мақсаты. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу:
а) 1-диаграммада берілген мәліметтерді пайдаланып, - 1989 және 1999 жылдардағы халық санағын салыстырып, халық санының азаю себебін түсіндіріңдер;
ә) халық санының өсу динамикасы кестесіне талдау жасандар және статистикалық мәліметтер бойынша диаграмма құрыңдар;
б) қала және ауыл халқының арақатынасы туралы өз ойыңды айт. Ол қалай өзгерген, қаңяай себептерге байланысты. Кестедегі дерекгер бойынша диаграмма құрастыр.
Қолдарыңнан келе ме?
Қазақстан халқының тығыздығы картасы бойынша халықтың ең тығыз жене ең аз қоныстанған аудандарын анықтау.
|
Оқулық.
12-бет.
Жұмыс дәптері.
1-кесте.
12-бет.
1-кесте.
Атлас, оқу-лық. 13-бет.
|
2 топ
Білім алу мен икемділікті қалыптастыруға арналған тапсырма
|
Нұсқау
|
2-Диаграммаңы пайдалана отырып, халықтың қай салада көп жұмыс істейтінін анықтап, оның себебін түсіндіріңцер.
|
Оқулық.
17-бет.
|
Шығармашылық деңгей.
Мақсаты. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу.
а) 2-кестеде берілген мәліметтерді пайдаланып, адамдардың орташа өмір сүру жасының ұзақтығын диаграмма түрінде көрсет;
ә), 3-кестедегі деректерді пайдаланып, халықтың жас ерекшелігі бойынша халық санының диаграммасын құрындар;
б) осы диаграммаға талдау жасаңдар.
Қолдарыңнан келе ме?
1. Кестедегі деректер бойынша өз облысымыздың, ауданымыздың, ауылымыздың халқының өзгеруіне талдау жасан, диаграмма құрастырыңцар.
|
Оқулық.
12-бет.
Жұмыс дәптері
2-кесте.
13-бет.
3-кесте.
13-бет.
Кесте.
|
3 топ
Білім алу мен икемділікті қалыптастыруға арналган тапсырма
|
Нұсқау
|
Астана мен Алматы қалаларына салыстырмалы сипаттама беру.
|
Оқулық.
174-бет.
15-кесте.
|
Шығармашылық деңгей.
Мақсаты. Шағын зерттеу жұмысын жүргізу.
а) 15-кестедегі мәлімеітерді пайдалана отырып, халықтың ұлттық құрамы туралы және оған әсер ететін себептер туралы өз ойыңды айт;
ә) 15-кестедегі деректерді пайдаланын, халықтың ұлттық құрамының өзгеруі туралы график құрастырындар;
б) Қазақстан Республикасындағы ішкі көші-қон динамикасы бойынша берілген мәліметтерге талдау жасап, қорытынды шығарыңцар.
|
Оқулық.
12-бет.
Жұмыс дәптері.
16-бет.
4-кесте.
|
Қолдарыңнан келе ме?
Кулагино селосының ұлттық құрамы туралы пікірлеріңді айтып, кестедегі дерек бойынша диаграмма құрастырыңдар.
|
Кесте.
|
Оқушының ой-өрісін дамытуға арналған тапсырма.
Қосымша әдебиеттермен және оқулықпен жұмыс "Ғалымдар не айтады?", "Жаңа терминдер".
Жаңа ұғым
|
Түсініктеме
|
Туу
|
|
Өлім-жітім
|
|
Табиғи өсім
|
|
Вңбек ресурсы
|
|
Миграция
|
|
Эмиграция
|
|
Агломерация
|
|
Атлас, кескін картамен жұмыс.
1. Кескін картаға:
а) 300 мыңнан 1 млн-ға дейін тұрғыны бар; ә) 100 мыңнан мыңға 200 дейін тұрғыны бар қалаларды белгілеу.
2. Халықтың ең сирек және ең тығыз орналасқан аймақтар белгілеу.
Үйге оқулықтағы §3, 4 тапсырылып, оқушыларға сабаққа қатысқанына байланысты баға қойылады.
2.3 Бағдарлы оқытуда практикалық жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері
Жалпы білім берудің мемлекеттік стандартын құраушы тұжы-рымдамалық-нормативтік құжаттарға сәйкес Ы.Алтынсарин атын-дағы Қазақ Білім академиясы қызметкерлері жоғары сатыдағы (10-11 сыныптар) қоғамдық-гуманитарлық мектептер (сыныптар) үшін - 25 және жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектеп-тер (сыныптар) үшін - 21 оқу бағдарламапарын дайындап, оның алғашқы нұсқасы 2000 ж. жарияланған болатын (03.03 2000 ж. ҚР БжҒМ-ң №179 бұйрығы). 1996 жылғы Үкімет қаулысымен шыққан мақсатты бағдарламаға сәйкес осы 2000 жылы бекітілген бағдарлама бойынша 2001 жылдан бастап екі бағыт бойынша 10-11 сыныптарға арналған жаңа буын байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жазыла бастады. Оқулықтарды баспадан шығару ҚР "Мемлекеттік тапсырыс туралы" Заңына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асты. Мектептің жоғары сатысына арналған жаңа буын байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері тендер бойынша ұтып алған "Мектеп" және "Жазушы" баспаларынан 2001-2004 ж. аралығында шығарылып, республикадағы Білім министрлігінің арнайы бұйрығымен бекітілген тірек мектептерден тәжірибеден өткізіле бастады.
Тірек мектептерден келіп түскен сын-ескертпелерге сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы (10-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламалары қайта өңделіп (18.10.2005 ж., бұйрық №672) бекітілді. Мұнда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарда география пәнінің аптасына 2 сағат (10-сыныпта - 1 сағ., 11-сыныпта - 1 сағ.) көлемінде оқытылады. Ал жаратылыстану-математикалық бағыттағы география пәні аптасына 4 сағат (10-сыныпта - 2 сағ., 11-сыныпта - 2 сағ.) уақыт берілген. Осыған орай бүгінгі таңда "Мектеп" баспасынан 10-сыныптың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарына арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері дайындалып, ол алдағы оқу жылында жаппай мектептерге енгізілмек (06. 01,2006 ж., бұйрық №6 ). Мысалы, география пәні бойынша оқу процесіне екі бағыт бойынша төмендегідей оқулық және оқу-әдістемелік кешендер ұсынылып отыр.
География пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу материалдарының мазмұны ізгілікке тәрбиелеу, адамгершілік сана-сезімін дамыту сияқты жалпы адамзаттық құндылықтардың басым бағыттарына негізделіп берілген. Ал жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша оқу материапдарының мазмұны оқушыларының қызығушылығы мен қабілетін қанағаттандыру мақсатында неғұрлым тереңірек беріліп, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мазмұнымен сабақтастыққа бағытталған.
Жаңа буын оқулықтарының ерекшелігі, оның мұғалімдер мен оқушыларға арнапған оқу құралдарынан тұратын оқу-әдістемелік кешен түрінде шығарылуында.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің типтік оқу жоспары құрылымындағы білім беру мазмұнының өзгермелі (вариативті) бөлігінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептерге (сыныптарға) аптасына 3 сағат уақыт белінген. Демек, әр мектеп өздерінің жұмыстық оқу жоспарында 10-11 сыныптардағы қолданбалы курстар үшін 1-3 сағатқа дейінгі уақытты пайдалана апады.
Жаратылыстану-математикалық бағыт шеңберіндегі оқыту бағдарлары география-биологиялық, география-биология-экологиялық, биология-химиялық, математикалық, физика-математикалық, математика-экономикалық, физика-технологиялық және т.б. болуы мүмкін. Осыған сәйкес әр пән мұғалімдері өздерінің таңдаған (мы-салы, география пәніне қатысты: картография негіздері, Қазақстанның геоэкологиясы, әлеуметтік экологияға кіріспе және т.б.) қолданбалы курстарының бағдарламапарын дайындап, оқу материалдарының мазмұнын іріктейді. Ол жергілікті оқу орнының педагогикалық кеңесімен бекітіліп, оқу орнының құрылтайшыларымен келісіледі. Содан кейін ғана оны оқу процесінде пайдалануына болады.
Бағдарлы оқыту "Қазақстан Республикасының 2010 жылдарға дейінгі стратегиялық даму жоспарында" көрсетілген адамзат дамуын қамтамасыз ететін ұлттық білім беру жүйесін құру және оны әлөедік білім кеңістігіне кіріктіру мақсатын жүзеге асыруға септігін тигізері сөзсіз.
3 тарау.
3.1 География пәнінен ҰБТ дайындауда практикалық тәсілдердің орны
Қазақстандық білім беру саясатының басты міндеті - мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның көкейкесті әрі келешегі мен сұраныстарына сәйкес іргелі де сапалы білім беру. Балаларды, жастарды тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясат Елбасы жолдауында көрініс тапқан.
Осының бөрі рухани-адамгершілігі мол, шығармашыл, белсенді дамушы тұлғаға деген әлеуметтік сұранысты арттыра түсе Мектептегі тәрбие үрдісін жақсарту шараларының қажеттілігі қoғaмымыздың дамуындағы күнгейлі және көлеңкелі бетбұрыстарға байланысты болып отыр. Бір жағынан, қоғам өмірінің әр саласындағы демократиялық үрдістер нығаюда, мәдениеттер диалогының үстінде. Қазақстан әлемдік қауымдастыққа белсенді түрде кірігу
Білім беру оқушы тұлғасын мақсатты түрде, педагогикалық тұрғыда ұйымдастырылған рухани, интеллектуалдық және дұрыс дамуын қамтамасыз ету үрдісі деп қарастырылады. Мұндағы негізгі нәрсе - тұлғаның қалыптасуы, оның құрамына кіретіндігін оқыту (тәжірибе, білім, білік, дағды беру), тәрбиелеу (тұлға әлеуметтендіру үрдісі ретінде), ағарту (мәдени жағынан байыт Білім беру педагогика үрдісінде ұғынудың, білімнің және тәжірибенің жиынтығы саналады. Осылайша, әлеуметтік-белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мақсаты жаңаша толыығып, оның практикалық, өмірлік бағыттары күшейеді. Ақпаратты өздігінше игеруге, біліктілікті меңгеруге қабілетті тұлғаны қалыптастыр; басымдылық беріледі. Аталған мақсаттарға жетудің міндеті білім берудің тұлғалық бағытын күшейту болып табылады.
Н.И. Пирогов "Өмір мәселелері" деген әйгілі мақаласы адамгершілік пен білім берудің өзара байланысы туралы әлі күнге дейін маңызды мәселені қозғаған. Ол адамның мәні - рухы дамуына, ақыл-ойы мен адамгершілік табиғатына ден қойды.
И.А. Ильиннің де көптеген мақалаларындағы ой-пікірлері осыған келіп тоғысады. "Рухтан, ардан, сенім мен мінездемені үзген білім, - деп жазды ол, - адамды қалыптастырмай; керісінше, бүлдіреді, болмаса оның қолына өмірге қажетті мүмкіндіктерді, техникалық біліктілікті беріп қояды да, имансыз, арсыз, сенімсіз әрі мінезсіз жан оларды зұлымдыққа пайдалана, ұяты жоқ білімдіден гөрі сауатсыз, бірақ адал, қарапайым ең артық екенін біржола мойындап, бекіту керек, сенім мен ұяттан ада жалған "білімділік" ұлттық мәдениетті жасамай, зымиян өркениетке ерік береді".
Дәл қазір, үшінші мыңжылдықтың басында біз адамның рухы, жан, тән тұтастығының қаншалықты бұзылғанын көріп отырмыз. Адам өзі табиғаттың бөлшегі екенін ұмытып, оған сана (қылмыскерлікпен зиян келтірді. Өркениеттің ізгілікке жат, жақын салдарлары күн санап көбеюде. Әлеуметтанушы Ю. Рюриі жазғандай, адамзаттың төбесінде үш дамокл семсері ілулі тұр: атом апаты, экологиялық апат және "адамдардың адамгершіліктен айырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |